Материалдар / Ашық сабақ. Диаграмма 5 сынып

Ашық сабақ. Диаграмма 5 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ. Тақырыбы: Диаграмма. математика 5 сынып. Пиза тапсырмаларын шешу. learningapps та тапсырманы орындау
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады


Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы: Диаграмма

Бөлім:

Диаграмма

Педагогтің аты-жөні:

Темирбекова У.Д

Күні:

28.04.2022

Сыныбы: 5 Ә

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Диаграмма

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты:

5.4.3.2 дөңгелек сызықтық және бағанды диаграммаларға салу.

Сабақтың мақсаты:

Білім алушылар жаңа сабақ бойынша диаграмма ұғымын меңгереді.

Білім алушылар сызықтық және бағанды диаграммалар салуды үйренеді.

Білім алушылар диаграммаларға арналған есептерді шығара алады .

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

7 мин.

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2.Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру



1.Мұғалім оқушыларды түгендейді.

2.Амандасады және тілектерін білдіреді.

1.Оқушылар мұғаліммен амандасады.

2. Сабаққа дайындалады.



Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Оқушылардың белсенділігі үшін «Жарайсың!», «Керемет!» деген сақтау сөздерімен бағалайды.



Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.


Оқулық, жұмыс дәптері

Кітап, дәптер, қалам суреттері бейнеленген қима қағаздар топтамасы

ДК экраны

Үй тапсырмасы №891, №892 есептің жауабын тексереді


Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді

Дескриптор

Жалпы 2 балл

Дұрыс орындалған 2 балл

Толық емес 1 балл

Орындалмаған 0 б

ҚБ мадақ сөздер арқылы

5-сынып оқулығы.

А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова

Алматы «Мектеп» 2017


Жаңа сабаққа кіріспе


(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі.

Сұрақтар:

1.Диаметрі радиустан неше метр ұзын болады?

2.Дөңгелек деген не?

3.Дөңгелектің шеңберден өзгешелігі неде?

1. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады.

Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді.

Дескриптор:

1. Әр оқушы өз ойымен бөліседі.

2. Өзгенің пікірін толықтырады.

Жалпы- 2 балл.



Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

26 мин.

Жаңа сабақты түсіндіреді. Мысалдар көрсетеді.

Жаңа сабақты түсініп, сұрақтарға жауап береді.


ДК экраны


1- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

1-тапсырма

904 есеп.

Кестедегі мәліметтерді қолданып дөңгелек және бағанды диаграмма салыңдар


аудан

Жайылым

80

Орман

70

Егістік

210







Дескриптор:

1. Диаграмманы түсінеді.

2. Сұрақтарға жауап жазады.

3.Жауабын анықтайды.

Жалпы- 3 балл.

ДК экраны

5-сынып оқулығы.

А.Е.Әбілқасымова, Т.П.Кучер, З.Ә.Жұмағұлова

Алматы «Мектеп» 2017

Жұмыс дәптерлері.

Слайд.



2- тапсырманы орындатады, бақылайды, мысал, үлгі көрсетеді.

2-тапсырма

8.27-суретте аңшы иттің, түлкінің және қоянның жылдамдықтарының бағанды диаграммасы берілген. Түлкінің жылдамдығы көп пе, әлде қоянның жылдамдығы көп пе?




Дескриптор:

1.Есептің мазмұнын түсінеді;

2. Жауабын табады.

Жалпы-3 балл.

Аңшы иті 18 м/с

Түлкі 10 м/с

Қоян 16 м/с

Кеспе қағазы

Интерактивті тақта





3-тапсырма. Пиза тапсырмасы

Сатылы модель

Жауабын жасыру




3-тапсырма. Жағдаят типі: кәсіби

Тапсырма форматы: қысқа жауап

Оқушы шаршылардан сатылы модель құрастырды. Төменде оны құру кезеңдері көрсетілген.

Оқушы бірінші кезеңде 1 шаршы, екіншісінде 3 шаршы, үшіншісінде 6 шаршы қолданады.

Төртінші кезеңде оған қанша шаршы қажет?



Дескриптор:

1.Есептің мазмұнын түсінеді;

2. Жауабын табады.

Жалпы-3 балл.

Жауабы:Shape1 шаршы.

Төртінші кезеңде үшінші кезеңдегі 6 шаршыға тағы 4 шаршы қосылады да, барлығы 10 шаршы болады.

Тапсырманы орындаудың ең оңай жолы - төртінші кезеңдегі сатылы модельдің суретін салып, шаршыларды санау.



Кеспе қағазы

Интерактивті тақта



4-тапсырма

Learningapps платформасында жаттығу орындау

4-тапсырма

Learningapps платформасында диаграммаға берілген есепті шешу арқылы бос орындарды толтырады

Дескриптор:

1. Диаграмманы түсінеді.

2. Сұрақтарға жауап жазады.

3.Жауабын анықтайды.



Интернет ресурсы



Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Еркін микрофон» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.



Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

Үйге тапсырма:

906.907 есеп.

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсатына жеткізетін тапсырмалар орындауына қарай, өз түсінгенін, пікірін, өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.



Мұғалім оқушыларды «Жапондық бағалау» әдісі арқылы бағалайды. Яғни «Дұрыс келісемін», «Толықтырамын, басқа көзқарасым бар», «Менің сұрағым

ЖИ арқылы жасау
11 Мамыр 2022
431
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі