Ашық сабақ: «Білгіштер» интеллектуалды ойын 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ: «Білгіштер» интеллектуалды ойын 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Оқушылардың білімдерін шыңдай түсу. 2. Логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды оқушыларды көрсете білу. 3. Оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа, жеңімпаз, озат болуға тірбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қостанай қаласы әкімдігі білім басқармасының «Қостанай қаласы білім бөлімінің №18 мектеп- гимназиясы» КММ













«Білгіштер» интеллектуалды ойын.















Сынып: 6А

Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі: Сейтхан А.С















Қостанай қаласы 2022-2023 оқу жылы

«Білгіштер» интеллектуалды ойын.

Мақсаты:

  1. Оқушылардың білімдерін шыңдай түсу.

  2. Логикалық ойлауды, тапқырлықты дамыту, қабілетті және дарынды оқушыларды көрсете білу.

  3. Оқушыларды бірлікке, ұйымшылдыққа, жеңімпаз, озат болуға тірбиелеу.

Түрі: сайыс сабақ

Көрнекіліктер: карточкалар, интеративті тақта

Мұғалімнің кіріспе сөзі:
Армысыздар, қадірменді оқушылар, ұстаздар!
Дана халқымыз «білегі мықты бірді жығады, білімі иықты мыңды жығады» деп айтқандай, мектеп қабырғасындағы білімді ұрпақ – ел – тірегі сіздерсіздер.

Үлгі бізге аталардың ерлігі,
Ұлағаты, өнегелі еңбегі.
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ – болар елдің ертеңі! – деп, бүгінгі «Білгіштер» атты интеллектуалды ойын сайысымызды бастайық.

Тіл- өте маңызды құрал. Тіл болмаса адам өз ойын жеткізе алмас еді. Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет - ғұрыптары, салт-дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі- өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Мемлекеттік тілді меңгеру – Қазақстан Республика азаматының парызы.

«Білгіштер» ойынына қатысатын топтар
«Болашақ» тобы
«Талапкер» тобы
Сайыстың кезеңдері
І. Топты таныстыру
ІІ. «Ойы ұшқыр»
ІІІ. «Ойлы болсаң, озып көр»
ІV. «Кім жылдам»

V. «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

І. кезең Таныстыру. (әр топтың топ басшылары қысқаша таныстырады 5 ұпайдан беріледі).
ІІ. кезең «Ойы ұшқыр» (Әр топқа 5 сұрақтан қойылады. Дұрыс жауапқа 5ұпай беріледі). Карточкамен жұмыс.
1. ҚР әнұранының авторлары? (Н. Ә. Назарбаев, Ж. Нәжімеденов, Ш. Қалдаяқов).
2. Адам құқығы қай уақытта пайда болады? (туғанынан беріледі).
3. Мемлекет билігінің қайнар көзі? (халық).
4. Республика заңдары қай кезде күшіне енді? (Президент қол қойғаннан кейін).
5. ҚР нышандары қай жылы қабылданды?

6. ҚР Конституциясы неше баптан тұрады? (98 баптан, 9 бөлімнен).

7. ҚР рәміздерін ата? ( Ту, Елтаңба, Әнұран)

8.Сұрағы: Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде нешінші орында?
Жауабы: Қазақстан жер көлемі жөнінен дүние жүзі елдерінің ішінде тоғызыншы орында

9.Сұрақ: Қазақстанның тұңғыш ғарышкері Тоқтар Әубәкіров қай жылы ғарышқа ұшты?
Жауабы: Тоқтар Әубәкіров 1991 жылы 2 қазанда Байқоңырдан «Союз ТМ-13» кемесімен ғарышқа ұшты.

10.Сұрағы: Тәуелсіздік күні қай күн?
Жауабы: Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан

Ахмет Байтұрсынұлы. Осы бір есім елге таныс болғалы «Мен-қазақпын» деген азаматтың бір селт етпейтіні жоқ та шығар.

Ахмет Байтұрсынұлы биылғы жыл халқымыздың көрнекті қоғам қайраткері, кешегі Абай, Ыбырай, Шоқан салған ағартушылық, демократтық бағытты ілгері жалғастырушы ірі ғалым, көсемсөз шебері, әдебиет зерттеуші, тюрколог, дарынды ақын- аудармашы Ахмет Байтұрсынұлының туғанына 150 жыл толған мерейлі жыл.

3 кезең «Ойлы болсаң, озып көр» Ақынның өлеңдері оқылады.

«Оқуға шақыру» өлеңі

«Адамдық диқаншысы»

1) Адамдық диқаншысы қырға шықтым,

Көлi жоқ, көгалы жоқ- қорға шықтым.

Тұқымын адамдықтың шаштым, ектiм,

Көңiлiн көгертуге құл халықтың.

Қор болған босқа кетiп еңбек, бейнет

Құлдарға құлдықтан жоқ артық зейнет.

Оттай бер, жануарым, екi аяқты-

Адамдық айуанға қанша қажет

2) Жаратқан малды құдай не керекке-

Мiнуге, сою, соғу, жөндемекке.

Жорта бер қамыт киiп, қамшыңды жеп,

Бұйрық жоқ ұрасың деп үндемекке.

Таяққа етi үйренген қойшы жайлап,

Көк есек қозғала ма түрткенге айдап.

Есептен алдағандай болғандар көп,

Жасықты, асыл ма деп, бiлмей қайрап.

4. кезең «Кім жылдам» Қай топ тез жауап береді?

  1. «Кел,балалар, оқылық» өлеңінің авторы: Ы.Алтынсарин

  2. Қазақтың батыр қыздары: М.Мәмбетова, Ә.Молдағұлова

  3. Тұрмыс-салт жырларын атаңыз? Бесік жыры, тұсаукесер, тойбастар, жар-жар, беташар

  4. «Қазақ» газетін шығарған кім? Байтұрсынов

  5. Көшпелілердің баспанасы? Киіз үй

  6. Жүз жасаған ақын? Жамбыл

  7. Балалар әдебитенің негізін салушы? Ы.Алтынсарин

  8. А.Байтұрсынов. Қайда,қашан туған? 1 872,5 қыркүйек, Торғай уезі

  9. Крылов мысалдарын аударып,қандай жинақ шығарды? 40 мысал

  10. «Оқу құралы» оқулығы нешінші жылы шыққан? 1912 ж

  11. «Қазақ» газеті қашан және қай қалада шығарылды ? 1913,орынбор

5 кезең – «Сөз тапқанға қолқа жоқ»

«Жеті тілді білсең, бар әлемді билейсің» деп бекер айтылмаған болар. Осы кезеңде, сіздердің назарларыңызға мақал-мәтелдер беріледі. Керекті сөздің орнын тауып, үш тілде аудармасын табу керек. Бұл кезеңде қазақ және орыс тілдерінің жауаптарына бір-бір ұпай беріледі, ағылшын тілінде жауап берілген жауапқа 3 ұпай беріледі. Толық жауапқа 5 ұпай.

Аудармасын тапбыңыз

  1. Оқу – инемен құдық қазғандай.(Оқу-учение -teaching)

  2. Оқу – білім азығы,

3.Білім – ырыс қазығы.(Білім-знание-knowlege)

4.Кітап – алтын қазына.(Кітап-книга-teachings)

5.Еңбегің қатты болса,

Татқаның тәтті болар. (Еңбек-труд-labour)

ІІ. Топтың сұрақтары

  1. Ғылым – теңіз, білім – қайық.(Ғылым-наука-science)

  2. Жеті жұрттың тілін біл,

3.Жеті түрлі білім біл.(Тіл-язык-tongue)

4Кітап-ғылым – тілсіз мұғалім.(Мұғалім-учитель-teacher)

5.Жақсы сөз – жарым ырыс. (Сөз-слово-word)



Бүгінгі көріп тамашалаған интеллекуалды сайыс ойыны мәресіне жетті. Зейін қойып тыңдағандарыңыз үшін алғысымыз шексіз. Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар.

















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
19.10.2022
800
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі