400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ «Химиялық элементтердің электртерістілігі» 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Электртерістілік ұғымын 1932 ж. америкалық ғалым Л.Полинг енгізген. Электртерістілік – бұл қосылыстағы атомның өзіне электрондарды тарту қабілеті.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: «Химиялық элементтердің электртерістілігі»

Күні:

Мұғалім: Битабарова Хадиша Исабековна

Сынып: 8

Қатысқан. Қатыспағандар.

Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

Д.И.Менделеевтің периодтық жүйесіндегі химиялық элементтер қасиеттерінің негізгі топша және период бойынша электртерістіліктің өзгеру заңдылықтарын үйрену

Табыс критерийлері

Барлық оқушылар білуге тиісті: кейбір элементтердің салыстырмалы электртерістіліктерін жаттайды

Оқушылардың көпшілігі  Электртерістілікті атомдарды периодтық жүйеде орналасуы мен атом құрылысының ерекшеліктеріне қарай интерпретациялайды.


Кейбір оқушылар атомдар арасында түзілуі мүмкін байланыстарды жорамалдайды

Тілдік мақсат

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:

Сабақта диалог/ жазылымға қажетті тіркестер.

Бұрыннан бар білімдері


Жоспарланған уақыт

Жоспарланған уақыт

Ресурстар

Басы

0-5 мин

6-10 мин

«Команда таңдау» Тақтаға футболдан команда аттарын белгілейтін бес сөз тізбектеліп жазылады: - «Жетісу» - «Қайрат» - «Қайсар» - «Барселона» - «Арсенал» Оқушылар орындарынан тұрып әр командаың астына

өз есімін жазуы керек.Командаларға гүл (қызғалдақ, сарғалдақ, раушан, еңлікгүл, түймедақ, бәйшешек)

Мақал-мәтелдердің шығу себебін химиялық қасиетімен салыстыры ңыздар. Мақал-мәтелдерді химиялық тілде қалай түсінесіздер?

1.ײТемірді қызған кезінде соқ״.

( Металдарды қыздырған кезде ішкі электрондарының қозғалысы артып оңай созылғыш, иілгіш қасиетке ие болады).

2. “Алтынмен аптап , күміспен күптеп ....”.

(Химиялық белсенділігі төмен асыл металдармен арзан және оңай жемірілгіш металдарды қаптап жасалған зат адамның игілігіне ұзақ қызмет етеді және қымбат бағаланады) .

3.” Ақыл арымас , алтын шірімес„.

(Алтынның химиялық белсенділігінің төмендігі мақалдың теңеуіне негіз болған).

4.“Батыр майданда шынығады, болат қайнауда шынығады”. І-тапсырма.

1. Орбиталь деген не? – иә.

  1. 2. Периодтық жүйеде неше топ бар? - 8

  2. 3. Элементтердің реттік нөмірі өскен сайын бейметалдық қасиет ....(артады).

  3. 4. Қышқылмен де, негізбен де әрекеттесетін оксидтер қалай аталады?-амфотерлі.

  4. 5. Элементтің реттік нөмірі нені көрсетеді?- Ядро зарядын

  5. 6. Ядроға жақын орналасқан электронның энергиясы аз ба, көп пе?- Аз

  6. 7. Бір периодтан келесі периодқа өткенде жаңа ........(энергетикалық деңгей) пайда болады?

  7. 8. Атомдағы электрондық қабат саны ненің нөміріне сай келеді? – период

  8. 9. Электрон бұлты болатын кеңістік қалай аталады? – орбиталь

  9. 10. s-электрон бұлтының пішіні қандай? -шар

11. Бір ұяшықта неше электрон бола алады? -1 не 2

12. р-электрон бұлтының пішіні қандай?-гантель

13. Кіші период неше қатардан тұрады? - 1

14. Кремний нешінші период элементі? - 3

15. Периодтық жүйеде жоғарыдан төмен қарай қандай қасиет артады?-металдық

ІІ-тапсырма. Сұрақ тест түрінде.

1. Периодтық кестенің құрылысы неден тұрады ?

2. Периодтық кестеде неше ұялас топ бар қалай аталады?

3. Период , топ дегеніміз не?

4. Натрийдің атом құрылыс формуласын жаз?

5. Химиялық формула арқылы нені білуге болады?

6. Магний оксидінің формуласы тап ?

а) Mg в)MgO с) Mg(OH)2 д) MgCI2

7. Химиялық элементтер қай топқа жатады?

а) Mg Ca K в) S CI H с) AI Mn Be

8. Химиялық реакция типі нешеге бөлінеді?

а) 1 в) 2 с) 3 д) 4

9. Фосфор (V) оксидіндегі фосфордың индексі неше?

а) 1 в) 2 с) 3 д) 4

10. Al2O3 қосылысында алюминийдің валенттілігі неше?

а) I в) II с) III д) IV

ІІІ-тапсырма. (орыс тілінде)

1. С какой характеристикой атома численно совпадает атомный номер элемента?

…………………………………………………………………………….

2. По какой формуле определяют максимально возможное число электронов в электронном слое?

…………………………………………………………………………….

3. Чем вызвана наблюдаемая периодичность в изменении свойств элементов и образуемых ими простых и сложных веществ?

…………………………………………………………………………….

…………………………………………………………………………….

4. Укажите две-три пары элементов периодической системы, у которых более тяжелый элемент предшествует сравнительно легкому. Каковы значения их относительных атомных масс?

…………………………………………………………………………….

5. Сколько электронов должен содержать внешний электронный слой атома, чтобы обладать повышенной устойчивостью? Какое название носит такая закономерность? Выберите верный вариант ответа: а) 2e, правило дуэта; б) 4e, правило квартета; в) 5e, правило квинтета; г) 8e, правило октета.

…………………………………………………………………………….

6. Представьте себе, что атомы элементов в сложных веществах соединяются не согласно их валентностям, а в равных массах. Какие тогда будут формулы веществ H2O, MgO, CO2, CaBr2, SO2?

…………………………………………………………………………….

Суретті қағаздар

Флипчарт, Ғаламтор

Балама тест

Бөлме өсімдіктері

Ортасы

11-20мин

21-35мин

Электртерістілік. Элементтердің бейметалдық немесе металдық қасиеттері электртерістілік деп аталатын шамамен сипатталады, ол атомның иондану энергиясы мен электронтартқыштық мәндеріне сүйеніп есептеледі.

Электртерістілік ұғымын 1932 ж. америкалық ғалым Л.Полинг енгізген. Электртерістілік – бұл қосылыстағы атомның өзіне электрондарды тарту қабілеті.

Электртерістіктің алғашқы шкаласын құрған да Л. Полинг.

Атомның электртерістігі неғұрлым күшті болса , ол химиялық байланыс түзу кезінде ортақ электрондық жұптың бұлтын соғұрлым өзіне күшті тартады.

Электртерістігі ең күшті элемент фтор, оның электртерістігі 4-ке тең деп алынған.Сілтілік металдар атомдарының электртерістігінің мәні төмен. Инертті газдардың электртерістігі жоқ. Себебі олардың атомдарының сыртқы деңгейінің аяқталған және тұрақты.

Химиялық элементтердің электртерістігін литийдің электртерістік мәнімен (1,0) салыстырып, қарапайым және қолдануға қолайлы салыстырмалы электртерістік шамаларын алады .

Кестедегі элементтердің электртерістік мәндерін салыстырып , бұл шаманың периодты өзгеретінін оңай байқайға болады: периодта элементтердің электртерістігі реттік нөмірі артқан сайын өседі, ал топта - кемиді. Салыстырмалы электртерістік неғұрлым үлкен болса, элемент соғұрлым бейметалдық қасиетті күштірек көрсетеді.

Бейметалдардың салыстырмалы электртерістігі үлкен, ал металдардың электртерістігі аз. Химиялық реакцияларда электрондар әдетте электртерістігі аз атомнан салыстырмалы электртерістігі үлкен атомға қарай ығысады. Химиялық әрекеттесулерге металдар тотықсыздандырғыштар ретінде кіріседі. Фтордан басқа бейметалдар тотықтырғыш та, тотықсыздандырғыш та қасиет көрсетеді. Периодта жай заттардың тотықсыздандырғыштық қасиеттері азаяды,ал тотықтырғыштығы өседі. Заттың тотықтырғыш-тотықсыздандырғыш қасиеттерінің өзгеру сипаты реакциядағы серіктесінің табиғатына және реакцияның жүру жағдайына тәуелді. Негізгі топшаларда элементтің реттік нөмірі артқан сайын бейметалдардың тотықтырғыштық қасиеттері әлсірейді ал металдардың тотықсыздандырғыштық қасиеті күшейеді.


Соңы

36-45 мин

«Таңдау» әдісі

  1. Мен сабақ қызықты\ қызықсыз болды деп ойлаймын.

  2. Мен сабақта: үйрендім көп нәрсені\ үйренгенім аз болды.

  3. Мен басқаларды мұқият\ зейінсіз тыңдадым.

  4. Мен пікірсайыстарға жиі\сирек қатыстым.

Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын\риза емеспін.

І-тапсырма.

1. Мына элементтердің : оттек, хлор, күкірт, фосфордың қайсысының электртерістігі ең жоғары?

2. Периодтық жүйеде период бойынша солдан оңға қарай химиялық элемент атомдарының электртерістіктері қалай өзгереді?

3. Периодтық жүйеге қарап элементтердің мына жұптарында:

а) көміртек пен оттек;

ә) азот пен оттек;

б) магний мен фосфор;

в) литий мен азотта

қай элементтің электртерістігі басым болатынын айтыңдар.

4. Мына қосылыстар молекулаларында: СО2, СН4, NН4, Nа2SіО3 электртерістігі жоғары элементтерді көрсетіңдер.

Қосымша мәліметтер

Саралау

(Дифференциация) –оқушыларға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз?

-Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай күрделендіресіз?

Бағалау-оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Екі жұлдыз, бір тілек. Бағалау парағы арқылы бағалау

Пән-аралық байланыс

Дүниетану, география

- қабілеті төмен оқушылар үшін

Дарынды және талантты балаларға кеңейтілген тапсырма беру



Рефлексия

Сабақтың мақсаты мен табыс критерийлері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым?





Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
18 ұстаз жүктеп алған
21 желтоқсан
5543
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі