Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Бәйтерек туралы аңыз" 5 сынып
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Қиял әлемі» 6-бөлім. |
ОҚО, Шымкент қаласы, Мектеп: №64.Ж.Аймауытов атындағы мектеп-гимназия |
|||||||
8-сабақ. Қазақ тілі |
||||||||
Күні: 28.07.2017 жыл |
Мұғалімнің аты-жөні: Салыбекова Бибигул Есимханкызы |
|||||||
Сынып: 5 |
Қатысқан оқушылар саны: 24 |
Қатыспағандар:- |
||||||
Сабақтың тақырыбы |
Бәйтерек туралы аңыз |
|||||||
Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары |
5.Ж1.Берілген мәтінге сәйкес кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрады. 5.Ж3.Сюжетті суреттердің (фотосуреттер) желісі бойынша әңгіме құрастыру. |
|||||||
Сабақтың мақсаттары |
Бaрлық oқушылaр oрындaй aлaды:Берілген мәтінге сәйкес кіріспе,негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар жасап,суреттердің желісі бойынша әңгіме құрастырады. |
|||||||
Oқушылaрдың көпшiлiгi oрындaй aлaды: Жоспардың бөлімдеріне талдау жасайды,суреттердің желісі бойынша өз ойын тұжырымдап, әңгіме құрастырады. |
||||||||
Кeйбiр oқушылaр oрындaй aлaды: Мәтін бөлімдері бойынша құрастырған жоспарды бағамдайды,сюжетті суреттердің желісі бойынша өмірден мысалдар келтіре отырып, әңгіме құрастырады. |
||||||||
Бағалау критерийлері |
|
|||||||
Тілдік мақсаттар |
Оқушылар орындай алады: Оқушылар мәтін құрастырады, мәтін құрылымдарын бөлімдерге жіктей алады. |
|||||||
Негізгі сөздер мен тіркестер: бәйтерек, алып ағаш, самұрық құс, Астана---Бәйтерек, үш бәйтерек, жүз жасаған бәйтерек |
||||||||
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: «Менің ойымша, ...», «Себебі, мен оны.......... түсіндіремін», «Мен оны мынадай дәлелдермен келтіре аламын.....», «Қорытындылай келе,...........». |
||||||||
Талқылауға арналған тармақтар: Бәйтерек деген не? Бәйтерек туралы не білесіңдер? Қазақстандықтардың өмірінде Бәйтеректің қандай маңызы бар? |
||||||||
Жазылым бойынша ұсыныстар: Бәйтерек---өмір ағашы. |
||||||||
Ишара: қол, дене қимылдары. Жарайсың, керемет, тамаша! |
||||||||
Оқу дағдыларының деңгейі |
Білу, түсіну, қолдану, талдау |
|||||||
Сабақта қамтылатын құндылықтар |
Құрмет,ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке үйрету |
|||||||
Пәнаралық байланыс |
Тарих, қазақ тілі, өзін-өзі тану, АКТ |
|||||||
АКТ қолдану дағдылары |
Интербелсенді тақта, таныстырылым. |
|||||||
Осыған дейін меңгерілген білім Алдыңғы оқу |
5.ӘТН4.3.Сын есімді зат есім орнына қолдана білу. Фантазия |
|||||||
Жоспар |
||||||||
Жоспарла-натын уақыт |
Жоспар бойынша орындалуы тиіс іс-әрекеттер |
Ресурстар |
||||||
Сабақтың басы 2 мин 2 мин |
І. Ұйымдастыру: сәлемдесу, оқушыны түгелдеу ІІ. Психологиялық жағымды ахуал жасау. «Бәйтерек» сергіту сәті . Жүргізу мақсаты: Бүгінгі сабақтың тақырыбына сәйкес сергіту таңдап алынды. Әрі оқушылардың жасерекшелігіне қарай қимылды ойын жаттығуы тиімді. Сыныптың ынтымақтастық ортасын қалыптастырады. Оқушыларға жақсы көңіл-күй сыйлайды. Орындалу барысы: |
Қимылды ойындар жиынтығы ҮМ |
||||||
|
Іс-әрекет барысы |
|||||||
Бәйтерекке
ұқсайық, |
(Көкке қолын көтеріп
бәйтеректің суретін салу) |
|||||||
ІІІ.Топқа бірігу. Түрлі-түсті (қызыл,жасыл, сары) стикерге сабақтың мақсатында көрсетілген ( сурет, әңгіме) сөздері мен сабақтың тақырыбындағы (Бәйтерек туралы аңыз) сөздері тірек сөз ретінде жазылған. Стикердің түстерін оқушылар таңдап алу арқылы сынып 3 топқа бірігеді. 1-топ. «Аңызшылар» (қызыл түс) 2-топ. « Әңгімешілер» (жасыл түс) 3-топ. «Суретшілер» (сары түс)
ҚБ «Мақтау сөздер» (өте жақсы, жақсы, жарайсың) |
||||||||
Сабақтың ортасы 5 мин 6 мин 6 мин 6 мин 5мин 7 мин |
Айтылым алды: Т.Ж. Түрткі сұрақтар: (Мұғалім жетекшілігімен жүретін жұмыс) 1. Бәйтерек деген не? 2. Бәйтерек туралы не білесіңдер? 3. Бәйтерек дегенде ойларыңа не келді? Мұғалім жетекшілігімен жұмыс Ықтимал жауаптар:
Алып ағаш
Бәйтерек Астана-Бәйтерек Зәулім ағаш Самұрық құс
Үш бәйтерек
Жүз жасаған бәйтерек
ҚБ «Смайликтер» беру Мәтінмен жұмысты 3- топқа да бір мезетте А4 парағына 3 нұсқадан таратып беремін. Алғашқы дайын болған топ өз жұмыстарын көрсетеді. Содан кейін келесі топтар мәтінмен жұмыстарын ортаға салады. 1-топ. «Аңызшылар» Т.Ж. Тапсырма-1. №1.Мәтінмен жұмыс.Берілген мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің оқиға желісі бойынша құрылымын сақтай отырып, жоспар құрыңыз. Мұғалім жетекшілігімен жұмыс Жазылым алды тапсырма: Бәйтерек туралы аңыз Бәйтерек - ежелгі таным бойынша тылсым қасиетке ие алып ағаш. Бәйтерек байырғы орта түсінігінде жердің дәл кіндігінде өсетін, тамыры жерасты, діңі адам әлемі, басы рухтар мекені болып табылатын көк тіреген алып ағаш. Мұндай ағаш үлгісі дәстүрлі қауымда мықан ағашы, мырзатерек, әулие ағаш, сетер тал делініп, пішіні мен мәніне қарай әртүрлі аталған. Бәйтерек ежелгі түркі сөзі, бәй «үлкен» деген сөз, «бай» сөзінің дыбыстық өзгеріске түскен түрі (бәйбіше, бәйшешек), үлкен, алғашқы деген ұғымдарды, ал терек (парсы тілінде-дарақ) «ағаш» деген ұғымды білдіреді. Демек, бәйтерек екі сөздің бірігуінен жасалып, «зәулім ағаш» дегенді танытады. Ғылымда оны әлемдік ағаш деп атайды. Бүкіл ғаламның тағдыры осы ағашпен байланыстырылады. Ол - төменгі, ортаңғы, жоғаргы қабатты, бір-бірімен араластырмай, ұстап тұрған тіреу, тұтас әлемді таза ұстауға қызмет атқарады, осы үш қабаттағы тіршілік иелерінің тағдырларына әсер етеді. Бәйтерек тек үш қабатты байланыстырып тұрған дәнекер ғана емес, адамға ізгілік жолын көрсетуші, жақсылық жасаушы. Дескриптор:
ҚБ. «Бағдаршам» әдісі (Өзін-өзі бағалау) (Мұғалім жетекшілігімен барлық оқушылар қатысады)
Жазылымнан кезі тапсырма: Ықтимал жауаптар: Жоспар Кіріспе бөлім Бәйтерек - алып ағашы Негізгі бөлім а) Бәйтерек ежелгі түркі сөзі ә) Ғылымда бәйтеректі әлемдік ағашы деп тануы Қорытынды бөлім а) Бәйтерек - адамға ізгілік жолын көрсетуші.
2-топ. « Әңгімешілер»
Жазылым алды тапсырма: Т.Ж. Тапсырма-1. №2.Мәтінмен жұмыс.Берілген мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің оқиға желісі бойынша кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын қарапайым жоспар құрыңыз. Мұғалім жетекшілігімен жұмыс Бәйтерек – аңыз ағашы Ата-бабаларымыз жапан далада жалғыз өскен ағашты киелі ағаш немесе әулие ағаш деп санаған. Оны кесуге, қандай да бір зақым келтіруге тыйым салған. Саясында ұзақ отырып демалып, ұйықтауға да болмайтынын ескерткен. Жалғыз өскен ағаштың жанында ұзақ болсаң, сол ағаштай сопиып жалғыз қаласың деп жалғыздықтың нышанына балаған. Ал құла түздегі жайқалып өскен жалғыз ағаш пен шөлді мекендегі тырбиып өскен бұталарды қасиетті санап, жанында түнеп, шүберек байлайтын болған. Кейбіреулер ол маңда әулие жатыр деп ырымдап, мал сойып, тілеу тілеп те жатады.Аңыз бойынша алып теректің ерекше қасиеті сол. Бәйтеректі айнала ән салып, тілеген адамдардың тілегі қабыл болып жақсылыққа өзгереді екен. Бәйтеректің негізгі ұстыны Бейбітшілік дарағы болып есептеледі. Ежелгі түпкі ұғымында «бәйтерек» деген сөздің өзі «өмір ағашы» деген мағынаны білдіреді. Дескриптор:
ҚБ. «Бағдаршам» әдісі (Өзін-өзі бағалау) Жазылымнан кезі тапсырма: Ықтимал жауаптар: Жоспар Кіріспе бөлім Бәйтерек- әулие ағашы Негізгі бөлім Алып теректің ерекше қасиеті Қорытынды бөлім Бәйтерек - Бейбітшілік дарағы 3-топ. «Суретшілер» Жазылым алды тапсырма: Т.Ж. Тапсырма-1. №2.Мәтінмен жұмыс.Берілген мәтінді мұқият оқыңыз. Мәтіннің оқиға желісі бойынша кіріспе, негізгі және қорытынды бөлімдерді қамтитын жоспар құрыңыз. Мұғалім жетекшілігімен жұмыс Астана – Бәйтерек «Көктөбенің басында, алып көк теңіздің жағалауында өмір ағашы - Бәйтерек өседі екен. Жыл сайын Бәйтеректегі ұяға киелі Самұрық құс күн бейнелі алтын жұмыртқа салады екен. Бірақ жыл сайын айдаһар-жылан сол күнде жеп қояды. Аңыз бойынша Ер Төстік батыр жыланды өлтіріп, Самұрық құстың алтын жұмыртқасын аман алып қалады. Киелі ағаш туралы аңыз - бейбітшілік пен келісімде өмір сүруге ұмтылған жаңа Қазақстанның көрінісі. Бәйтеректің жоғары бөлігінде алтын түсті алып шар орналасқан. Шардың диаметрі 22 метр, салмағы 300 тонна. «Аялы Алақан» - Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентінің оң алақанының бедерлемесі.
Дескриптор:
ҚБ.«Бағдаршам» әдісі (Өзін-өзі бағалау)
Ықтимал жауаптар: Жоспар Кіріспе бөлім Бәйтеректің Көктөбеде өсуі Негізгі бөлім а) Самұрық құстың Бәйтерек ағашына жұмыртқасын салуы ә) Киелі ағаш туралы аңыз Қорытынды бөлім «Аялы Алақан» бедерлемесі
Жазылымнан кейінгі тапсырма: Ж.Ж.Тапсырма-2. «Прожектор моделі» әдісі.Берілген мәтін мазмұнынан не білдім? Әр топ мәтін мазмұнын тұжырымдап ауызша 2 сөйлеммен жеткізеді. Мұғалім жетекшілігімен жұмыс Мысалы:
Әулие ағашы
«Бәйтерек – аңыз ағашы»
Ағашты кесуге тиым салынған МӘТІН
Саясында ұйықтауға болмайды
Жалғыз өскен ағаштың қасында ұзақ болсаң жалғыз қаласың
Жас бұтасы қасиетті
Киелі деп шүберек байлаған
Бейбітшілік дарағы,өмір ағашы ҚБ «Иық қағу» әдісі ( Өзін-өзі бағалау) Дескриптор:
Суреттер интербелсенді тақтада таныстырылым үлгісінде ұсынылады. Үш топқа да бірдей суреттер береді, сюжеттер желісінің негізінде әңгіме құрайды, Тапсырманы орындалу үдерісі кеспе қағазда беріледі. (Мұғалім жетекшілігімен жүретін жазылым) Жазылым алды тапсырма: Т.Ж.Тапсырма-1. «Бірлескен жазылым» әдісі. Суретпен жұмыс.Тірек сөздерді қолданып, сурет бойынша әңгіме құрастырыңыздар. Тірек сөздер: Астана – Бәйтерек, Қазақстан Республикасы, аялы алақан, Тұңғыш Президент, алып шар, шардың диаметрі, салмағы, ЕХРО көрмесі, бәйтерек ағашы.
Дескриптор:
ҚБ. «Қошемет сөздер» ( Бірін-бірі бағалау) Мұғалімнің тиімді кері байланысы
|
ҮМ МАН Ғаламтор материалы
Қалыптастырушы бағалау 5-сынып Қазақ тілі
Қалыптастырушы бағалау 5-сынып Қазақ тілі (Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы» атты кітабынан
8-күн 1-сабақ 3-үлестірме материалы Ғаламтор суреттері Таныстырылым 10-күн 2-сабақ 7-үлестірме материал |
||||||
Сабақтың соңы 4 мин |
Кері байланыс: Бұл тапсырма интербелсенді тақтада сыныпқа ұсынылады. Ауызша жүргізіледі. Бәйтерек қандай ағаш? Ж.«ПОПС» әдісі «Менің ойымша,бәйтерек...», «Себебі, мен оны.......... түсіндіремін», «Мен оны мынадай дәлелдермен келтіре аламын.....», «Қорытындылай келе,...........». ҚБ:«Смайликтер» беру |
ҮМ
|
||||||
Үйге тапсырма беру 2 мин |
Бұл тапсырма интербелсенді тақтада сыныпқа ұсынылады.
|
|
||||||
Қосымша ақпарат |
||||||||
Дифференциация – Сіз оқушыларға көбірек қолдау көрсету үшін не істейсіз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырма беруді көздеп отырсыз? |
Бағалау – Оқушылардың ақпаратты қаншалықты меңгергенін қалай тексересіз? |
Пәнаралық байланыс Қауіпсіздік ережелері АКТ-мен байланыс (тәрбиелік элемент) |
||||||
1. «Білескен жазылым» әдісі (мәтінмен, суретпен жұмыстар) 2. «Прожектор моделі» әдісі 3. «Попс» әдісі |
Кері байланыс: ПОПС |
Құрмет,ынтымақтастық, ашықтық, қазақстандық патриотизм және азаматтық жауапкершілікке үйрету Электр құралдарын қолдануда сақ бол. Тарих, қазақ тілі, өзін-өзі тану, АКТ |
||||||
Ойлану Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары жүзеге асырымды болды ма? Бүгін оқушылар нені үйренді? Сыныптағы оқу атмосферасы қандай болды? Дифференциацияны жүзеге асыру қолымнан келді ме? Мен жоспарланған уақытымды ұстандым ба? Мен жоспарыма қандай өзгерістер енгіздім және неліктен? |
Төменде берілген бөлімді осы сабақ туралы ойларыңызды жазу үшін пайдаланыңыз. Сол жақ бағанда берілген сабағыңызға қатысты ең маңызды сұрақтарға жауап беріңіз. |
|||||||
|
||||||||
Жалпы баға Сәтті өткен екі нәрсені атап көрсетіңіз (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Қандай екі нәрсе сабақтың одан да жақсы өтуіне ықпалын тигізер еді (сабақ беру және оқытуға қатысты)? 1: 2: Осы сабақ барысында сынып немесе жеке оқушылар туралы менің келесі сабағыма дайындалу үшін қажет болуы мүмкін қандай ақпарат алдым? |