Ашық сабақ Жекпе-жек 8-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Жекпе-жек 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдеріне жаңартылған бағдарлама бойынша сабақ жоспарын құрастыруға көмек
Материалдың қысқаша нұсқасы

Қысқа мерзімді жоспар

Тексерілді:

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

Мектеп: «Жаңаталап» жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні: 07.11.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сыдыкова Нурсулу

СЫНЫП: 8

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Жекпе-жек

Осы сабақта қол жеткі-зілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

8.2.5.1 -перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастыру; 8.3. 4.1 -эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстыру, өз ойын дәлелдеп жазу.

(аргументативті эссе);

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Тақырып бойынша сұрақтар құрастырады; мәтін құрастырып жаза алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіннің мазмұнын түсінеді, мәтін бойынша сұрақтар құрастырып жазады; эссе жазады, өз ойын дәлелдей алады.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады; эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады, өз ойын дәлелдеп жаза алады.

Тілдік мақсат

Пәнге тән лексика мен терминалогия: перифраза, эссе, ринг, раунд, нокдаун, накаунт, апперкот, гонг, спарринг.

Пәнге қатысты сөздік қор: төреші, бұрыш, арқан, қорғаныс, тактика, шабуыл, соққы.

Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер: менің ойымша...., мен мынадай қорытындыға келдім... салыстырғанда, спортшылардың айтуынша..., болашақта қазақ спортының жетістігі мынадай.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. Спорт кәсіпке жата ма? Қалай дәлелдейсіңдер?

2. Рингтегі айқас қалай суреттелген?

3. Боксшыға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

4. Шал ақын айтқан жігіт сипаты қазіргі заманда қалай көрінуі мүмкін?

5. Тірі жан мен құр жан тобындағы жігіттердің қазір айналысатын істері қандай?

6. Жігіт жанның қасиеттерін қандай деп айта аласыңдар?

7. Нағыз жігіт қандай болуы керек екен?

Бағалау критерийлері

  • перифразаның түрлі тәсілдерін қолдана отырып, мәтін бойынша сұрақтар құрастырады.

  • эссе құрылымы мен даму желісін сақтап, мәселе бойынша ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады, өз ойын дәлелдеп жазады.

Ойлау деңгейі

түсіну, қолдану, жинақтау

Құндылықтарды дарыту

Оқушылардың бойына еңбек және шығармашылық, ынтымақтастық, өмір бойы білім алу құндылықтарын дарыту.

Пәнаралық байланыстар

Қазақстан тарихы, дене тәрбиесі

АКТ қолдану дағдылары

суреттер, слайдпен жұмыс

Бастапқы білім

Бокс спорты жайлы біледі, қазақ боксшыларын атай алады.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарлан-ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Педагогика-лық әдіс-тәсілдер

Ресурс-тар

Сабақтың басы 1 минут

2 минут

2 минут

Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен сәлемдесу

2. Топтарға бөлу. 1,2,3,4 деп санату арқылы топқа бөлу

3. Психологиялық ахуал қалыптастыру:

«Мен қандаймын? » ойыны. Оқушылар дөңгеленіп тұрып, бір-біріне доп лақтырады. Доп кімнің қолына түссе, сол оқушы өзінің бойындағы қасиетін айтады. Мысалы: мен ақылдымын. Мен сабырлымын.

«1,2,3,4» тәсілі






«Мен қандаймын?»


Сабақтың ортасы/ са-бақтың не-гізгі бөлімі 1 минут





7 минут





1 минут



8 минут












2 минут




10 минут






Сабақтың соңы

3 минут







Кері байланыс

2 минут

1 минут

Жаңа сабаққа кіріспе

https://goo.gl/images/s3GHPg

1. Суреттерден не байқадық?

2. Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не болады деп ойлайсыңдар?

Сабақтың тақырыбымен, мақсатымен таныстырамын.

Түсіну кезеңі

1-тапсырма. Оқылым. Мәтінді оқып шығып, перифразаның түрлі тәсілдерін қолдану арқылы мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңдар.

Дескриптор:

  • Мәтінді түсініп оқиды;

  • Мәтін бойынша перифразаларды қолданады;

  • Сұрақтар құрастырады.

ҚБ. «Бағдаршам» әдісі арқылы бағалау

Қолдану кезеңі

2-тапсырма. Шал ақынның жігіттерге берген бағасын түсініп оқыңдар. Екі топқа бөлініп, мәтіндегі ойды анықтау барысында пікірталас ұйымдастырыңдар.

Жігіт сыны: бір жігіт бар – құр жан, бір жігіт бар – тірі жан, бір жігіт бар – жігіт жан. Құр жан дейтін жігіт кеудесінде жаны бар, - еш нәрсені бітірмейді. Тірі жан дейтін жігіт бар тапқанын киім мен асқа салар, қызыл белбеу, үкі тағып, шоңқима етік киіп, әркімді бір сықақ қылар. Жігіт жан дейтін жігіт сегіз қырлы, бір сырлы болар.

Дескриптор:

  • Мәтінді түсініп оқиды;

  • Сұрақтарға дәлелмен жауап береді;

  • Өз ойларын ортаға салады.

ҚБ. «Екі жұлдыз бір тілек» әдісі арқылы топты бағалатамын.

3-тапсырма. Жинақтау кезеңі

Сегіз қырлы, бір сырлы жігітке тән қасиеттер туралы аргументативті эссе жазыңдар. Сөз саны – 70-80.

Дескриптор:

- Эссе құрылымын сақтап жазады;

- ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырады;

- өз ойларын дәлелдеп жазады;

- сөз санын сақтайды(70-80 сөз).

«Бас бармақ» әдісі арқылы бір-бірін бағалату

«Зымыран сұрақтар» әдісі бойынша сұраққа жауап беріңдер.

1. Спорт кәсіпке жата ма? Қалай дәлелдейсіңдер?

2. Рингтегі айқас қалай суреттелген?

3. Боксшыға қандай қасиеттер қажет деп ойлайсыңдар?

4. Нағыз жігіт қандай болу керек екен?

«Жарайсың!»әдісі бойынша бағалау

«Ой шақыру» әдісі






«Желпуіш» әдісі








«Төртбұрыш» әдісі



















«Белсенді жазба» әдісі






«Зымыран сұрақтар»

Сурет

АКТ



Слайд1



Оқулық

А4 қағазы



Бағдар-шам түстес қағаздар



Слайд2

















Оқулық

Кеспе қағаздар


Жазбаша кері байланыс парағы. «Пирамида» кестесіне оқушылар өздері меңгерген мәліметтерін, ең қызықты 2 мәліметті, төбесіне өздеріне сұрақ қояды.

Үйге тапсырма. Қазақстандық боксшылар туралы зерттеу жүргізіп, қазақ боксының деңгейі туралы дәлелді пікірлеріңді ұсыныңдар.

«Пирамида» рефлексиясы



«Пира-мида»

кесте сызбасы

Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

үйренгенін тексеруді

қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Перифразалардың түрлерін қолданып, қалың және жұқа сұрақтар құрастырады . Оқушылардың ойлау деңгейін арттыру үшін, сөздік қорларын дамыту үшін пікірталасқа қатыстырамын. Қабілетті оқушылар Шал ақынның өсиет сөздерінен алған үзінділерді өз көзқарасымен дәлелдеп жаза алады. «Сегіз қырлы, бір сырлы жігіт» тақырыбында аргументативті эссе жазады

Ұсынылған шешімнің артықшылығы мен кемшілік тұстарын салыстырып жазады.

«Бағдаршам», «Екі жұлдыз, бір тілек», «Жарайсың!», «Бас бармақ» қалыптастырушы бағалаулары арқылы және дескриптор арқылы бағалаймын. Белсенді оқушыларды тапсырма сайын мадақтап отырамын. Үлгерімі төмен оқушыларға тапсырманы орындау барысында түрткі сұрақтар қойып, бағыттап отырамын.

Партада өзін түзу ұстауын қадағалаймын.


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма?

Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе?

Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?




Жалпы баға

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?

Тексерілді: ДОІЖО Т.Сыдықов

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Көркем әдебиет және эпикалық сарын

Мектеп: «Жаңаталап» жалпы орта білім беретін мектеп» КММ

Күні: 06.11.2018 ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Сыдыкова Нурсулу

Сынып: 8

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы: Мұрат Мөңкеұлы

Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

8.1.4.1 көркем шығармадан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдану;

Сабақтың мақсаты

Оқушылардың барлығы орындай алады: Тыңдалымды тыңдап, түсінгенін айта алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады: көркем шығармадан алған үзінділерді өз көзқарасы арқылы дәлелдейді.

Оқушылардың кейбірі орындай алады: көркем шығармадан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолдана алады.

Бағалау критерийі

  • Көркем шығармадан алған үзінділерді өз көзқарасын дәлелдеу үшін орынды қолданады.

Тілдік мақсат

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер: зар заман ақыны, толғау

Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

меніңше, сөзіне қарағанда, заман белгілері, салыстырғанда..., болуы мүмкін.

Талқылауға арналған сұрақтар:

1. «Зар заман» ақыны деп аталу себебі неде?

2.

Құндылықтарды дарыту

Өмір бойы білім алу, ынтымақтастық пен ашықтық құндылығын дарыту.

Ойлау деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, география

АКТ-ны қолдану дағдылары

Аудиомен жұмыс, слайдпен жұмыс жасай алады

Бастапқы білім

Мұрат Мөңкеұлының қай кезеңде өмір сүргенін және қандай ерекшеліктерімен халық есінде қалғанын біледі.

Сабақтың жоспары

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Педагогикалық әдіс-тәсілдер

Ресурс-тар

Сабақтың басы

2 минут






5 минут

Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық ахуал қалыптастыру.

Оқушылар шеңбер болып тұрып, «Мен сатып аламын» әдісі арқылы бойындағы жаман қасиеттерді сатып, көршілес құрбыларының жақсы қасиеттерін сатып алады.

Топқа бөлу.

Үлестірме кеспедегі сөздер арқылы топқа бірігіп отырады.

1. Мұрат

2. Ақын

3. Заман

4. Толғау

«Құпия сөз» әдісі арқылы сұрақтар қоя отырып, сабақтың тақырыбын ашу.

1. Мұрат

2. Ақын

3. Заман

4. Толғау


«Шаттық шеңбері»

«Мен сатып аламын»



«Сөздер» әдісі









Қағаз қиын-дылары

Сабақтың ортасы

15 минут















































10 минут










Жаңа сабақтың тақырыбы, оқу мақсаттары, бағалау критерийлерімен таныстырамын.

Тыңдалым

1-тапсырма (жеке жұмыс)

М.Мөңкеұлы туралы аудионы тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

1. Мұрат Мөңкеұлы қай жерде туылған?

2. Қай жерде білім алады?

3. Қандай ақындар қатарына жатады?

4. Өлеңдерінің негізгі тақырыбы не?

Дескриптор:

1. Тыңдалған мәтінді түсінеді.

2. Сұрақтарға жауап береді.

3. Пікірлерін дәлелдейді.

ҚБ - мұғалімнің кері байланысы (мақтау, мадақтау, ...)

2-тапсырма. Жұптық жұмыс.

Мұрат Мөңкеұлының сөздерінен алған үзінділерді өз көзқарастарыңмен дәлелдеңдер.

Автор көзқарасы

Менің көзқарасым



2-топ


Автор көзқарасы

Менің көзқарасым



3-топ


Автор көзқарасы

Менің көзқарасым




4-топ

Автор көзқарасы

Менің көзқарасым



Дескриптор:

  • Мұрат Мөңкеұлы сөздерінен алған үзінділерді өз көзқарасымен дәлелдеп жазады;

  • Автор көзқарасына талдау жасайды.

ҚБ. «Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі бойынша бағалау

3-тапсырма Топтық жұмыс

Оқулықпен жұмыс

«» толғауы бойынша шығармадан алынған үзіндіні « 4-сөйлем » әдісі бойынша пікір, дәлел, мысал, қорытынды ойларыңды жазыңдар.

1. Пікір

2. Дәлел

3. Мысал

4. Қорытынды

Дескриптор:

1. үзінді бойынша пікір айтады.

2. Пікірге дәлел келтіреді

3. Қорытынды жасай алады.

ҚБ- «Ай бейнесі» топтық бағалау жүргізу



«Ой қозғау» әдісі










«Мақтау,ма-рапаттау»



«Екі жақты күнделік» әдісі




















«Екі жұлдыз,бір тілек» әдісі







«Төрт сөйлем»











«Ай бейнесі» әдісі


Аудио















Кесте қағаз-дар



































Плакат,маркер

Сабақтың соңы

Кері байланыс

5 минут






3 минут

Сабақты бекіту

1 . «Үш қиян» толғауының мәні неде?

2. «Зар заман» ақыны деп аталу себебі неде?

3. Ақынның қандай шығармалары бар?

4. «Зар заман» сөзі нені аңғартады?

5. Сол кездегі заман шындығы не болды?

Рефлексия. Жазбаша кері байланыс

Берілген мидың суретінің ішіне бүгінгі сабақта меңгерген білімдерімен толықтырады.




«попкорн» әдісі.










«Миыңның суретін сал»












А4 қағазы, маркер-лер

Үйге тапсырма

«Үш қиян» толғауынан ұнаған өлең жолдарды жаттап келу.



Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?


Қауіпсіздік ережесі

«Ой қозғау», «Құпия сөз» әдістері арқылы жетекші және түрткі сұрақтар қоя отырып, оқушыны үнемі ілгерілеуін қадағалап нәтижеге жетелеймін. «Екі жақты күнделік», «4 сөйлем әдісі» арқылы күрделендірілген тапсырмаларды орындату арқылы оқушыны жан-жақты шыңдаймын. Бағыт-бағдар беріп, тапсырмалар бойынша нақты көмек көрсету, сұрақ-жауап түрінде саралаймын.

Әр тапсырмадан соң дескриптор құрамын.

Топтық, жұптық, жеке жұмыстарда сол дескрипторды негізге ала отырып, әр тапсырмадан кейін оқушыларға «Мақтау,марапаттау» әдісі, «Ай бейнесі» әдісі арқылы топтық бағалау, «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі арқылы кері байланыс беріп отырамын.


Партада түзу отыруларын, қалам, қарындаш, маркерлерді ұқыпты ұстауларын қадағалаймын.

Рефлексия

Сабақ / оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма?

Мен берілген уақыт ішінде

үлгердім бе? Мен өз жоспарыма

қандай түзетулер енгіздім жəне неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз.



Жалпы баға

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды

жетілдіруге көмектесетін не білдім?



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
30.11.2018
2612
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі