Сабақтың тақырыбы: «Қайырымдылық» Мағзұм Сүндетов
Жалпы мақсаттар: Оқушыларға қайырымдылық, мейрімділік жайлы айта келе, түсініп оқуға үйрету; тілін, сөйлеу мәдениетін, ой өрісін дамыту; үлкенді сыйлауға, құрметтеуге, тазалыққа тәрбиелеу.
Оқыту нәтижесі:
1. Мәтіннің «Қайырымдылық» деп аталуын, негізгі ойын ашып түсіну;
2. Мұхтардың іс - әрекетіне баға бере білу;
3. Қайырымдылыққа
тағы не жататынын білу;
4. Алған білімдерін өздіктерінен қорыта алу.
Негізгі идеялар: Қайырымдылық — адамның асыл қасиеттерінің
бірі. Кісінің айналасындағы
адамдарға деген ықыласы мен көмегін адамгершілік қарым - қатынастарын білдіреді. Қайырымдылық ұғымының екі қыры бар.
Бірі — рухани - экономикалық жағы (басқаның басына түскен ауыртпалықты қабылдау),
Екіншісі — іс - тәжірибелік жағы (іс жүзінде нақты көмек беруге ұмтылу).
Тапсырмалар:
1.«Ой қозғау»
2.«Ойлан, жұптас, талқыла»
«Қамқорлық» сөзін топтастыру.
3. Жаңа мағынаны таныту. Оқулықпен жұмыс.
4. Сөздік жұмысы. Бәкене – аласа; Қақ – іркіліп қалған жауын суы.
Жүргізілетін жұмысым
Мұғалімнің
іс - әрекеті:
1.
Ұйымдастыру
кезеңі. Сыныппен сәлемдесу.
Пазл құрастыру арқылы топқа бөлу.
Сабаққа қатыспаған оқушыларды белгілеу.
Бағалау критерийлері.
1. Үй жұмысын орындауы.
2. Қосымша сұрақтарға жауап беруі.
3. Жаңа сабаққа қатысуы;
Қызығушылықты
ояту. «Ой қозғау»
Видео
Үй тапсырмасын
тексеру.
«Кубизм» әдісі арқылы тексеріледі.
1. Мәтіннің авторы кім? Ол туралы не білесіз?
2. Жерге түскен торғайдың хәлі қандай еді?
3. Сұр жылан қандай күш көрсетті?
4. Торғай аспанға қалай ұшып кетті?
5. Ақбілек деген кім?
6. Ақбілек бала кезінде жылан туралы не естіп еді?
«Ойлан, жұптас, талқыла»
«Қайырымдылық» сөзін топтастыру.
Қайырымдылық
Постер қорғалады. Топ бір - бірін бағалайды.
Сұрақтарға жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір - бірден ынталандыру үшін смайликтер таратылады.
Жаңа мағынаны таныту.
Оқулықпен
жұмыс.
I бөлім: Монтиған құрбыларынан ерекше.
II бөлім: Күшікті құтқарғанына қуанышты.
III бөлім: Міне қызық. Апасының да жүзі жылып, мейірлене қарайды.
Сұрақтарға жауап беріп болған соң, деңгейлеріне қарай топқа бір - бірден ынталандыру үшін стикерге баға қойып таратылады.
Сергіту сәті.
Дәптермен
жұмыс. Сөздік жұмысы.
Бәкене – аласа;
Қақ – іркіліп қалған жауын суы.
Топпен жұмыс: «Ой шақыру»
1 - топ: Салыстыру кестесі
Әңгіменің аты
«Торғай» « Қайырымдылық»
Авторы
Ұқсастығы
Айырмашылығы
Негізгі ойы
«Толықтыру» тесті.
1. Әлгінде оны мұғалім ___ деп мақтаған.
2. Мені мыналардан ____ өлтіретін болды ғой.
3. Күшікті ______
Мұхтар қуанышты.
4. Анасының жүзі жылып, ______
қарайды.
5. Әрине, әр кез солай _____ бол!
6. Өйтпесіңе сенем, жаным… деп, – ___
бетінен сүйді.
Тәртіпті, таза; құтқарсайшы; құтқарғанына; мейірлене; қайырымды;
баласының.
6.
Бағалау.
Мұғалім: Бүгінгі сабақ ұнады ма?
Мұғалім: Олай болса, бүгінгі сабақта кім өте жақсы жауап бергенін бағалайық.
7. Үйге
тапсырма. Мәтінді түсініп оқу, мазмұндау. 251 - 252
бет.