Ашық сабақ Қ. Шаңғытбаев "Сабалақ" өлеңі

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Қ. Шаңғытбаев "Сабалақ" өлеңі

Материал туралы қысқаша түсінік
Қ. Шаңғытбаев туралы мәлімет беру, "Сабалақ" өлеңінің деректілікнегізі, өлеңнен ақын тілінің ұлтжандылық мәні зор екендігіне көз жеткізу
Материалдың қысқаша нұсқасы














Қуандық Шаңғытбаев "Сабалақ" өлеңі

Сабақтың тақырыбы: Қуандық Шаңғытбаев «Сабалақ» өлеңі
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Қ. Шаңғытбаев туралы мәлімет беру, «Сабалақ» өлеңінің деректілік негізі, өлеңнен ақын тілінің ұлтжандылық мәні зор екендігіне көз жеткізу, ақындық рухының биіктігін таныту.
ә) тәрбиелік: Оқушыларды ұлтжанды болуға, Отанын сүйе білуге, елінің ертеңгі болашақ жастар екеніне сенімін арттыру.
б) дамытушылық: Оқушының мәтінді мәнерлеп оқу, талдау жүргізе білуге, өз ойын ақын тілімен де, әдеби тілімен де жеткізе білу қабілеттерін дамыту
Сабақтың түрі: Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың әдісі: түсіндіру, мәнерлеп оқу, қайталау, сұрақ - жауап, миға шабуыл,, талдау, шығармашылық, ішінара ізденіс, топтық жұмыс, жеке жұмыс тосқауыл және шабуыл,
Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта, слайд - презентация, портрет, үлестірмелі кеспе қағаздар, , түрлі - түсті бағалау қағаздары моншақтар, жіп,жұмыртқа ұяшығы салынған суреттер,стикерлер, семантикалық карта
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі, Қазақстан тарихы
Сабақтың барысы
І Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
Топқа бөлу. «Абылай хан, Сабалақ, Тәуелсіздік» сөздері арқылы топқа бөлемін.

Топтарға құстың ұясы салынған суреттерді тарқатып беремін. Әр тапсырмаға жауап берген топ мүшелері ұяға жұмыртқа жинау арқылы ұпай жинайды. Ал моншақты берілген тапсырмаға дұрыс жауап беруіне қарай жинайды.

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау: « Шабуыл мен тосқауыл» әдісі арқылы үй тапсырмасын сұраймын.
Үйге берілген тапсырма: Ж. Молдағалиевтың «Ар - ұят туралы» өлеңі.

Әр топқа үш қима қағаздар тарқатамын. Оны ашпай мыжиды. Жерге дөңгелек етіп сызып топтан бір оқушы шығады да, ортаға тұрып келесі топтан шығып мыжығанын лақтырады. Егер лақтырған қағаз шеңберден шығып



кетсе, лақтырған оқушының өзі жауап береді, шеңберге түссе шеңберде тұрған оқушы өзі жауап береді. Кім жауап берсе сол жұмырқа алып тобына ұпай жинайды.
ІІІ Жаңа сабақ «Ой шақыру»
1. Интербелсенді тақтада:
1) Батыр туса... (ел ырысы)
Жаңбыр жауса... (жер ырысы)
2) Ер жігіт елі үшін туады... (елі үшін өледі)
3) Бірлік бар жерде... (тірлік бар)
4) Ерлік білекте емес... (жүректе)

2. «Аңырақай» «Сабалақ» «Абылай»
(Тақтада «Аңырақай», «Сабалақ», «Абылай» сөздері шығады. Оқушылар осы сөздерді естігенде алдымен көз алдарына не келеді, сол жайында қысқаша ойларын ортаға салады)

3. Балалар біз бүгін Қ. Шаңғытбаев «Сабалақ» өлеңімен танысамыз. Дәптерлеріңізді ашып, бүгінгі күнді, тақырыпты жазып қоямыз. Енді мен сіздерге Қ. Шаңғытбаевтың өмірімен қысқаша ғана таныстырып өтем.Интербелсенді тақтада:
Қуандық Шаңғытбаев
(1925 - 2001)
Қ. Шаңғытбаев Ақтөбе облысы Қарабұлақ ауданында дүниеге келген. Әл - Фараби атындағы Қазақтың Ұлттық Университетінің филология факультетін бітірген. Өмір жолында ұстаздық жолдан өткен. "Ар ма, республикам" (1974), "Лирика" (таңдамалылар, 1976), кітаптарын шығарды. 1980 — 1987 жылдар аралығында "Жыр жаһаны", "Гүлтолқын", "Саршатамыз", "Жыл құсы" атты лирикалық шығармалары жарық көрді.
4. Мәнерлеп оқу (әр топтан бір - бір оқушыдан шығып оқиды)
Сұрақ - жауап әдісі арқылы «Сабалақ» өлеңнің мазмұнын ашамыз.

1.Ақын Аңырақайдағы соғысты қалай суреттейді. Тілін тарихпен салыстырып көрейік.
2. Сиреп қалған серіктерін көргенде Әбілмәмбет қандай күйге түсті?
«Сиреп қалған серіктерден сескеніп,
Әбілмәмбет бас бармағын шайнайды»



3. Әбілмәмбеттің шешімі?
«Ата нәкес, жықты ма жау туымды»,
Деп ызаға Әбілмәмбет буынды.
«Ала кетем жастығымды мен де» деп,
Қынабынан алдаспанын суырды.

Бұл өлең кім туралы жазылған?
Қазақ халқы кімдермен соғысады?
Абылай кім? Сабалақ кім?
7. Интербелсенді тақтада Абылай ханның суреті көрсетіледі.
Абылай хан
Абылай (Әбілмансұр) хан — (1733 — 1737) билік құрған. Абылай хан (1711 - 1781) Қазақ Ордасының ханы, қазақ мемлекетінің тарихындағы аса көрнекті мемлекет қайраткері, арғы тегі Жошы хан, бергі бабалары қазақ ордасының негізін салған Әз - Жәнібек, одан соң еңсегей бойлы ер Есім хан, Салқам Жәңгір хан. Абылай – Жәңгір ханның бесінші ұрпағы. «Ақтабан шұбырынды» жылдарында жетім қалып, үйсін Төле бидің қолына келеді. Аш - жалаңаштықтан жүдеген өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған «Сабалақ» деп ат қойып, түйесін бақтырады. Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады. Абылай хан жиырма жасында «Абылай, Абылай» деп ұран салып, Қалдан Сереннің ұлын Шарышты өлтіреді. Абылай хан – Үш жүздің басын қосқан хан, көрші жатқан ұлы Ресей мен Қытай елдер арасында достық қарым - қатынасты орнатқан демократ. Ол тек 25 жасында Әбілмәмбет қайтыс болғанда ғана таққа отырады. Оның ақылшысы, кеңесшісі – Бұқар жырау. Ол соғысқа Абылайдың қанды көйлек жолдастары Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, Шапырашты Наурызбай, т. б. қазақтың белгілі батырлары тізе қоса қатысады. 1781 жылы мамыр айында Абылай хан Түркістанда қайтыс болады. Сүйегі Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Яссауи кесенесінің ішінде Қабырхана мен Ақсарай арасындағы дәлізде жерленген. Абылайдың артында 12 әйелінен 30 ұл, 40 қыз қалды. Оның үлкен ұлы Уәли әкесі қайтқаннан соң таққа отырады. Абылай қаһарлы хан болуымен қатар, қазақ халқының рухани қасиетінен еркін сусындаған дарынды күйші ретінде де белгілі. Ол - «Ақ толқын», «Алабайрақ», «Бұлан жігіт», «Дүние қалды», «Жетім торы», «Қайран елім», «Қара жорға», «Қоржыңқақпай», «Майда жел», «Садаққаққан», «Сары бура», «Шаңды жарық», т. б. күйлердің авторы.
Қазақ халқының жадында Абылай қажырлы мемлекет қайраткері, батыл қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, жауынгерлік ұранға айналды.
Оқушылар, Абылай ханның өмірімен қысқаша ғана танысып өттік.




6. Сөздікпен жұмыс
1) Аңырақай – жердің аты
2) Сарбаздар – әскер
3) Омақаса – құлаудың бір түрі
4) Дүбірі – шуы, дыбысы
5) Түзде – далада

8.
Жаңа сабақты меңгеру
Топпен жұмыс. Өлеңді сатылай кешенді талдау

Семантикалық картамен жұмыс

Зерттеу объектісі

Өлең құрылысы

Теңеу

Кейіптеу

Синоним

Антоним

Әдеби теориялық ұғымдар, өлеңнің көркемдік тіліне талдау

16 шумақты, 4 тармақты, 11 буынды, 3 бунақты

Қаршығадай, таудай.

Өлік тосып, ескі, мылқау молалар

Айқас, қаржау, шабу, шаншу, шабысты, айысты, қағысты

... деп ызаға Әбілмәмбет буынды. Қалды кенет жүзі жайнап жадырай

Сергіту сәті.
«
Бүгінгінің Абылайы» кім деп ойлайсыңдар? (3 - 4 оқушы өз ойларын ортаға салады)
9.
«5 минуттық эссе» стратегиясы оқушылар шағын эссе жазады( тақырыбы конверт ішінде жасырулы болады. Оқушы конвертті таңдау арқылы тақырыпты алады )
1 - топ. «Абылай ханға хат»
2 - топ.
«Сабалаққа құрдастарынан хат»
3 - топ. «Егер де мен Абылай хан болсам…»



10. Білімді бекіту:
1. Қ. Шаңғытбаев қай жылы, қай жерде дүниеге келген?
2. Қандай аудармаларын білесіңдер?
3. Өлеңдегі негізгі кейіпкер кім?
4. Өлеңде қай жердегі соғыс баяндалады?
5. Сабалақ дегеніміз кім?
Ү. Сабақты қорыту

INSERT парағы арқылы сабақты қорытамын.

Білемін

Мен үшін жаңалық

Білгім келеді

Абылай хан Үш жүздің басын қосқанын тарих пәнінен өттік

Абылай хан бірнеше күйлердің авторы екенін сабақтан білдім.

Абылай ханның 12 әйелінің, 30 ұлдары мен 40 қыздарының есімдерін білгім келеді


11. Бағалау: Оқушылардың жауаптарына қарай қолдарында жиналған жұмыртқа санына қарай және топты моншақ санына байланысты білімдері бағаланады. Өзін - өзі бағалау және өзара бағалау нәтижесінде қорытынды бағалары белгіленеді

12. Үйге тапсырма. «Сабалақ» өлеңінен үзінді жаттау. Абылай хан туралы мәліметтермен танысу













«Абылай ханға тағзым»




«Сабалаққа жас буыннан хат»





«Егер де мен Абылай хан болсам…»



Өлең құрылысы

Теңеу

Кейіптеу

Синоним

Антоним








Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
21.12.2017
680
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі