Материалдар / Ашық сабақ "Күзгі жапырақтар"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Күзгі жапырақтар"

Материал туралы қысқаша түсінік
Тақырыбы:Өлеңді мәнерлеп оқу «Күзі жапырақтар» Мақсаты: 1.Білімділік:Күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау,ерекшелігін бақылай білуге, өлеңдегі бейнелі сөздерді табиғат ерекшелігімен салыстыра таладай білуге үйрету. 2.Дамытушылық:Тіл байлықтарын,сөздік қорларын молайту.Қиялдап ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту. 3.Тәрбиелік:Табиғаты аялауға,әсемділікті сезіне білуге,көре білуге тәрбиелеу. Көрнекіліктер:Күз мезгіліне байланысты суреттер.Теледидар,музыка. Әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу,мәнерлеп оқу,сұрақ,жауап, түсіндіру, көрсету,ойындар,мақал, түсіндіру,көрсету,ойындар,мақал,мәтел,жұмбақ,қортынды. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:кіріктірілген сабақ(интегриованный) Билингвалды компонент:Күз-осень,autumn. Жапырақ-листья,sheet.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Қаңтар 2018
4965
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы:Өлеңді мәнерлеп оқу «Күзі жапырақтар»
Мақсаты:
1.Білімділік:
Күз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау,ерекшелігін бақылай білуге, өлеңдегі бейнелі сөздерді табиғат ерекшелігімен салыстыра таладай білуге үйрету.
2.Дамытушылық:Тіл байлықтарын,сөздік қорларын молайту.Қиялдап ойлау,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
3.Тәрбиелік:Табиғаты аялауға,әсемділікті сезіне білуге,көре білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:Күз мезгіліне байланысты суреттер.Теледидар,музыка.
Әдіс-тәсілдер:Әңгімелесу,мәнерлеп оқу,сұрақ,жауап, түсіндіру, көрсету,ойындар,мақал, түсіндіру,көрсету,ойындар,мақал,мәтел,жұмбақ,қортынды.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет түрі:кіріктірілген сабақ(интегриованный)
Билингвалды компонент:Күз-осень,autumn.
Жапырақ-листья,sheet.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекет барысы:(балалар өз еріктерімен ойнап жүреді)
Тәрбиеші:Балалар көңіл күйлерің қалай?Ауа-райымыз да тамаша болып түр.
Екен,иә.Олай болса қаңе,балалар шеңберге тұра қалайықшы.(Балаларды мадақтау)
Бұгін біз,балалар,сабағымызды бастамас бұрын бойымызды жазып,көңіл күйімізді одан ары көтеріп,ойынмен бастайық деп тұрмыз.Қане әдемі киіз үйді құрайықшы.
Ойын: «Киіз үй».
Дөңгеленіп тұрайық.
Керегені керейік
Уыққа сәл иіліп
Шаңыраққа киіліп
Киіз үйлі құрайық-деп балалар қймыл жасап киіз үйді құрайды.
Тәрбиеші:Бәрекелді,балалар қараңдаршы біздің киіз үйіміз қандай әдемі болды.Жарайсындар, балалар,енді бәріміз жайлап киіз үйімізге жайғасайық. Балалар,мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп отыр,ал сендер мұқият тыңдап шешуге тырысыңдар,иә.
Жұмбақ:Бұлттар төніп,
Жерге төніп,
Дымқыл тұман басады
Қайың,терек басынан
Сарғыш тартып,жапырақ
Жерге түсіп шашылған
Бөбектерім айтындаршы
Бұл қай кезде болады?
Балалар:Бұл күз кезінде болады.
Тәрбиеші:Жарайсындар,яғни қазір қай жыл мезгілі?
Балалар:Қазір күз мезгілі.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасындар,күз айлары туралы ақындар,компазиторлар, суретшілер көптеген өлең,тақпақтар жазып,ән шығарып, суреттер салған.Олай болса мына суреттерге назар аударайық.Күз мезгілінің өзі 3 кезеңге бөлінеді екен,иә,қане кім айтады қандай кезеңдерге бөлінеді.
(Балалар суреттерді көрсетіп кезеңдерді айтып береді)
Тәрбиеші:-Жақсы, ал кім маған осы 3 суреттің ішінен қара күзді көрсетеді,неліктен оны «қара күз» дейміз,оны қалай ажыраттың?
Бір бала жауап береді.
Тәрбиеші:-Балалар ,күз туралы кім мақал –мәтел,тақпақтар біледі?
Ағаш көркі-жапырақ,адам-көркі шүперек
Ауыл көркі терек,терек егу керек.
Балалар:Мақал-мәтел,тақпақтар айтады.
Тәрбиеші:Жарайсындар,өте жақсы күзді тақпақтар жеткіздіңдер.
Ал енді атақты компазитор П.Чайковский музыкасының әуенімен қалай жеткізгенін байқап көрейік.
Сергіту әні:
(Балалар теледидарға назар аударады)
Тәрбиеші:Балалар сендерге әуен ұнады ма?Көз алдарыңа нені елестеттік.
-Үш кезенің елесттетік.
-Күз мезгілінің әдемілігін елестеттік.
-Күз мезгілінің көңілсіз кездерін елестетейік.
Тәрбиеші:Дұрыс айтасыңдар,жарайсыңдар,сендер өздерің сезімтал,байқағыштарыңды дәлелдедіңдер.Ал енді мен сендерге атақты жазушы Қуандық Жаңғытбаевтың «Күзгі жапырақтар»атты өлеңмен таныстырамын.
(Балалар мұқият тыңдайды)
Тәрбиеші: Алтын,сары,қызыл,көк
Алуан-алуан жапырақ
Көз тартады атырап
Ой,алақай,тамаша
Шашу шашты жапырақ
Бақтың іші тамаша
Аунар ма едіжатып ап.
-Өлең ұнады ма?
-Өлеңде не туралы жазылған?
-Автор қандай-көңіл-күймен жеткізген?
-(Балалар толық жауап береді)
-Өлең авторы кім?Жауапты жеке-жеке ұлдардан,қыздардан сұрау.
Жақсы, әлгінде айтып кеткендей,ақын күз мезгілін тақпақтап осындай әдемі сөздермен жеткізіпті,ал біз осы өлеңді өз шеберлігімізбен жеткізіп көрейік.Қане ,олай болса ақырындап шеберханамызға барайық.

Жапсыру:
Тақырып:Күзгі ағаш жапырақтары сиқырлы баққа айландыру.
Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерінің айта білуге үйрету.Табиғаттың сұлулығына,өлең жолдарын сурет арқылы жеткізу,тамаша көріністеріне қамқорлықпен қарау сияқты адамгершілік дағдыларын қарастыру.Дайын қиылған түрлі –түсті жапырақтарды ұқыпты желімдеп қағаздағы ағашқа орналастыру.Күзгі табиғат ерекшелігіне деген сүйіспеншілігін тәрбиелеу.
(Балалар жұмыстарына кіріседі)
Көрме ұйымдастыру:
-Жарайсындар,балалар,сендер нені бейнеледіңдер?
Балалар:-Біз өлеңдегі күзгі бақтағы ағаштың алуан-алуан алтын сары,қызыл,көк жапырақтарын бейнелейік.
Тәрбиеші:Өте жақсы,сендердің ағаштарыңда өлең сөздеріне сай әдемі, көңілді болып шықты.
Қортынды:
-Бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?
-Несімен ұнады?
-Қандай өлеңмен таныстық?
-Кімнің тақпақ,мақал-мәтел айтқаны ұнады?
Жарайсыңдар,бүгін бәрлерің белсенді қатыстыңдар.Келген қонақтармен қоштасып,сабағымызды аяқтайық.
Сыйлықтар беру:Сиқырлы бақ (барлықтарыңа)сендерге сиқырлы жапырақтарын беріп жіберіпті.

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін талдау.
Біз бүгінгі ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне қойған мақсатыма жеттім деп ойлаймын.Балалар күздің үш кезеңін сурет арқылы ажырата біледі.Мұнда балалардың зейінін,есте сақтау қабілеттерін дамыту мақсатымен пайдаландым.Ал,теледидарда,жаңа технологиясын пайдаланғаным,балалар ән арқылы күз мезгілінің өзгеруін,яғни сезімталдыққа,күз туралы білім дағдыларын тереңдету.Сұрақ-жауап арқылы балалардың тілдерін,ойлау қабілеттерін молайту,балалар қойған сұрақтарға толық жауап бере алады.
Ал жапсыруда балалар еш қиналмастан Қуандық Шаңғытбаевтың өлеңін суреттей алды.Өйткені алдыма қойған мақсатымның біреуіде осы яғни сурет арқылы,өлең,тақпақ арқылы жеткізу болғандықтаг,басында балалар суреттерді салыстырса,одан кейін Чайковскийдің әнімен жеткізін байқағандықтан да оңдай болады деп ойлаймын.Яғни бала «жеке тұлға» ретінде сезініп жеткізе алады.Жіне соңында балалар сабақты талдады.Онда балалар өз ойларын жеткізіп,еңбектерін бағалай бастайды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!