Материалдар / Ашық сабақ: Дефиниция (анықтама)
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Дефиниция (анықтама)

Материал туралы қысқаша түсінік
Материал сабақтан тыс үйірме жұмысы. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселе дебат қозғалысын жандандыруға бағытталған іс-шаралардың бірін қамтиды.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қараша 2021
971
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қысқамерзімді жоспар

Бөлімі:


Педагогтің аты-жөні:


Күні:


Сыныбы:

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

АПФ дебат форматының негізгі ережелері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты


Сабақтың мақсаты:

Америкалық парламенттік форматының дебат ойының негізгі ережелерімен танысу;

Америкалық парламенттік форматының қағидаларын анықтау;

Америкалық парламенттік форматының құрылымына сипаттау;

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


Ұйымдастыру

-  Сәлеметсіздерме!

Үйірме сабағына қош келдіңіздер!

Сабағымыздың тақырыбы: АПФ дебат форматының негізгі ережелері (Үкімет позициясы)

Өтілген тапсырманы  пысықтау:

1. Пікір сайыс тарихы неден бастау алады?

2. Карл Поппер форматының құрылымына сипаттама беріңіз?

3. Линкольн-Дуглас форматының ерекшелігі неде?


Оқушылар сұраққа жауап береді, жұмысты берілген түріне қарай орындайды

ҚБ

Мұғалім мадағы немесе ұсынысы;

Жарайсың!

Керемет!

Жақсы!

Талпыну керек!




Презентация № 1  бет



Сабақтың ортасы


Мәтін.

Америкалық парламенттік формат

АПФ – әлем бойынша ең атақты әрі қызықты формат. Онда үкімет және оппозиция тарапы болады. Үкімет тобында премьер-министр және спикер, ал оппозиция тобында лидер және спикер болады. Бұл ойын түрінде аргумент және оның маңыздылығы есепке алынады.

АПФ форматы сипаты жағынан 2-ге бөлінеді: саяси және құндылық. Саяси форматта нақты проблема бар және оның шешу жолдары қарастырылған. Ал, құндылық форматында құндылықтар сайысқа түседі, бұнда проблема жоқ және палаталар ия/жоқ келісемін/келіспеймін деген позицияларды жақтайды.

Спикер жəне оның сөзі:

1. Премьер-министрдің конструктивті сөзі - 7 (4) минут - Қарарды ұсынады. Өзінің кейсін нақты жəне айқын таныстырады. Кейсін бірнеше тəуелсіз дəйек, тəуелсіз дəлелдер арқылы қолдайды.

2.Премьер-министр орынбасарының конструктивті сөзі - 8 (5) минут - Қысқаша шолу жасайды. Оппозицияның тəуелсіз талдауына шабуыл жасайды. Үкімет кейсін қайта құрады/нығайтады.

3. Премьер-министірдің талдауы - 5 (5) минут ескерту: жаңа дəйектер келтіруге болмайды. Раундтың қорытындысын шығарады, негізгі жəне сыни кезеңдерін айтады. Жаңа мысалдардың көмегімен өзінің позициясын нақтылайды. Үкімет пен оппозиция позициялары арасындағы анық айырмашылықтарды көрсетеді.

Тағы ескерілетін жағдайлар: 1. Сұрақтар (“point of information”) “Сұрақ” – нақ осы сәтте сөйлеп жатқан қарсы топтың ойыншысына бағытталған сұрақ немесе пайымдау (утверждение). Сұрақ қою үшін пікірсайысшы орнынан тұрып, “сұрақ” не “рұқсат етіңіз” деп айту арқылы өзінің сұрақ қойғысы келіп тұрғанын көрсетуі қажет. Осы сәтте сөйлеп жатқан ойыншы сұрақты қабылдауға не қабылдамауға құқысы бар. Бұл сұрақ қоюшы тұрғаннан кейін 10-15 секундтан соң көрсетілуі тиіс. Егер сұрақ қабылданбаса, сұрақ қоюшы орнына отыру керек. Ал қабылданса, сұрақ қоюшы сөйлеушіге қысқа сұрақ пен комментариді айта алады. Сұрақтың ұзындығы 15 секундтан аспауы керек. Сұраққа жауап беруге кеткен уақыт оны қабылдаған адам үшін ескерілмейді. Ескерту: 1 спикер сөйлегенде жəне соңында қорытынды айтылғанда сұрақ қойылмайды!


Тапсырма: Берілген ұғымдардың «ақиқат» немесе «жалған» екенін анықтаңыз

Ұғым

А

Ж

1. Саяси форматта нақты проблема бар және оның шешу жолдары қарастырылған



2. Премьер-министр орынбасары қарарды ұсынады



3. Премьер-министірдің талдауында бір ғана жаңа дерек келтіре алады



4. Ойын барысында бірінші спикер сөйлегенде жəне соңында қорытынды айтылғанда сұрақ қойылмайды!



5. Премьер-министр орынбасары Үкімет кейсін қайта құрып және нығайтады.




Дескриптор:

Бірінші ұғымның «ақиқат» немесе «жалған» екенін анықтайды;

Екінші ұғымның «ақиқат» немесе «жалған» екенін анықтайды;

Үшінші ұғымның «ақиқат» немесе «жалған» екенін анықтайды;

Төртінші ұғымның «ақиқат» немесе «жалған» екенін анықтайды;

Бесінші ұғымның «ақиқат» немесе «жалған» екенін анықтайды;


АПФ форматы туралы түсінік қалыптастырады









АПФ форматтарының қағидаларын анықтайды

 











Пікір сайыс барысындағы сұрақтың бағытталуы туралы ақпарат алады

«Бағдаршам» әдісі арқылы кері байланыс береді

Презентация № 2  бет














Презентация № 3  бет
























Презентация №5

Сабақтың соңы



Жаңа білім мен тәжірибені қолдану тапсырмасы:

Берілген ақпаратты тиісті ұяшыққа орналастырыңыз.

Премьер-министрдің конструктивті сөзі

Премьер-министр орынбасарының сөзі

Премьер-министірдің талдауы





А) Өзінің кейсін нақты жəне айқын таныстырады

В) Жаңа дəйектер келтіруге болмайды

С) Кейсін бірнеше тəуелсіз дəлелдер арқылы қолдайды.

Д) Раундтың қорытындысын шығарады

Е) Оппозицияның тəуелсіз талдауына шабуыл жасайды


Дескриптор:

Берілген «А» ақпаратын тиісті ұяшыққа орналастырады;

Берілген «В» ақпаратын тиісті ұяшыққа орналастырады;

Берілген «С» ақпаратын тиісті ұяшыққа орналастырады;

Берілген «Д» ақпаратын тиісті ұяшыққа орналастырады;

Берілген «Е» ақпаратын тиісті ұяшыққа орналастырады;

Оқушылар бір-бірін «Шапалақтау» әдсі арқылы бағалайды



Презентация №6  бет









Презентация №7 бет

Рефлексия


«Не білдім?», «Не үйрендім? «Тағы білгім келеді» арқылы қалыптастырушы бағалауды жүргізеді

Өздерін бағалайды

ҚБ

Стикер, Презентация № 8  бет



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!