Материалдар / Ашық сабақ. Қауіпсіздік ережесі. Физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгерістер.
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ. Қауіпсіздік ережесі. Физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгерістер.

Материал туралы қысқаша түсінік
Мұғалімдерге керек, тәжірибе алмасу мақсатында, оқушылардың тақырып бойынша білім, білік және дағдысын арттыру, олардың пәнге деген қызығушылығы мен ынтасын арттыру, салауатты өмір салтын насихаттауға көмектеседі. Оқушылар оқыту үрдісі барысында бір-бірімен тығыз қарым-қатынас орнатып, өзара пікір алмасады және мұғалімдердің педагогикалық жетістіктерін арттырады. Мұғалімдерге көмекші құрал ретінде қолдануға ұсыныс береді
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Маусым 2019
1745
4 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

5-бөлім – Денсаулық және физикалық белсенділік.

Мектеп: 84

Күні:11.01.19

Мұғалімнің аты-жөні:Турлыбеков Нурғали

Сынып: 3 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Қауіпсіздік ережесі.

Физикалық жүктеме кезіндегі ағзадағы өзгерістер.

Оқу мақсаттары

3.3.3.1 - қозғалыс әрекеттерін орындау кезінде ағзадағы физикалық өзгерістердің себептері жайлы пікірлесу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: дене жаттығуларын орындаукезінде қиындықтармен тәуекелдерді түсінеді және көрсетеді.

Көптеген оқушылар: салауатты өмір салты үшін дене белсенділігінің маңыздылығын түсінеді.

Кейбір оқушылар: мұғалімнің көмегінсіз өз бетінше дене жаттығуларын жасай алады.

Бағалау критерийлері

  • денсаулықты нығайтуға ықпал ететін дене жаттығуларын көрсетеді;

  • жаттығуларды орындау барысында қиындықтарды және тәуекелдерді түсінеді.

Тілдік мақсаттар


Пәндік лексика және терминология

денсаулық, дене қыздыру, пульстің жиілігі, физикалық қасиеттер

қыздыру әрекеттері: бір орнында жүгіру, аяқтарын қосып секіру, аяқты қосып, ашып секіру, алға еңкею

жүгіру, тез жүріс, жәй жүріс

бұлшық, жүрек соғуының қысқаруы, жылдамдықтың қалыпқа келуі

бағыт, кеңістік

ойын, команда, ынтымақтастық

тактика, стратегия

Талқылауға арналған сұрақтар:

Денені не үшін қыздырамыз?

Дене шынықтыру мен айналасқан кезде сіздің денсаулығыңыз жақсарама?

Сапа қалай дамиды жүгірген кезде?

Сіз айта аласыз ба, спортпен айналысқанда неге тыныс алу жиелейді?

Сіз айта аласыз ба, дене шынықтыру белсенділігінен кейін

Қалпықа келу сондай маңызды ма?

Сіз айта аласыз ба, біз сабақ уақытында кеңістікті не үшін бақылауымыз керек?

Командада ынтымақтастық маңыздыма?

Құндылықтарды

дарыту


оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады; ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс; оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

Пәнаралық

байланыстар

Биология, физика пәндерімен байланыстырылады. (Дене жаттығуларын орындау барысында дене мүшелерінің белсенді қызметін және бұлшық еттердің қимылын түсінеді).

АКТ қолдану дағдылары

Тақырып бойынша дене жаттығуларын орындау әдісін көрсету(АКТ қолданған жағдайда)

Бастапқы білім

Оқушылар өткен сыныптарда, дене шынықтыру сабақтары мен сабақтан тыс уақытта алған гимнастикалық жаттығуларды орындау дағдыларын қамтиды.

Сабақбарысы

Сабақтыңжоспарланғанкезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

10 мин



І.Сапқа тұрғызу. Сергіту сәті. Оқушылардың сабаққа қызығушылығын ояту. «Сәлемдесу» ойыны: Қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. "Бастаймыз" деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен...қолмен... өкшемен...иықпен...құлақпен...тіземен....иекпен.... арқамен.

Мұғалім айтады: «Біз пәндерді кіріктіруді, қозғалу дағдыларын, дене қасиеттерін қауіпсіздік ережесін сақтау мен сабақ тақырыбы бойынша айту арқылы дамытуды жалғастырамыз»

Мұғалім Сіздер үшін денсаулықты сақтау нені білдіреді деп сұрақ қояды.

Мұғалім оқушыларды сабақ тақырыбымен, күтілетін нәтижелермен және сабақ мақсаттарымен таныстырады.

ІІ. Мұғалім сабақтағы қауіпсіздік техникасын еске салады.

(П) «Тек бір минут» стратегиясын өткізеді

Оқушылар бір-бірін бағалайды

Оқушылар тамырдың ырғағын санайды.

Мұғалім дененің құрлысын жазуды ұсынады. Мұғалім оқушылармен бірге алдағы ауыр дене жүктемесіне ағзаны дайындау үшін түрлі бұлшық ет топтарын ширатып шынықтыру үшін көшбасшыны таңдайды.

Денені ширатып шынықтырғаннан кейін мұғалім оқушыларға «Көңіл-күй ағашы» стратегиясы бойынша жаттығудан кейінгі көңіл-күйді анықтауды ұсынады.

Мұғалім сұрақ қояды: - сіз таңдаған көңіл-күйлеріңізді қалай түсіндіруші едіңіз?

Кең, таза кеңістік әрбір әрекет үшін.

Мұғалімге ысқырық

Сабақтың ортасы

25 мин.


(С, Ж, К) «Альпинисттер». Екі «альпинисттер» командасы 6-7 м қашықтықта гимнастикалық қабырғаның алдында бетімен қарап, қатарға тұрады. Бірінші оқушылармен гимнастикалық қабырғалардың арасына гимнастикалық орындықтарды аяқтары жоғары қаратып, аударып қояды. Гимнастикалық қабырғалар бойымен гимнастикалық маттар қойылады.

Мұғалімнің белгісімен бірінші оқушылар гимнастикалық орындық бойымен өтіп, гимнастикалық қабырғаға шығады. Жоғарғы жағына көтерілгеннен кейін төмен түседі. Гимнастикалық қабырғадан түсу кезінде 60-70 см биік болмайтын биіктіктен, гимнастикалық матқа бормен сызылған, диаметрі 40 см боладын шеңбердің ішіне секіріп түсуге болады. Түскеннен кейін ойыншылар өз қатарының соңына тұрады. Екінші ойыншылар қозғалысын бірінші «альпинисттер» жерге түскеннен кейін бастайды.

(Т, Ж, ҚБ) «Төмпешіктердегі аңшылық». Сынып екі топқа бөлінеді. Залдың ортасы құрал-жабдықтардан босатылған және шартты түрде «батпақ» болып аталады. Оның «жағалаулары» алаңды шектейтін ұзын жіппен сызықтар сызылады. Олардан кейін үрленетін доптармен «аңшылар» тұрады. Қалған ойыншылардың жартысы «бақалар» (6-10 адам) «батпақтың» ішінде «төмпешіктерде» орналасады. «Төмпешіктер» - гимнастикалық шеңберлермен (әр «бақаға» бір-бірден) немесе гимнастикалық маттар (екі «бақаға» біреу). Белгі бойынша «аңшылар» «бақаларға» допты тигізу үшін, допты лақтыра бастайды. «Бақалар» доп тимеу үшін өздерінің «төмпешіктерінде» түрлі әрекеттер жасайды(екі жаққа қисаңдайды, отырып қалады, секіреді). Доп тиген ойыншы алаңнан кетпейді, бірақ «аңшыларға» бір ұпай жазылады. Ойын 3 минутқа созылады. Уақыт өткен соң, қарсыластар орындарымен ауысады. Жеңімпаз жиналған ұпай санымен анықталады.

Дескриптор:

Қауіпсіздік ережесін сақтайды.

Кедергілерден секіруді біледі.

Тез бұрылыстар жасайды.

ҚБ: бірін-бірі бағалау, Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.Бір-бірлеріне ауызша кері байланыс береді.

Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, пішіндерді белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық. Жолдарды салуға арналған ленталар.

«Балаларға арналған қозғалмалы ойындары» сілтемесі:

http://allforchildren.ru/games/active1-1.php













Үлкен, бос кеңістік, ойын алаңы, белгілеуге арнаған бор, жалаушалар, ысқырық, секундомер. Кедергі жасау үшін: фишкалар, конустар, жеңіл атлетикалық кедергілер, гимнастикалық орындықтар.

Сабақтыңсоңы

5 мин.


Сабақты қорытындылау.

(С, Ж, ҚБ,) «Тепе-теңдікті жоғалтып алма». Бұл ойында оқушылар командаларға бөлінбей, бір-бірімен жарысады. Гимнастикалық аттың(гимнастикалық жәшіктің) биіктігінен кезекпен секірулер орындалады. Ойыншы төменге секіргеннен кейін келесі ережелерді орындау керек: орында қалу, гимнастикалық матқа қолын тигізбеу. Ойын барысында секіруді орындаудың бірізділігі орнатылады. Секірудің түрлері біртіндеп күрделене түседі. (мысалы, жиналуда, шалқайып, аяқ екі жаққа, шалқая 180° бұрылу және т.б.). Алдын ала белгіленген секірудің күрделік шыңына жеткеннен кейін, ойыншылар оларды орындалу ретін керісінше орындайды(күрделіден қарапайымға).

2 нұсқасы.

Ойыншы қолына теннис добын ұстап, төмен секіреді. Түсіп бар жатқан кезде допты секіру орындалып жатқан жерден 5-7 м қашықтықтағы нысанаға лақтыру керек. Келесі жағдайда әріптесі белгі бойынша немесе жүргізуші допты лақтырады, ал секіріп түсуші, секіріп, түсіп бара жатқанда допты қағып алып, орнына тепе-теңдікті сақтай отыра түсу керек.

Құрал-жабдықтарды жинау.

Кері байланыс үшін парақ








Оқушылар

дың бірін-бірі, өзін өзі бағалауға негізделген, бұл тәсілдің мақсаты өзін және құрбыларын әділ бағалауға үйрету.

Саралау –оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


Үлгере алмайтын, қалып қоятын оқушылар мықты және дарынды балалардың сонынан қайталап береді

Кеңістікте қозғалыс сөздік қорларын кеңейту үшін жаттығып жатқан қабілетті оқушыларға қиынырақ сұрақтар қойылады.

Қозғалыс ойын және эстафета ойын ойнаған кезде мықты дарынды оқушылар өз креативтік ойларын және қимыл қозғалыстарын көрсете алады «Көңілді кенгуру»

Мұғалімнің сырттан жүріп байқауы

Оқушылармен тақырып бойынша әңгімелесу

Керек кезінде оқушылар тоқтай ала ма?

Оқушылар ойын ойнаған кезде ерекше қимыл қозғалыстарын көрсете ала ма?

Бақылау, тыңдау, сұрақтар

Оқушылардың қалай жүргендерін бақылау

Оқушылар өз-өздерін бағалау, орындаған тапсырманы талқылайды

Сұрақ жауап арқылы топтағы және жеке қарым-қатынас сапасын анықтау

Әр оқу тоқсанының басында бекітілген қауіпсіздік техникасы ережелерімен таныстыру;

Сабақ барысында жайлы жағдай туғызу;

Өзгелердің пікірін сыйлай отырып, олармен жұмыс жүргізу

Қауіпсіздік ережелерін мұқтят сақтау

Тақырыпқа сай әрекет ету мен киінуді қатаң талап ету;

Әр оқушының жүріс-тұрысын жіті назарда ұстау.

Өзгелермен жұмыс, пікірді құрметтеу.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары/меңгеру мақсаттары жүзеге асырымды болды ма?

Бүгін оқушылар нені үйренді?

Оқыту ортасы қандай болды? Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты ма?

Төменде берілген бос орынды өз сабағыңызға рефлексия жүргізу үшін пайдаланыңыз. Сабағыңызға қатысты сол жақта келтірілген сұрақтарға жауап беріңіз.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? оқушылар нені үйренді? Оқыту/оқу, Сәтті; Сәтсіз; Болашаққа жоспар.Сабақ мақсаты сабақ тақырыбына, оқушылардың жас ерекшелігіне, қимыл қозғалысқа деген қажеттіліктеріне сай қойылған.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!