Ашық сабақ Е.Жүніс "Менің атым - Тәуелсіздік" өлеңі 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Е.Жүніс "Менің атым - Тәуелсіздік" өлеңі 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге сабақта қолдануға көмегі тиіп қалар деген мақсатта жарияладым.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚЫСҚА МЕРЗІМДІ САБАҚ ЖОСПАРЫ

Мұғалімнің аты-жөні:

Агитаева К.И. №8 мектеп-лицей

Пән/Сынып:

қазақ әдебиеті, 6-сынып

Қай аптаның нешінші сабағы

4-Тоқсан, 1-апта, 2- сабақ

Тарау немесе бөлім атауы:

4-бөлім: «Тәуелсіздік -қасиет тұнған ұлы ұғым»


Сабақтың тақырыбы:

Ерлан Жүніс «Менің атым - Тәуелсіздік» өлеңі

Оқу мақсаттары:

Т/Ж3 Әдеби туындыдағы типтерін тек тұрғысынан сипаттау;какпаэЭэепеплық

А/И2 Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтау.оэзиялық шығармалардағикалнықтаупоан спқта

Сабақ мақсаты:

Ерлан Жүністің өлеңіндегі типтерін тек тұрғысынан сипаттайды;какпаэЭэепеплық

Эпикалық, поэзиялық шығармалардағы автор бейнесін анықтайды.оэзиялық шығармалардағикалнықтауп

Бағалау критерийі:

Әдеби туындыдағы кейіпкердің типтерін тек тұрғысынан сипаттайды.
Шығармадағы автор бейнесін анықтайды.

Саралап оқыту тапсырмалары

Ұжымдық жұмыс

Жаңа тақырыптың түсіндірілуі

Бірлескен жұмыс

Тапсырманы ұсыну және дұрыс жауапты ұсыну арқылы үйрету

Уақыты

Кезеңдері

Сабақтың мазмұны

Ресурстар

1 минут


Ұйымдастыру

Сәлеметсің бе?

6-сыныптың қазақ әдебиеті пәніне қош келдіңіздер!

Сабағымыздың тақырыбы: Ерлан Жүніс «Менің атым - Тәуелсіздік» өлеңі

кесте, презентацият.б.

3 минут















Жаңа сабақ










Тапсырмалар

Еске түсіру бұрышы

Жанр деген не?

Әдебиеттің тектері нешеге бөлінеді?

Лирикалық образ деген не?

Жауабы:

Әдебиеттің тегі

Эпикалық образ

Лирикалық образ Сыршыл, өлең-жырлардағы ақынның өз бейнесі.

Драмалық образ

Ерлан Жүністің «Менің атым – Тәуелсіздік» өлеңіндегі алты жасар кейіпкер бейнесі лирикалық образға жатады. Өлеңде ақын өз атынан сөйлейді. Ақын өлеңді өз атынан айтқанда, лирикалық кейіпкердің бейнесі жасалады, сондықтан ақынның өз бейнесі жинақталған лирикалық кейіпкердің бейнесі болып шығады.

«Миға шабуыл» әдісі арқылы түрткі сұрақтар.

1. «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңінің авторы кім?

  1. Өлеңнің негізгі мазмұны қандай?

  1. «Менің атым-Тәуелсіздік» өлеңі Қазақстан Республикасының қай кезеңдердегі тарихын қамтиды?

  1. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет пе?

  1. ҚР қай жылы тәуелсіз мемлекет болып жарияланды?

  1. ҚР-ның тұңғыш президенті кім?

  1. Елімізде тұңғыш президент күнін қай күні атап өтеді?

Өзіңді тексер!

1.Е.Жүніс

2.  Өлеңде автор алты жасында қоғамда болған өзгерістерді жырлай отырып, халықтың басынан өткендерін саралайды. Еліміздің тәуелсіздікке оңайлықпен қол жетпегендігі жайлы сөз етеді.

3. Қазақстан Республикасының тәуелсіздікке қол жеткізгендегі кезеңі.

4. Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет.

5. ҚР 1991 жылы тәуелсіз мемелекет болып жарияланды.

  1. ҚР-ның тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев.

  1. Елімізде тұңғыш президент күні – 1 желтоқсан.

1-тапсырма. Берілген үзінді негізінде автор бейнесіне талдау жаса.


Өлеңнен үзінді

Автор бейнесіне талдау жаса



Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте

Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін.

Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті,

Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті,

«Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек,

Ол, бәлкім, менен Сөз күтті!

Ал бүгін, енді, Тарихты өзім білемін,

Жолдарды сезем жон арқамменен мың жылдар өткен ұлы елім.



Дескрипторы:
-үзіндіні түсініп оқиды,
-автор бейнесіне талдау жасайды.

Өзіңді тексер!

Өлеңнен үзінді

Автор бейнесіне талдау жаса

Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте

Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін.

Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті,

Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті,

«Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек,

Ол, бәлкім, менен Сөз күтті!

Ал бүгін, енді, Тарихты өзім білемін,

Жолдарды сезем жон арқамменен мың жылдар өткен ұлы елім.

Авторды қатыгездіктен бойын аулақ ұстап, ездіктен ада болуға ұлының бойына адами қасиеттерді, сөз тізгінін ұстайтын осындай ұлдардың болуын қалаған ананың осындай қасиеттерді дарытқанын жырына арқау етеді.


2-тапсырма. Үзіндіні оқып, талда.


Үздіні оқы.


Ана бейнесін қара сөзбен сипаттап жаз.


Түсінбесем де тыңдаймын,
Онсыз да оны жесірлік салған жасытқан еді мұң-қайғы...
Көзінің жасы сөйлеген түнді ұқпасам да,
Аңыз ұнаған Жаралған Күннен Ұл жайлы!
Деген де шығар «бодандық жайлы білмесін»:
Сен түсін, дәуір, сонау бір қанды жыл кешір!
Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте
Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін.
Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті,
Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті,
«Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек,
Ол, бəлкім, менен Сөз күтті! .....








Өзіңді тексер!

Үздіні оқы.


Ана бейнесін қара сөзбен сипаттап жаз.

Түсінбесем де тыңдаймын,
Онсыз да оны жесірлік салған жасытқан еді мұң-қайғы...
Көзінің жасы сөйлеген түнді ұқпасам да,
Аңыз ұнаған Жаралған Күннен Ұл жайлы!
Деген де шығар «бодандық жайлы білмесін»:
Сен түсін, дәуір, сонау бір қанды жыл кешір!
Тарихтан дәріс оқитын менің анашым орта мектепте
Ұлына бірақ айтпапты кісен, құлдық пен түрме бүргесін.
Ерлікті айтқан, үйретпеді ол ездікті,
Ұстатқан қалам, ұстатпады ол кездікті,
«Құлыным, сенің тарихың басқа» деген тек,
Ол, бəлкім, менен Сөз күтті! .....

Ерлан Жүністің өмірінде анасының рөлі зор. Бойына барлық адами ізгі қасиеттерді сіңіріп өсірген анасына деген құрметі ерекше. Анасының ерлігін мадақтайды.


Дескрипторы:

үзіндіні оқып, талдайды;
-ана бейнесін сипаттайды;

-қара сөзбен жазады.


4-слайд




1-3 минут










5 мин


















1 мин

Бекіту

3-тапсырма.

«Төрт сөйлем» тәсілі арқылы өлең мазмұны туралы пікірлеріңді білдіріңдер.

Пікір. Өлең мазмұны туралы пікірлеріңді бір сөйлеммен жазыңдар.

Дәлел. Пікірлеріңді бір сөйлеммен дәлелдеңдер.

Мысал. Пікірлеріңді өмірмен байланыстырып, мысал келтіріңдер.

Қорытынды. Тақырып бойынша қорытынды шығарыңдар.

Өзіңді тексер!

Пікір. Ақын өлеңде тәуелсіздік алған кезде алты жаста болғанын жырына арқау етеді.

Дәлел. Алып қорғанның құлағанын көрдім,

Небәрі алты жасымда. Ақынның өлең жолдарынан өршіл, рух байқалады.

Мысал. … Тәуелсіздік ше?

Ол – менің тегім, ұлдарыма оны дарыттым.

Өлең жолдары арқылы ақынның елін шынайы сүйетінін жеткізеді.

Қорытынды. Қазақ елі алғаш Тәуелсіздігін алғанда, еңкейген қариялар мен әжелер көзіне жас алды. Ақын бала да болса сол кезеңге куә болғанын жеткізеді.

Қосымша ақпарат

«Менің атым – Тәуелсіздік» тақырыбына эссе жазу.










Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
16.05.2021
4135
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі