2024-2025 оқу жылына арналған
Қысқа мерзімді сабақ жоспарларын жүктеп алғыңыз келеді ме?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен жасалған
Материалдар / Ашық сабақ: "Бәйтерек" поэмасы. Бәйтерек монументі.9-сынып

Ашық сабақ: "Бәйтерек" поэмасы. Бәйтерек монументі.9-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: "Бәйтерек" поэмасы. Бәйтерек монументі.9-сынып
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 9-сабақ

Бөлім:

4-бөлім: Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:


Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

"Бәйтерек" поэмасы Бәйтерек монументі

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.3.2.1 шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға беру;

Сабақтың мақсаты

Шығармадағы ұрпақтар сабақтастығы көрінісін заманауи тұрғыда салыстырып, жаңашылдығына баға бере алады.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

-отандық және әлемдік мәдениетті танудың құралы ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық;

Құндылық: бірлік және ынтымақ

-ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен бірлесіп әрекет ету және өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау;

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

-тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

Уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут

















5 минут





































































Сабақтың ортасы

15 минут

















10 минут

































































































5 минут











Сабақтың соңы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау.

2.Психологиялық ахуал

«Екі лагерь»

3.Оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.

Ой шақыру

« Бәйтерек » поэмасы-ХХІ ғасыр поэмасы. Себебі , бұл тәуелсіз Қазақстанның шарықтау шегі. Елбасымыздың елі үшін атқарған міндеттрерін сипаттайтын ұлы шығарма. Поэма негізінен бастан аяқ Елбасының елі үшін жасаған іс-әрекеттерін насихаттауды мақсат тұтады.Осындай өз дәуіріміздің ұлы перзентін, еліміз үшін жасаған нақты қадамдарын көрсететін поэма болашақ ұрпақ үшін де, әдебиетіміз үшін де қажет екені белгілі. Поэманың басты идеясы- Тәуелсіз Қазақстанның даму барысымен Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ерен еңбектерін насихаттау. Осы кезге дейін Елбасымыз жайлы жазылып жатқан жұмыстар аз емес, бірақ, әдебиет саласында көшбасшымызға арналған болашақ тарихи поэма өз дәрежесінде бағалану керек . Поэманы оқи отырып, әр елім,жерім деген перзент осындай ұлы тұлғадан үлгі өңеге алары анық.

Жырдың авторы Елбасынна үлкен құрмет көрсетіп, оны бағалауда жоғары көрсеткіш көрсетеді. Қазақ халқының бүкіл әлемді аузына қаратқан айбарлы да абыройлы дәуірін зор мақтаныш сезіммен жырлайды. Сондай-ақ ақын Елбасының барлық іс-әрекетін поэма арқылы бере біледі.

Өтінде арпалысқан өмір-майдан,

Жайқалсын болашағын тамыр жайған.

Бәйтерек-Елбасының өр тұлғасы,

Әкеліп өз қолыммен елім қойған.

1-тапсырма

Топтық жұмыс

Психологиялық ахуалдағы «Екі лагерь» жаттығуы арқылы бөлінген екі топ бойынша

«Бәйтерек» поэмасындағы қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын сипаттаңдар.

1-топ: Қазақ халқының өткен тарихы

2-топ: Қазақ халқының бүгінгі тарихы

11-тапсырма(оқулықтан)

Жеке жұмыс

Поэманың жаңашылдығы қандай сөздерінен көрінеді? Ұрпақтар сабақтастығы мен заманауилығын білдіретін тұстарынан үзінді келтіре отырып, талдап айт.

Ұрпақтар сабақтастығы мен заманауилығын білдіретін үзінділер

Жаңашылдығына баға беру











ЕББҚ оқушыға тапсырма



1. «..Тай екі аяғымен шауып бара жатып, жолында бір бәйтерекке кез болады. Тай әлсірейін дейді. Терек жанына бара бергенде, бала тайынан секіріп түсіп, бәйтеректің басына шығып кетеді. Жалмауыз кемпір бәйтеректің түбін кешке дейін қазады. Бір кезде бір қызыл түлкі келеді де кемпірге:

Шеше, шаршаған екенсің, мен қаза тұрайын, сен ұйықтап демал, –дейді. Кемпір жатады. Түлкі тісті суға атады да қазған шұқырды қайта бітеп, өзі кетіп қалады...»

2. «..Дәу қара құс суылдаған бетімен

 бәйтерекке келіп қонғанда бәйтерек майысып, сынып қала жаздайды. Бұл алып қара құс — самұрық екен . Самұрықтың үлкендігі сондай - жайып жібергенде бір қанатының өзі бір айлық жерді алып кетеді екен. Қонысымен Самұрық бәйтеректің түбіндегі... бүруге тап береді, бірақ балапандарын шыр-шыр еткен соң, тоқтайды. Алып қара құс...пен дос болған соң: «Не қалайсың?» -деп сұрайды. ...басынан кешкен әңгімесінің бәрін айта келіп, адасып жүргенін, енді жер үстіне шыққысы келетінін айтады. Алып қара құс ...ті қанатына мінгізіп, ұшып, тар тесіктен өткізіп, жер үстіне шығарады.

Тапсырма

Екі ертегінің атын тауып, екінші кейіпкерін анықтаңдар.

А) «Алтын жүзікті қыз», «Хан Шалқан»; Шалқан.

В) «Күн астындағы Күнікей қыз», «Атымтай Жомарт», Күнікей.

С) «Түлкі», «Ер Төстік», Ер Төстік.

Д) «Боран батыр», «Керқұла атты Кендебай»; Кендебай.

Е) «Алтын сақа», «Ер Төстік»; Ер Төстік»

Қорытындылау

Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» поэмасын оқығаннан кейін, қандай әсер алдыңдар? Автормен кездесу мүмкіндігі болса, оған қандай сұрақтар қояр едіңдер? Астананың абыройын асқақтату үшін не істей алар едіңдер?


Рефлексия

«Бағалау терезесі» әдісі



Маған бәрі де түсінікті

Сұрақтар пайда болды

Мен есте сақтадым

Түсінбедім











Психологиялық ахуал

«Екі лагерь»

Жүргізуші сыныптағы бір оқушының өз қалауымен сыртқа шығып кетуін ұсынады. Ол сыртқа шыққанда қалған оқушылар бір ұқсас белгілеріне қарай екі топқа бөлініп, бір-бірінен алыс отырады. Сырттағы оқушы кіріп, екі топтың қандай бір-біріне ұқсамайтын белгі арқылы бөлінгенін табу керек. Бұл ойын топқа бөлгенде, оқушылардың ықыластылығы мен зейінділігін анықтау үшін жүргізіледі.



















































Психологиялық ахуалдағы «Екі лагерь» жаттығуы арқылы бөлінген екі топ бойынша

«Бәйтерек» поэмасындағы қазақ халқының өткен тарихы мен бүгінгі заманын сипаттайды.











Несіпбек Айтұлының «Бәйтерек» поэмасын оқығаннан кейін, қандай әсер алғанын баяндайды. Авторға қоятын сұрақтарымен ой бөліседі. Келешекте Астананың абыройын асқақтату үшін жасайын іс-әрекетін жоспарлайды.























































Екі ертегінің атын тауып, екінші кейіпкерін анықтайды.











































«Бағалау терезесі» әдісі бойынша рефлексия жасайды. Нені түсінгендігі, нені есте сақтағандығы, нені түсінбегенін талдайды.









Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!

































































Дескритор

Білім алушы

- қазақ халқының өткен тарихын сипаттайды,

- қазақ халқының бүгінгі тарихын баяндайды.









Дескритор

Білім алушы

-ұрпақтар сабақтастығы мен заманауилығын білдіретін тұстарынан үзінді келтіреді,

-жаңашылды

ғына баға береді.









Оқулық

9-сынып

«Атамұра» баспасы

2019жыл





Қалыптас

тырушы бағалауға арналған



тапсырма

лар жинағы

9-сынып

















Оқулық

9-сынып

«Атамұра» баспасы

2019жыл
























Бекітемін__________ Қысқа мерзімді жоспар Қазақ әдебиеті 10-сабақ

Бөлім:

4-бөлім: Мәңгілік Ел – мәңгілік мұрат

Педагогтің тегі, аты, әкесінің аты :

Күні:

Сынып: 9

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

"Бәйтерек" поэмасы. Жаңа астана – жаңа қоғам

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары:

9.2.3.1 шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың (троп пен фигура) түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға беру;

Сабақтың мақсаты

Шығармадағы әдеби тілді құбылту мен айшықтаудың түрлерін талдай отырып, автор стиліне баға бере алады.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

-отандық және әлемдік мәдениетті танудың құралы ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық;

Құндылық: бірлік және ынтымақ

-ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен бірлесіп әрекет ету және өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау;

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

-тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі//

Уақыты

Педагогтің әрекеті

Білім алушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басталуы

5 минут





























7 минут

























































































Сабақтың ортасы

5 минут

















































































































































8 минут



























































































5 минут













Сабақтың соңы

5 минут

Ұйымдастыру кезеңі.

1.Оқушылардың сабаққа қатысуын, дайындығын бақылау.

2.Психологиялық ахуал

«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы

3.Оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсаты, бағалау критерийлері айтылады.

1-тапсырма

Cөздікпен жұмыс

Ақтангер – жылқыдағы ақшыл белгімен байланысты қалыптасқан түс.

Арда – 1) ерке өскен 2) тағы, асау

Байырқалау – тыным табу, байыздау

Бұршақ салып мойыныңа –бұршақ –өсімдіктің дәні, сондықатн батырлық жырларда, ертегілерде ұзақ уақыт бала күткен әке-шеше мойындарына бұршақ салып, әулие –әнбиелерді аралайды деп айтылады, демек, өсіп-өнумен байланысты ырым. Қазіргі заман ақыны еліміздің тәуелсіз атануы халқымыздың аңсап күткен тарихи оқиға не екенін бейнелі түрде жеткізгені деп қабылданады.

Ғалауат – дін жолындағы соғыс.

Жүлге – тау аңғары, алқап, жазық дала, тегістік,.

Көрешек – бастан өткізер іс-әрекет, мұнда:әлі талайды көресің деген мағынада.

Күш-қуат келіде емес, келсабында – келі –дәнді-дақылдарды түйіп ұнтақтау үшін ішін қуыстап жасаған ағаш құрал; келсап – келіге салған дәнді түйгіштеп уататын құрал.

Құлғана – қауіпті жара түрінде білінетін жұқпалы аурудың аты.

Мехнат - ауыр азап, бейнет, қиыншылық.

Наркескен – болаттан соғылған екі жүзді алмас қылыш.

Өліара – ескі ай мен жаңа айдың аралығындағы мерзім, уақыт; бұл жерде: ескі мен жаңаның ауысып жатқан, не болары әлі түсініксіздеу кезең.

Өндіршек – жұтқыншықтан басталатын өңештің бойы, алқам.

Сағанақ – керегелік желінің ең қысқа ағашы.

Теміреткі – саңырауқұлақтар тудыратын дөңгеленіп бөртіп шығатын қышымалы, жұқпалы ауру аты.

Уақа емес – оқасы жоқ, ештеңе етпейді.

2-тапсырма

Ерекшеленіп берілген сөз, сөз тіркестерін көркемдегіш құралдармен сәйкестендір.

Қараса Қазақстан алабына,

Құрамы қырық қылау – ала-құла

Эпитет

Түсімде Тәуелсіздік Падишасы,

Ақ қағаз, алтын қалам берді маған!

Синекдоха

Ақтүтек қайта айналып соққанменен,

Ақсүйек заман жұты оралмайды.

Теңеу

Көреген, қол бастаған дара батыр,

Көкжалдай мұз төсеніп , қар жамылар

Метонимия







Ақын қолданысындағы айшықтаудың түрлерін сәйкестендіріңіз.

Ошақтың үш бұтындай үшкіл, қазақ,

Ел болып еңсе көтер, күш қыл, қазақ.

Сиырдың бүйрегіндей бытырасаң,

Қашанда көрер күнің мүшкіл, қазақ!

Аллитерация

Көсемге көштің түсер салмағы бар,

Көк толқын кеме жүзсе қақ жарылар.

Көреген, қол бастаған дара батыр,

Көкжалдай мұз төсеніп, қар жамылар.


Ассонанс


Ұлтының табанынан ызғар өтсе,

Ұлтарақ, ұлтаны да болуға бар!

Эпифора





3-тапсырма

1) Берілген үзіндіден метафоралық қолданыстарды тауып, автор ойын талдаңыз.

Метафоралық қолданыс

Автор ойы

Саңқ етті Алатаудың мұзбалағы,

Жаңғырып жартас біткен, күз қарады.

Шарықтап шырқау көкте жүрді-дағы,

Бетке алып тартып кетті түз даланы


Өлеңнің ақтаңгері арғы бабам,

Басынан ешкім асып қарғымаған.

Түсімде Тәуелсіздік Падишасы,

Ақ қағаз, алтын қалам берді маған!



Өзіңді тексер

Метафоралық қолданыс

Автор ойы

Саңқ етті Алатаудың мұзбалағы,

Жаңғырып жартас біткен, күз қарады.

Шарықтап шырқау көкте жүрді-дағы,

Бетке алып тартып кетті түз даланы

Ақын Алатаудың мұзбалағы деп көшбасшыны, ел билеуші тұлғаны айтып тұр. Алатаудың деуі оның туған жерімен тікелей байланысты

Өлеңнің ақтаңгері арғы бабам,

Басынан ешкім асып қарғымаған.

Түсімде Тәуелсіздік Падишасы,

Ақ қағаз, алтын қалам берді маған!


Өлеңнің ақтаңгері деп сөзге жүйрік, тілге шешен қазақ халқын меңзесе, Тәуелсіздік Падишасы деп тәуелсіз елдің іргетасын қалаған, еркіндік туын көтеруге ықпал еткен көшбасшы бейнесін атайды.

2) Ақынның қолданған символдық мағынадағы айшықты сөз тіркестерін теріп жазыңыз



Қорытындылау

https://wordwall.net/ru/resource/55195215

Wordwall платформасы арқылы сұрақтарға жауап беріңдер



Рефлексия





Психологиялық ахуал

«Әдемі ойлай және демала біл» жаттығуы
- Жүргізуші: «Толқыған кезде, асықпай дем алуға үйрен. Түзу отыр, қолдарыңды тізелеріңе салып, көздеріңді жұмыңдар, терең дем
алыңдар:
- Ойша: «Мен арыстанмын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен құспын»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен гүлмін»,- деп деміңді ішке ал, сыртқа шығар;
- Дауыстап: «Мен сабырлымын»,- деп деміңді шығар. Сен сабырлысың, сенің қолыңнан бәрі келеді





Сөздікпен жұмыс жасайды.









































































Ерекшеленіп берілген сөз, сөз тіркестерін көркемдегіш құралдармен сәйкестендіреді.























































Ақын қолданысындағы айшықтаудың түрлерін сәйкестендіреді.

















































































Берілген үзіндіден метафоралық қолданыстарды тауып, автор ойын талдайды.















































































Ақынның қолданған символдық мағынадағы

айшықты сөз тіркестері:



Тәуелсіздік падишасы, азаттық аясы, нардың жүгі, таңдайымның тамшысы, тәуекелдің тауы, қазақтың құты, жер кіндігі, бөрінің бекінісі, сарай нұры.





Wordwall платформасы арқылы сұрақтарға жауап береді.





Рефлексия кезінде «Өзін-өзі бағалау» парағы арқылы сабақтан қандай әсер алғанын, қандай жаңа нәрсе үйренгенін немесе не түсінбегенін, қандай кедергі болғанын жеткізеді.







Ауызша

мадақтау

Жарайсың!

Керемет шешім!
Ойлы шешім!

Мұндай ойлы пікірлерді ешқашан естімеппін!



































































































Дескритор

Білім алушы



Дескритор

Білім алушы





Оқулық

9-сынып

«Атамұра» баспасы

2019жыл





Қалыптас

тырушы бағалауға арналған



тапсырма

лар жинағы

9-сынып











































Оқулық

9-сынып

«Атамұра» баспасы

2019жыл





































































































https://wordwall.net/ru/resource/55195215








04 Сәуір 2025
225
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі