Назар аударыңыз. Бұл материалды сайт қолданушысы жариялаған. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзса, осында жазыңыз. Біз ең жылдам уақытта материалды сайттан өшіреміз
Жақын арада сайт әкімшілігі сізбен хабарласады
Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
Ашық сабақ "Жарасымды қарым - қатынас"
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады
Сабақтың тақырыбы: Жарасымды қарым-қатынас.
оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасындағы қиындықтарды түзету,
Мақсаты:
-
қазақ халқының ұлттық дәстүрлеріндегі үлкен мен кіші арасындағы сыйласымды қатысымды ұлттық құндылық ретінде дамыту.
-
оқушылардың бір-бірімен қарым-қатынасын жақсарту негізінде оларды адалдыққа, достыққа, шындыққа, тәрбиелікке үйрету.
-
Оқушының танымдық процесін, есте сақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап, шаттық шеңбері, жүректен – жүрекке.
Көрнекіліктері: нақыл сөздер, интерактивті тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру бөлімі.
-
Менің есімім (тренинг)
Шарты: Топ дөңгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып, өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады.
-
Шаттық шеңбері: О.Әубәкіровтың «Ағаларым» әнін бәрі қосылып айтады.
-
Топқа бөлу (түстер бойынша)
-
Пікірталас (әр топқа сұрақтар қойылады)
-
Жарасымды қарым-қатынас дегенді қалай түсінесіз?
-
Кез - келген адаммен қарым-қатынас жасау үшін адамға қандай қасиет керек?
-
Ол қасиеттер өз бойыңызда бар ма?
-
Сыйластықтың адам өміріндегі маңызы қандай?
-
Мәтінмен жұмыс.
Оқулықтағы С.Б.Дорженовтың ізімен жазылған мәтінді оқушылар оқиды. Берілген сұрақтар арқылы мәтінге талдау жасалынады.
-
Қазақ халқының үлкенді құрметтеуге байланысты қандай рәсімдері бар?
-
«Ақсақал», «Ел ағасы» деп кімдерді атаған?
-
«Ізгілікті басы-үлкенді сыйлаудан басталады» дегенді қалай түсінесіңдер?
-
Тапсырма.
Өнер туындыларын қараңыздар. Олардан адамдардың бір-біріне деген қандай ілтипат, сезімдерін байқадыңыздар? Әңгімелеп беріңізде
-
Жаттығу.
Медитация. «Өз жұлдызыңды табыңыз» әдемі әуен ойнап тұрады.
Нұсқау: жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз.
А) оқушылар алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады.
Ә) жұлдыздарға болашақта өзіңізді қандай адам ретінде елестетінін жазады.
Б) талқылау
-
Сахналау.
Төменде берілген сөздерден жағдаяттар құрастырып, сахналап беріңіздер.
1 топ. Телефонмен сөйлесу әдебі.
2 топ. Қыз бен жігіттің танысқандағы әдебі.
3 топ. Үлкендер мен жастардың дастархан басында өзін ұстау әдебі.
-
Қорытынды:
(топтарға сабақтан алған әсерлері жазылған сөздер таратылады)
-
Бүгін біз сабаққа қатыстық.............. (жақсы, орташа)
-
Сабаққа қатысқанымызға көңіліміз толды...... (ия, жоқ)
Себебі: ......................................................................
-
Біз үшін сабақ өтті........ (ұзақ, тез)
-
Сабақта біз ..... (шаршадық, шаршамадық)
Себебі:.......................................................................
-
Бүгін сабақтан нені үйрендік ........................................................
-
«Менің көңіл-күйім»
Оқушылар тақтада тұрған көңіл – күй смайлдарға жабыстырады.
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп мектепке дейінгі шағын орталығы
мемлекеттік мекемесі
Ашық сабақ
«Жарасымды қарым-қатынас»
Өзін-өзі тану пәні мұғалімі: З.Жексембинова
Талдыбұлақ ауылы
Өзін – өзі тану сабағының жоспары
Мерзімі: 26.02.2016 жыл
Тақырып: Жарасымды қарым-қатынас.
Құндылық: Сүйіспеншілік
Қасиеттер:Мейірімділік, адамгершілік, сүйіспеншілік.
Мұғалім: Жексембинова З Сынып – 10 сынып Оқушылар саны:12
Сабақтың мақсаты:
Міндеттері:.
|
Ресурстар: ( белсенді тақта, кітап, дәптер,стикерлер, А4 қағаздар, тақырып бойынша суреттер, музыка)
Сабақтың түрі: аралас сабақ. Әдіс – тәсілдер: сұрақ-жауап, шаттық шеңбері, жүректен – жүрекке. |
Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңі: Шаттық шеңбері. Сабақтың барысы: Ұйымдастыру бөлімі.
|
Топ дөңгелек болып отырады, қатысушылар кезекпен сәлемдесіп, әр оқушы есімін айта отырып, өз бойындағы жақсы қасиеттерді қоса айтады. |
Топқа бөлу. |
(түстер бойынша топқа бөлініп, отырады. |
Пікірталас
|
әр топқа сұрақтар қойылады |
Мәтінмен жұмыс.
|
Оқулықтағы С.Б.Дорженовтың ізімен жазылған мәтінді оқушылар оқиды. Берілген сұрақтар арқылы мәтінге талдау жасалынады. |
Тапсырма. Суреттерге қарап, олардың мағынасын түсіндіру. |
Өнер туындыларын қараңыздар. Олардан адамдардың бір-біріне деген қандай ілтипат, сезімдерін байқадыңыздар? Әңгімелеп беріңіздер. |
Жаттығу. Медитация. «Өз жұлдызыңды табыңыз» Нұсқау: жұлдызды түнді елестетіңіз. Жұлдыздар үлкен және кіші, жарық және күңгірт. Біреу үшін бұл біреу немесе бірнеше жұлдыздар, ал біреулер үшін сансыз көп, жарық шашып бірде алыстап, бірде қол созым жерде жақын орналасқан. Жұлдыздарға мұқият қарап, ең керемет жұлдызды таңдаңыз. Мүмкін, бұл сіздің арманыңызға ұқсас шығар, мүмкін, ол сіздің бақытты кездеріңізді еске түсірген шығар. Тағы да ол жұлдызыңызға сүйсініп, соған жетуге тырысыңыз. Бар күшіңізді салыңыз. Сіз міндетті түрде сол жұлдызға жетесіз. Аспаннан алып оны алдыңызға қойыңыз. А) оқушылар алдарында жатқан жұлдыздардан өзіне біреуін таңдап алады. Ә) жұлдыздарға болашақта өзіңізді қандай адам ретінде елестетінін жазады. Б) талқылау |
әдемі әуен ойнап тұрады, оқушылар көздерін жұмып, бір сәтке тынығу арқылы оқушылардың релаксациялық бөлімін өткізу. |
Сахналау. 1 топ. Телефонмен сөйлесу әдебі. 2 топ. Қыз бен жігіттің танысқандағы әдебі. 3 топ. Үлкендер мен жастардың дастархан басында өзін ұстау әдебі. |
Берілген сөздерден жағдаяттар құрастырып, сахналап беріңіздер. |
Қорытынды: Бүгін біз сабаққа қатыстық.............. (жақсы, орташа) Сабаққа қатысқанымызға көңіліміз толды...... (ия, жоқ) Себебі: .................................................................. Біз үшін сабақ өтті........ (ұзақ, тез) Сабақта біз ..... (шаршадық, шаршамадық) Себебі:.................................................................... Бүгін сабақтан нені үйрендік ............................. |
(топтарға сабақтан алған әсерлері жазылған сөздер таратылады) |
Сау болыңыздар! Сабаққа белсенді қатысқаңдарыңызға үлкен рахмет! |
Сабақты аяқтау |