Материалдар / Ашық сабақ: Жыныс генетикасы. Адамның генетикалық аурулары.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Жыныс генетикасы. Адамның генетикалық аурулары.

Материал туралы қысқаша түсінік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Генетика ғылымының зандылықтарын ұғынуға, жыныстың анықталуының генетикалық механизмі мен жыныспен тіркесіп тұқым қуалау жөнінде білімдерін тереңдету. Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, өзін-өзі дамытуға тәрбиелеу, өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру. Тәрбиелік: Өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Желтоқсан 2017
2631
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін» «Келісемін»

Мектеп директоры: Б.Умиралиева МДОІЖО: Қ.Серикова





Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы

28 «Ақбай»жалпы орта мектебі мемлекеттік мекемесі





9 -«Б» сынып

Ашық сабақ

Сабақтың тақырыбы:

Жыныс генетикасы. Адамның генетикалық аурулары.



Мұғалім: Д.Адхамова





2017-2018 оқу жылы





08.12.2017ж 9 «Б»

Сабақтың тақырыбы: Жыныс генетикасы

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Генетика ғылымының зандылықтарын ұғынуға, жыныстың анықталуының генетикалық механизмі мен жыныспен тіркесіп тұқым қуалау жөнінде білімдерін тереңдету.

Дамытушылық: Оқушылардың дүниетанымын қалыптастыру, өзін-өзі дамытуға тәрбиелеу, өзіне деген сенімін арттыру, іздендіру.

Тәрбиелік: Өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешім қабылдауға қабілетті жеке тұлға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақ әдісі: топқа бөлу, сұрақ- жауап, топпен жұмыс, жұптық жұмыс, тірек сөздермен жұмыс, дискуссиялық өрнек, есептер шығару, сәйкестендіру.

Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия, электрондық оқулық.

Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру. А) Топқа бөлу.

Оқушылар қораптан геометриялық пішіндерді таңдап (үшбұрыш , дөңгелек, шаршы) алып жұмыс орындарына отырады.



таңдағандар – лидерлік қабілеті бар, алдына қойған мақсатына жететін басқарушылық қабілеті басым жандар

таңдағандар – өте еңбекқор, төзімді , өз жұмысының шебері,

бастаған істі аяғына дейін жеткізетін жандар.



т аңдағандар – өте мейірімді, басқаның қайғысын да қуанышын

да бөлісуге даяр тұратын жандар.

В) Бағалау өлшемдерін таныстыру.

«5» - 25 -31

«4» - 15 -24

«3» - 7 - 14

II. БІЛІМ ЖҮЙЕСІ: 1. Көпір сұрақтар : ( жеке жұмыс) 2 ұпай

1. Генетика ғылымы нені зерттейді ? – тұқым қуалаушылық пен өзгергіштікті

2. Моногибридті будандастыру дегеніміз не? – бір ғана жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата аналық формаларды будандастыруды атаймыз. Мыс: асбүршақтың сары және жасыл түсі.

3. Дигибридті будандастыру дегеніміз не? – екі жұп белгілерінде айырмашылығы бар ата аналық формаларды будандастыруды атаймыз. Мыс:сары тегіс, жасыл кедір – бұдыр.

4. Мендель заңдары. – І заңы біркелкілік заңы. ІІ заңы ажырау заңы. ІІІ тәуелсіз ажырау заңы.

5. Толық және толымсыз доминанттылық дегеніміз не? – Мендельдің бұршаққа жүргізген тәжірибелеріндегі байқалған құбылысты толық даминанттылық деп атайды, ал гетерозиготалы ұрпақтан толық доминанттылық байқалмай, аралық сипатта болады, оны толымсыз доминанттылық дейді.

6. Т.Морган заңы. – Т.Морган жеміс шырыны дрозофилаға тәжірибе жасау арқылы «Тіркес тұқым қуалау заңын ашты»

7. Кроссинговер дегеніміз не? – Гомологті хромосомалардың бөліктерінің өзара алмасуы немесе хромосомалардың айқасуы.

8. Цитоплазмалық тұқым қуалау дегеніміз не? – жасуша ядросында болатын хромосомалардан тыс, оның цитоплазмасында орналасқан органоидтердің құрамындағы гендер арқылы жүретін тұқым қуалау.

9. Генетикалық карта дегеніміз не? – Хромосомадағы жеке гендердің орналасу ретін көрсететін сызба.

10. Аллельді емес гендердің өзара әрекеттесуінің неше типі бар? – Төрт. Комплементарлық, эпистаз, полимерия, көп аллельділік.

11. Комплементарлық әсер дегеніміз не? – Екі немесе бірнеше аллельді емес доминантты гендердің бірін бірі толықтырып, жаңа белгіні жарыққа шығаруы.

12. Эпистаз дегеніміз не? – Бір ген екінші генді басып, оның белгісін жойып жібереді. Басымдық қасиет көрсететін генді супрессор деп атайды.

13. Полимерия дегеніміз не? – Бір белгінің дамуын қуаттайтын бірнеше аллельді емес гендердің бірігіп қызмет атқару құбылысы.

14. Көп аллельділік дегеніміз не? – Хромосоманың ген орналасқан бөлігі бірнеше рет мутацияға қшырауына байланысты , ол генні бірнеше рет қайталануы.

15. Ген дегеніміз не? – хромосоманың белгілі бөлігінде орналасқан тұқым қуалау ақпаратының өлшем бірлігі.

16. Адамдағы хромосома саны – 46

Мұғалім: Табиғат құпиясы таусылған ба?

Кездесер тірі ағзалар екі дара,

Аталық пен аналық жыныстардың

Біледі құрылысын жеке дара.

Білсеңіз айтыңызшы , бұл қай сала? ЖЫНЫС ГЕНЕТИКАСЫ

III. ТҮСІНІК ЖҮЙЕСІ : Жыныс генетикасы. ( күн жады мен тақырыпты дәптерге жазу)

Мұғалім: Жыныстың анықталуының генетикалық механизімі бойынша түсіндіреді. 10 ұпай.

Оқушы: Баршамызға белгілі табиғатта кездесетін тірі организмдердің арасындағы аталықтар мен аналықтардың арақатынасы шаммен тең, яғни 1:1 қатынасындай. Осы құбылысты қалай түсіндіруге болады? Осы құбылыстың генетикалық негізі жыныстардың біреуінің гомозиготалы (аа), ал екіншісінің гетерозиготалы (Аа) болуына байланысты. Бұл Мендель тәжірибелеріндегі талдай будандастырудың нәтижелерімен сәйкес келеді:

                        P                      Aa        x          aa

                         Г                     Аа                    а   

                        Ғ1                    1Аа      :           1аа

Жүргізілген цитогенетикалық зерттеулердің нәтижесі жануарлар мен өсімдіктердің көпшілігінде аталық және аналық организмдердің хромосома жиынтығындағы бір жұп хромосоманың өзгелерінен ерекше болатындығын көрсетті. Кейінірек бұл хромосомалардың жынысты анықтауға қатысы бар екендігі анықталды, сол себепті олар жыныстық хромосомалар деп аталды. Мұғалім: Сонымен оқушылар

  • Табиғатта кездесетін тірі ағзалардың аталық және аналықтарының арақатынасы қандай? (1:1)

  • Мұндай арақатынас Мендельдің қандай тәжірибесінің нәтижелеріне сәйкес келеді?

( негізгі жыныстардың біреуі гомозиготалы, екіншісі гетерозиготалы болуына)

  • Жыныс хромосомалар дегеніміз ? ( Жынысты анықтауға қатысы бар , өзгеше бір жұп хромосомалар)

  • Аутосомалар ( адам мен жануарларда , өсімдіктерде бірдей дене хромосомалары)

  • Дене жасушасында жыныстық хромосомлар біркелкі ХХ болып келсе, оны..... (гомогаметалы)

  • Дене жасушасында жыныстық хромосомлар әркелкі ХУ болып келсе , оны ..... ( гетерогаметалы)

Мұғалім : ( әртүрлі ағзалардағы жыныс хромосомалар мен К.Бриджес тәжірибесін түсіндіреді)

Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау бойынша _________________ түсіндіреді.

Жыныстық хромосомаларда орналасқан гендер арқылы тұқым қуалауды жыныспен тіркесіп тұқым қуалау деп атайды. Оны ең алғаш Т.Морган зерттеп ашты. Ол — дрозофиланың көзінің түсі тұқым қуалауын зерттеуге арналған тәжірибелер жасады. Бұл тәжірибеде қызыл көзді аналықты ақ көзді аталықпен, ал екіншісінде, керісінше, ақ көзді аналықты қызыл көзді аталықпен будандастырды. Дрозофиланың көзінің қызыл түсі (W+) ақ түсіне (W) қарағанда басым болып келеді. Қызыл көзді аналықты ақ көзді аталықпен будандастырғанда бірінші буында (F1) алынған ұрпақтың барлығы да қызыл көзділер болып шығады. F1-дегі дарақтарды өзара будандастырғанда екінші буында (F2) алынатын ұрпақтың ішіндегі барлық аналықтар қызыл көзділер, ал аталықтардың жартысы қызыл көзділер, жартысы ақ көзділер болады. Ақ көзді аналықты қызыл көзді аталықпен будандастырғанда, бірінші буынның өзінде-ақ алынған ұрпақтың аналықтары қызыл көзді, ал аталықтары ақ көзді болып шыққан. Мұны крис-крос жолымен тұқым қуу дейді. F1-дегі алынған шыбындарды өзара будандастырғанда екінші буындағы ұрпақтың аналықтары мен аталықтарының жартысы қызыл көзді, жартысы ақ көзді болған. Тұқым қуалаудағы мұндай ерекше жағдайды түсіндіру үшін Морган көздің түсін анықтайтын гендер жыныстық хромосомада болуға тиіс деп есептеді. Мұндай құбылыс адамдар мен жануарларға тән. Мысалы, адамда болатын қан ауруы — гемофилия, дальтонизм (түсті ажырата алмау), тер бездерінің болмауы сияқты аурулар мен кемістіктер жыныспен тіркесіп тұқым қуалайды.

Мұғалім: (Тіркесіп тұқым қуалайтын аурулар түрлерімен таныстырып, қосымша деректермен таныстыра отырып, гемофилия ауруының берілуін түсіндіреді)

Сонымен оқушылар:

  • Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау дегеніміз не? ( жыныстық хромосомларда орналасқан гендер арқылы тұқым қуалау)

  • Оны зерттеген ғалым ? ( Т. Морган)

  • Крис крос жолымен тұқым қуу дегеніміз не? (Әкесінің белгілерінің қыздарына, аналарының белгілерінің ұлдарына берілуі)

  • Тіркесіп тұқым қуалайтын аурулар . ( гемофилия, дальтонизм, аутизм, т б)

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ОҚУЛЫҚПЕН ЖҰМЫС.

IV. ҚОЛДАНУ ЖҮЙЕСІ. А) Тірек мәтінмен жұмыс. 5 ұпай.

( суреттерді таңдау арқылы , тірек сөздердің анықтамасын айту)





т ұқым қуу










Ү. ТАЛДАУ ЖҮЙЕСІ . А) Постер қорғау. 5 ұпай.

І топ. Жыныстың анықталуының генетикалық механизімі

ІІ топ. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалау

ІІІ топ. Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын аурулар

В) Жұптық жұмыс. Есептер шығару. 5 ұпай.

І жұп. Гетерозиготалы дальтонизм генін алып жүруші әйел, қалыпты көретін еркекпен тұрмыс құрса, ондай отбасында қандай ұрпақ күтуге болады? Белгі жыныс хромосомасымен тіркесіп беріледі.

ІІ жұп. Адам мен дрозофила шыбынында жыныс хромосомаларының жиынтығы ХХУ болса, жынысы қандай болмақ? Жауабы: Аталық жынысты . У хромосома жынысты анықтайды)

ІІІ жұп . Әкесі мен баласы гемофилия ауруымен ауырады. Ата анасының , баланың ең ықтимал генотипін анықтаңдар.

ІҮ жұп. Әкесі және ұлы дальтонизм ауруымен ауырады, ал шешесі сау. Баланың және ата ананың генотипін анықтаңдар. Бұл отбасында ауру әкесінен ұлына берілуі мүмкін бе?

Ү жұп. Әкесі дальтоник , қалыпты көретін қыз қалыпты көретін жігітке тұрмысқа шыққан, жігіттің де әкесі дальтоник. Осы некеден туатын баланың көзінің көруі қандай болмақ?

ҮІ жұп. Гемофилиямен ауыратын ер адам , әкесі гемофилик дені сау әйелге үйленген. Осы отбасында дені сау балалардың дүниеге келуі мүмкін бе?

ҮІ . ЖИНАҚТАУ ЖҮЙЕСІ. А) Дискуссиялық өрнек. 2 ұпай

Мазмұны

Келісемін

Келіспеймін

1

Аралар мен құмырсқаларда жыныс хромосомалары жоқ.



2

Аналық жыныс хромосома гетерогаметалы.



3

У хромосома мөлшері жағынан Х хромосомадан кіші.



4

Жыныспен тіркесіп тұқым қуалауды зерттеуде Т.Морган асбұршақ өсімдігін пайдаланды



5

Аталық және аналық дарақтарда 22 жұп хромосомалары бірдей болады.



6

Құстарда аналық жыныс хромосомасы гетерогаметалы.








В) Сәйкестендіру. 2 ұпай

  1. Аталық және аналық ағзалардың жынысын анықтайтын, әртүрлі хромосомалар.

  2. Аталық және аналық ағзалардың бірдей хромосомалар жиынтығы.

  3. Белгілі бір түрге тән организмдердің барлық хромосомалар жиынтығы.

  4. ХУ

  5. ХХ

А. Кариотип. В. Гетерогаметалы. С. Гомогаметалы Д. жыныс хромосомалар Е. дене хромосомалары.

Жауабы: 1-Д. 2- Е. 3- А. 4- В. 5- С.

С) Рефлексия. ( Смайликтерді таңдау арқылы бүгінгі сабақтан алған көңіл күйлерін көрсету)

ҮІІ. БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ. ( бағалау бетшесі бойынша , балдық жүйені бағаға айналдыру)

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Жыныс генетикасы. №1 есеп. № 208 бет.

Шығармашылық тапсырма. «Жыныспен тіркесіп тұқым қуалайтын аурулар» реферат, эссе жазу.







Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!