Материалдар / Ашық сабақ: Әуесқойлық
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Әуесқойлық

Материал туралы қысқаша түсінік
адамдардың әртүрлі әуесқойлығы. Сол арқылы түрлі тапсырмаларды, қызықты тапсырмаларды орындау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2020
679
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Cабақтың лексикалық тақырыбы: Әуесқойлық

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың мақсаты:

  1. Тыңдалым, оқылым, жазылым, сөйлесім жаттығулары арқылы тіл үйренушілердің сөздік қоры мен тіл байлығын арттыру;

  2. Жаңа сөздерді меңгерту арқылы ой-пікірін толық жеткізуге дағдыландыру, сөйлеу мәдениетін қалыптастыру;

  3. Тілді үйренуге қызығушылықтарын, мемлекеттік тілге деген құрметін арттыру.

Көрнекі құралдары: слайдтар, сандар ,парақшалар, жұмыс дәптері, кәдесый, кувейткалар.

Қолданылатын әдіс-тәсілдер, жұмыс түрлері: түсіндіру, ой қозғау, сұрақ-жауап, суретпен жұмыс, ойындар, оқылым, тыңдалым, жазылым, сөйлесім.

Cабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқытушының кіріспе сөзі.

Сабақтың тақырыбы «Әуесқойлық» деп аталады.

І. Психологиялық жағдаят. Танысу.

- Сіздермен танысайық, алдарыңызда мынадай кувейткалар тұр. Осы кувейткаларға өздеріңіздің аттарыңызды жазыңыз және аттарыңыздың басталатын әрпіне бір сын есім жазыңыз. Ол сын есім сөздердің бір жақсы қасиеттеріңізді білдіретін сөз болсын. Мысалы: Мен ақкөңіл Анармын.

Сабақ әр қарай жалғасады.


ІІ. Жаңа сөздермен танысу

«Артығын тап» ойыны ұсынылады. Жұмыс дәптерлеріңізді ашылады. Тапсырма бойынша төрт сөз берілген, соның ішіндегі артығының астын сызады.

«Артығын тап» ойыны

  1. Бор, тақта, компьютер, жапсырма

  2. Терезе, әуестік, үстел, есік

  3. Жинастыру, қайшы, қағаз, желім

  4. Орман, тоғай, дала, топтама

  5. Мектеп, ғимарат, төсбелгі, мекеме.

  6. Кітап, дәптер, жинақ, өшіргіш.

  7. Сәнқой, көңілшек, еріншек, әуесқой.

  8. Мақтан ету, сұрақ қою, жауап беру, жазу.


Қайсы артық? Бірінші артық сөз қандай? Келесі.... Осы сөздерді қалай түсінеміз? (Жапсырма - наклейка, келесі, әуестік – увлечение, хобби; жинастыру – собирать; топтама– коллекция; төсбелгі - значок, жинақ- коллекция, әуесқой –увлеченный, мақтан ету- гордиться)

Өте жақсы. Бұл сөздер бүгінгі біздің сабағымыздың жаңа сөздері.

Осы сөздерді бекіту мақсатында. Келесі тапсырма орындалады.


Берілген сөйлемдерді қажетті сөздермен толықтырыңыздар.

  1. Азамат «Өсімдік әлемі» тақырыбы бойынша маркаларды ... жүр. (жинастырып)

  2. Ол біраз уақыт ... жинаумен ... . (жапсырма, әуестенді)

  3. Сәуленің ... қанша ... бар? (топтамасында, төсбелгі )

  4. Айгүл өз топтамасын ... . (мақтан етеді)

  5. Бүгін сабақта «Менің ... » тақырыбына шығарма жаздық. (әуесқойлығым)

  6. Күләштің ... жүзден астам төсбелгі бар. (жинағында)

ІІІ. Оқылым.


Әуесқойлық – «увлечение, хобби» деп те айтамыз. Бұл сөз 18 ғасырда неміс тілінде «ағаш ойыншық» деген мағынаны білдірген. Белгілі композитор Вольфганг Моцарт 3 жасынан музыкамен әуестенген, 4 жасында пьесалар жазып, музыкалық концерттер қойған. Швеция королі ГуставV кесте тігумен әуестенген. Арнольд Шварценеггер Hammer машинасының ойыншықтарын жинаған. Дания ханшайымы Маргарет сурет салуды жақсы көрген. Орыс патшасы Петр І күміс ақша жинаумен әуестенген.


а) Мәтінді тізбектеп оқу

ә) «Суреттер сөйлейді» тапсырмасы. Сіздер берілген суреттерді мәтін бойынша тиісті сөйлемдермен сәйкестендіресіздер.


Бірінші қатардағы суреттер мәтіндегі қай сөйлемге сәйкес келеді?



1.

2.

3.

4.

5.




ІV. Грамматикалық тақырып: Шығыс септігінің жалғаулары мен астам демеулігі

Сан есімге шығыс септігінің -нан -нен; -дан -ден;- тан - тен жалғаулары жалғанып бұл сөзге астам демеулігі қосылу арқылы мөлшерінен артық деген мағынаны білдіреді.

Мысалы: Жинақта он+нан астам жапсырма бар.

V.Жазылым

Тапсырма: Берілген сандарды шығыс септігінің жалғауы мен астам демеулігін қосу арқылы сөзбен жазыңыз.

1. КАЗТЕСТ жүйесі бойынша тест тапсыруға 100 мемлекеттік қызметкер қатысты. 2. Сәбира дүкеннен 50 төсбелгі сатып алды. 3. Топтамаға 220 жапсырма жиналды. 4. Гүлнәр өз топтамасындағы қызыл қызғалдақ гүлінің 90 түрі бар екенін мақтан етеді. 5. Жинаққа 60 түрлі-түсті асыл тасты бұйымдардың көшірмесі жасалды.

  1. 100 –

  2. 50 –

  3. 220 –

  4. 90 –

  5. 60 –

Сергіту сәті: “Қате шыққан факс ”ойыны

Шарты: 3-4 адамнан тұратын 3 команда ортаға шығады. Әр команданың соңында тұрған адам жазылған дайын парақшадағы сөзді таңдайды. Сол адам алдыңғы тұрған адамның арқасына сөзді суреттейді (суретін салады) екінші адам өз алдындағы адамның арқасына түсінгені бойынша суретін салады, ал соңғы тыңдаушы не салынғанын айтуға тиіс. (Үй, гүл)


VІ. Тыңдалым. Бейнефильм

«Сіріңкеден макет жасайтын боксшы»


-Тыңдалым бойынша викторина сұрақ-жауап.

- 5 кәдесый әрізленген. Заттарда Бурабай өңірінің суреттері бейнеленген.

- Заттарды алу үшін, тыңдалым мәтіні бойынша сұрақтарға жауап берулеріңіз қажет.

  1. Спортшы Бограт Григорян спорттың қай түрімен айналысады? (бокс)

  2. Спортшы немен әуестенеді?(сіріңкеден макет жасаумен)

  3. Шіркеу жасауға қанша уақыт кетті? (1 жыл)

  4. Қазір шебердің қанша туындысы бар. (20 жуық)

  5. Мәтін ішінде тақырыпқа сай қандай сөз кездеседі? (хобби)

  6. Макеттің биіктігі неше сантиметр? (1 метр 40 см)

VIІ. Сабақты қорытындылау. Сөйлесім .

Берілген сұраққа жауап алу арқылы сөйлесімді жүзеге асыру

Сіздер бос уақыттарыңызда немен айналысасыздар, немен әуестенесіздер?


Тыңдаушылар өздері немен әуестенетіні туралы әңгімелейді.




Үйге тапсырма: жаңа сөздерді жаттау, сөйлемдер құру.












Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!