Ашық сабақ Ілияс Жансүгіроатың "Құлагер" дастаны

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Ілияс Жансүгіроатың "Құлагер" дастаны

Материал туралы қысқаша түсінік
Колледж оқытушылары, сабақты пар етіп өтізетін барлық оқытушылардың қажетіне жарап қалар. Бұл сабақта оқытушы тек сабақты бақылаушы ретінде көрінеді. Студенттердің сабақ барысында сыни тұрғыда ойлай алу мүмкіндіктері ашылады. Әрбір шығарма сюжеті бойынша композициялық құрылым жасай алу, сол бойынша шығарма кейіпкерлеріне мінездеме мен шығарма желісін оңай игереді.
Материалдың қысқаша нұсқасы


«Бекітемін»

Қазалы көлік-техникалық жоғары колледжі директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары

С. Нұралы


Күні:.

Топ:

Пән: «Қазақ тілі және әдебиет»

Мұғалім: Төлегенов Сұлтанғазы Есмұратұлы

Сабақтың тақырыбы: Ілияс Жансүгіровтың өмірі, шығармашылығы мен «Құлагер» поэмасы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:

  • Поэманың мән-мағынасын түсіндіру арқылы негізгі ойды ажырату;

  • Ақынның ойын, көзқарасын оқушылардың өздеріне жұмыс істете отырып меңгерту;

  • Оқушының өзіндік ойының қалыптасуына ықпал ету;

Дамытушылық:

  • Оқушылардың ой-өрісін, сөйлеу тілін дамыту; ойлануға, ой қорыта білуге дағдыландыру;

  • Мәнерлеп оқуға дағдыландыру;

  • Танымдылығын кеңейту;

Тәрбиелік:

  • Адамдық асыл қасиеттерге ұмтылуға, ізгілікке тәрбиелеу;

  • Қызығушылығын оятып, білімділікке ұмтылуға тәрбиелеу;


Сабақтың типі: білік пен дағдыны қалыптастыру

Сабақтың түрі: Зерттеу конференция

Сабақтың әдісі: сұрақ-жауап, баяндау, талдау

Сабақтың көрнекілігі: тақырып бойынша жасалған слайдтар.

Пәнаралық байланыс: орыс әдебиеті, тарих, қазақ тілі

Болжамдалған нәтиже:

  • өз бетінше ой қортындысын жасай біледі;

  • сыни тұрғыдан ойлана білуге үйренеді

  • жаңа емле мен жазу сауаттылықтарын қалыптастырады;

  • білім мазмұнын игереді;

  • өз ойларын әдеби тілмен жеткізуге төселеді;

  • қазақ тілінде айтылған тұжырымдарды түсінеді;

І. Студенттерді тексеру, сабаққа дайындау

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

ІІІ. Жаңа сабақ

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Ү. Сабаққа қорытынды жасау.

ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау

ҮІІ. Үй тапсырмасы

1

Сабақтың жоспары:

 І. Ұйымдастыру кезеңі

Топтарға бөлу

І топ – «Зерттеушілер тобы» (латын хәріпінде жазылады)

ІІ топ – «Өнерпаздар тобы» » (латын хәріпінде жазылады)

ІІІ топ – «Ақындар тобы» » (латын хәріпінде жазылады)

ІҮ топ – «Ізденушілер тобы» » (латын хәріпінде жазылады)


Оқытушы: Алдын –ала дайындық жүргіздік. Студенттер төрт топқа бөлініп өз тапсырмалары бойынша жұмыс жасады. Дәл қазір дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып қойыңдар.

Үй тапсырмасын сұрауды 4 критерий бойынша бағалаймын.

1-ші Үй жұмысын орындауы

2-ші Сұрақ- жауапқа қатысуы

3-ші Повест бойынша ізденуі

4-ші Өз ойын жеткізе алуы


ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Олай болса «Миға шабуыл» тәсілі арқылы үй тапсырмасын қайталап аламыз.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.Бейімбет Майлин неліктен “Ауыл өмірінің жыршысы” аталды? М.Бабақожа Жауабы :Б.Майлин поэзия,проза,драматургия жанрларында қазақ елінің ,әсіресе ауыл адамдарының санасындағы өзгерулер мен жаңаруларды ,халықтың бастан кешірген оқиғаларын суреттеді.

2.Байлардың мал-мүлкін кәмпескелеу науқаны қазақ халқының ғасырлар бойында орныққан өмір қалпының ойранын шығарғаны жазушы әңгімелерінде қалай көрінген? Көркем Игілік

Жауабы :Қазақ халқының ғасырлар бойында қалыптасқан тұрмыстық,шаруашылық,кәсіптік негізінің жойылып,оның орнына жаңа құрылымдардың табиғи орын теуіп,болмаған кезеңінің сыры мен мұңын шебер суреттеді.

3.Кеңестік түзім орнағанда бас бостандығын алған қазақ әйелдерінің санасында туған өзгерістер жазушының қандай шығармасында суреттелген? Айшылық.А "Қара шелек", «Ұлбосын» повестерінде

4.Ұжымдастырудың тұрпайы тәсілмен жүргізілгені “Ұлбосын” шығармасында қалай бейнеленген? Жауғанова Н.

... Мәселен, Оспан дегеннің үйіне ойламаған жерден мынадай салық түседі. Салықты хабарлаушы бала Оспанның әйеліне келіп: «Шеше, тыңдаңыз, сіздің үйге берілген жоспар;1 пұт ет, 10 қадақ шыртылдақ, 10 қадақ ескі темір, 10 қадақ ескі жүн, 4 мүйіз, 1 ит терісі, 1 мысық терісі...»- дейді. Салықтың жиылып тапсырылуына 7-ақ күн қалды. Әділдік айтады дейтін өкілдің өзі ештеңені жарытып түсініп көрмеген адам.Осыдан кейіен ондаайлардың ауыл өміріне қаншалықта залал келтірген сезуге болады....

5.Проза дегеніміз не ? Жарылқасын Ж

*Проза дегеніміз-қара сөзбен жазылған шығармалар.Оған әңгіме,повест,роман және түрлі мақалар жатады.

7. «Шұғаның белгісі» повесі кімнің атынан баяндалған? (Қасымның атынан) Тұрғанәлі К.

8.Шығармада оқиға немен басталды? Айшылық А. (Екі жолаушының аттың үстінде әңгіме айтуымен. Биіктеу төбе үстінде көрінген белгі туралы сөз қозғалады.)

9.Оқиғадағы кейіпкерлер кімдер? Өтеғұл Қ. Шұға, Әбдірахман,Айнабай; Есімбек,Күлзипа, Маржанбике,Зиякүл

10.Оқиғаның сюжеті қалай өрбиді? Сәбитов Д.

...Жас кездегінің бәрі қызық қой, әсіресе, сол Әбдірахманмен бірге ойында болған түн менің әлі күнге есімнен қалмайды; бір түрлі көз алдымда елестейді де тұрады. Біз келгенде ойын жаңа басталған екен. Шұғалар өлендерін тоқтатып, арқаннан түсті. Жай әзілмен көп уақыт оздырдық.Домбыра алдырып Әбдірахман ән салды.

2

11.Оқиға шешімін қалай тапты? Күлтеш А оқиды Біз ауылға жеткенде Беркімбайдың үйінің қасы лық толған адам екен. Атты байлап Әбдірахманды үйге кіргіздім де, неге жиналып тұрғандарын білейін деп аяңдап кісілерге қарай жүрдім. Жақындай бергенімде бір салт атты шоқытып келді де, айқайлап бірдеме айтып кейін жүріп кетті. Не айтқанын есіте алмадым. Бірақ әлденеге жүрегім тітіркенді. Бойым

мұздады...Жүгіре басып жандарына келгенімде «Құдай рахмет етсін!..» деп беттерін сипап бата қылысты. Мен аң-таң болдым. Айтбай маған қарап:

- Есіттің бе, Шұға қайтыпты-ау, - деді. Суық суды төбемнен құйып жібергендей болды. Тұрған орнымда қаттым да қалдым. Жиылған жұрттың бәрі де бастарын шайқасты.

Оқытушы:

Сөз кезегі І топ «Зерттеушілер» тобына беріледі.

Тапсырма: Б.Майлиннің өмірі мен шығармашылығы және «Шұғаның белгісі» хикаяты туралы мәлімет жинау.

(Олар тақтаға шығып өздерінің зерттеп, дайындап келген материалдары бойынша сөз сөйлейді.)

Өмірбаяны. Көркем әңгіме, повесть жанрының шебері, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі  Бейімбет (Бимағанбет) Жармағамбетұлы Майлин  1894 жылы Қостанай облысының Таран ауданында кедей малшының отбасында дүниеге келеді. Әкесі Жармағамбет те, атасы Майлы да кедей адамдар болған. Жастай жетім қалған Бейімбет шешесі Құлғизар мен әжесі Байдастың тәрбиесінде өседі. Әжесі Бойдас өлең  шығаратын, сөзге ділмар жан болған. Бұл үйде ақындар, жыршылар жиі қонақ болып тұрған. Осының         барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасады. Әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғынбай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 ж. Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды.  Медреседе оқып жүргенде татардың Ғалымжан Ибрагимов, Мәжит Ғафури сияқты белгілі жазушылармен танысады.

Бейімбет – он беске тарта повесть, бұған қоса «Азамат Азаматович» атты роман жазған қаламгер. Оның «Қызыл жалау», «Қоңсылар» атты романдары аяқталмай қалған.  Майлин аз өмірінде аса өнімді еңбек етіп, елуге тарта кітабын шығарды. Оның шығармаларында қазақ кедейінің мінез-құлқы, тұрмыс-тіршілігі, арман-мүддесі бұрын болмаған деңгейде жан-жақты да терең суреттеледі. Оның көп жазғандығының бір белгісі-бүркеншік аттарының (псевдоним) көп екендігі. Ол барлық туындыларына өз есімін қоя бермеген. Бейімбет Майлиннің бүкіл өмірін, шығармаларын  зерттеп жүрген жазушы, профессор, ғалым Тоқтар Бейісқұлов Бейімбет Майлиннің 74 бүркеншік аты бар екендігін анықтаған.  Олар: Шаңқан (аталарының аты), Малай (кедей отбасында дүниеге келген), Қоңыраушы, Газетші, Тілші, Жуас, Қайдауыл баласы, Мереке (өз баласының аты), Жолаушы, Жолдыбай (жолда көп жүргендіктен кейін) атап кеткен.Гүлжамал Майлина атақты жазушы Бейімбет Майлиннің жұбайы. Олардың ұлдары Мерекені  «айып батальонына» алып кетті, өйткені «халық жауының» ұлы еді. Қыздарын түрлі интернатқа жөнелтті. Қыздарының бірі Ғалия, Осакаров балалар үйіне түскен. Түрмеден босағаннан кейін анасы қызымен кездесіп, Қарағандыға, одан кейін Алматыға көшті. Ол жерде Ғалия медициналық институтты тәмамдап, дәрігер атанды. Қазіргі күні Ғалияның балалары мен немерелері Алматыда тұрады. Замандастары: "Маңдайына түскен шашын сұқ саусағына орай ширата отырып, жазудан бас алмайтын еді", — деседі. Сондықтан да кемел қаламгердің қыршын жаста — қырықтың төртіне жетер-жетпесте — дүние салғанына қарамай, атағы да зор, артына қалдырған әдеби мұрасы да аса бай.Бейімбеттің көлемді де, көркем тұңғыш туындысы, қазақ прозасының тартымды үлгілерінің бірі- «Шұғаның белгісі» .Повесте ескі қазақ қоғамындағы ең өткір мәселе- әйел теңсіздігі сөз болған. Шығармада бірін- бірі сүйген екі жастың- Шұға мен Әбдірахманның арманына жете алмаған трагедиялық жай айтылады. Шұғаның әкесі қызын кедей жігіті Әбдірахманға бергісі келмей, түрлі жаламен Әбдірахманды жер аудартады. Осындай зорлыққа душар болған Шұға қайғыдан, күйіктен қайтыс болады. Жазушының негізгі мақсаты- жастардың бас бостандығына ерік бермей, қасіретке ұшыратқан ескі дәстүрлерді сынау. . «Шұғаның белгісі»- жастардың теңдік- еркіндікті аңсаған, әлеуметтік әділетсіздіктерге қарсы үн көтере бастағанын шынайы бейнелеген шығарма

3




Мұғалім сөзі: Сонымен не білдік, қандай жаңалық алдық.

І. Алған жаңалықтарым

1.Бейімбеттің шын аты кім? Бейімбеттің шын аты Бимағанбет.

2. Бейімбеттің Әжесінің аты кім? Әжесі Байдас

3. Б.Майллин қайда оқыды? Уфадағы «Ғалия» медресесінде оқиды

4. Неше романы аяқталмай қалды? Екі романы аяқталмай қалған.

5. Оның неше псевдонимі болған? Оның 74 псевдонимі болған.

6. Әйелінің аты кім? Майлиннің әйелі Гүлжамал.

7. Ұлының аты кім? Ұлының аты Мереке.

8. Қызының аты кім? Қызының аты Ғалия

Мұғалім сөзі: Енді біз осы шығарманың шағын сюжеттік композициялық жоспарын құрамыз.(тақтаға латын хәріпінде жазу)

1.Шығарманың басталуы   

2.Шығарманың дамуы             

3.Шығарманың байланысуы    

4.Шығарманың шарықтау шегі  

5.Шығарманың шешімі          

Мұғалім сөзі: Енді осы Шұғаның белгісі шығармасының сюжеттік композициялық құрылымын айтып көрейікші.

1.Шығарманың басталуы  : Бейімбет пен жолдасы – Қасымжан ауылдан шығып, келесі бір ауылды бетке алады. Кең даланың табиғатын суреттейді. Қасындағы жолдасының аты малшылардың малға мінетін аты болған соң кейін қалып қоя береді. Жол қысқарсын деген мақсатпен жолдасы Шұғаның белгісі туралы сөз қозғайды.

2. Шығарманың дамуы Есімбек деген байдың ортан қолдай 4 ұлы, арасында бұраңдап өскен жалғыз қызы – Шұға болады. Шұғаның келбетін  суреттейді.

  3.Шығарманың байланысуы :   

 Есімбектің ауылына Әбдрахман деген Қазақбайдың баласы келеді. Шұға Әбдрахманды көріп ғашық болып қалады. Әбдрахманда Шұғаны сүйеді. Ауылда алтыбақан болып кездеседі.

4.Шығарманың шарықтау шегі  

Әбдрахман Күлзипаға қарамай қойған соң, әрі Шұға мен Әбдрахманның махабаты елге мәлім болып, Айнабай  «Түріктерге жасырын ақша жинап беріп жүр» деген сылтаумен Әбдрахманды жер аудартып жібереді.

5.Шығарманың шешімі   : Содан Шұға құсалықпен ауырады. Шұғаның ауруы жанына батқан әкесі Әбдрахманды алдыртады. Бірақ Әбдрахман жеткенше Шұға қаза болып кетеді. «Шұғаның белгісі» деп отырғаны Шұғаның басына орнатылған тас.

Мұғалім сөзі

Ендігі сөз кезегі «Өнерпаздар» тобына беріледі.

Берілген тапсырма:  «Шұғаның белгісі» хикаятынан көрініс

Кейіпкерлер келбеті. (оқытушы хабарлайды)
Басты кейіпкер Шұға – аққұба, талдырмаш, қара көзді қыз. Үріп ауызға салғандай еді деп суреттеледі.  Ажары қандай болса, ақылы да сондай. Жеңілтек дегеннің не екенін білген бала емес. Сөйлеген сөзі, жүрген жүрісі қандай, бір түрлі паң еді – деп Қасымжанның айтуы бойынша суреттеледі.
Әбдрахман – Қазақбайдың баласы, еңбекқор, біраз оқыған, сауаты бар мұғалім.
Айнабай -  қара ниетті, ел арасына от жаққан адам.
Есімбек – 4 ұлдың, бір қыздың әкесі. Айтқан уәдесіне берік адам.

(көрініс басталуы)

Екі жолаушы: 1 жолаушы

Мына алдымыздағы «Қамысты» көлді айналып өтсек.Шұғаның белгісі жолды қиып өтеміз

2 жолаушы: -Шұғаның белгісі дегеніңіз не нәрсе, тау ма?

1 жолаушы: -Жоқ. Жай ғана бір обашық. Шұғаның белгісін сіз білмейтін шығарсыз.




4



2 жолаушы:  Жоқ. Әңгімесін айтып беріңізші.

Есімбек: (Шұғаның әкесі)  Шұға қайда. Шұға .Шақырыңдар Шұғаны Менің естуімше , сені Абдрахманмен кездесіп жүр екенсің ғой. Ол мүмкін емес



Шұға :   Мен оны шын жақсы көремін.

Есімбек:   Мен оған жол бермеймін.


Қасым: (Әбдірахманның досы)  Амансың ба, Әбдрахман. Жағдайың қалай?

Абдрахман: Жаман емес,Қасым. Шұғадан бүгін хат алдым.

Қасым:  Не жазыпты?

Абдрахман: Сағындым депті. Үйінің бәрі де қарсы көрінеді. «Басым қатты ғой, құтылудың амалы не?» депті.Жаздым. Кетейік, дедім. Анық уәдесін алсам, ұзамай кетер едік.

Қасым: Далада отырғанша үйге барайық.

Осы кезде көшір келіп:

Көшір: Әбдірахман кім?

Әбдірахман: Мен.

Көшір:Жүр, киін, болысқа барамыз,

Әбдірахман. неге? –

Көшір: Мен білмеймін, пристоп шақырады.

Шұға: - Апырым – ай, қайда барасыңдар?

Әбдірахман: - Болысқа айдап барады,

Әбдірахман: - Қош!

Шұға: - Қош қалқам, қалқам! –

Сондағы (Шұғаның өлерде жазған хаты:)

Тағдыр бізді аямады білемін,

Амалым жоқ қарсыласпай көнемін.

Сен кеттің, бұл өмірге қайтпайсың,

Ал мен сенсіз қалай өмір сүремін?


Мұғалім сөзі

Ендігі сөз кезегі «Ақындар» тобына беріледі.

Берілген тапсырма: ЭССЕ жазу «Шұғаға хат»

Сәлеметсіз бе, өткен заманның сұлуы Шұға!

 

Сізге хат жолдаушы жаңа заман жастарының бірі ___Фарида____________________________

Мен сізбен Бейімбет Майлиннің «Шұғаның белгісі» хикаяты арқылы таныстым. Ол әңгімеден қазақ жастарының теңдікті, еркіндікті қалай аңсағандығы туралы оқыдым. Қызыға оқи отырып, сіздің заманыңызға сапар шеккендей болдым. Бірақ онда қалғым келмеді. Өйткені қазір ел байлар мен кедейлерге бөлінбейді. Әркімнің өз ойы, өз көзқарасы бар. Зейкүл және сіз тәрізді сүймеген адамына ешкім еріксіз қоспайды. Бір үйдің ерке өскен ақылды да көрікті қызы бола тұра, туғандарыңыз сіздің бір ғана арманыңызды орындай алмады. Ол арман Әбдрахманмен бірге болу. Менің ойымша, сізге анаңыз ертерек қолдау көрсеткенде, әңгіме соңы басқаша болар ма еді. Әңгімеде ұнағаны қазіргі заманда сирек кездесетін Әбдірахман екеуіңіздің араңыздағы кіршіксіз әрі таза махаббат. Халық арасындағы «Шын ғашықтар қосылмайды» деген сөз рас екен ғой.

Мың рахмет Бейімбеттей тұлғамызға,

Қалдырған шығармасын біздей ұл мен қызға.

Әбдрахманның атынан былай дер ем,

Асыл сөзін арнаған Шұғадай ару қызға.


Мұғалім сөзі

Енді «Ізденушілер» тобы сөз сөйлейді.

Тапсырма: «Шұғаның хикаятына» байланысты сұрақтар дайындау.


5


1)Шығарма неліктен «Шұғаның белгісі» деп аталып тұр?

Ертеде бұл жер Қамыстыкөл деп аталған. Осы оқиғаға байланысты бұл жерді Шұғаның белгісі деп атап кеткен.

 2) Хикаят дегеніміз не?

Көлемі жағынан әңгімеден үлкен, романға жақын баяндау түрінде қара сөзбен жазылған оқиғалы көркем шығарманың түрін хикаят деп атайды.

 3) Хикаятта суреттелген табиғат көрінісін қалай атаймыз?

Пейзаж

4) Шығармада Шұғаның бейнесі қалай суреттелген ?

Ақ құба, талдырмаш, көзі қап-қара,  үріп ауызға салғандай, ажары қандай болса,ақылы да сондай, жеңілтек дегеннің не екенін білген емес.

 5) Шұға мен Әбдрахман бір-бірін алғаш рет қашан, қандай жағдайда  көреді?

Алтыбақанда (қазақтың ұлттық ойыны)                                                           

6) «Жап-жас жігіт екен ғой »-деген Шұға сөзінен қандай ой тұжырымдауға болады?

Шұғаның Әбдрахманды ұнатып қалғанын аңғаруға болады.

7)Шұға мен Әбдрахман арманына неге жете алмады?

Олардың қосылуына Шұғаның әкесі Есімбек қарсы болды? Шұға қайғыдан ауырып қайтыс болды.

8) Екі жас өз бақыттары үшін күресті ме?

Иә, күресті.

9) Есімбекті қандай әке қатарына жатқызар едіңіз?

Қатал әке.

10) Шұға неліктен тәуір болғысы, жазылғысы келмеді?

Өйткені ол Абдрахмансыз өмір сүргісі келмеді.

11) Сіз өз бойыңызға Шұға мен Әбдірахманның қандай қасиеттерін алар едіңіз?

Махаббатқа берік, ақылды, бірін-бірі шын жақсы көруі ,    


Оқытушы сөзі: Олай болса, рахмет. Ендеше келесідей сұрақтарға көшемін.Келесі сауалдар бойынша жеке жауап бересіңдер. Әрине, сендерге повестте кездескен тұрақты сөз тіркестер, көнерген сөздерді,тұрмыстық көне атауларды тауып келіңдер деп тапсырма бергенмін.


«Шұғаның белгісі» повесінде кездескен тұрақты сөз тіркестердің мағынасын студенттер түсіндіру

Кім жылдам?

Жүрегім тас төбеме шықты қорқу

Төбесі көкке тигендей қуану

Суық суды төбемнен құйып жібергендей тітіркену

Көпке топырақ шашу жала жабу

Тілім байланды сөйлей алмай қалу

Олжамнан қақты пайдаланып кету

Шаңымды аспанға шығарды ұрысты











Оқытушы:

Үй тапсырмасы бойынша сұрақ. «Шұғаның белгісі» повесінде кездескен тұрмыстық ескі атауларды табу

(жеке-жеке сұрау)

Обашық – тастан, топырақтан үйіп жасалынған белгі

Ақсүйек – қазақтың ұлттық ойыны.

Құндақ –зат сынбау, бүлінбеу үшін жасалған қажетті қорап, сауыт.

Басқұр – керегелердің бастарын тартып, үйді айналдыра байлайтын өрнектелген жалпақ бау.

Оқытушы: Келесі тапсырмаға көшемін.

«Шұғаның белгісі» повесінде кездескен көнерген сөздерді табу

6

Көнерген сөздер

Дуан , болыс, көшір, песір, тілмаш, нәшәндік, стражник, пристоп.


Оқытушы: Келесі тапсырма, шығармада кездескен, қолданыста кездесетін көне сөздерге көшеміз. Сөздікпен жұмыс (оқытушының сұрағы)

Түсіндірме сөздік.
1. Мүдірту – жолына кедергі жасау.
2. Мақсұт – мақсат қою.
3. Ақтық минут – соңғы сәт.

Оқытушы: Келесі тапсырмаға көшемін

Келесі тапсырма бойынша өз-өздерін бағалау

Дәптерлерімізді ашып тест сұрақтарына жауап береміз.

«Зымыран тест» тапсырмалары беріледі. «иә» немесе «жоқ» жауаптарын береді.

БАЛАМАЛЫҚ ТЕСТ

1.Майлин «ҒАЛИЯ»медресесінде оқыған ба? (ия)

2.Алғашқы прозалық туындысы «Өтірікке бәйге» (жөқ, Шұғаның белгісі»)

3.Шұғаның белгісі алғашқы роман ба? (жоқ,повест)

4.Прозалық шығарма өлең жолымен жазылады ма? (жоқ, қара жолмен)

5. «Шұғаның белгісі» туындысында әйел теңсіздігі мәселесі қозғалады ма? (ия)

6.Шұғаның әкесінің есімі Айнабай ма? (жоқ, Есімбек)

7. Абдірахман оқымаған,қарапайым жігіт пе? (жоқ, орысша оқыған)

8. «Шұғаның белгісі» туындысында екі жас бақытты өмір кешеді ме?(жоқ,Шұға қайғыдан қайтыс болады)

9.Бейімбет Сәкен Сейфуллин мен бірге қызметтес болған ба? (иә)

10. Бейімбет Троицк қаласында оқыды ма? (иә)

11. Бейімбеттің тегі, отбасы бай болған ба? (жоқ)

12. Бейімбеттің ең тартымды да тағлымды тобы проза жанры ма? (иә)

13. Шұға туралы тарихи жағдай Қазан төңкерісінен бұрын болған ба? (иә)

14.Бейімбет «халық жауы» ма? (жоқ)

15. Бейімбет газет редакциясында қызмет істеген бе? (иә)

16.Повечттен үзінді:-Естідің бе,Шұға қайтыпты-ау,-деді. Суық суды төбемнен құйып жібергендей болды.Тұрған орнымда қаттым да қалдым...- деген жолдар, повестің орта тұсы ма? (жоқ)

17. «Бақытсыз Жамал» Бейімбеттің шығармасы ма? (жоқ)

18.Б. Майлин қазақтың «үш бәйтерегі» деген есімге кіреді ме? (иә)

19. б. Майлин шығармаларының негізгі арқауы қала өмірі туралы ма? (жоқ)

20. Б. Майлин әңгіме жанрының шебері ме? (иә)


Оқытушы: Келесі , үй тапсырмасының соңғы бөлімі. (Сыни тұрғыдан ойлау)

Мұғалім сөзіӘр топ бір-бірлеріне сұрақтар қояды.

Проблемалық сұрақтар (ықтимал жауаптар)

«Зерттеушілер тобы» «Өнерпаздар» тобына сұрақтар қояды.

1.Шұғаның өліміне кім кінәлі?

1-студент: Менің ойымша Шұғаның өліміне сол кездегі қоғам кінәлі.

Өнерпаздар тобы» «Зерттеушілер » тобына қояды.

2.Жазушының шешімімен келісесің бе?

2-студент: Мен жазушының шешімімен келіспеймін. Соншалықты әдемі, сымбатты, сұлу Шұғаны азапты жолмен өлтіргеніне қарсымын. Шұға - өз сүйгеніне қосылып, бақытты болатын кейіпкер.

«Ақындар тобы» «Ізденушілер» тобына сұрақ қояды.

3.Бұл күнде Шұға сияқты қыздар бар ма?

3-студент: Бұл күнде Шұға сияқты қыздар бар деп айта алмаймын. Сыртқы сұлулықтары ұқсайтын шығар, бірақ ішкі жан дүниесі тура Шұғадай махаббатына берік қыздар бар деп айта алмаймын. Әлде қазір заман басқа болған соң ба? Мен өз ата-анама қарап, олардың бір-біріне деген сүйіспеншілігін, сыйластығын көріп

олар да осы заманда өмір сүріп жатыр ғой деп те ойланамын. «Бес саусақ бірдей емес қой», сондықтан көпке топырақ шашудан аулақпын.

7

«Ізденушілер» тобы «Ақындар» тобына сұрақтар қояды.



4.Жазушы шығармасын « ... Шұға десе, Шұға еді-ау!» деген өкінішпен аяқтайды, сен болсаң қалай жазар едің?

4-студент: Мен де Шұғаның әдемілігіне, абройына, беделіне орай «Шұға десе,Шұға еді» деп аяқтайтын едім, бірақ өкінішпен емес, мақтанышпен. Қазақта осындай, жігіттердің бәрі ғашық болған, сұлулығына ақылы сай қыздардың бақытты болуын қалаймын. Сондықтан сүйгені Әбдірахманға қосып, балалы-шағалы бақытты жанұя қылып басқа жастарға үлгі етер едім.



Оқытушы:

Қорытынды (шығарманың негізгі түйіні, тәрбиелік мәні, өз ойым):

Шығармада  Шұға қыздың тағдыры арқылы сол кездегі қазақ қоғамының өмір сүру бейнесі көрініс тапқан.


ІІІ. Жаңа сабақ

Сергіту сәтін жасап, топтарға бөлеміз.

Сергіту. Орнымыздан тұрамыз .Баспен,көзбен,бір қолмен,екі қолмен,аяқпен 1,2,3,4,5 сандарын жазу.

Топқа бөліну көрінісі ; әрбір студент Б.Майлин шығармаларының жанрлары түрлері (қағаз қиындыларын алып)бойынша бөлінеді. Поэзия жанры яғни өлең тақырыптарын алған студенттер бір топқа, проза жанры яғни повесттер тақырыбын алған студенттер бір топқа, драма жанры яғни пьеса тақырыптарын алған студенттер бір топқа және поэмалары тақырыптарын алған студенттер бір топ болып бірігеді.

Поэмалары:  «Байдың қызы», «Рәзия қызы», «Қашқын келіншек», «Зайкүл», «Маржан», «Өтірікке бәйге», «Хан күйеуі» «Кемпірдің ертегісі», «Бөліс», «Мырқымбай»

Проза,әңгімелері: «Қырманда», «Ұлбосын», «Қара шелек», «Колхоз қорасында», «Шұғаның белгісі», «Он бес үй»

Өлеңдері: «Мұқтаждық», «Байлыққа», «Қарынға», «Қанды тұман, «Мырқымбай»

Пьесалары: «Жалбыр», «Біздің жігіттер», «Шаншар молда», «Неке қияр», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Талтаңбайдың тәртібі»

  1. Кіріспе бөлім. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

(Ілияс Жансүгіров өмірбаяны туралы бейне ролик жүреді.)

  1. Негізгі бөлім.

Мұғалім сөзі(студенттерге оқулықтан І. Жансүгіров тарауын оқуларын ескерту. Уақыт беріледі, студенттер түсініктерін айтады.)

  1. Ілияс Жансүгіров кім?

Әйгілі ақын, драматург, сөз зергері Ілияс Жансүгіров бұрынғы Қапал уезі, Ақсу болысында (қазіргі Алматы облысы, Ақсу ауданы) туған. Ілияс жас күнінен бастап ән мен күйге, өлең-жырға құмар болып өседі. Жас Ілияс ұлы Абайдың поэзиясымен танысқаннан кейін өзінде бір ерекше сергектік, сілкініс, жаңалық сезінген.
8




Алматы, Ташкент, Мәскеу оқу орындарында жақсы мағынасындағы қомағайлықпен білім алды, өз бетімен де көп оқыды, орыс және әлем классикалық әдебиетін зерттей оқып, үздік туындыларын орыс тілінен қазақшаға аударды. 



Ілияс артына мол өшпес мұра қалдырды. Тек поззия жанрының өзіне ғана тоқталатын болсақ, «Күй», «Күйші», «Дала», «Құлагер» атты классикалық ірі поэмалар жазып қалдырған.

Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы қазақ әдебиеті тарихында шоктығы биік тұрған көркем туындылардың бірі. XIX ғасырдың екінші жартысында туып, XX ғасырдың бас кезінде дүние салған ардагер әнші, сазгер, әрі ақын — Ақан сері Қорамсаұлының аты қазақ мәдениеті тарихында елеулі орын алады. «Құлагер» поэмасы өз дәуірінің кұрбаны болған Ақан серінің трагедиясын сөз етеді. 

Оқытушы: Әдебиет теориясын қайталау.

  1. Ілияс Жансүгіровтың «Құлагер» поэмасы қазақ әдебиетінің эпостық жанрдың бір түріне жатады? ( эпостық жанрдың бір түрі; белгілі бір оқиғаны, адам тағдырын, заман шындығын эпикалық не лирикалық үлгідегі өлеңмен сипаттайтын көлемді поэтикалық шығарма.

Поэма дегеніміз – белгілі бір оқиғаны өлеңмен баяндап айтатын, жыр-толғау түрінде жазылған көлемді шығарма.Поэмада кейіпкерлердің образдары олардың іс-әрекеттері, ішкі сезімі, жан дүниесі арқылы ашылады.

Трагедия дегеніміз Соңы қайғылы оқиғамен шешім табатын драмалық шығарма.

2. Поэма неліктен «Құлагер» деп аталған?

Ілиястың «Құлагер» поэмасы, сырт қарағанда, ақынның сәйгүлігі – Құлагердің мерт болуына арналған. Бірақ бір жолдарында ақын:

Өзгеге ұғындырмас өзі бұзбай,

Сыншыдан сақта Құдай сортаң тұздай.

Шатасқан шалдуырдан жиіркенем,

Елімнің серісіне сөз айтқызбай, –

дейді. Бұл поэма жазылған кезде халықтың ұлттық салт-дәстүрін тоталитарлық тәртіп (Кеңес үкіметі) «ұлтшылдық» деп жариялап, тыйым салған еді. Сол себептен Ақан сері болғандықтан серілікті ашық мақтау мүмкін емес еді. Осы жайларға байланысты Ілияс поэманың атын «Құлагер» деп алып, оқиғаны соның төңірегінде құрған да, өзінің мұратты ойын астарлап жеткізген.

Сері деген кім?

Сері – сәнді киініп, салдық құратын өнерлі жігіт. Ауыспалы мағынасы: нағыз жігіт.

Мұғалім сөзі: Бүгінгі сабақ барысында өтетін негізгі ұғымдарды білдік.

ІҮ. Бекіту

Тақтаға латын хәріпінде композициялық құрылымдарын жазамын.

(дәптерге жааздыру)

1.Шығарманың басталуы   

2.Шығарманың байланысуы  

3.Шығарманың шиеленісуі        

4.Шығарманың шарықтау шегі  

5.Шығарманың шешімі          

Студенттер:


9

Сюжеттің басталуы.

Басталды әңгіменің былай басы,

Болды оған жетпіс, сексен жыл шамасы.

Арқада Ерейменді мекен еткен

Керейде Сағынайдың болыпты асы.

  Әр жақтың қошқарлары, марқалары

   Әр жерде ауыр қотан, алқалады.

   Жиылды Сағынайдың сорпасына,  

Асын жеп, атын шауып тарқағалы.


Дейміз бе осларды нені іздеді?
Жын қуды астын етін жегізгелі,

    Арқаға аударылды ас дегенге

   Лақылдап Балқаш, Арал теңіздері.

Ет асып, пышақ қайрап, малды қырған Кедейге сонда ырза емес бай антұрған. Жалғыз-ақ бұл жиында малшылар жоқ,   

Аңсаған ас етіне қойшы қырдан.


Арқа елінде Сағынай деген байға үлкен ас беріледі. Асқа бүкіл үш жүздің елі түгел шақырылады. Ас Ереймен тау етегінде өтеді. Астың суреті, қонақ күту, бәйге аттарының жиналуы, аттарды сыншылардың сынауы, жаршылардың балуан күрес пен ат жарыстарының болуын жарлап жария ету дәстүрі, балуан күрес пен ат бәйгесі толығымен суреттеледі.



Сұрақтары:

  • Ас дегеніміз не?

Ас беру – ел-жұртқа қадірлі адамның қайтыс болғанына бір жыл толған соң, я болмаса бірнеше жыл өткен соң, ең үлкен жолын жасап, сауын айтып, мол жиынға тамақ беріп, ат бәйгесі, палуан күрес, жамбы ату, айтыс сияқты қызық көрсетіп, ұлан-асыр той өткізген. Ас беру ұйымшыл елдің, дәулетті адамдардың қолынан келетін іс.

Мұғалім сөзі: Ендеше, «Құлагер» дастанын композициялық құрылымы бойынша көркемдік оқымыз. ( Күй ойнап тұрады.)

Сюжеттің байланысуы –


Қайырып қыстай баптап Құлагерді,

Осы астың дақпыртына Ақан келді.

Мінгізіп бәйге бала, жайтаңдатып,

Ауылына ас баргеннің тақау келді.


Кермеге қойды байлап Құлагерді,

«Маңайдан жан жүрмесін» деді сері.

Көзінен неге таса қылсын Ақан,

Іргені ат жақтағы түргіздірді.


Өлгенде Сағынай шал ел шулатқан,

Көктұйғын содан бері ішін тартқан.

Сұлы жеп, сүт сіміріп мәпеленіп,

Белдеуде осы Көк ат қыстай қатқан.


Көктұйғын күңірентіп талай шапқан,

Бәйге алып шапқан сайын алыстатқан;

Осы аста бас бәйгені оймен алып,

Батыраш көптен бері үйде жатқан.


Ниетпен дәл осындай көк ат келген,

Қашаннан «қап!» - деп азу басып жүрген.

Құлагер Көкшетаудан кеп қалған соң,

Қызғанып Батыраштың іші өртенген.


Асқа Ақан сері де келеді. Әйгілі сері бәйгеге сүйікті аты Құлагерді қосады. Алтайдан келген Батыраш байдың атақты жүйрігі Көктұйғын да осы бәйгеге арнап қыстай бапталған. Құлагердің келгенін естіген Батыраштың «қызғаныштан іші өртенеді».

Сюжеттің дамуы

Сыншының келіп көрді отыз-қырқы,

Күреңбай көріп деді: «Жаман сұрқы,

Алдынан ұмтылғанда аң құтылмас,

Артынан жөнелгенде жетпес жылқы!»

Сөзіне Күреңбайдың жұрт таң қалды,

Не сыншы, не сұңғыла ортаға алды.

Жылқының қырағысы, шежіресі-

Күреңбай көзін сүзіп тұрып қалды.

Күреңбай көзі тұнып көп қадалды,

Айналып алды-артына көзін салды.

Естуге Күреңбайдың байлау сөзін

Тарқамай көптің тобы тұрып қалды.

Күреңбай көріп тұрып артын, алдын:

«Жануар жүйрігі екен жылқы малдың,

Жері ұзақ, күші алдында өрен жүйрік,

Бітімі өзі айтып тұр жануардың.



10


 – Бәйгеге қосылатын аттарға Күреңбай сын айтады. Ол Құлагерді ары-бері қарап, «бүгінгі бәйгеде тап осы жылқы бәйге алады» деп болжам жасайды. «Халық Күреңбайдың сөзін естіп, тұрып қалды» делінген.


Сюжеттің шиеленісуі –

Ат саны барған сайын бірден өсті,

Атқа еріп, тамашалап халық көшті.

Аттарды жазып-сызып көрушілер

Санақшы санын бір мың үш жүз десті.


Қызыл шыт тартып беріп баласына,

Көп аттың қоя берді арасына:

«Алдыңа бір-екі-ақ ат салып отыр,

Келгенше сонау жердің шамасына.


Бұл айдау – қырған жорық, байқап отыр,

Барғанша бұлаң құйрық, шайқап отыр

Жел жақта шаң қаптырма, ұрма, қалқам!

Тек қана тізгін қағып жайқа отыр.


Қайтарда тізгініңді тежеп отыр,

Тақымды қамшы салмай безеп отыр.

Бол да отыр бірдің соңы, ызаң озба,

Тек қана бір мөлшерді көзде де отыр.


Көрдің бе, сонау жатқан көк өзекті?

Өткенде сол өзектен салшы тепкі;

Қоя бер басын сонда, қарғатайым!

Өзі алар онан кейін қалған бетті.





Бәйгеге мың үш жүз ат қосылды. Бәйгенің алдында Ақан баласы Ыбанға ақыл-кеңес береді. Барғанша ұрма, қамшы салма, озба деп айтады. Көк өзекке келгендетепкі сал, аттың басын қоя бер дейді.



Шарықтау шегі –


Алуан ат – торы осында, қара осында,

Не саңлақ, сәйгүліктің бәрі осында.

Күңіреніп, кең даланы дүбірлетіп.

Төгілді ат Ерейменнің саласына.


Жер бетін қағып ұшқан құстай шүйгіп,

Адақтап барған сайын шықты жүйрік.

Төртеудің мың үш жүзден мойны озып,

Құлагер келе жатты тістеп құйрық.


Сонымен Ерейменге төрт ат кетті.

Төрт бала барған сайын ұзап кетті,

Қара үзіп қала берді өзге бала,

Қалғанды қорлық теуіп, ыза ап кетті.


Созылды осы төрт ат көл айнала,

Алдына екі ат шықты жеке дара.

Өтетін ат қылт етіп жыланды өзек,

Суы жоқ, бұрасы көп – жырықана.


Құлагер жеткізсін бе жекпе-жекке,

Келеді басын тартып, қорқып текке.

Көк атты қағып, соғып омыраумен,

Ағындап келіп түсті көк өзекке.


Бәйгеде мың үш жүз аттан төртеудің мойны озып шығады. Көл айнала барғанда алдына екі ат шықты жеке дара. Ол – Ақанның Құлагері мен Батыраштың Көктұйғыны еді. Құлагер омырауымен Көктұйғынды қағып-соғып ағындап келіп түсті көк өзекке.

Шешімі –


Құлагер жеткізсін бе жекпе – жекке,

Келеді басын тартып, қорқып текке.

Көк атты қағып, соғып омыраумен,

Ағындап келіп түсті Көкөзекке.


Қусақтың осы қылта мойынында,

Аттардың шауып өтер жолы мұнда;

Кек кернеп, жасырынып тұрды біреу,

Бір жаман осы өзекте ой қылуға.


11

Сақ етіп айбалтасы Құланы ұрды...

-Бере бер, балам, бері шылбырыңды!

Жанасып Құлагерге қалғанында,

Сап етіп бердең ,кеп ұрынды,


Шапшып қан шекесінен шыр айналды,

Сылқ етіп Құлагер ат құлап қалды.

Білген жоқ не болғанын, ес қалған жоқ,

Тек бала жерге доптай домаланды.


Құагер шапшытқанда көкке қанды
Тек бала шыр – шыр етіп аттан салды.                   

Жоқ болды ақбоз атты, қара киім,

Тұйғынкөк шыға шауып кете барды.


Бәйгеде мың үш жүз аттан Көктұйғын мен Құлагер озып келе жатады. Батыраштың жіберген қарақшылары Құлагерді көк өзекте күтіп тұрып, айбалтамен шауып, мерт қылады.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту

Оқытушы: Дұрыс айтасың. Дастан трагедиялы жағдаймен аяқталады. Олай болса мен сендерге «Құлагер» дастанын үйден толық оқуға бергенмін.

Сұрақтар мен ықтимал жауаптар:

Оқытушы сұрақтарына жауаптар беру. (атақтар беріледі)

  1. Поэмада қазақ халқының әдет-ғұрпы қалай суреттелген?

Этнограф ғалым:

- Поэмада әдет-ғұрыпқа ерекше орын беріледі. Салт бойынша, қайтыс болған адамға соңғы рет құрмет көрсетіп, еске түсіру үшін ас беріледі. Ас дәулетті адамдар арасында салтанатты жағдайда өтеді, көп адам шақырылады. Онда ат жарысы, көкпар, теңге ілу, балуандар күресіне кеңінен орын берілген.


2. Өткен сабақ бойынша; Ақан серінің махаббатқа көзқарасы қандай?

Психолог-ғалым:

- Ақанның «Үш тоты», «Сырымбет», «Мақпал» әндерінің негізгі тақырыбы – сүйіспеншілік. Ақан өмірдің көркін, қуанышын жырлайды, ол әсемдікке құмар. Ол өмірді жан дүниесімен сезіне білді және әнге қосты. Жалпы ақын қай тақырыпты жырласа да, адамның ішкі сезіміне терең үңіледі. «Құлагер» әнін көзге жас алмай тыңдау мүмкін емес. Құлагер өлімі оған оңай тиген жоқ, содан да ол жаны байыз таппай елден безеді.Осының бәрі Ақан серінің психолог екендігін көрсетеді.

3. І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Көкшетау көріністері қалай суреттеледі? Оның Сәкеннің Көкшетауынан ерешелігі бар ма?

Географ-ғалым:

- Қазақ даласында ақын жырларына өзек болған жерлердің бірі – Көкшетау. Бұл шырайлы мекенді Сәкен де, Ілияс та жырлаған. Сәкен «Арқаның кербез сұлу Көкшетауын» ел тарихымен ұштастыра сөз етсе, Ілияс Ақанның ішкі сезімін астастыра суреттейді.

4. Ақан әндерінің шығу тарихы қандай еді?


Өнертанушы-ғалым:

- Ақанның әр әнінің шығу тарихы бар. Соның ішінде «Құлагер» әні де өрен жүйрік тұлпардың мерт болуына байланысты шығарылған. Онда ақынның ішкі күйініші әсерлі тілмен әдемі суреттелген. Сондықтан да Ақан - әнші, ақын, сазгер. Соның бірі – «Сырымбет». Бұл ән Ақанның сүйген қызы Ақтоқтыға арналған. Ақан Ақтоқтыға қосыла алмаған соң, басындағы ауыр қайғыны сыртқа әнмен шығарған.

5. Ақан трагедиясына кім кінәлі?

Юрист-ғалым:

- Сонау сұм заманда халық арасынан шыққан Ақан тәрізді өнер иелеріне қорлық көрсеткен сол кездегі қоғам кінәлі. Ақан – дүлдүл ақын, ғажайып әнші-сазгер. Бірақ оның өнерін түсіне білмеген үстем тап өкілдері Нұртаза, паң Нұрмағамбет, Батыраш пен Қотыраш сынды талантсыздар кінәлі. Ақтоқты сияқты сүйгеніне қосыла алмайды, Фатима мен Ұрқияға да қолы жетпейді. Ақан трагедиясына заман кінәлі, өмір оларды әділ ар жазасымен жазалауы керек.


12


Ү. Сабаққа қорытынды жасау.


Оқытушы сөзі. Ақан Құлагерін жоқтап ән шығарады. Құлагердің бас сүйегін алып, елден безіп, тауда жалғыз өмір сүреді.Құлагер азасына байланысты дүниеге Ақанның «Бай, бай, Құлагер-ай» әні келеді. Асқа жиналған жұрт Құлагер азасына арналған Ақанның әнін еліне алып қайтады.



Қазақта Құлагерді көп айтады.

«Серінің серігі еді» деп айтады.

«Ат сыры иесіне мәлім» деп жұрт,

 Тегінде мал көрмесе, неге айтады.


...Әңгіме Ақан емес, Құлагер ғой.

Әсілі, поэманың тууына негізгі себеп осы, ұлттық болмыс немесе жылқы культы.

Сабағымды өмірімізбен байланыстыра айтатын болсам, қазіргі уақытта халықтың көпшілігінде автокөлік бар. Сол автокөлік қозғалтқыштарының қуаты әлі күнге дейін аттың күшімен өлшенеді. Бұл дәстүр-адамзат баласының атқа деген ерекше құрметінен қалған.





«Ат –ер қанаты»- дейді халымыз.Ендеше осы жылқы малына байланысты халқымызда мақал-мәтелдер көп, дәптерлерімізге жазып , үйден жалғастырып жазып келеміз.

Жылқы малына байланысты мақал-мәтелдер:

(Латын хәріпінде жазылады)

1. Жылқы – малдың патшасы.

2. Бәйгеден ат келмейді, бап келеді.

3. Сырын білмеген аттың сыртынан жүрме.

4. Ат тұяғын тай басар.

5. Абысын тату болса ас көп,

Ағайын тату болса ат көп.

6. Қызды кім айттырмайды, қымызды кім ішпейді.

7. Ат басына күн туса ауыздықпен су ішер.

8. Ақылды елдің ішінде алтын ерлі ат жатыр,

Ақылды жардың ішінде алтын айдар ұл жатыр.

9. Ағайынның аты озғанша, ауылдастың тайы озсын.

10. Жорға жүрісімен пұл болады,

Жаман жүрісімен құл болады.

11. Енесі тепкен құлынның еті ауырмас.

12. Байтал шауып бәйге алмас.

13. Ай мінбей атыңды мақтама.

14.Жақсы аттың артынан құнан ереді,

Жақсы жігіттің артынан ұлан ереді.

16.Жақсы аттан жал кетсе де,әл кетпейді.

17Жомарт жоқтығын білдірмейді,

Жүйрік ат тоқтығын білдірмейді.

18.Жақсы ат алдынан сүрінбейді, артынан сүрінеді.

20.Жақсы жігіт пен жақсы ат көптікі.





13


ҮІ. Оқушылардың білімін бағалау


Сонымен құрметті студенттер сабақты қорытындылау кезеңіне де келіп жеттік. Олай болса өз-өздерімізді бағалап отыруды ұмытпайық. Ендеше БББ кестесі бойынша ;білгім келді, нені білдім, нені білгім келеді кестесін толтырамыз. Кестені толтыру.

(БББ)кестесі

Білгім келді

Нені білдім

Нені білгім келеді




Адам бойындағы іштарлық, көреалмаушылық, ақылсыздық, арам пиғылдылық сияқты жағымсыз қасиеттерді Батыраш бойынан білдім.

Осы дастан арқылы адам бойындағы жаман қасиеттерден аулақ болудың қадірлі екенін білдім.

Өткен тарихымызға құрметпен қарай білуді үйрендім.

Жылқы малының не үшін қадірлі екенін білдім.






Ас беру – құрмет тұтар ғұрып па, әлде босқа дүние шашу ма?

Ақан сері не үшін қоғамнан бөлек кетті екен. Адамдармен бірге тұрып өмір сүрсе болмас па еді?

Ілияс Жансүгіровтың ұрпақтары бар ма. Бар болса қайда өмір сүріп жатыр?

Ілия Жансүгіровтің қанша дастаны бар?

Ілияс ақын ғылыммен шұғылданған ба?

Ілияс Жансүгіровтың қандай аудармалары бар екен?


Ілия жансүгіровтың «Күйші» поэмасы не туралы?

Ілияс Жансүгіровтың зерттелмей қалған шығармалары туралы білгім келеді?



Ілиястың сүйегін қазақ жеріне әкеліп жерлеген бе?

Ілияс Жансүгіров ті не үшін ату жазасына кесті. Ол тек қана өз халқы үшін шығармашылықпен айналысты ғой?

Ілияс Жансүгіровтың руы кім болған екен?


Бейнефильмнен үзінді көру.



VII.Үй тапсырмасы

«Ат --- ер қанаты » тақырыбында мамұндама жазып келу.


Пән оқытушысы: С. Төлегенов











14


































14






































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.01.2019
1823
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі