Ашық сабақ "Ойынға шығармашылық идеялар" 1 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Ойынға шығармашылық идеялар" 1 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ойынға байланысты шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушының тұлғалық қасиеттетерін дамыту
Материалдың қысқаша нұсқасы

1- сыныпқа арналған дене шынықтыру сабағының жоспары.

Тақырып:Ойынға шығармашылық идеялар.

Мақсаты:1.Қауіпсіздік ережесін сақтай отырып,комуникативті дағдыларын дамыту ойындарын игерту;

2.Ойынға байланысты шығармашылық тапсырмалар беру арқылы оқушының тұлғалық қасиеттетерін дамыту;

3.Дене тәрбиесіне ынталандырып,спортқа белсенділігін қалыптастыру

Сабақтан күтілетін нәтиже:

а)Оқушы дамыту ойындары бойынша шығармашылық тапсырмаларды меңгереді.

в)Шығармашылық тапсырмалардың күшті жақтарын жетілдіреді.

с)Ойынға шығармашылық идеямен қарап,жақсартуды қажет ететін жақтарын іздейді

және бақылайды.

Құрал-жабдықтар:Ойынға қажетті доп,жалаушалар,ысқырғыш және спорт алаңындағы сатылар,ағаш белдеулер.

Өтетін орны: Мектеп жанындағы спорт алаңы.

Уақыты: 45 минут

Пән иесі: БҚО.Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы ,Краснояр ОЖББМ-нің дене шынықтыру пәні мұғалімі Ильясов Нұртас Қасымұлы.





















Сабақтың мазмұны

Уақыт мөлшері

Әдістемелік нұсқау

Дайындық бөлімі

1.Сапқа тұрғызу.Кезекшілік баяндамасы. Сәлемдесу.

Сабақтың тақырыбын айтып , мақсат,міндетті айқындау..


2.Саптық жаттығулар;Оңға,солға,кері бұрылу,саппен жүру жаттығуларын орындау.


3.Жүру және жүгіру жаттығулары.


Бір орында жаттығулар орындау.


-Қолды белге қойып,басты айнадыру

-Оң қолды жоғары,сол қолды төмен ұстап қолды алма-кезек алмастыру.

-Екі қолды жоғары ұстап алдыға еңкейу және отыру,қайта қалыпқа келу.

-Қолды алдыға ұстап отырып,тұру.


10 минут













7-8 рет

10-12 рет


8-9 рет


12-15 рет

Оқушылардың спорттық киімдерін қадағалау және тексеру.

Сап жаттығуларымен жүру,жүгіру жаттығуларын орындау.


Жүру,өрмелеп шығу және жүгіру кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау ескертілді.









Босаңсыту жаттығулары: Қолды жоғары ұстап терең дем алу.

Негізгі бөлім

Сабақ тақырыбы бойынша дамыту ойындары техникаларын үйрету жаттығулары:

1.Негізгі жаттығуларды сабақ барысында түсіндіру.

2.Дайындық жаттығулары:

Арнайы жаттығулар.

3.Ойынға қатысты шығармашылық идеяларды жетілдіріп,жаттықтыра отырып,оқушыларға сабақ барысында түсіндіру және орындалуын талап ету.

4.Комуникативті дағдыларын дамыту ойындары техникасын жетілдіру жаттығулары;Оқушыға секіру, бұрылу,өрмелеп жүру тәсілдерін үйрете отырып,әр түрлі бағытта жүгіру және жүру жаттығуларын жетілдіру.

Ағаш белдеуден ең алдымен ұл балаларды кезекпен өрмелетіп жүргізіп,екі топқа бөліп, сабақтың тақырыпқа байланысты келесі тапсырмасы футбол ойынын ойнауға кірістіріледі.Осы кезде сыныптың қыз балалары ағаш белдеудің үстіне кезекпен мүғалімнің көмегімен,бағыттауымен шығарылады.

30 минут



Сабақтың өту барысында оқушылардың кауіпсіздік ережелерін сақтауын қадағалай отырып, тапсырманы дұрыс орындатуға ықпал ету және сабақ барысында тәртіптің сақталуын қамтамасыз ету.







Оқыту барысында оқушыға бағыт бере отырып,өзіне жүктелген тапсырманы аяғына дейін жеткізіп орындауына ықпал ету.

Қорытынды бөлім

Оқушыларды сапқа тұрғызу қалпына келтіру және босаңсыту жаттығулары орындалады.


-Бір қалыпты жай жүгірістер

-Бір орындағы жай секірулер және әр түрлі жаттығулар орындату.


2.Сабақ соңында «кері байланыс» жасау.





4.Оқушылардың сабақтан ұйымшылдықпен кетуі.

5 минут






Мадақтау түрлерін қолдану (қол шапалақтау, «жарайсыңдар»сөзін қолдану)



Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
21.12.2017
3442
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі