І. Топтық
тапсырма
І
топ
–
Екі дүниеде
Жамалдың обалы саған болсын, би болмақ тұрсын, патша болатын болсаң
да Жамалды неғып сондай жаманға қиып бермекші боласың? – деп
көзінен жас төгіп, үйден шығып кетті. «Ұрғашының шашы ұзын, ақылы
қысқа» деген осы деп, Сәрсенбай басқа сөз айтпай, ішінен мыңқылдап
отырып қалды.
Сәрсенбай бұрын
Жамалды жақсы көріп, өзінің теңіне беремін деп жүруіне һеш шүбә жоқ
еді. Бұл сапарда сайлаудағы шыққан шығын, кеткен намыс һәм
ілгерідегі үміт һәммасы қосылып, оның үстіне көлденең кісілердің
сөзі де қамшы болып, «не қылса да Байжанмен құда боламын» деп жауап
қайтарды.
Берілген үзіндіге
байланысты әке образына қатысты өз көзқарасыңызды білдіріңіз.
Әкелердің балалары үшін жар таңдауға хақы бар
ма?
«Екі түрлі
түсініктеме күнделігі» стратегиясы бойынша жоғарыда
берілген сұрақтарды негізге ала отырып, төмендегі кестені
толтырыңыз.
Сәрсенбай қандай
әке?
|
Әкелердің балаларына жар
таңдауға хақысы бар ма?
|
|
|
ІІ
топ
Шолпан қызынан
сұрады:
–
Қарағым, Жамал,
жұрт мынадай деп жатыр, енді қайтеміз? –
деп,
Жамал:
–
Апа, енді мен
үшін жаманатты болмаңыз, маған енді Ғали болмаған соң бәрібір, суға
батырып, отқа жандырса да ықтияр бере беріңдер, Алла тағала менің
маңдайымды ашайын десе, Ғалиды мұндай қылмас еді, – деп
қасіреттеніп, мұңлы дауыспен жауап
берді.
Жұман мырза
Жамалды өзі келіп алуды намыс көрген соң, Байжанның қатыны келіп
алып кетті.
Берілген
үзіндідегі Жамалдың жан күйзелісіне қатысты сіздің көзқарасыңыз.
Жамал қай жерден қателесті деп ойлайсыз? Әке разылығын алмағаны
үшін бақытсыздыққа тап болуы мүмкін бе? Әке разылығын аттау дұрыс
па?
«Тұжырым
кестесі» стратегиясы бойынша берілген
сұраққа өз ойыңызды білдіре отырып тапсырманы
орындаңыз.
Жамалдың
жан
күйзелісі
|
Жамалдың
бақытсызды
ғының
себептері
|
Әке разылығын
аттау
|
|
|
|
ІІІ
топ
–
Ғали, Ғали,
қиналды жаным, қайдасың? – деп, ақырғы тіршілігінің минуты осы
болып, бір ояздай елге әңгіме болған сұлу Жамал мақсатына жете
алмай, жапан далада, декабрьдің рақымсыз боранды түнінде жантәсілім
қылды...
Берілген үзінді
бойынша пайымдау кестесін
толтырыңыз.
Мәтіндік
зерттеу
Тағдыр тәлкегіне
ұшыраған қазақ қызының
трагедиясы
|
|
Мәтіннен шығар
өмірлік қағида
Қандай ой түюге
болады?
|
|
Тәрбиелік мәні
бар қорытынды
|
|
Талдауды қажет
ететін қорытынды
Мәтінге сүйене отырып, тағы
қандай мәселені талдар
едіңіз?
|
|
Кері байланыс «
Қызық, қиын, құнды»
Бағалау «Құндылық
баспалдағы»
ІІ. Берілген
кесте бойынша мәтіннен кез келген үзіндіден дәлел келтіре отырып,
өз көзқарасыңызды
білдіріңіз.
Маған ой салған
эпизод
|
Мені таңдандырған
оқиға
|
Маған тосын көрінген
жайт
|
|
|
|
Дескриптор:
-
Үзінділермен жұмыс
жасайды;
-
Шығармадағы өзекті
мәселелерді анықтай алады;
-
Дәйекті ой, шынайы
көзқарасын таныта біледі;
Кері байланыс
«Ойды аяқта»
Дескриптор
парақшасы арқылы бағалау
Бекіту
Жамал тағдыры
сіздерге қандай ой салды?
Сіздіңше Қалампыр
мен Шолпан бақытты ма?
Сәрсенбай
ше?
|