Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз

Бонусты жинап картаңызға (kaspi Gold, Halyk bank) шығарып аласыз
1 жыл бойы тегін жүктеу мүмкіндігіне ие болыңыз!
жеңілдік
Ашық сабақ "Махамбет Өтемісұлы.Өмірі мен шығармашылығы" 10-сынып
Маңғыстау
облысы
Жаңаөзен қаласы
№15 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиет пәнінің
жоғары санатты мұғалімі
Суйеуова Гулзия Абугалиевна
Қазақ әдебиеті. 10- сынып. Қоғамдық- гуманитарлық бағыт
Сабақтың тақырыбы: Махамбет Өтемісұлы
(1803-1846)
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік - М. Өтемісұлының өмірі жайлы мағлұмат беру . Ақын
шығармаларының тақырыптық – идеялық өзектілігін
ұғындыру , өлеңдерінің құндылығын таныту;
2. Дамытушылық - оқушы бойына өзіндік пікір, көзқарас қалыптастыру.
Ізденіске, зерттеуге жол ашу, өлең талдау
дағдыларына, өлең оқу техникасына үйрету, ауызша
және жазбаша сөйлеу мәдениетін арттыру;
3. Тәрбиелік – жас ұрпақты ақынның өмірі мен шығармаларын үлгі ету
арқылы адамгершілік , адалдық, патриоттық , әділеттілік
сияқты асыл қасиеттерге тәрбиелеу . Ұлтжандылыққа ,
еліне , жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.
Түрі: Жаңа білімді меңгерту , аралас сабақ.
Әдісі: Топтық жұмыс , ЖигСО , сұрақ - жауап, іздену, сөздік жұмыс, оқулықпен жұмыс, РАФТ
және т.б.
Көрнекілігі: интербелсенді тақта , Махамбеттің суреттері, сызба – кестелер, слайд, бейне
дыбыс, маркер, парақшалар, магнит, тірек- сызбалар және т.б.
Сабақтың барысы:І. Ұйымдастыру.
ІІ. Оқушыларды топқа бөлу.(Дулыға, қылыш, сауыт суреттері арқылы бөлінеді,топ басшысы сайланып,бағалап отыру үшін жетондар беріледі).
ІІІ. Үй тапсырмасын сұрау.
1 – слайд. (интербелсенді тақтадан Дулат Бабатайұлының суреті көрсетіледі)
Сұрақтары:
2 – слайд.
1-топқа: 1) Дулат Бабатайұлы қай өңірде дүниеге келді?
2) Қандай шығармалары бар?
2-топқа: 3)Өлеңдерінің тақырыбы қандай?
4) «Еспенбет» поэмасында не суреттеледі?
3-топқа: 5) Еспенбет кім?
6) Дулаттың қазақ әдебиет тарихынан алатын орны қандай?
ІV Жаңа сабақ:
3-слайд: Қызығушылықты ояту: «Ақын», «Батыр», «Күйші»
сөздерінің мағынасын ашу. Осы үш қасиет те бойынан табылатын кім ойымызға келеді?
(Махамбет Өтемісұлы)
4-слайд.Мұғалім сабақты дәйексөз арқылы бастайды: «Ерлік табиғаты тылсым. Нағыз ерлер ер атанам деп ерлік жасамайды. Ерлік адамның өз болмысынан шықпақ. Ерлік жасап атымды қалдырам дегендер де болады, бірақ олар туралы әңгіме бөлек. Ал бүкіл болмысы, ғұмыры ерлікке толы жандар болады, міне, сондай адам - Ер Махамбет» (Ғарифолла Есім).
Мағынаны тану: ЖИГСО әдісі (әр топ өздеріне бөлініп берілген мәтінді оқып, бір - біріне
түсінгендерін әңгімелейді).
5-слайд.Мұғалім ақын өмірі жайлы қысқаша мағлұмат береді.
р/с |
Жылдар |
Мағлұматтар |
|
1803 жыл |
М.Өтемісұлы Батыс Қазақстан облысы , Орда ауданы (Қазіргі Жәнібек ауданы) Нарын құмы , Жасқұс деген жерде өмірге келген. Шыққан тегі Байұлы ішіндегі Беріш руынан . Әкесі Өтеміс Құлманиязұлы ауқатты , беделді би болған. Махамбет Қосуан есімді екінші әйелінен туған. Ол мұсылманша , орысша хат таныған. Өтемістің он ұлы болған : Тоқтамыс, Ысмайыл, Бекмұқамбет, Махамбет, Досмайыл, Сүлеймен, Қожахмет, Ыбырайым, Әйіп, Хасен. Махамбеттің «Өтемістен туған он едік, онымыз атқа мінгенде , жер қайысқан қол едік» деуі – содан. |
|
1824-1828 жылдар |
Орынбор қаласында Жәңгірханның ұлы Зұлқарнайынның қасында болды. |
|
1829-1835 жылдар |
Түрмеге қамалады. |
|
1836-1838 жылдар |
Батыс Қазақстандағы Исатай Тайманұлы бастаған шаруалар көтерілісінің жалынды жыршысы, ұйымдастырушысы болды. |
|
1838-1841 жылдар |
1838жылы 12 шілдеде Ақбұлақ бойындағы шайқаста Исатай қазаға ұшырап , Хиуа жақта екі жылдай жасақ жинауға әрекет жасады. Бөкей ордасына жасырын өтіп, ел ішін паналады. Ақын өмірінде ауыр да сүргінді жылдар жалғасып, 1841 жылдың 4 наурызында Махамбет ұсталып Орынборға жеткізіледі. |
|
1845-1846 жылдар |
Ақпанда Махамбет баласы Нұрсұлтанды оқуға орналастырмақ ниетпен Орынборға келеді. |
|
1846 жылы 20 қазан |
Ақын қаза тапты . Зираты Атырау облысы , Махамбет ауданындағы Қараой деген жерде . |
6-слайд.Махамбет мұрасына қатысты қалыптасқан үш кезең
-
І кезең: 1821-1835 жылдарды қамтитын ақын поэзиясының көтеріліске дейінгі
кезеңі
ІІ кезең: 1836-1838 жылдарды қамтитын ақынның көтеріліс кезіндегі туындылары
ІІІ кезең: 1839-1846 жылдардағы көтеріліс жеңіліске ұшырағаннан соңғы
шығармалары.
V. «Кім шапшаң?» (білімдерін тексеру). Оқушылар топ бойынша сұрақтарға жауап береді. (Тақтада қынапқа жебелер салынады , жебенің бастарына сұрақтар жасырылады).
7-слайд.VІ. Дәптермен жұмыс:
!»»ә((1!»!ттТТ»!«Жорық»

«Арысты аңсау»


«Өкініш»



«Шілтерлі терезе»
«Тарлан»
«Ақтабан»
Күйлері
«Қайран, Нарын»
«Жұмырқылыш»
«Бес тайпа»
«Үш тайға»
Әндері
8-слайд.Махамбеттің 11 күйі 1982 жылы «Шашақты найза, шалқар күй» деген атпен жарық көрген.2003 жылы ЮНЕСКО шеңберінде ақынның 200 жылдығы аталып өтті. ІV томдық жинағыбасылып шықты.
Ә.Спан, Ж.Дүйсенбаева «Махамбет және Маңғыстау»
Х.Досмұхамедұлы«Аламан»
Махамбет туралыжазылғаншығармалар
Қ.Жұмалиев«Егеулі найза»
М.Шахановтың арнау өлеңдері
Ә.Кекілбаев «Махамбет»дастаны
Ж.Молдағалие в«Махамбет қабірі басында»
Т.Әлімқұлов«Қараой"
1 оқушы өзінің жатқа білетін өлеңін мәнерлеп оқиды.
VII.Топтық жұмыс: Ақын өлеңдеріне поэтикалық талдау (Оқушыларға өлең топтамалары таратылады)
1-топ «Қызғыш құс» өлеңі
2-топ «Ереуіл атқа ер салмай»
3-топ «Тарланым»
9-слайд. «Қызғыш құс» өлеңі бойынша
Қызғыш құс-су маңын мекендейтін,қалың шөп өскен жерге ұясын салатын желкесінде қауырсынды айдары бар,дене пішімі көгершіндей қара ала құс.Көзінің айналасы мен бауыры ақ,басы мен мойыны қара.
Лашын-жыртқыш құстар тұқымдасына жататын саят құсы.
Лирикалық кейіпкер-ақынның өзі.
Психологиялық параллелизм-Ау,қызғыш құс,қызғыш құс!
Мен де айырылдым елімнен...
Сен де айырылдың көліңнен.
Сені көлден айырған-лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған-Хан Жәңгірдің екпіні.
Қайталау-Ау,қызғыш құс,қызғыш құс! (қаратпа сөз)
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
10-слайд. «Ереуіл атқа ер салмай» өлеңі бойынша
Теңеу-терлігі майдай ерімей.
Эпитет-қу толағай,ереуіл ат,егеулі найза,ұлы түс
Аллитерация-Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей...
...тебінгі теріс тағынбай,
Темірқазық жастанбай
Ассонанс-Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай.
Эпифора-Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық шөл көрмей.
11-слайд. «Тарланым» өлеңі бойынша
Риторикалық сұрау-Таудан мұнартып ұшқан тарланым!
Саған ұсынсам қолым жетер ме?
Арызым айтсам өтер ме?
Теңеу-Керіскедей шандозым,
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым,
Хиуадай базарлым,
Теңіздей терең ақылдым.
(дай,дей жұрнақтары арқылы қатыстық сын есімдер жасалып тұр,зат есімнен сын есім тудырушы жұрнақтар).
(Өлеңдердегі аллитерация,ассонанс,анафора,эпифора,теңеу,эпитет,психологиялық параллелизм,риторикалық сұрау, сөз тіркестері және т.б.тауып,өлең құрылысына талдау жасалады).
12-слайд.VIII.Сөздікпен жұмыс: Мысалы, ереуіл ат (соғысқа мінетін,жарап тұрған ат),
қу толағай (тақыр,жалаңаш ердің басы)
керіскедей (жұқа етіп басылған қалпақ, сырмақ сияқты сәнді киім, бұйым тігуге арналған ақ киіз. Керіске деп Адай еліндегі мағынасы, жүрісі өте майпаз, сәнді қозғалатын алып бауырымен жорғалаушыны атайды. Маңғыстаудың елсіз, қамысты, қорысты жерлерінде керіске күні кешеге дейін болды деседі көне көздер. Бір сөзбен айтқанда,керіске-Америка құрлығындағы алигатор,Тынық мұхиты аралындағы кайман тұқымдас тіршілік иесі,үлкен алапат күштің иесі.Махамбет өлеңдеріндегі керіске-осы.
Шандоз-Қарағай шаптым шандоздап...
Керіскедей шандозым,- бұл сөз осылай Махамбетте екі жерде ғана кездеседі. Шандоз-шебер.
Кермиық,кербез-паң,сұлу
Тебінгі-ат пен үзеңгі аралығына байланатын киізден,былғарыдан жасалған жабынды.
Терлік-қозы,лақ терісінен иленіп аттың арқасына жабылатын,ат тері сіңетін жабдық.
Малта-құрттың езіліп кішірейген түрі.
Найза-қару түрі.
құсалық- қасіретке батушылық,мұңаю.
Жебе-садақ оғы
Сусар-аң
Адырна-садақтың жебесін тіреп ататын тарамысы
Сөз тіркестері: тебінгі терге шіру,терлігі майдай еру,ат үстінде күн көру және т.б.
13-слайд.IX.РАФТ әдісі:
Р-рөл (оқушының аты-жөні)
А-аудитория (Махамбет Өтемісұлы)
Ф-форма (хат)
Т-тақырып (Оқушылар Махамбетке хат жазады)
Бағдаршам: Оқушылар бағдаршамға барып өздерінің белгілерін қояды.
Қызыл түс-сабақты меңгермегендер,жасыл түс-толық меңгергендер,сары түс-әлі де түсінбегендері бар.
Х.Сабақты бекіту:Мұғалімнің қысқаша қорытынды сөзі арқылы бекітіледі.
14-слайд. Қараой жері көрсетіледі («Жұмыр қылыш» күйі жәй әуенде естіліп тұрады).
Махамбеттің суреті сақталмаған.Белгілі антрополог-мүсінші Ноэль Шаяхметов 1967 жылы ақынның бас сүйегі бойынша оның бет-әлпетін қалпына келтіріп,мүсінін сомдаған.Осының негізінде кентаулық әуесқой суретші М.Сариев М.Өтемісұлының портретін жасапты.
Астана қаласындағы оқушылар сарайына ақын есімі берілді.Атырау облысында Махамбет атындағы аудан,ауыл,көше бар.Индер ауылынан 40 шақырым ақын қайтыс болған жерде кесенесі тұрғызылды.
ХІ.Бағалау.(Топ басшысындағы жетондар арқылы бағаланады).
15-слайд.
ХІІ.Үйге тапсырма: Махамбеттің өлеңдерін жаттау.
1.Махамбет қай жылы,қай жерде дүниеге келді?
2.Махамбеттің көтеріліске қатысуы қай жылдардан басталды?
3.Исатай қашан қазаға ұшырады?
4.Махамбеттің Исатайға арнаған қандай өлеңдерін білесіңдер?
5.Ақынның өзің білетін бір өлеңін жатқа айт.
6.Исатай бастаған көтерілістің мақсаты не?
Ереуіл атқа ер салмай
Ереуіл атқа ер салмай,
Егеулі найза қолға алмай,
Еңку-еңку жер шалмай,
Қоңыр салқын төске алмай,
Тебінгі терге шірімей,
Терлігі майдай ерімей,
Алты малта ас болмай,
Әр түйірі ат болмай,
Ат үстінде күн көрмей,
Ашаршылық,шөл көрмей,
Арып-ашып жол көрмей,
Өзегі талып ет жемей,
Ер төсектен безінбей,
Ұлы түске ұрынбай,
Түн қааатып жүріп,түс қашпай,
Тебінгі теріс тағынбай,
Темірқазық жастанбай,
Қу толағай бастанбай,
Ерлердің ісі бітер ме?!
Тарланым
Таудан мұнартып ұшқан тарланым!
Саған ұсынсам қолым жетер ме?
Арызым айтсам өтер ме?
Арыстаным,көп болды-ау,
Саған да менің арманым!
Кермиығым,кербезім,
Керіскедей шандозым!
Құландай ащы дауыстым!
Құлжадай айбар мүйіздім!
Қырмызыдай ажарлым,
Хиуадай базарлым,
Теңіздей терең ақылдым,
Тебіренбес ауыр мінездім!
Садағына сары жебе салдырған,
Садағының кірісін
Сары алтынға малдырған,
Тереңнен көзін ойдырған
Сұр жебелі оғына
Тауықтың жүнін қойдырған!
Маңдайын сары сусар бөрік басқан,
Жауырынына күшіген жүнді оқ шанышқан,
Айғайда белдік байланған,
Астана жұртын айналған!
Атына тұрман болсам деп,
Жұртына құрбан болсам деп
Адырнасын ала өгіздей мөңіреткен!
Қызғыш құс
Ау,қызғыш құс,қызғыш құс,
Қанатың қатты,мойның бос.
Исатайдан айырылып,
Жалғыздықпен болдым дос.
Ау,қызғыш құс,қызғыш құс!
Ел қорыған мен едім,
Мен де айырылдым елімнен.
Көл қорыған сен едің,
Сен де айырылдың көліңнен.
Аспанда ұшқан,қызғыш құс!
Сені көлден айырған-
Лашын құстың тепкіні.
Мені елден айырған-
Хан Жәңгірдің екпіні.
Айтып,айтпай немене?
Құсалықпен өтті ғой,
Махамбеттің көп күні!

