400 000+ дайын материалды
1 жыл бойы шексіз жүктеңіз
ҚМЖ, БЖБ, ТЖБ, презентациялар және авторлық материалдар
4 990₸/ 1 жыл
🔥Арнайы баға ·10.12.2026 дейін
Одан кейін - 29 990 ₸
Бір рет төлейсіз · Автотөлем жоқ
Тақырып бойынша 13 материал табылды

Ашық сабақ: М.Шаханов "Нарынқұм зауалы" Әке үкімі

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: М.Шаханов "Нарынқұм зауалы" Әке үкімі 7-сынып 2025ж
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бөлім тақырыбы:Ұрпақ тәрбиесі

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 7

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

М.Шаханов «Нарынқұм зауалы» Әке үкімі.

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

7.2.3.1.Шығармадағы көркемдегіш құралдардың (символ, синекдоха, қайталау түрлері: эпифора, анафора, аллитерация, ассонанс, риторикалық сұрақ) қолданысын талдау.

7.3.3.1. Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазу.

Сабақтың мақсаттары

Көркемдегіш тәсілдердің қолданысын тиімді талдайды, әдеби эссені ұлттық құндылық тұрғысынан талдап жазады.

Құндылықтарға баулу

Құндылық: тәуелсіздік және отаншылдық

-отандық және әлемдік мәдениетті танудың құралы ретінде оқуға деген тұрақты қызығушылық;

Құндылық: бірлік және ынтымақ

-ортақ мақсатқа жету үшін басқалармен бірлесіп әрекет ету және өзіне жүктелген міндеттерді жауапкершілікпен орындау;

Құндылық: әділдік және жауапкершілік

-тапсырманы жоспарланған мерзімге сәйкес уақытылы және сапалы орындау

Жоспар

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы


І. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылар назары сабаққа аударылады.

Қызығушылықты ояту.«Балмұздақ таяқшалары»

Топтар қағаз қиындыларындағы сұрақтарды суырады. Оқушылар топ ішінде сұрақтарға жауап дайындайды, талдайды, ойларын ортаға салады.

Сұрақ:

  • Шығармада Махамбет бойындағы қасиеттер қалай байқалды? Қай жолдарда анық байқалды?

  • Шығармада ұлттық құндылықтар қалай сипатталды?

  • Шығарманың «Нарынқұм зауалы» деп аталу себебін қалай түсіндірер едіңіздер?

Сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады.

Оқушылар назары сабаққа аударылады.

Топтар қағаз қиындыларындағы сұрақтарды суырады. Оқушылар топ ішінде сұрақтарға жауап дайындайды, талдайды, ойларын ортаға салады.




Сабақ тақырыбы мен мақсаты анықталады.


ҚБ «Нысана»



7-сынып қазақ әдебиеті

Сабақтың ортасы























































ІІ. Мағынаны тану. Әке мен бала диалогы мәтіні таратылады.

«Әке үкімі» үзіндісі таратылып, оқушылар топтық жұмыс жүргізеді. «Рөлдік ойын».

Топ тақырыбы «Әке үкімі»

1-топ. «Орындаушы» Шығарма мазмұнын айтып береді;

2-топ. «Сыншы» ол орындаушының олқы тұстары туралы айтады.

3-топ. «Қорғаушы» «орындаушының» ұтымды жауаптарын айтып қорғайды.

4-топ. «Бақылаушы» топтардың өз рөлін қалай алып шыққанын бағалайды.

Дескриптор:

  • Шығарма мазмұнын айтып береді;

  • орындаушының олқы тұстары туралы айтады;

  • «орындаушының» ұтымды жауаптарын айтып қорғайды.

ҚБ

Тапсырма. Оқушыларға кесте таратылады. Шығармадан берілген үзінділердегі көркемдегіш тәсілдерді анықтап, олардың қолданылу ерекшелігін түсіндіреді.

Көркемдегіш құралдар

Шығармадан мысал

Қолданылу себебі, ерекшелігі

Аллитерация




Ассонанс




Қайталау




Эпифора




Риторикалық сұрақ




Синекдоха




Дескриптор:

  • Көркемдегіш құралдарға шығармадан мысал келтіреді;

  • Қолданылу себебі мен ерекшелігін талдайды.

ҚБ

Тапсырма.Шығармадағы әке мен бала образын талдаңыз. Жасалу тәсілдерін анықтаңыз.

Әке

Бала




Жасалу тәсілдері




Дескриптор:

  • Шығармадағы әке мен бала образын талдайды;

  • Жасалу тәсілдерін анықтайды.

ҚБ

Тапсырма:

Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдай отырып, «Қайсар рухты қазақ» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.


Бағалау критерийі

Дескриптор

Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдап, әдеби эссе жазады

Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдайды;


Әдеби эссе жазады.

«Автор орындығы» үздік шығармалар «Автор орындығында» оқылады.

Әке мен бала диалогы мәтіні таратылады.

«Әке үкімі» үзіндісі таратылып, оқушылар топтық жұмыс жүргізеді.














Оқушыларға кесте таратылады. Шығармадан берілген үзінділердегі көркемдегіш тәсілдерді анықтап, олардың қолданылу ерекшелігін түсіндіреді.











Шығармадағы әке мен бала образын талдаңыз. Жасалу тәсілдерін анықтаңыз.







Шығарманы ұлттық құндылық тұрғысынан талдай отырып, «Қайсар рухты қазақ» тақырыбында әдеби эссе жазыңыз.

«Автор орындығы» үздік шығармалар «Автор орындығында» оқылады.













ҚБ «Нысана»




















ҚБ «Нысана»











ҚБ «Нысана»





ҚБ «Нысана»





















































http://kitap.kz/reader/bota_narinkumz






Дереккөз: http://kitap.kz/reader/bota_narinkumz








Сабақтың соңы

2 минут


Рефлексия

«Мен үшін маңызды болды» ұғымымен оқушылар тақтадағы пирамидаға стикер жапсырады.




Шомбал жігіт кіріп келді ентелеп
Кірген бойда, 
Әке деді
Әке деді еркелеп
Жүруші едің 
Маған ылғи өкпелі 
Кеюші едің 
Мал болмайсың деп мені
Сол сөзіңді сірә қайтып аласың-ау шамасы
Атышулы Баймағамбет сұлтанның
Маған берген сыйлығына қарашы
Төрде отырған әкесінің алдына 
Маң-маң басып барды да
Алтын жіппен әдіптелген жағасы 
Сұр ішікті тастай салды баласы
Иә, сөйле деді әкесі 
Қандай ерлік көрсеттің
Екі ай бойы
Қане қайда жол шектің
Баласы айтты:
Топ бастадық төрт адам
Махамбеттің жақыны
Ықыласты үгіттеп
Мақтап қағып арқаға
Қосып алдық ортаға
Бұл түгелдей 
Мына ұлыңның ақылы
Еркін жетер әңгіме ол бір таңға
Қапысызда қармақ салып
Махамбетті алдап соғып 
Басын кесіп сыйға тарттық сұлтанға
"Ой залым-ай, жүзіқара залым-ай"
Мұнша залым екеніңді қалай келгем танымай
Бұдан өткен зор қасірет болар ма,
Бұдан өткен зор қасірет болар ма,
деп әкесі жас үйірді жанарға
Қабағыңды жаба қалды неге мұң
Әке сенің қай сөзіңе сенемін
Есіңде ме менің бала күнімде 
Махамбетті жек көремін дегенің

Рас, ұлым айтылған сөз оқпен тең
Бір кезде мен Махамбетті жек көргем
Әлде кемшін шағым ба еді ол ақылға
Пенеделік қой алған мені тақымға
Оған себеп сенің анаң жасынан
Ғашық болған сол Махамбет ақынға
Азаппенен атса да асау таңдарым
Қайрағам жоқ қызғаныштың қанжарын
Іштен тынып жүре бердім төзген боп
Бірақ өзін құлай сүйген жан барын 
Қайран ақын сезген жоқ
Анаң марқұм ол дегенде от жалындап көзінен
Тамсанушы ед
нақ бір бақыт табардай әр сөзінен
Ұлы ақынға деген іңкәр сезімін
Көрге бірге ала кетті ол өзімен

Ақын деген киелі аққу самғаған
Ал, ендеше аққуды атқан пендені
Қай атаңнан көріп едің, оңбаған
Бұ салада сен бірінші адамсың
Адам емес ең бірінші надансың
Ертең сені қойып желдің өтіне
Ызалы ұрпақ түкіреді бетіңе
Және бұл зар оңайлықпен тиылмас
Қанымыз бір жолымыз да шиырлас
Енді сенің кесіріңнен маған да
Туған жердің топырағы бұйырмас
Жә, не қайыр налы мейлі, налыма
Кеттік қәне
Ішігіңді ал қолыңа!

Ұясына күн тұр еді батқалы
Түксиеді меңіреу құм шатқалы
Олар үлкен қара жолға түсіп ап,
Бір төбенің басына кеп тоқтады.
"Мына төбе саған соңғы шығар шың
Болатынын ұғарсың
Сен, әрине, құралайды көзге атқан
Атқан оғын маздатқан
Менің мерген екенімді ұмытпаған шығарсың,-
Деді әкесі құлазып нар көңілі
Дір-дір етіп"Ұмытқам жоқ" деді ұлы!
" Балам үміт өмірімнің өлшемі
Өзің едің, қайғым болдың еңселі
Осы жолмен өткен жұрттың аузынан
Махамбеттің жырын тыңдап жат енді

Дала заңы - Баба заңы, қарағым,-
Деп әкесі қолына алды садағын!




Материалды Word форматында жүктеп аласыз
Тарифке кіреді
11 ұстаз жүктеп алған
2 сәуір
417
Бұл материалды қолданушы жариялаған. UstazTilegi материалдың мазмұны мен авторлық құқықтарына жауап бермейді. Авторлық құқық бұзылған жағдайда шағым қалдыра аласыз
"Ұстаз" платформасында тіркелген пәндік олимпиадалар
Аттестацияға жарамды екенін көру үшін "Ұстаз" платформасында "Жарыстар, олимпиадалар тізімінен "Ustaz tilegi" деп іздесеңіз шығады
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Осы тақырыпта
көрнекілік керек па?
10 000 астам көрнекіліктерді жинап қойдық.
Көрнекілік бөліміне өтіп тақырыбын жазып жүктеп алыңыз!
Министірлікпен келісілген Аттестацияға жарамды курстар тізімі