Ашық сабақ. Қазақстан тарихы. 10 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Қазақстан тарихы. 10 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
1867-1868 жылдардағы “Уақытша ережелердің” 1822-1824 жылғы жарғыларды алмастырудағы тарихи маңызын ашу
Материалдың қысқаша нұсқасы


Пәні: Қазақстан тарихы

Мектеп: “С. Бекбосынов атындағы орта мектебі” КММ

Күні: 3.05.2016ж

Мұғалімнің аты - жөні: Қойбасаова Нұр Берікқанқызы

Сынып: 10

Қатысқан оқушылар саны:

Қатыспаған оқушылар саны:

Сабақ тақырыбы

1867-1868 жылдардағы «Уақытша ережелер».

Сабақтың мақсаты

1867-1868 жылдардағы “Уақытша ережелердің” 1822-1824 жылғы жарғыларды алмастырудағы тарихи маңызын ашу

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: 1867-1868 жылдардағы патша өкіметінің әкімшілік, сот реформалары қандай мақсат көздегенін түсіндіре алады

Оқушылардың басым бөлігі: 1867-1868 жылдардағы реформаның зардаптарын түсініп, саяси -әлеуметтік салдарын қорытындылап, айқындауға дағдыланады

Кейбір оқушылар: Ш. Уалиханов ұсынған радикалды реформалар сияқты, қазақ елінің материалдық жағдайы мен тұрмысын жақсарта алатын еді дегендей өз нұсқаларын ұсына алады.

Тілдік мақсат

1867-1868 жылғы реформалардың негізгінде Қазақстанды басқарудың ерекшеліктері, тарихи маңызы туралы қорытынды жасай алады.

Пәндік терминология:

1867-1868 жж, дала комиссиясы, Грисс, И.И. Бутков, Колпоковский, Александр ІІ, Орынбор генерал губернаторлығы, Батыс Сібір генерал губернаторлығы, Түркістан генерал губернаторлығы, әкери сот комиссиялары

Диалог құруға /жазылымға қажетті сөздер топтамасы:

1867-1868 жылдардағы реформаның салдары қандай?

Патша өкіметінің бұл реформасы екі жылға жоспарланғанымен жиырма жылға созылды, сондықтан …

Қандай фактілер, дәйектер мұны дәлелдей алады?

1867-168 жылдардағы “Уақытша ережелердің” салдарына байланысты Қазақстанның батыс, солтүстігіндегі халықтар қарсылық білдірді.



Алдыңғы тақырып

(Алдыңғы меңгерілген білім)

8 –сынып оқу бағдарламасы бойынша 1867-1868 жылдардағы «Басқару туралы уақытша ережелер», облыс, уезд, болыс және ауылдардағы әкімшілік басқарудағы өзгерістермен таныс.

Жоспар

Басталуы: 8:55


3 мин (ұйымдастыру)



7 мин (үй тапсырмасы)

І. Мұғаліммен сәлемдеседі.

Шеңбер жасап бір-біріне жылы сөздер айтты.

Сыныптағы кезекшіге сөз беріледі. Оқушылар сабаққа кедергі келтіретіндерді болдырмау үшін не істеу керектігін айтады, кезекші А1 форматқа жазып, оны іліп қояды.

ІІ. Оқушыларды үш генерал губернатаорлыққа бөлемін. Ол үшін оқушылар таңдап алған карточкадағы уезддің қай генерал губернаторлыққа жататынын біліп, өз тобына орналасуы керек. бірнеше парақтарды таңдап алады.

ІІІ. Үй тапсырмасы: 1. Өткен сабақтағы кері байланыспен жұмыс жүргіземін. Ә, Б оқушыларды қатыстыра отырып оқушы қажеттілігін қанағаттандырамын. Бірін-бірі оқытуына мүмкіндік беремін. Материалды түсінуді жақсартуға бағытталған сұрақтарды қолданамын

2. Б оқушылардың (2 немесе 3 оқушы) өтілетін тақырыпқа байланысты топты бағалау критерийлерін оқушыларға таныстыра отырып, әр топқа таратамын.

3.Әр топтағы А оқушыға 10 сұрақтан дайындап келген тест жұмысы бойынша жұмыс жүргіземіз. Сонда бір оқушы 15 (бір жауабы бар тест, бірнеше жауабы бар тест, сәйкестендіру тесті. TestMaker_Admin бағдарламасында жасалады.) сұраққа жауап беруі тиіс. Жауаптарын оқушылардың алдын ала дайындап келгендіктен экраннан шығарамыз. Оқушылар экран арқылы өзін-өзі бағалайды.

1.Қазақстан тарихы. Жалпы білім беруге арналған мектептің 10-сыныбына арналған оқулық

2.Электронды оқулық

3.МАН

4.Интербелсенді әдіс-тәсілдер.Әдістемелік құрал.Жақсылықова И.Г

Каженова А.М

Исмагилова Н.З


Бағалау парағын кезең сайын топ басшылары бағалап отырады.






Ауызша формативті бағалау.

Топтардың қасына барып, оқушыларға қолдау көрсетіп отырамын.












Қарсылас топтар, ой қосуларына болады.

Ортасы


22 мин


Жаңа сабақ.

І. Жигсо әдісі арқылы топта сұрақтар топтамасымен жұмыс істейді. Тапсырма үлестірме материалдар түрінде таратылады. Топтағы жұмыс оқушылардың оқушылардың сөйлеу , тыңдау дағдыларын дамытады.

1-топқа.1867-1868 жылдардағы енгізілген әкімшілік -басқару жүйесінің дайындалуы .

2-топқа.Әкімшілік- басқару мен салық жүйесіндегі өзгерістер.

3-топқа. Сот жүйесіндегі өзгерістер.

3 мин







2 мин

ІІ. Қазақстан тарихының 10- сыныбына арналған электронды оқулықтан Ресейдің Қазақстанда жүргізген әкімшілік реформалары (1867-1867 жж) тақырыбындағы мәліметтерді электронды оқулықтан тыңдап толықтырған мәліметтерді қосып, өз ойларын жеткізуге дағдыланады.(қорытынды ойды кез-келген оқушы айтуы мүмкін, сондықтан оқушылардың өз ойын жеткізуіне мүмкіндік беремін.)


Ой сергек “Қозғалыстағы сурет”. Оқушыларды сергіп, ойын бөліп көңілдерін көтеруге ықпал етеді.

Аяқталуы (Соңы)

7 мин







5 мин

Тақырыпты қорытындылау. Бекіту тапсырмалары.

«Детальдарды қосу» әдісі. (детальдарды оқушылар жұптасып құрауына да болады.)

а) Ресей империясы Қазақстанды жаулап алғаннан кейін отаршылдық отаршылдық езгі күшейді…..

б) 1867-1868 жылдардағы ереже “Уақытша ереже” деп аталды….

в) Екі жылға жоспарланған реформа жиырма жылға созылды…

д) “Уақытша ереженің” салдарынан Қазақстанда қарсылықтар болды…. т.б

Карточка таратылған оқушылармен жұмыс.

Кері байланыс. ( Бұл кері байланыс арқылы оқушылар өздерінің сабаққа қатысу деңгейі мен сабаққа деген ынтасын білдіреді)
• Мен сабақ қызықты (қызықсыз) өтті деп ойлаймын, себебі …
• Мен сабақта үйрендім ал, үйренгім келеді….
 
• Мен басқаларды мұқият (зейінсіз) тыңдадым, себебі…
• Мен пікірсайыстарға жиі (сирек қатыстым), себебі…
 
• Мен сабақтағы өз жетістіктеріме ризамын (риза емеспін), себебі…
 
 Үйге тапсырма: 1. 1880-1890 жылдардағы жарғылармен танысып, өз ойларынды жинақтап, табыс критерийін құрып келіңдер.

2. А оқушыға өтілетін тақырыпқа топты бағалау критерийлерін жасап келуді ұсынамын.

3. Тақырыпты тұжырымдамалық карта жасап келу, слайд таныстырылымдар арқылы.

Қосымша ақпарат. Сабақ барысында көп қозғалмаған немесе белгілі бір деңгейлерге жете алмай тұрған оқушыларға сабақ арасында беріп кетемін.

  1. 1867-1868 жылдардағы реформаның салдары қандай?

  2. Патша өкіметінің бұл реформасы екі жылға жоспарланғанымен жиырма жылға созылды, сондықтан …

  3. Қандай фактілер, дәйектер мұны дәлелдей алады?

  4. 1867-168 жылдардағы “Уақытша ережелердің” салдарына байланысты Қазақстанның батыс, солтүстігіндегі халықтар қарсылық білдірді. 1867-1868 жылдардағы реформаның салдары қандай?

  5. Патша өкіметінің бұл реформасы екі жылға жоспарланғанымен жиырма жылға созылды, сондықтан …

  6. Қандай фактілер, дәйектер мұны дәлелдей алады?

  7. 1867-168 жылдардағы “Уақытша ережелердің” салдарына байланысты Қазақстанның батыс, солтүстігіндегі халықтар қарсылық білдірді. 1867-1868 жылдардағы реформаның салдары қандай?

  8. Патша өкіметінің бұл реформасы екі жылға жоспарланғанымен жиырма жылға созылды, сондықтан …

  9. Қандай фактілер, дәйектер мұны дәлелдей алады?

  10. 1867-168 жылдардағы “Уақытша ережелердің” салдарына байланысты Қазақстанның батыс, солтүстігіндегі халықтар неге қарсылық білдірді?

Саралау – Сіз қосымша

көмек көрсетуді қалай

жоспарлайсыз? Сіз

қабілеті жоғары

оқушыларға тапсырманы

күрделендіруді қалай

жоспарлайсыз?

Бағалау - Оқушылардың

Үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік ережелері

АКТ-ны қолдану

Құндылықтарменбайланыс

(тәрбие элементі)


8 сыныпта өткен тақырып болғандықтан қайта пысықтап, түсініп, талдауға мүмкіндік береді.

.

Топтар арасында жұмыс жасау, талқылауды тыңдау немесе талқылауға көмек беру, қажетіне қарай топтар немесе жеке оқушыларға қолдау көрсетемін. Қазақ жеріндегі әлеуметтік-экономикалық үрдістің өзгеруіне тікелей әсер еткен реформаның салдарына талдау жасайды. Бағалау парағына топ басшылары баға кояды.

Ұсынылған кері байланыс бойынша оқушылар өзін-өзі бағалап рефлексия жасайды. (ол оқушының нені түсініп, нені түсінбегендігінен хабар беріп, келесі сабақты жоспарлауда неге назар аудару керек екеніне мүмкіндік береді)

География, дүниежүзі тарихымен пәнаралық байланыс бар. Қазақстан тарихының 10-сыныбына арналған электронды оқулықты қолданамын.Оқушылар өздері дайындап әкелген тесттерін интерактивті тақтамен жұмыс жүргізеді.

Рефлексия


Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз.

Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сəйкес

Келетін сұрақтарға жауап беріңіз.

Қорытынды бағамдау


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
11.10.2018
1239
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі