Материалдар / Ашық сабақ: Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет. Лейкоциттердің түрлі типтері және олардың қызметтері. Т – және В- лимфоциттердің әрекет етуі. 8 сынып

Ашық сабақ: Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет. Лейкоциттердің түрлі типтері және олардың қызметтері. Т – және В- лимфоциттердің әрекет етуі. 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ
ЖИ арқылы жасау
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады

Қысқа мерзімді жоспар


Биология


Бөлім:

8.2А Заттардың тасымалдануы

Педагогтің аты-жөні:

Адибаева М.

Күні:

16.11.2023

Сыныбы: 8 А

Қатысушылар саны: Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Иммунитет. Гуморальдық және жасушалық иммунитет. Лейкоциттердің түрлі типтері және олардың қызметтері. Т – және В- лимфоциттердің әрекет етуі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

8.1.3.3 лейкоциттердің түрлі типтерінің қызметтерін сипаттау

8.1.3.4 гуморальдық және жасушалық иммунитетті салыстыру

Сабақтың мақсаты:

Иммунитет туралы жалпы түсінік қалыптасады.

Гуморальдық және жасушалық иммунитетті талдай алады.

Фагацитоз және антидене үдерістерімен танысады.

Лейкоциттердің түрлі типтері және олардың қызметтерін түсіндіре алады.

Лимфоциттердің типтері және олардың қызметтерін түсіндіре алады.

Жұқпалы иммунитет тапшылығынан туындайтын аурулармен танысады.

ЖИТС, АВЖ-ның белгілері мен жұғу жолдарын анықтайды.

ЖИТС, АВЖ-ның алдын-алу шараларымен танысады.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту

7 мин.

1.Оқушылармен амандасу, түгендеу. Сынып реттілігін қадағалау.


Өзін-өзі бағалау парағын таратып беру.






«Жадылық серуен» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қою.

  1. Ағзаның ішкі ортасы дегеніміз не?

  2. Қанның құрамы

  3. Қан ағзада қандай қызмет атқарады?

  4. Қандағы түссіз сұйықтық

  5. Қанның қызыл және ядросы жоқ жасушасын қалай атаймыз?

  6. Лейкоциттер қалай қозғалады?

  7. Қанның ұю үдерісі

  8. Гемофилия ауруы

  9. Қаны болмайтын омыртқасыз жануарлар, қаны көкшіл түсті жануарлар, қаны түссіз жәндіктер де бар екені белгілі. Ал барлық омыртқалы жануарлардың қаны қызыл түсті.Не себепті?

Берілген сұрақтарға оқушылар жауап береді.

Оқушыларды топтарға біріктіруді ұйымдастыру:

I – Иммунитет

II – Лейкоцит

III – Лимфоцит


Сұрақтарға жауап береді.


Дескриптор: Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!»

«Тамаша!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.

АКТ

Бағалау парағы

Жаңа сабақ

31 мин


«Ой қозғау» әдісі арқылы жаңа тақырыпты айқындау, сабақтың мақсатын таныстыру.

Бейнежазба көрсетіледі.

Сұрақтарға жауап береді.

«Жарайсың!»

«Тамаша!»

«Керемет!»

ДК экраны


1.Тапсырма топтық жұмыс

1 топ:«Кластер» әдісі арқылы тапсырманы орындайды. (постер қорғау)

Тапсырма:Лейкоциттердің әртүрлі типтері және олардың қызметтері.

2 топ: «Өрмекші» әдісі арқылы тапсырманы орындайды. (постер қорғау)

Тапсырма: Ағзаның иммундық жауап беру кезеңдерінің қалыптасуы.

3 топ: «Венн диаграммасы» әдісі арқылы тапсырманы орындау. (постер қорғау)

Тапсырма: Лимфоциттердің түрлі типтері

Тапсырманы орындау барысында: Мұрат Әбуғазының «Май түні» күйін тыңдау.

Тапсырмаларды орындайды.

Дескриптор:

3 балл

1.Лейкоциттердің әртүрлі типтері және олардың қызметтерін сипаттай алады.

2. Ағзаның иммундық жауап беру кезеңдерінің қалыптасуын меңгереді.

3. Лимфоциттердің түрлі типтерімен танысады.

ДК экраны

8-сынып оқулығы.

Қима қағаздар


2.Тапсырма: «Тірек сызбаны аяқта» (жұптық жұмыс)

Wordwall сайты арқылы

Тапсырмаларды орындайды

Дескриптор:3 балл

1. Гуморальдық және жасушалық иммунитетті талдайды.

2.Фагацитоз және антидене үдерістерімен танысады.

3.Лейкоциттер-дің түрлі типтері және олардың қызметтерін түсіндіре алады.

4.Лимфоциттердің типтері және олардың қызметтерін түсіндіре алады.

5.ЖИТС, АВЖ-ның белгілері мен жұғу жолдарын анықтайды.


ДК экран

3.Тапсырма

Тақырып бойынша әр топ проблемалық 1 сұрақ ойластырады. Топтар арасында «Сұрақ, жауап» әдісі көрініс көреді.

Әр топ 2 сұрақтан ойластырады, сұрақтарға жауап береді.

Дескриптор: Әрбір дұрыс жауапқа 2 балл

Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!»

«Тамаша!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.элементтер, кезеңдері, жауап беру уақыты» деген сызба сызады.


8-сынып оқулығы.

Жұмыс дәптерлері.

Сабақтың соңы

Рефлексия

7 мин.

«Жетістік баспалдағы» әдісі. Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, кері байланысын тыңдайды.

Бұрыннан білемін


Жаңа ақпарат

1.

2.

3.

4.

1.

2.

3.

4.


Бағалау

Үй тапсырмасы: Жасушалық және гуморальдық иммунитетті жүзеге асыратын лейкоциттердің рөлін салыстырып кесте құру.



Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.


Дескриптор: Әрбір дұрыс жауапқа 1 балл

1-10 баллдық жүйе бойынша оқушылардың сабаққа қатысу белсенділігі бойынша бағаланады.

Кері байланыс парағы.

Бағалау парағы


























ЖИ арқылы жасау
08 Қаңтар 2024
648
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі