Сабақ кезеңі/Уақыты
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Қызығушылықты ояту
1 мин.
|
Ұйымдастыру кезеңі:
1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін
қадағалау.
2.Ынтымақтастық атмосферасын
қалыптастыру
«Ыстық лебіз» әдісін
қолдану.
|
Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын
дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы
арқылы сабаққа белсенділігі артады.
|
Қолданылатын
әдіс-тәсіл:
Сұрақ-жауап Ұйымдастыру формасы: жұптық
Қалыптастырушы бағалау:
«+», «-» ,«!»
|
ДК экран
|
8 мин
|
Үй тапсырмасын
пысықтау.
Денгейлік
Оқушылар өткен «Адам қанқасы, құрылысы мен қызметі»
тақырыбы бойынша деңгейлік тапсырманы А,В,С
орындайды.
|
Оқушы А денгейі бойынша тестік тапсырма орындайды, В
деңгейі бойынша сәйкестендіру тапсырмасын, С деңгейі бойынша адам
қанқасының моделін жасайды
|
Дескриптор:
Жалпы -15 балл
1.Тест сұрақтарына жауап
береді
2.Қанқа бөлімдерін сәйкестендіре
алады
3.Адам қанқасының моделін жасай
алады
|
ДК экран
Деңгейлік
Тапсырмалар
Worldwall платформасы
|
Жаңа сабаққа кіріспе
1 мин
|
«Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен
тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау
сұрақтарын ұжым
|
1.Балалар қанқа
қозғалысқа қалай келеді?
2.Адам бұлшық ет ұлпасы туралы не
білесіңдер?
|
Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада
білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға
«Жарайсың!» деген
мадақтау
сөзімен ынталандыру.
|
|
Сабақтың ортасы
Мағынаны ашу.
15 мин.
|
Жаңа тақырып бойынша бұлшық еттің маңызы
айтылады.Қанқа бұлшық еттерінің құрылысы мен бұлшық еттердің
түрлері баяндалады. Оқулықтағы жаңа сабақтың мәтінін оқуға тапсырма
береді
|
Оқулықты оқып танысып шығады. Тірек сөздермен танысып, өз
дәптерлеріне жазып алады.
|
Дескриптор: Жалпы -3 балл
1.Бұлшық еттің маңызын
түсіндіреді.
|
Тақырып бойынша интернет желісін пайдаланып видеоролик
көру
|
Тапсырма 1.
3 мин
|
Суретпен
жұмыс
Worldwall платформасымен жұмыс
жасайды.
|
1. Бұлшық еттің құрылысын сипаттап
береді.
|
Дескриптор:
Жалпы-3 балл
1.Суретті талдау
2. бұлшық ет жасушаларын миоциттерді
жазу
3.Сіңірді табу
|
ДК экраны
Worldwall платформасы
|
№10 Зертханалық
жұмыс .Бұлшық ет ұлпасының
құрылысын зерттеу
10 мин
|
Мұғалім электронды микроскоп арқылы бұлшық ет ұлпасының
түрлерінің дайын микропрепаратын ДК экран арқылы оқушыларға
көрсетеді.
|
Оқушылар зертханалық жұмыспен танысып шығады. Жасаған
іс-әрекеттерің дәптерлеріне жазып алады.Суретін
салады.
|
Дескриптор:
Жалпы-3 балл
1.Тапсырманы орындайды.
2. 255-беттегі зертханалық жұмысты
орындайды.
|
ДК экраны
8-сынып оқулығы.
Жұмыс дәптерлері.
|
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7мин.
|
«Бір ауыз сөз»
әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа
деген көзқарасын, рефлексиясын
тыңдайды.
Дайын макеттерді қолданып сабаққа қорытынды
жасайды
|
Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп
береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді
айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым,
ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын.
т.б.
|
Мұғалім оқушыларды «Веер» әдісі арқылы
бағалайды.
«Бағдаршам» әдісін қолданады.Сабақтан алған әсерлерін
төмендегі түстер арқылы көрсету:
Жасыл – түсіндім
Сары-сенімсіздік
Қызыл- түсінбедім
|
|