ІІ. Білімді
өзектендіру. Сабақ басында мұғалім
оқушыларға жұптарда келесі ұғымдарды өзара қайталауды ұсынады:
процент, проценті бойынша санды табу, берілген санның процентін
табу
ІІІ. «GOTO»
ойыны.
Кабинетте 11 түрлі қағазға
жазылған тапсырмалар әр жерге ілініп тұрады. Әр парақта тапсырма
нөмірі, тапсырма мәтіні және жауап нұсқалары бар. Әр оқушы кез
келген бекеттен тапсырмасы бар парақты алып, есеп шығаруды
бастайды. Берілген тапсырманың әр жауаптарының тұсында қай бекетке
баратындығы көрсетілген. Кезекті есепті шығарып болғаннан кейін,
олар жауабын тауып қана коймай келесі бекет парағының нөмірін
анықтайды. Барлық бекеттен өтіп, бастаған бекетіне қайтып келген
оқушы жеңімпаз атанады. Ойын тоқтатылып, бекеттердің дұрыс бағыты
бойынша жауаптары тексеріледі (6 слайд). Әр оқушы дұрыс жауаптар
санын анықтап, бір –бірімен және интерактивті тақтадағы жауаптармен
тексеріс жасап, жауап парағына өзін
бағалайды.
1. N қаласында жүруге ыңғайлы
2,8 мың жеңіл машина бар. Олар барлық жеңіл машиналардың 7% - ін
құрайды. N қаласында барлығы неше жеңіл машина бар? Жауабы: 40 мың
машина
2. Егер ауа температурасы
алғашында 25% -ке жоғарыласа, сосын 40% -ке төмендесе, қалай
өзгерген? Жауабы: 25%
3. Жаңа компьютер 120000
теңгеге сатып алынды. Оның жылдық амортизациясы 20% - ті құрайды.
Бір жылдан кейін компьютердің құны неше теңгені құрайды? Жауабы:
96000 тг
4. Сыныптағы 35 оқушының 60%
-і математикалық үйірмеге қатысады. Неше оқушы математикалық
үйірмеге қатыспайды? Жауабы: 14
5. Балалар суреттерінің
көрмесіне барлық суреттердің 24% -ін құрайтын 72 жұмыс таңдалып
алынды. Барлығы неше сурет ұсынылған? Жауабы:
300
6. 80 г дәннің 64 граммы өсіп
шықты. Дәннің өнімділік процентін табыңыз. Жауабы:
80%
7. Хайуанаттар бағында
маймылдар күнделікті көкөністер мен жемістердің 60 кг-мын жейді.
Олардың 27 % - і банан, 33% - і сәбіз, ал қалғаны – алмалар.
Маймылдар неше килограмм алма жейді? Жауабы:
8. Сүт құрамының 6% - і
кілегей. 12,6 кг кілегей алу үшін қанша сүт қажет?
Жауабы:210
9. Картоптың 21% - і крахмал.
12,6 кг крахмал алу үшін қанша картоп керек? Жауабы:
60
10. Кесіндіні 25% -ке
үлкейтті. Бастапқы кесіндіні қайта алу үшін, жаңа кесіндіні неше
процентке кішірейту керек? Жауабы:20%
11. Кесіндіні 20% -ке
кішірейтті. Бастапқы кесіндіні қайтып алу үшін, жаңа кесіндіні неше
процентке үлкейту керек? Жауабы:25%
Бағалау
критериі.
30 минутта есепті шығару
және 3 минутта тексеру:
-
11 тапсырманың кез келген 7
–еуін дұрыс орындау.
-
Немесе 5 тапсырманы дұрыс
орындау: №7, №8, №9, №10, №11.
Есептер жауаптары слайдқа
шығарылып, көрсетіледі. Мұғалім дайын жауаптарымен жұмыс барысында
оқушыларға нұсқау береді.
Тапсырмаларды басқалардан
бұрын аяқтаған оқушылар үшін, келесі қосымша тапсырмалар
ұсынылады.
1. Екі себетте 7,92 кг көкөніс
бар. Біреуіндегі көкөніс екіншісінен 20% -ке артық. Әр себетте неше
килограммнан көкөніс бар? Жауабы:7,1 және
0,82
2. Екі санның қосындысы 76 -ға
тең, ал бірінші саннық 25% -і мен екінші саннық 15% -інің қосындысы
14-ке тең. Жауабы: 26 және
50
3. Концентрациясы 20%, 30%
және 40% -ті құрайтын сәйкесінше 250 г, 300 г және 450 г азот
қышқылдарын араластырды. Қоспаның концентрациясы
қандай? Жауабы:
32%
|