400 000+ дайын материалды шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар, көрнекіліктер және авторлық материалдар - 690 тг-ден бастап
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Гүлдариға

Материал туралы қысқаша түсінік
Халық әнінің өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдылану,ән айту қабілетін жетілдіру
Материалдың қысқаша нұсқасы


АШЫҚ САБАҚ


Үйірме жетекшісі: Абилхан Асылзат

Үйірме атауы: «Терме» үйірмесі

Тобы: ІІ топ

Өткізілетін күні:

Сабақтың тақырыбы : Халық әні « Гүлдариға»

Сабақтың мақсаты: Оқушының халық әніне деген қызығушылығын арттырып, әндерді өз нақышына келтіріп, орындау шеберлігін жетілдіру. Өз халқының ән өнерін түсіне білуге баулу.

Білімділік мақсаты: Халық әнінің өзіндік ерекшеліктерін талдай білуге дағдылану,ән айту қабілетін жетілдіру.

Дамытушылық мақсаты: Әнді нақышына келтіре ,сезіне ойнау,қаілетін дамыту,көркем музыкалық бейнесін тыңдау,жеткізу.

Тәрбиелік мақсаты:Халық әндерінің саналыда салмақты қырларын түсіндіре отырып ән маржандарымен сусындатып,адамгершілік қасиеттің мол қайнарын бойына жидырып тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:түсіндірмелі-суреттемелік сұрақ-жауап, ой-қозғау

Сабақтың көрнекілігі: Музыкалық аспаптар слайдтар, интерактивті тақта, домбыра

Сабақтың барысы:

  1. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушының сабаққа әзірлігі

  • Өткен материалдарды қайталау

  1. Негізгі бөлім:

- Жаңа сабақты түсіндіру;

- Халық әндері туралы оқушыларға мағұлмат беру;

- Халық әні «Гүлдариға» әнін түсіндіру;

Оқушылар 2 топқа бөлініп отырады.

Балалар, кез-келген халықтың ғасырлар бойы жалғасып келе жатқан тарихы мен өнері бар. Халық арасында ауызша дәстүрмен сақталған, өмірдің әр құбылысын әнге қосып, халық арасында шығарушысы ұмытылса да, мәтіні мен әуезі ел жадында сақталған бірнеше халық әндері бар. Халық әндері деп аталу себебі, ол бір адамның айтқан әнін келесі адам сол сәтте жаттап алып, халық арасында кең таралып кеткен әндер. Бұл әндердің авторлары ұмыт болып, халық әні деп аталып кеткен. Ол уақытта халық әндерін адамдардың нотаға түсіру сауаты болмаса да, ел аузында біреуден-біреу үйрену арқылы рухани қазынамызға айналып ұмтылмай келеді. Халық әндерін орындап бүгінгі таңға жетуіне көп үлестерін қосқан қазақтың әнші –

жыршы, термешілері баршылық. Олар: Біржан Сал, Мұхит, Ақан Сері, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырый, Әсет, Естай, Мәди, Нартай, Майра т. б

Халық әндері (folk music), ауызша дәстүрмен сақталған және қоғамға таныс қандай да бір ұлт пен этникалық топ адамдарына арналған ерекше әуен. Халық әуенінің дамуының шынайы тарихын тек қана болжауға болады. Нотаға түскен халық әндері мен халық әуені мәдениетінің тарихының хроникасы өте сирек кездеседі, әдетте бұған немқұрайлылықпен қарайды, тіпті қоғамдағы оның пайда болуы да беймәлім. Ортағасырдағы Еуропада тараған христиандық жай халықтық әуенді қаралау мен құртуға әрекет жасайды да, тілдік салт пен дәстүрмен оны байланыстырады. Қайта өрлеу дәуірінде жаңа гуманистік көзқарас пайда болып, тұрпайы көрінетін ескі халық әуендерін, композиторлар өзінің шығармашылығына пайдаланып, халық әуеніне мейірбандылықпан қарайды. Мотет пен месс шығарғанда халық әуендерін жиі қолданған, ал наразылық білдіру гимнінің әуенін тікелей халық әуендерінен алған. 17 ғасырда халық әуендері бірте-бірте қоғамнан алшақтап, кейін 18 ғасырда музыка өнеріне деген қажеттілік қайтадан туындайды. 19 ғасырда халық әуендері «ұлттың игілігі» деп есептеліп, мәдени поэзия мен әндермен қатар тұрды. Ұлттық және діни коллекция ретінде шығарылып, халық әуені патриоттық идеологияны таратудың бір жолы деп есептелді. 1890 жылдан бастап оны жинаумен және механикалық құралдармен жазуды бастайды. Жарияланымдар мен жазбалар көпшіліктің қызығушылығын арттырып, халық әуендерін беру арқылы дәурені өткен сол ғасырдағы фольклорды және дәстүрлі әдет-ғұрыпты қайта тудыруға мүмкіншілік туады

Олай болса, балалар, сендер қандай халық әндері туралы білесіңдер? (Дариға, Ақ Айша, Әдемі қыз, Дархан-ай, т.б.)

Ендеше, бүгін осындай халық әндерінің бірі «Гүлдариға» әніне тоқталайық.

Бұл әнде Бой жеткен қызға ғашық болған жігіт арманына жету үшін өзінің көңілдегі ыстық сезімін, көңіл - күйін әнмен жеткізген.

Ән орындау.

Интерактивті ойын ойнатылады

  1. Қорытыңды

- Сабақты пысықтау

Сабақты қорытындылау кезінде оқушылар ән орындайды.

- Оқушыны бағалау

Ұпайларда санау

«Ең керемет оқушым»

- Үйге тапсырма беру








Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
1 ұстаз жүктеп алған
23.02.2023
579
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі