Ашық сабақ Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар 8 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар туралы қысқа мерзімді сабақ жоспарын жариялап отырмын. Жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ беріп жүрген мұғалімдерге керек бола ма деген оймен.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Мектеп

«К.Төгісов атындағы орта мектебі» КММ

Күні


Мұғалімнің аты-жөні:

Жаманкулова Гулгул Толешевна

Сынып 8

Барлығы - 15

Қатысқандар –

Қатыспағандар -

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:

Координация және реттелу

Сабақтың тақырыбы:

Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар (гипо және гиперфункция)

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.7.6 эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды атайды

Сабақ мақсаты

Барлық оқушылар: гормондардың артық бөлінуінен және жетіспеушілігінен әр түрлі аурулардың пайда болатынын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауруларды ажырата алады

Кейбір оқушылар: гормондардың артық бөлінуінен немесе жетіспеушілігінен пайда болатын ауру белгілерін нақты мысалдар келтіре отырып сипаттайды

Бағалау критерийі

Эндокриндік бездердің ерекшеліктерін біледі

Эндокриндік бездердің гиперфункциясы мен гипофункциясы кезінде болатын ауруларды талдайды

Гормондарды бездерге байланысты жүйелейді

Эндокриндік аурулардың болу себебін айқындайды

Ауру белгілерін сипаттайды

Тілдік мақсаттар

Оқушылар ... істей алады

Оқылым: эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар туралы мәтінмен танысып, негізгі ұғымдарды ажырата алады

Айтылым: эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар туралы бір-бірімен пікір алмасады

Тыңдалым: гормондардың артық бөлінуінен және жетіспеушілігінен пайда болатын ауру түрлері туралы ойларды тыңдай отырып, бір-бірін толықтырады .

Жазылым: эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар туралы термин сөздерді дәптерлеріне жазады.

Пәнге қатысты сөздер мен сөз тіркестері: гиперфункция, гипофункция, тироксин, эндемиялық зоб, кретинизм, микседема, базедов ауруы, гипофизиотәуелсіз, инсулин, гликоген, глюкагон, қант диабеті, өсу гормоны, соматотропты, алыптық, ергежейлілік, акромегалия, екінші реттік жыныс белгілері, ерлердің жыныс гормондары, әйелдердің жыныс гормондары, адреналин, норадреналин, кортикоидтар, минералокортикоидтар, глюкокортикоидтар.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер

Талқылауға арналған тармақтар:

Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан ағзада түрлі аурулар пайда болады, өйткені

Сіз неліктен гипофиз ішкі секреция бездерінің ішіндегі ең маңыздысы екенін айта аласыз ба?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

Ішкі секреция бездері қызметінің бұзылуынан пайда болатын ауру түрлерін дәптерлеріне жаза отырып ауру түрлерін біледі.

Құндылықтарға баулу

Зайырлы қоғам мен жоғары руханият

Пәнаралық байланыс

Химия 10 сынып, йод

Алдыңғы білім

8-сынып биология,

§41 Гуморальды реттелу гормондар арқылы жүзеге асатынын біледі. Бездер туралы білімі бар.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

7-10 минут

Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.

Амандасу. Сынып оқушыларын «Шаңырақ» стратегиясы арқылы құрылымдалмаған шағын топтарға топтастыру.

1-топ: Ішкі секреция бездері;

2-топ: Сыртқы секреция бездері;

3-топ: Аралас секреция бездері.

Тапсырма 1.

Топтар гормондар мен бездер туралы білімдерін еске түсіреді. Шахмат тақтасының суретін пайдалану арқылы оқушылар бос ақ ұяшықтарға өз ойларын кезекпен жазады, маңызды ақпарат туралы ой бөлісіп, топ атына байланысты топтар өз ойларын айтады.

Қолданылған әдіс-тәсіл: «Шахмат» әдісі

Ұйымдастыру формасы: топтық жұмыс

Қалыптастырушы бағалау: «Бағдаршам» әдісі.

Оқулық, маркер, шахмат тақтасының суреті, түрлі-түсті ленталар, бағдаршам


Сабақтың ортасы

22-25 минут

Тапсырма 2.

Оқулықпен жұмыс.

Ішкі секреция бездерінің (эндокринді) қызметі және оларға байланысты аурулар туралы мәтінді оқи отырып тақырыпты топта талдап, талқылау

1-топ: Қалқанша безі

2-топ: Ұйқы безі және гипофиз

3-топ: Жыныс безі мен бүйрек үсті бездері

Дескрипторлар:

- эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан қандай аурулар туындайтынын анықтайды;

- ауру себептерін айтады;

Қолданылған әдіс-тәсілдер: «Пирамида» әдісі

Ұйымдастыру формасы: жеке және топтық жұмыс

Қалыптастырушы бағалау: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі

Тапсырма 3.

Мәтінді оқу барысында кездескен термин сөздерді анықтап, дәптерге жазады. Екі оқушыға бір термин сөзді стикерге жазып, орындықтарының артына жапсырамын, жұмысты дәптерге жазып болғаннан кейін оқушылар орындығына жапсырылған термин сөзді алып, анықтама береді

Дескрипторлар:

- термин сөздерді дәптерге жазады;

- термин сөздердің мағынасын түсіндіреді.

Ұйымдастыру формасы: жеке және жұптық жұмыс

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі.

Сергіту жаттығуы: «Жаңбыр»

Тапсырма 4.

«Диагноз қоя білеміз бе?» ойыны.

(топта талқылап, әрбір ауруға сипаттама беріп, ауру түрін анықтаңдар және қандай диагноз қоюға болады?)

1-топқа:

Ұйқысыздықпен зардап шегеді, ашушаң, өзін-өзі ұстай алмайды. Қатты арық. Көз қарасы таңырқаулық танытып, көзі бадырайып тұрады.

2-топқа:

Әлсіз, енжар, тез шаршайды. Ентігеді. Жүйкенің жоғары қозғыштығы байқалады.

3-топқа:

Дене температурасы, жүрек іс-әрекеті төмендейді. Тері астына су жиналады. Терісі ісінеді, құрғайды. Шаш түседі, әрі сирейді.

Дескриптор:

- ауру түрін анықтайды

Қолданылған әдіс-тәсіл: «Диагноз қоя білеміз бе?» ойыны

Ұйымдастыру формасы: топтық жұмыс

Қалыптастырушы бағалау: «Рефлексивті тест» әдісі

Оқулық

жұлдызшалар
















Оқулық, дәптер, қалам,

стикерлер











Проектор, ноутбук, экран, суреттер

Сабақтың соңы

8-10 минут

Тапсырма 5.

«Сөйлемді жалғастыр» ойыны.

1. Қалқанша без ........ тироксин гормонын бөледі.

2. Эндемиялық зоб – қалқанша безінің ісінуі.

3. Жас балаларда йодтың жетіспеуінен ... кретинизм ауруы пайда болады.

4. Егер ағзада тироксин аз мөлшерде түзілетін болса, ..... микседема ауруы пайда болады.

5. Инсулиннің жетіспеушілігінен ағзада ..... қант диабеті ауруы пайда болады.

6. Егер өсу гормоны жеткіліксіз мөлшерде түзілетін болса, адамның бойы өспей, ...... ергежейлілік пайда болады.

7. Акромегалия – .....ересек адамдарда өсу гормонының көп бөлінуінен пайда болатын ауру.

8. Бүйрекүсті бездері ......... екі қабаттан тұрады.

9. Ішкі ми қабатында ........ адреналин және норадреналин гормондары түзіледі.

10. Қыртысты қабаттан бөлінетін гормондарды ...... кортикоидтар деп атайды

Дескрипторлар:

- жылдам ой қорытады.

Қолданылған әдіс-тәсіл: «Сөйлемді жалғастыр» ойыны.

Ұйымдастыру формасы: жеке жұмыс

Қалыптастырушы бағалау: «Бас бармақ» әдісі

Үйге тапсырма:

1.§42 ішкі секреция бездерінің қызметі және оларға байланысты ауруларды оқу.

2. Жергілікті жер емханасынан эндокриндік бездер қызметінің бұзылуынан туындаған ауру адамдар туралы мәлімет жинап келу.

Кері байланыс: «Чемодан, еттартқыш, себет»

Чемоданға сабақ бойынша өзіме не қажетті ақпаратты алдым.

Еттартқышқа түсініксіз болған ақпаратты, яғни ой елегінен өткізу, жетілдіру керектігін көрсетем.

Себетке қажет емес ақпаратты лақтырамын.


Доп

Қосымша ақпарат

Эндокринді бездер қызметінің бұзылуынан туындаған аурулар туралы суреттер, слайдтар көрсету


Саралау – сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

- саралау сабақ мақсатында көрініс тапты (100% барлық оқушылар, 70% басым бөлігі, 30% дарынды оқушылар);

- топтағы жұмыс барысында «диалог және қолдау көрсету», «қарқын» тәсілдерін қолдану жоспарланды;

-қабілетті оқушылардың басқалардың табысқа жетуіне ықпал етуіне көмектесу;

- визуал оқушылар қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін суреттер, слайдтар көрсету;

- барлық оқушылардың қатысуын қадағалау;

- саралау сабақтың өн бойында жүреді.

Бағалау – сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

- «бағдаршам»,

- «екі жұлдыз,бір тілек»,

- «бас бармақ»

- «мадақтау сэндвичі» әдістері арқылы


Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

- топ ережесін сақтау

- денсаулық сақтау

- егер зейіндері шашырап кетсе қажеттіліктеріне сәйкес сергіту жаттығуын өткізу («Жаңбыр»).

- топқа бөлінген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтау туралы ескерту.

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарларынан ауытқулар болды ма және неліктен?










Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқу мен оқытуға қатысты)

1.

2.

Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді(оқытуды да оқуға қатысты)

1.

2.

Сабақ барысында мен сынып н емесе жекеленген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?



Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы №1

Тапсырма 1.


Бағалау критерийі

Дескриптор














Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
11.02.2019
4296
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі