Материалдар / Ашық сабақ: Баскетбол ойыны. 6-сынып

Ашық сабақ: Баскетбол ойыны. 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ Баскетбол ойыны. 6-сыныпқа арналған ашық сабақ жоспары. Орта мектептің дене шынықтыру пәні мұғалімдеріне арналған ашық сабақ жоспары
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
16 Мамыр 2022
347
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«О.Бөкей атындағы №44 лицейі» КММ



Shape1

Ашық сабақ



Тақырыбы:

Баскетбол добын әр-түрлі әдіс-тәсілдермен алып жүру және допты әріптеске беру.


Пән мұғалімі: Исаханов С.К

Сыныбы: 7В






Бекітемін:

Лицей директорының

міндетін атқарушы:

Н.А.Садыкова

_______________

« »______ 2022ж


Бөлім

Спорттық ойындар

Педагогтың аты-жөні

Исаханов С.К

Күні

01.03.2022ж

Сынып 7В

Қатысушылар саны

Қатыспағандар саны

Сабақтың тақырыбы


Спорт ойындары баскетбол.Допты әр-түрлі әдістермен алып жүру.Допты әріптеске беру.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.1.3.1 - арнайы спорттық техникаларды орындау кезіндегі дағдылар мен реттілікті жетілдіру және қорытындылау

7.2.4.1 - дене жаттығулары аясындағы іс-әрекеттерді оңтайландыру және балама түрлерін құруға қажетті ережелер мен құрылымдық тәсілдерді көрсете білу

Сабақтың мақсаты


Барлық оқушылар орындай алады: Ойын техникасы ережелері мен ойын барысында қауіпсіздік ережелерін сақтайды.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Ойын техникасының дағдысын дамыту жаттығуларын біледі.

Кейбір оқушылар орындай алады: Ойын техникасының дағдысын дамыту жаттығуларын өмірмен байланыстырып, ой қорытады.

Бағалау критерииі

ойындардағы айырмашылықтарды түсінеді және рөлдерді белсенді көрсетеді;

мақсатқа жету үшін топта бірігіп жұмыс атқару барысында қозғалыс дағдыларын қалыптастырады.

Сабақтың кезеңі/ уақыты

Мұғалімнің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басы 2 минут


10 минут

Сапқа тұрғызу. Салемдесу

Қауіпсіздік нұсқауды орындау керек екенін ескерту.

Оқушылардың белсенді қатысуы үшін арнайы жалпы дамыту жаттығулары

Саптық жаттығулар:

Оңға, солға бұрылу

Жүру жаттығулары:

Аяқтың ұшымен, өкшемен, жартылай отырып, толық отырып

Жүгіру жаттығулары:

Бір қалыпты, тізені көтеріп, аяқты артқа сермеп, оң, сол жанмен.


Оқушы өз жұбын табады

Әдіс арқылы қайталау

Сұрақ жауап орындайды

Қол шапалақ













Әр түрлі белсенділік үшін үлкен,бос кеңістік.

Ортасы

28 минут

Жаңа сабақ. Ойын техникасының дағдысын дамыту

Жаңа сабақтың мақсаты мен бағалау критерийін таныстырамын.

1 . Екі қолмен кеудеден лақтыру. Бастапқы жағдайда доп кеуде тұсында болады. Бір аяқ ептеп алдыға қойылуы мүмкін. Аяқтар ыңғайлы, орнықты жағдай жасап тұру керек. Денеге жоғары бағытталған қозғалыс беретін аяқтың созылуымен қатар олар жоғарыға қарай созылуы керек, допқа доға тәріздес траектория жасалу керек.


2 . Бір қолмен иықтан беру. Бастапқы жағдайда доп иық тұсында бір қолдың білезігінде болады. Екінші қолы оны демеп тұруы мүмкін. Кезену кезінде баскетболшы доп беретін жаққа қолы бұрылып дененің қарсы қимылмен қолды алдыға созып допты қажетті бағытқа жібереді. Бастапқы жағдайда доп беретін қолмен әр аттас аяқ алға қойылады.


3 . Жоғарыдан бір қолмен беру. Доптың бастапқы жағдайы, бір қолының білезігінде. Алға қозғалғанда қол жазылады да, білезік допты орап, берілімді аяқтайды.




4 . Бір қолмен төменнен беру. Бастапқы жағдайда доп. жамбас тұсында, бір қолдың білезігінде болады, алақан жоғары қарап, саусақтар алға созылады. Аз ғана кезенуден соң алға айналуды бастайтын қозғалыспен орындалады. Білезік бірте-бірте ашылып, доп одан сырғанап түскендей болады. Ұшу биіктігі білезіктің қай мезетте ашылғанына байланысты болады. Қолды соза берген уақытта әр аттас аяқ алға адымдайды.


1- тапсырма. Оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелерін еске түсіріңдер, жаттығулар барысында сақтаңдар.

Допты лақтыру әдістерін орындаңдар.

«Кім епті?» әдісі


Дескриптор : Білім алушы


-Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

-Бір қолмен иықтан беру әдісін дұрыс орындайды;

-Екі қолмен кеудеден лақтыру әдісін дұрыс орындайды;

-Жоғарыдан бір қолмен беру әдісін дұрыс орындайды;

-Бір қолмен төменнен беру әдісін дұрыс орындайды;


ҚБ. Баскетбол добын бір-біріне беру арқылы бағалайды.


Сұрақ-жауап: Ойын кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет пе? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыз?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?


2- тапсырма. Өткізілетін оқу тапсырмасының ережелері мен қауіпсіздік ережелері айтылып еске түсіріледі. Осыдан кейін білім алушылар жұпта жұмыс жасайды.

  1. Баскетболшының тұрысын, допты алып жүру тәсілдерін орындаңдар.

«Қолды жұмысқа жұмылдыру» әдісі


Б аскетболшының тұрысы:










а) Допты бір орында оң және сол қолмен алып жүру;
б) Бір қолдан екінші қолға ауыстырып алып жүру;

в ) Қозғалыста допты оң және сол қолымен алып жүру.








Дескриптор Білім алушы


  • Баскетбол сабағындағы қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

  • Жаттығуларды орындау кезіндегі үйлесімділікті дамытуға арналған қимыл-қозғалыс дағдыларын қолданады.


ҚБ. Бір- біріне кері байланыс береді.


Сұрақ - жауап:Баскетболмен айналысқан кезде қандай қауіпсіздік ережелерін сақтауымыз қажет? Өздеріңіздің практикалық білімдеріңізді және дағдыларыңызды күнделікті өмірде қалай қолданасыздар?

Бұл тапсырмада қандай арнайы спорттық қозғалыс әрекеттері қолданылды?

Ойындар олардың физикалық және спорттық дағдыларын дамытуға көмектесетіндігі туралы өз түсініктерін көрсете және сипаттай алады.


Жаттығуларды орындау кезіндегі қауіпсіздік ережелерін біледі және сақтайды;

Бір қолмен иықтан беру әдісін дұрыс орындайды;

Екі қолмен кеудеден лақтыру әдісін дұрыс орындайды;

Жоғарыдан бір қолмен беру әдісін дұрыс орындайды;

Бір қолмен төменнен беру әдісін дұрыс орындайды;


Смаликтер арқылы

ҚБ өзін өзі бағалау




ҚБ «Бағдаршам»



ҚБ «От шашу»




Әрбір қызмет түрі үшін үлкен бос кеңістік.


Мұғалімге арналған ысқырық, секунд өлшегіш, бор, шеңбер, резеңке доп, фишкалар, қағаз, қалам.


Патриоттық сезім туралы сілтеме:


Сабақтыңсоңы

5 минут


Кері байланыс

1.Сіз үшін жаңа ақпарат...

2.Не қиын болды?

3.Не оңай болды?

4.Нені ескеруім керек?


Бүгінгі сабақтан түйген ойлары мен тұжырымдарына байланысты кері байланыс жасайды.


Рефлексия парағы





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ