Ашық сабақ "Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян" поэмасы" 8-сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Мағжан Жұмабаев "Батыр Баян" поэмасы" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Мағжан Жұмабаевтың "Батыр Баян" поэмасы тақырыбына арналған ашық сабақ жоспары. Ашық сабақта әр түрлі педагогикалық технологиялар, әдіс тәсілдер қолданылады. Позманы талдау мақсатында оқушыларға А3 қағазы ұсынылады, олар кезек-кезек оқиғаның басталуы, оқиғаның дамуы, оқиғаның шарықтау шегі, оқиғаның шешімі деген бөлімдерді толтырады. Бұл ашық сабақ жоспары қазақ тілді мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері үшін тиімді.
Материалдың қысқаша нұсқасы

ҚР Білім және Ғылым министірлігі













Ашық сабақ жоспары

Тақырыбы: Мағжан Жұмабаев

«Батыр Баян» поэмасы











Өткізген: Қазақ тілі мен әдебиеті пәні

мұғалімі Кажигалиев Акежан Максатович











Солтүстік Қазақстан облысы

Мамлют ауданы

«Бексейіт орта мектебі» КММ

2016-2017 оқу жылы



«Келісемін»

Мектеп директорының

оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

________________ Н. Қ. Қорғанбаева

Мерзімі: 17.01.2017 ж.

Сынып: 8

Пәні: қазақ әдебиеті

Сабақтың тақырыбы: Мағжан Жұмабаевтың «Батыр Баян» поэмасы

Сабақтың мақсаты: Поэманың мазмұнын меңгере отырып, өзіндік тұжырым жасауға, жалпы болжам жасап, ой қорыта білуге үйрену.

Күтілетін нәтиже:

А – поэманы оқып, мазмұнын түсіну;

В – кейіпкерлерімен танысып, құрылымдық талдау жасау;


С –Туған  еліне жеріне, тіліне деген сүйіспеншілігін  арттыру.


Сабақтың түрі: дәстүрлі емес

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: пікірталастық әңгіме, шығармашылығын дамыту, композициялық талдау, «РАФТ» әдісі, «Бумеранг» әдісі, постер қорғау.

Сабақтың көрнекіліктері: Оқулық, кеспелер, ресурс қағаздар, слайд, түрлі-түсті стикерлер.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а)Оқушылармен амандасу:

-Сәлеметсіңдер ме, балалар!

-Сәлеметсіз бе!

-Отырыңдар!

ә)оқушыларды түгендеу, кезекшімен сұхбат:

-Сыныпта кім кезекші?

-Сыныпта мен кезекшімін.

-Бүгін сабақта оқушылар түгел ме?

-Сыныпта ...

-Үйге қандай тапсырма берілді?

-Үйге...

б)аудитория тазалығына көңіл бөлу;

в)топты психологиялық тұрғыдан әзірлеу.

«Менің көңіл-күйім» тренингі

  • Менің көңілім жақсы.

  • Мен сабақты жылдам орындаймын.

  • Мен сабақты жақсы оқимын.

  • Менің жазуым жақсы.

  • Менің тәртібім жақсы.

Сыныпты топқа бөлу.

Оқушыларға шашыраған мақал-мәтелдері бар кеспелерді таратамын. Оларды біріктіру арқылы екі топқа бөлінеді.

1-топ: «Батырлар»

2-топ: «Еңбек»


ІІ. Қызығушылықты ояту.

Өткен жылы тәуелсіздігіміздің неше жылдығын атап өттік?

Еліміз 25 жыл ішінде қандай жетістіктерге жетті?

Осыған байланысты мектебімізде қандай іс-шаралар өтті?

Тәуелсіздік - сан буын бабалардың қасиетті жеріміздің әрбір қадамын қорғау үшін төгілген өлшеусіз қаны мен терінің өтеуі. Тәуелсіздік - кешегі батыр бабалар өсиет еткеніндей, Қазақстанды қасық қаны қалғанша қорғау жөніндегі әрбір азаматтың қайсар шешімі.” (слайд)

“ Елбасының «Тәуелсіздік толғауы» еңбегінен.

Балалар, тәуелсіздік жолында Мағжан Жұмабаевтың атқарған еңбегі қандай?

Бүгінгі таңда Мағжан оқулары не себепті болады?

Тәуелсіздік жолында күрескен қазақтың қандай батыр, хандарын білеміз?

Мұғалім сөзі: XVIII ғасыр – қазақ тарихындағы ел тағдыры сынға түскен түйінді кезең. Бұл Абылай хан, Қабанбай, Бөгенбай сынды қолбасшылардың бастауымен бір жұдырықтай түйілген батыр бабалармыздың жанқиярлық ерлік өнегесін тарих беттеріне өшпестей етіп қашаған кезең еді. Иә, тарих – шындық. Балалар, біз XX ғасырдың басындағы қазақ поэзиясының Хантәңірі – Мағжанның «Батыр Баян» поэмасын өткен сабақта оқып танысқан болатынбыз.

Бүгінгі сабақта поэманы талдап, талқылайтын боламыз.Топтарға осы бағытта тапсымалар мен талдаулар беремін. Топтағы барлық балаға тапсырма беріледі, оқушылар деңгейіне қарай тапсырманы таңдап алады.

IІІ. Мағынаны тану.

1. Мағжан Жұмабаев туралы не білесің?

2. Абылай хан туралы не білесің?


Баян -тарихта болған уақ руының шоға деген  тайпасынан. Ұрпақтарының айтуы бойынша 1700-1757 жылдар арасында өмір сүрген батыр. Баянды Абылай ханнның аса  қадір  тұтып, «Ақылы ерлігіне сай, бар батырым бір  төбеде, бұл-бір төбе» деп  отырған Бұл оқиға  өмірде  болған. Қалмақтар  алдап,Қытай  асып  кеткені   Шоқан  мақаласында  да жазылған. Тек  Баянның  қайтар  жолда ауыз  судан ұшынып  қайтыс  болғаны поэма  сюжетіне  кіргізілмеген. Баянның  ұрпағы Зейнелло Олжабаев Қарағанды жерінде өмір сүріп отыр.

Шығарманың композициялық құрылысын талдау.

«РАФТ» әдісін қолдану. «Бумеранг» әдісі арқылы жазу

Оқиғаның басталуы мен дамуы

Оқиғаның шиеленісуі

Оқиғаның шарықтау шегі

Оқиғаның шешімі

IV. Сабақты бекіту.

Талдау:

1 Жүрегім, мен зарлымын жаралыға,
Сұм өмір абақты ғой саналыға.
Қызыл тіл қолым емес кісендеулі,
Сондықтан жаным күйіп жанады да.

Бұл шумақтарда ақын не айтқысы келді? Ақын неге зарлы?

2 Түйіннің тоқсан түрлі шешуі бар,
Әдемі ертегідей баяғыда.
Әдемі өткенді ойлап айнымасам,
Сұм өмір күшті уын аяды ма?

Ақынның неге «сұм өмір» дейді? Ақын неге ертегіні айтуға мәжбүр?

- «Сұм өмір абақты ғой саналыға» деп  қызыл  империяға  ашықтан-ашық  айып  тағады.

-«Қызыл  тілім  кісендеулі» -  тіл  бостандығының  жоқ  екені;

«Сұм  өмір күшті  уын аяды ма?» - деп  өзінің ауыр  тағдырын  қоса  жырлайды.

-Ақынның  жолы «қанды  ор  боп  қалады»  деп  ақын  күңіренеді,  толғайды  көзіне  жас  алады.  Азаматтан  дос  таба  алмай, қаламымен  сырласады.

1917 ж. ақпан төңкерісінен соң Ресей конституциялы демократиялық партиясының қазақ мүше тобынан құрылған. Төрағасы Ә. Бөкейханов. Қазақ тілінлегі басылымдар шығарды, оқу-ағарту, тілді, дінді, ұлттық салтты сақтау идеясын қолдады.

Сергіту сәті:

«Австралиядағы жаңбыр»

Шарты:

1.     Австралиядағы  жаңбыр басталды.

(алақанды уқалайды)

2.     Жаңбыр жауды.

 (саусақты сартылдатады)

3.     Жаңбыр күшейді.

 (кеудесін алақанмен оғады)

4.     Нөсер жауын жауды.

(жамбасын соққылайды)

5.     Бұршақ жауып, найзағай ойнайды (аяқтарымен еденді соққылайды)

6.     Нөсер жаңбыр ақырындады. (жамбасын соққылайды)

7.     Жаңбыр саябырлады.

 (кеудесін алақанмен соғады)

8.     Жаңбыр тамшылары азайды. (саусақтарын сартылдатады)

9.     Самал жел соғып тұр.

(қолдарын тербейді)

10.  Күн ашылды.

 (Қолдарын жоғары созады)


1-топ: Хронологиялық кесте

2-топ: «Батыр Баян» поэмасы бойынша постер қорғау



V. Сабақты қорытындылау.

Пікірталас

«Баянның інісі Ноянды өлтіруі дұрыс па?»

(ия/жоқ).

Айғақтар

: Қалмақ қызы: -Ер Баян бір жорықта еліме ойран салып, ата-анамның бауырынан шырқыратып алып кетті.

Ноян: Ұнаттым

Жоқ : Дәлелдемелер

--1. Қызғаныш сезімі жайлағаннан кейін , Халық кегін, намысын алға тартып, сұлу үшін өш алды.

2. Туғанын, бауырын, жалпы кісі өлтіру қылмысқа жатады.

3. Ашу, жұрттың сөзіне арланды, жалған намыс.

Иа: Намыс, ер намысы, ел намысы

Баянның  бейнесі арқылы тәуелсіздік жолындағы күрес   біртіндеп  айқындалды.  Баян ел үшін, ел намысы үшін барлығын құрбан етті. Тәуелсіздік - Қазақ елінің ғасыр бойы көксеген арманы. Елім деп  еңіреген  перзенті Мағжанның кеудесін  жарып  шыққан  ыстық  арман.

Рефлексия. «Бес саусақ» әдісі

Топ мүшелеріне парақшалар таратылады. Әрбір оқушы парақшаға өздерінің бес саусақтарын салып, ойларын жазады.

Бас бармақ-басты мәселе.Бүгін сабақта ең құнды мәселе қандай болды.

Балалы үйрек-бірлесу. Мен топта, жұпта қалай жұмыс істедім?Кімді риза қылдым?, Кім маған көмек берді?

Ортан терек-ойлану. Мен бүгін қандай жаңа білім мен тәжірибе алдым?

Шылдыр шүмек-шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?Кішкентай бөбек-көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Алақан-алға ұмтылу. Жұмысты жақсарту үшін не жасау керек? Білімімді қалайша толықтырам?

VI. Үйге тапсырма:

«Баянның ерлігі елге мұра» тақырыбында шағын эссе жазу

VII. Бағалау. Оқушыларды сабаққа қатысқандарына байланысты бағалаймын.

VIII. Қоштасу. Сонымен, балалар, бүгінгі ашық сабағымыз аяқталды, сау болыңдар.


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
14.01.2018
1355
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі