Материалдар / Ашық сабақ М.Әуезов "Жетім" 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ М.Әуезов "Жетім" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
4 сынып мұғалімдеріне сабақ өткізуде әдістемелік көмек. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдердің оқушыны сыни ойлатуға тиімділіг жоғары болды. Сабақ барысында оқушылар топпенде, жұппенде, жекеде жұмыс жасап, белсенділіктерін көрсете алды. Оқушылар сыни ойлап, өз ойларын еркін жеткізе білді. Мәтінді өз беттерімен оқып, жұмыс барысында мәтінді толық түсінгендіктерін көрсете алды. Өз тәжірибемді барлық ұстаздармен бөліскім келеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Қараша 2018
601
3 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

Атырау облысы

Қызылқоға ауданы

Тасшағыл ауылы,

Тасшағыл орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Сагинбаева Гулмира Муратовна


Күні:28.11.2018

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4

Сабақ тақырыбы: М.Әуезов Жетім

Жалпы мақсат:

Білімділік: Әңгімені алдымен мәнерлеп түсініп оқушыларға оқып беріп, оқу дағдыларын қалыптастыру, әңгіменің тақырыбын ашу.
Дамытушылық: Оқушылардың сөздік қорын, ойлауын, көз алдына елестету, қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, жанашырлыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сілтеме:

  1. Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

  2. Әдебиеттік оқыту әдістемесі


Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Шығармадағы негізгі ойды түсінеді. Өмірмен байланысын таба алады. Қоғамға өзгеріс ендіре алатынына сенеді.

Негізгі идеялар:

Көркем шығармамен жұмыс

Сабақта қолданылатын материалдар:

АКТ құралдары: Интернет, интерактивті тақта, постер, түрлі – түсті бояу, қағаздар, микрафон, адамның макеті, табыс сатысы, бейне жазба «Жетімдер» кинофильмнен үзінді


Оқыту әдістері: Жаңа әдістер, АКТ, СТО

1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3.Жұптық жұмыс

4. Топтық жұмыс


Дерек көздері:

Интернет материалдары



Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Топқа бөлу. 1,2,3 сандары орындықтарының артына жазылып қояды. Сол сандар арқылы үш топқа бөлінеді.

1-топ: «Ғылым» тобы

2-топ: «Тілшілер» тобы

3-топ: «Бейнелеуші» топ.


II. Жаңа сабақ

  • «Карточкадағы терминдер»
    Карточканың бір жағында әріптер берілген. Бір жағында жаңа сабаққа байланысты термин сөздер бар. Сол термин сөздер туралы білетіндерін ортаға салады.

  1. Ж- Жүрегін қорқыныш билеу

  2. Е-Демі үзілген

  3. Т-Қаға беріс

  4. І-Қиянат

  5. М-Зар еңіреген

- Жетім сөзі шығады.

- Жетім дегенді қалай түсінесіңдер?

- Тірек сөздерді қалай түсінесіздер?

- Жаңа сабағымызды бастамас бұрын, мына жердегі дәйексөзге көңіл аударайық: «Бұл дәуірде өз тілін, әдебиетін білмеген, қадірлемеген адам толық мәнді адам емес» М. Әуезов

Сұрақ:
1. Өз тілін, әдебиетін білмеген деп нені айтып тұр деп ойлайсыңдар?
( тілін білу, әдебиетің білу)
- Ал енді мен сендерге тереңірек түсіндіріп берейін.
- Әр ұлт өз тілін білу керек.
- Өз тілін білген адам, өзінің өткенін біледі.
Өткені дегеніміз ол - тарих, тарихтың айнасы - әдебиет.
Біз одан оқып білеміз.

М. Әуезов кім? Ол туралы не білеміз?
Мухтар Әуезов Шығыс Қазақстан облысы 1897 - 1961ж
Қазақтың ұлы ғұлама жазушысы, Драматург, Қазақты әлемге танытқан қоғам қайраткері. М. Әуезовтің бүкіл әлемге тараған 4 томдық роман эпопеясы қалай аталады? «Абай жолы»

Бүгін өз білімімізді «Табыс сатысына» көтерілу арқылы бағалап отырамыз. Қолдарыңдағы адамның макетіне есімдеріңізді жазып қойыңыздар. Әр тапсырманы орындауға қатысқан оқушы табыс сатысына көтеріліп отырады.

  • Оқулықпен жұмыс. 1 сатыға көтеріледі.

  1. Мәтінді іштей оқу.

  • «Сыр сандық" ашып білейік. Бейнежазба көрсетіледі.

«Жетімдер» әңгімесі мен Е.Рақышевтін «Жетімдер» киносы туралы не айтар едіңіздер? салыстырыңыздар.

  • Мәтінмен танысқаннан кейін тірек сөздерді қалай түсіндіңіздер?



  • Топтық жұмыс. 2 сатыға көтеріледі.

1-топ: Ғылым тобы

Мәтінді бөлімге бөлу
1. Жалғыз жаяу
2. Қасымның әжесінен айрылып қаралы күйге түсуі.
3. Иса мен Қадишадан көрген қорлығы.
4. Тау ішіндегі қорқыныш.
5. Ағашқа қатып қалған бала.

2-топ: Тілшілер тобы (жазу)

Мәтін бойынша үш сұрақ дайындап топтарға қойыңдар

3-топ: Бейнелеуші топ.

Қасымның орнында болсаң не істер едің? (Рөлге бөлу, сурет салу)

(Үш топ бір-брінің жұмысын критерийлер арқылы бағалайды)



  • «Ойлау» стратегиясы. Жұптық жұмыс 3-сатыға көтеріледі

  1. Қасымның қашуы дұрыс па еді? Неге кері қайырылмады?

  2. Жеті түнде Қасымды айдап шыққан кім? (әңгіменің қай бөлімінде)

  3. Қасымның әжесінен айырылуы.

  4. «Жетімнің малына қианат қылма! Өзін адам ет, күт, асыра, жылатпа!» деп кімге тапсырды?

  5. Қасымның ойы неден шатасты?

  6. Табиғат балаға қалай көрінеді? Оны табиғатпен байланыстырайық. Көңіл күйінің үндесуі.

  7. Рөлге еніп Қасымды бейнелеп беріңдер ?

  8. Қасым жеті түнде неліктен жалғыз жаяу келе жатты?

  9. Қасымның тағдыры неге қиын болды?

  10. Әңгіме неліктен жетім деп аталған? «Жетім» — деп кімдерді айтамыз? Көз алдарына кімдер елестейді?



Жеке жұмыс. Эссе. Қасымға хат. 4-сатыға көтеріледі.

Қасымға жетімдіктен құтылудың қандай амалын айтар едің? Әр топ эссе жазу кезінде төмендегі мақалдарды пайдаланып жазасыздар.
1-топ:

Жалғыздың үні шықпас,
Жаяудың шаңы шықпас
2-топ:

Жақсы - жаңына жолдас.
Жаман малыңа жолдас
3-топ: Жаман сөз жүрекке тастай тиеді.


ІІІ. Жаңа сабақты бекіту. Бейнеролик «Жетім бала»

Қазіргі таңда Қасым сияқты балалар бар ма? Олардың өмірі туралы не білеміз?

Қазіргі заманмен салыстырғанда жетімдер бар, бірақ олар Үкімет үйінде /балалар үйінде тәрбиеленеді/. Дегенмен, балалар үйінде қаншама жағдай жасалынса да ата - ананың мейірім шуағына ешнәрсе жетпейді. Анасының қасында қара су ішкенге не жетсін!

  • Ана мейірімін көрмеген бала осы өмірге риза бола ма екен? — деп

  • Елімізде жетімдер саны азаю үшін қандай тілек айтасыңдар?
    Жүрекшенің жанындағы ленталарды ұстап жұптасып өз тілектерін айтады.
    Мұғалімнің сөзі:

Қай жерде жүрсеңдер де, қоғамнан өз өмірін таба алмай, өмірдің қиын тағдырына ұрынып, әке – шешенің қамқорына зәру болған, Қасым секілді құрбы - құрдастарыңа оң көзбен қарап, жанашырлық танытсаңдар нұр үстіне нұр болар еді. Қазақта «Жетім көрсең жебей жүр!» деген жақсы бір сөз бар. Ендеше, осы жүрекшедей айналамызға нұрымызды шашып, «Жетімін жылатпаған ел болайық!»


ІҮ. Бағалау. Табыс сатысына көтерілген оқушыларды бағалау

Өте жақсы – сатының шыңы

Жақсы – үшінші басқышы

Орташа – екінші басқышы

Төмен – сатының бірінші басқышы


Кері байланыс.

Ү. Үйге тапсырма. «Жетім» әңгімесін оқып, әңгімені өз ойларыңмен аяқтап келіңдер.



































































Shape12 Shape11 Shape10 Shape9 Shape8 Shape7 Shape6 Shape3 Shape2 Shape4 Shape5

3

3

3

3

3

3

2

2

2

2

2



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!