Авторы: Танирбергенова Маржан Танирбергеновна
Маңғыстау облысы. Жаңаөзен қаласы №7 "Ертөстік" өкпе ауруынан сауықтыру бөбекжай балабақшасы тәрбиеші
Ересек тобы. Көркем әдебиет.
Тақырыбы : «Ертегіде қонақта, Біліміңді тиянақта»
Мақсаты : Балалардың жыл бойғы алған білімдерін тиянақтау.Ертегіні сахналау арқылы аңдарды байланыстыра отырып, қызықты тапсырма ойындар арқылы білімдерін бекіту.
Дамытушылық : Сөздік қорларын байланыстырып сөйлеуін молайту, ой-өрісін, білімділігін, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік : Балаларды ұйымшылдыққа, зейінділікке, тапқырлыққа, тез ойлау қабілеттерін арттыруға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдер : Көрсету,әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауаптар, мадақтау, мақтау, қорытынды.
Сөздік жұмыс : Пішіндер, түстер, сандар, үй жануарлары, жабайы жануарлар қоректенеді, мекендейді.
Жеке жұмыс : Қамажай, Діндарға түстерді ажыратып, атату, сандарды санату.
Шаттық шеңбері : Шеңбер болып тұрайық.
Алақанды ашайық,
Күннің нұрын салайық.
Таза ауаны жұтайық,
Жүрекке жылу салайық.
Мейірімділік шоғын алайық,
Жиналған жылы шуақты,
Апайларға шашайық.
Ұйымдастыру бөлімі : Трек сызба арқылы көктем ерекшеліктерін айтады.
Тәрбиеші : - Балалар қане жыл мезгілдерін атайық.
Балалар : - Көктем, жаз, күз, қыс.
Тәрбиеші : - Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
-Қыс мезгілінің ерекшеліктері қандай?
-
Қыс айларын кім айтады?
Қыс мезгілі туралы қандай тақпақтар білесіңдер? Балалар тақпақтары: Жанна, Діндар, Ақбота.
Тәрбиеші : - Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетіміздің тақырыбы : «Ертегіде қонақта, Біліміңді тиянақта».Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде біз өткен оқу іс-әрекеттерімізді қайталап, жануарлар,аңдар,ертегі,жұмбақтар,тақпақтарды, түстерді, пішіндерді есімізге түсіреміз.
Балалар біздің кең даламызда ну ормандар, өзен-көлдер, теңіз, таулар, бұлақтар, жабайы аңдар,жануарлар, құстар бар.
- Балалар орманда қандай аңдар болады?
- Аттарын атайықшы.
- Балалар : Арыстан, аю,қасқыр, түлкі, қоян, т.б.
Тәрбиеші : - Жабайы аңдар немен қоректенеді?
-
Арыстан,қасқыр қандай аң?
-
Балалар үй жануарлары қайда болады?
-
Үй жануарлары немен қоректенеді?
-
Балалардың жауаптары.
Тәрбиеші:Балалар үй жануарлары мен жабайы аңдар туралы жұмбақ жасырамын.
Өзі айлакер, өзі қу,
Жүрген жері айқай шу. Түлкі.
Кішкене ғана бойы бар,
Айналдырып киген тоны бар. Қой.
Сыбдыр шықса қашады,
Белден бір-ақ асады. Қоян.
Балалар жұмбақтарды шешеді.
Тәрбиеші : - Балалар осы аңдар, үй жануарлары туралы қандай тақпақтар білесіңдер?
Балалар тақпақтары : Ирада, Майра, Жанна, Дархан.
Релаксация : Қолдарымызды алдымызға қойып, бос еркін отырамыз.
-Қане балалар көздерімізді жұмып, көз алдымызға орманды елестетейікші.
-Балалар орманда жасыл шөпте отырғандай сезінейік. Ормандағы ағаштар, аңдар, құстар, гүлдер, өсімдіктер қандай әдемі.Ағаштардың жапырақтарының сыбдыры, самал желмен жайқалған қызыл-сары гүлдердің хош иісі, құстардың сайраған үндері неткен әдемі тамаша.
-Балалар көздерімізді ашамыз.
Дидактикалық ойын: «Өз мекеніне орналастыр»
(Жабайы аңдар мен үй жануарларын өз мекеніне орналастыру )
Тәрбиеші : - Балалар ормандағы жабайы аңдар туралы қандай ертегілерді білесіңдер?
Балалар : «Түлкі мен тырна», «Аш қасқыр», «Үш аю», «Мақта қыз бен мысық», «Арыстан мен түлкі», «Түлкі мен қасқыр».
Тәрбиеші : - Өте жақсы, көптеген ертегілерді еске түсірдік. Енді балалар мына суреттерге қараңдаршы.Қандай ертегілер бейнеленген? -Балалар атап береді.
Тәрбиеші : - Дұрыс балалар, «Бауырсақ» ертегісі желісімен аңдардың тапсырмасын орындап, аңдарға көмектесіп, өткен оқу іс-әрекетімізді есімізге түсіреміз.
Тәрбиеші: Балалар «Бауырсақ» ертегісінде қандай аңдар бар?
Балалар: Қоян, қасқыр, аю, түлкі.
Балалар ертегі желісімен тапсырма ойындарды орындайды.
Бауырсақтың шығуы. Бауырсақтың алдынан қоян шығады.
Қоян : - Бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ : - Жоқ қоян мені жеме, мен саған өлең айтып беремін.
Бауырсақ өлеңін айтып кетеді.
Қоян жылайды.
Тәрбиеші : Қоян саған не болды? Неге жылайсың?
Қоян : - Қасқыр үйімді тартып алды.
Тәрбиеші : - Қоян сен жылама,балалар қоянға көмектесеміз бе?
Балалар : ия.
Тәрбиеші : - қоян біз саған әдемі үй жасап береміз.геометриялық пішіндерден құрастыру арқылы қоянға үйшік жасап береді.
Тәрбиеші : -Балалар қоянның үйі қандай әдемі болды.
-Қандай пішіндер пайдаландық?
Балалар : үшбұрыш, төртбұрыш,тік төртбұрыш.
Тәрбиеші : - түстері қандай?
Балалар : қызыл, көк, сары.
Тәрбиеші : жарайсыңдар балалар,қоян бізге риза болды.
-Балалар қоян бізге сәбіздерін алып келіпті.
-Балалар осы сәбіздермен тыныс алу жаттығуларын жасаймыз.
Тәрбиеші : - Балалар ертегімізді жалғастырамыз ба?
Балалар : ия.
Тәрбиеші : - Балалар бауырсақтың алдынан тағы қандай аң шығады?
Балалар : - қасқыр.
Бауырсақ ортаға жүгіріп шығады, алдынан қасқыр шығып, - бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ : - Қасқыр сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін, бауырсақ өлеңін айтып кетеді.
Тәрбиеші : - Қасқыр сен бауырсаққа тиме, сен неге ашулысың?
Қасқыр : -Мен қоянды іздеп жүрмін,қасқыр қоянды іздеп кетеді.
Тәрбиеші : - Балалар қасқыр қоянды іздеп жүр екен.Қане қоянды жасырайық (тақтада әр түрлі түстегі тік төртбұрыш пішіндердің ортасы қиылып, терезе жасалынады,ашық ортасына қоянның суреті салынған).
-Балалар қоян тұрған жерін өз түстерімен беттестіру арқылы қоянды жасырады.
Тәрбиеші : Балалардан қоянның үйінің түстерін сұрайды.
-Дархан сен қоянды қандай түспен жасырдың?
-Сары түспен жасырдым.
-Қоянның үйінің түсі қандай?
-Сары.
-Балалар жарайсыңдар, қоянды қасқырға бермедік.
Тәрбиеші : - Балалар ертегімізді жалғастырайық.Бауырсақтың алдынан аю шығады.
Аю : - Бауырсақ мен сені жеймін.
Бауырсақ : - Аю сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін.Бауырсақ өлеңін айтып домалап кете береді.Аю бауырсақтың соңынан қарап қалады.
Тәрбиеші : - Аю сен неге көңілсізсің?
Аю : - Мен апанымның қасында қанша ағаш бар екенін білмей тұрмын.
Тәрбиеші : Балалар аюдың апанының қасындағы ағаштарды санайықшы.
Балалар ағаштарды санайды.
Тәрбиеші : - Балалардан аюдың апанының қасындағы ағаштардың қанша екенін сұрайды.
Балаларға жеке – жеке сұрап санатады.
Дидактикалық ойын: «Қай сан жоқ?»
Тәрбиеші : - Балалар сергіту сәтін жасап, бойымызды жазайық.
Сергіту сәті : Орман іші көңілді
Ағаштар әсем тербелді.
Гүлдер жайнап жайқалып,
Жұпар иісін шашады.
Аю маң-маң басады,
Түлкі бұлаң қағады.
Қасқыр екен жаманы,
Орманға ылаң салады.
Қоян үркіп қашады
Белден бір-ақ асады.
Тәрбиеші : - Балалар енді бауырсақтың алдынан тағы қандай аң шығады?
Балалар : - Түлкі.
Бауырсақ шығып өлеңін айтады.
Түлкі : - Бауырсақ бері келіп жақын айтшы, құлағым естімейді.Балаларға қарап жеп қоямын деп қуланады.
Тәрбиеші : - Әй қу түлкі бауырсақты жеме.Біздің балалар саған бауырсақтар дайындап береді.Балалар түлкіге бауырсақ дайындап береміз бе?
Балалар қуана келіседі.
Балалардың жұмыстануы.
Балалар 2-топқа бөлінеді.
1-топ қағаздан қиып бауырсақ жапсырады.
2-топ триз әдісі бойынша түлкінің ізін салады.
Қимылды ойын: «Қасқыр қақпан»
Қорытындылау : -Балалар бүгінгі оқу іс-әрекетімізде қандай жануарларды, аңдарды есімізге түсіріп әңгімеледік?
-Қандай ертегілерді атадық?
-Қандай ертегі желісімен ойын- тапсырмалар орындадық?
-Ертегіде қандай аңдар бар?
-Қандай пішіндерден қоянға үйшік құрастырдық?
-Қоянды қандай түстермен жасырдық?
-Аюдың апанының қасында қанша ағаш болды?
-Түлкіге не жапсырып дайындадық?
-Балаларды мақтау, мадақтау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Ертегіде қонақта ересек тобы

шағым қалдыра аласыз