Материалдар / Ашық сабақ: Өкпенің тіршілік сиымдылығы

Ашық сабақ: Өкпенің тіршілік сиымдылығы

Материал туралы қысқаша түсінік
Сынып жетекшілеріне жіне биология мұғалімдеріне керек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Ақпан 2019
819
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Биология 8 сынып

Сабақтың тақырыбы:. Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Тынысалу мүшелерінің аурулары

Сабатың мақсаты: : Өкпенің тіршілік сыйымдылығы. Тыныс алудың жүйкелік

және гуморальдық реттелуі. Тынысалу мүшелерінің аурулары таныстыру



Сабақтың жоспары: І Ұйымдастыру кезеңі

ІІ үй тапсырманы тексеру

ІІІ Жаңа тақырып

ІV Қорытынды

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы деп адам терең дем алып, терең дем шығарғандағы ауаның ең көп мөлшерін айтады. Әйелдердің өкпесінің тіршілік сыйымдылығы орташа есеппен алғанда 3000–3500 мл, ер адамдарда 3500–4800 мл болады. Дене еңбегімен шыныққан адамдарда өкпенің тіршілік сыйымдылығы 6000–7500 мл дейін барады.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығы (ӨТС) 3 құрамды бөліктен тұрады. Адам тыныштық қалыпта әрбір демалғанда және әрбір дем шығарғанда шамамен 500 мл ауаны жұтады, әрі шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныстық сыйымдылық деп аталады (71-сурет).

Адам қалыпты дем алып, артынша терең дем алғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны жұтады. Бұл жұтылған ауа мөлшерін тыныс алудың қосымша сыйымдылығы дейді.

Адам қалыпты дем шығарып, артынша терең дем шығарғанда тағы да қосымша 1500 мл ауаны шығарады. Бұл ауа мөлшері тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы деп аталады.



Өкпенің тіршілік сыйымдылығы → тыныстық сыйымдылық (500 мл) + тыныс алудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл) + тыныс шығарудың қосымша сыйымдылығы (1500 мл). ӨТС=500 мл+1500 мл+1500 мл=3500 мл



Қаншама терең дем шығарғанмен де өкпеде 1200 мл ауа қалып қояды. Оны қалдық ауа сыйымдылығы деп атайды. Сондықтан да өкпе еш уақытта қабысып қалмайды.

Өкпенің тіршілік сыйымдылығын өлшейтін (анықтайтын) арнайы құралды спирометр дейді. Неғұрлым өкпенің тіршілік сыйымдылығының көлемі көбірек болса, соғұрлым адамның денсаулығы күшті болады.





112-сурет. Дем алып, дем шығарғандағы өкпе көлемінің ұлғайып-кішіреюінің сызбанұсқасы (стрелка ауаның өту бағытын көрсетеді)



Тыныс алудың жүйкелік және гуморальдық реттелуі. Тыныс алу мен тыныс шығарудың алмасуы орталық жүйке жүйесінің қызметіне байланысты. Сопақша мида тынысалу, тыныс шығару орталығы орналасады. Тыныс шығарғанда өкпенің сығылуы өкпе көпіршіктеріндегі жүйке ұштарын тітіркендіріп, қозу пайда болады. Қозу сезгіш жүйке талшықтары арқылы тыныс алу орталығының тыныс алу бөліміне беріледі. Бұл бөлімнің импульстері жұлынға, одан қозғалтқыш жүйке талшықтары арқылы сыртқы қабырғааралық бұлшықеттер мен көкетке беріледі. Бұлшықеттер жиырылып, кеуде қуысын кеңейтеді, тыныс алады. Тыныс алу мен тыныс шығаруды реттейтін орталық – жүйке жүйесі. Мұны жүйкелік реттелу дейді. Тынысалу орталығы жөтелу, түшкіру сияқты қорғаныш рефлекстерін тудырады.

Гуморальдық реттелу. Қанның химиялық құрамы өзгергенде (көмірқышқыл газының артуы, қан қышқылдығының жоғарылауы және т. б.) тынысалу орталығының жұмысы гуморальды реттеледі. Қанда көмірқышқыл газы концентрациясының артуы мидағы тынысалу орталығын қоздырып, тынысалу жиілейді. Адреналин мен тироксин гормондары да тыныс алуды жиілетеді.

Жасанды тыныс алу жолдары. Адам суға кеткенде, ток соққанда, газбен уланғанда есінен танып қалуы мүмкін. 5–7 минут ішінде жүрек пен өкпенің жұмысын қалпына келтіру керек. Жедел жасанды тыныс алдырып, жүрекке массаж жасау қажет (72-сурет). Жасанды тыныс алдыру жолдары: а) аурудың басын шалқайта қатты заттың үстіне жатқызу; ә) түймелерін ағытып, кеудесін жалаңаштау; б) мұрны мен аузын дәкемен жауып, минутына 16 рет ауа үрлеу; в) суға кеткенде етпетінен жатқызып, өкпесін судан тазартып құстыру; г) жүрегі тоқтап қалса кеудесін қос қолдап ырғақты басу; д) әрбір 5–6 рет басқаннан соң аузына ауа үрлеу; е) тамыр соғуын ұдайы тексеріп (қадағалау) тұру.



105-сурет. Жасанды тыныс алуда көрсетілетін жәрдем (бағдарша кеуде қуысын қолмен басу бағытын көрсетеді)

Тынысалу мүшелерінің аурулары және оның гигиенасы. Өкпені жарақаттайтын ауру – туберкулез. Туберкулез (латынша «tuberculum» – төмпешік) – микроскоппен ғана көрінетін туберкулез таяқшасы микробы қоздыратын жұқпалы ауру. Туберкулез таяқшасы адам ағзасында өте тез көбейеді. Ағзадан тыс жерде көбеймейді, бірақ қараңғы, ылғалды, жылы жерде ұзақ сақталады. Даладағы шаңның ішінде 3–14 күнге дейін тіршілік етеді. Туберкулез ауруы ұлпаларды жансыздандырады. Өкпе қатайып беріштенеді (73-сурет). Ауырған адам терлегіш, әлсіз, дене қызуы көтеріңкі болады. Тамаққа тәбеті тартпайды, жөтеледі, қан түкіреді.

Күтіну шаралары: витаминді, қуатты тамақ ішу; бойды таза ұстау; таза ауада көп серуендеу; дәрігер белгілеген дәрілерді уақытында ішу.

Тұмау – бүкіл ағзаны әлсірететін өте кең тараған қауіпті жұқпалы ауру. Асқынғанда басқа аурулардың тууына себепші болады. Аурудың дене қызуы көтеріледі, түшкіреді, жөтеледі, тамақтың иісін, дәмін сезбейді. Иіс, дәм сезу мүшелеріне қатты әсер етеді. Мұрын қуысындағы капилляр қантамырларының қабырғалары кеңейіп, кілегейлі қабықшадан сұйық заттар көп бөлінеді. Тұмаумен ауырғанда гигиенаны сақтау керек: а) ыдыс-аяқ, төсек-орынды бөлектеу; ә) бөлмені ауық-ауық тазалау; б) желдеткішті ашып, таза ауа кіргізу; в) жатып емделу және т. б.; г) терең тыныс алу; д) спорт, дене шынықтыру, дене еңбегімен шұғылдану.

Ірі қалаларда өнеркәсіп орындарынан, автокөліктерден бөлінетін улы газдар да ауаны ластайды. Ол үшін өнеркәсіпте қалдықсыз технологияны енгізу, тазартқыш қондырғылар орнату қажет.

Сынып бөлмесінің де ауасының тазалығын қадағалап отырыңдар. Үзіліс кезінде терезені ашып желдетуді ұмытпаңдар!

73-сурет. Туберкулезбен ауырғандағы өкпенің беріштенуі

Темекі шегудің тыныс мүшелеріне зияны. Темекі түтінінде адам ағзасына зиянды 200-ден астам улы заттар болады. Бұл заттар сілекейде еріп, асқазанға түседі де, оның кілегейлі қабығын жарақаттайды. Темекі түтіні тыныс жолының кілегейлі қабығын қабындырады. Темекі түтінінде болатын күйе (сажа) мен қара май (деготь) ұсақ бронхиолалар мен өкпе көпіршіктерін бітеп тастайды. Өкпе ағзаны оттекпен толық қамтамасыз ете алмай газ алмасу бұзылады (73-сурет).

Темекінің түтініндегі радиоактивті заттар ағзаға жиналады. Темекіні көп шеккен адамның өкпесі қатерлі ісікке көбірек шалдығады. Темекі құрамындағы улы зат – никотин. Ол орталық жүйке жүйесін зақымдайды. Көп мөлшерде болса, адам үшін өте қауіпті, өліп кетуі де мүмкін. Темекі, әсіресе жас ағзаны тез уландырады. Жас достар! Темекіге әуестенбеңдер!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ