Материалдар / Ашық сабақ .Қима мен тіліктер сызбасы. Қ.Өміралиев атындағы жббм
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ .Қима мен тіліктер сызбасы. Қ.Өміралиев атындағы жббм

Материал туралы қысқаша түсінік
Қысқа мерзімді сабақ жоспары бағдарламаға сай жазылған. Сабақ мақсаты нақты, қолжетімді. Белсенді әдістер қолданылған.
Авторы:
14 Тамыз 2024
167
0 рет жүктелген
Материал тегін
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Бөлім

Кескіндердің негізгі түрлері және оны құрастыру

Сабақтың тақырыбы

Қима мен тіліктер сызбасы

Мұғалім

Елеуов Нұржігіт Амангелдіұлы

Сынып

10 «А»

Күні

23.01.2024ж

Үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

10.2.4.2. Сызбада қима мен тілікті кескіндеу ережелерін білу және қолдану

Сабақтың мақсаты

Сызбада қима мен тілікті кескіндеу ережелерін біледі және қолданады

Құндылықтарға

баулу

-шығармашылық және сыни тұрғысынан ойлау;

-қарым-қатынас жасау қабілеті;

-өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

-денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

Сабақ барысы

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс әрекеті

Оқушының іс әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы

7 минут

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Ең алдымен оқушылар шаттық шеңберіне тұрып, бір-біріне бір ауыз мақтау сөз бен жылы тілектер айтады.

Топқа бөлу.

1 топ-Фронталь

2 топ-Профиль

3 топ-Горизонталь

Алдыңғы білім мен жаңаны байланыстыру

«Ашық микрафон» әдісі

1.Сызбада қандай негізгі көріністер пайдаланады?

2.Қандай көріністі басты көрініс деп атайды?

3.Жергілікті көрініс не үшін пайдаланылады?

ЕББҚ оқушыға тапсырма:

4.Сызбада қанша көрініс болуы керек?

Сабақ тақырыбы, сабақ мақсатымен таныстыру

Бүгін сендер сызбада қима мен тілікті кескіндеу ережелерімен танысасыңдар және қолдануды үйренесіңдер.


Білім алушылар шеңберге тұрып, жылы тілектер айтады.



Үш топқа бөлінеді.




Сұрақтарға жауап береді.






Сабақ тақырыбымен танысады.

Күтілетін нәтижені анықтайды.

ҚБ

Жарайсыңдар!

Керемет!

Тамаша!











ҚБ:


«От шашу» өзара бағалауы







Компьютер









Слайдтар









Сұрақтар

Сабақтың ортасы

30 минут

«Қима мен тіліктер сызбасы» бейнесабақ көрсетемін.

hhttps://youtu.be/fmiblBGb9BU ttps://youtu.be/

Дереккөздер: Қима  белгілі заттың пішінін ұғынуға, көріністер санын, сызбалық орындау уақытын азайту үшін қолданылады.

Тілік  дегеніміз бір немесе бірнеше жазықтықпен ойша қиылған тетік бөлшектің кескіні. Тілікте нәрсенің қиюшы жазықтықтың өзінде және оның ар жағында жатқан бөліктерді кескіндеп көрсетеді.

Тек бір қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті қарапайым тілік деп атайды.Екі және онан да көп қиюшы жазықтықтармен қиылған тіліктер күрделі тіліктер деп аталады.Қиюшы жазықтықтардың орнына қарай күрделі тіліктер сатылы және сынық тіліктерге бөлінеді.

Горизонталь тілік деп горизонталь проекциялар жазықтығына параллель қиюшы жазықтықтың көмегімен алынған тілікті айтады.

Вертикаль тіліктер-қиюшы жазықтық горизонталь проекция жазықтығына перпендикуляр орналасады. Вертикаль тілік фронталь тілік және профиль тілік болып екіге бөлінеді.

Сонымен, тілік пен қиманың айырмашылығы неде? Қиманы салғанда тек қиюшы жазықтықтың тікелей өзінде жатқан фигура ғана көрсетілетіндігін сендер білесіңдер. Ал тілікті салғанда қима фигурасына қиюшы жазықтықтың ар жағында жатқандарды да қосу керек.

1-тапсырма: Топтық жұмыс

«Мини – плакат »әдісі /топтық жұмыс/

көрген айғақтары арқылы баланың iшкi түйсiгiне сүйене отырып, тақырыпты ашу мақсатында әр топқа тақырып беріледі, өзара талдайды, қорғап дәлелдейді.

1 топ- Қима

2 топ-Тілік

3 топ-Қима мен тіліктің айырмашылығы

Идеяны суреттеу” әдiсi. Жұптық жұмыс.

Жұптаса отырып, берілген сызбадағы тапсырмаларды шартты белгілерді қолдана отырып қима мен тіліктің түрлерін сипаттайды.

Тапсырманы орындауда ЕББқ оқушыға қолдау көрсетемін.

ҚБ «Екі жұлдыз, бір тілек» өзара бағалауы арқылы жұптар бірін бірі бағалайды.

Функциналды сауаттылық тапсырмасы

Тест тапсырмасы Жеке жұмыс

1.        Көрініс дегеніміз не?
а) бұл бақылаушыға қараған жақтың бейнесі.
б) зат бетінің көрінетін бөлігінің
в) бұл объектінің проекциясын құру процесі.

2.        Негізгі көрініс қалай аталады?
а) сурет. проекциялардың профильдік жазықтығында алынған.
б) проекциялардың фронталь жазықтығында алынған кескін
в) проекциялардың көлденең жазықтығында алынған кескін

3.        Сызбадағы қима келесі түрде орындалуы мүмкін:
а) салынған б) шығарылған в) сызылған
г) профильді д) қарапайым
   е) үзілісте

4.        Қималар қалай ажыратылады.
а) көрінетін контур сызығымен.
б) 40° бұрышпен үзік сызықпен
в) 45° бұрышпен жіңішке тұтас сызықпен

5.        Сызбада қиманы қандай сызық көрсетеді.
а) негізгі үздіксіз қалың. 

б) негізгі үздіксіз жұқа
в) сызықтық г) ашық.

6.        Тілік - бұл
а) затты қима жазықтығымен ойша кесу арқылы алынған геометриялық фигура
б) затты қима жазықтығымен және қима жазықтығының алдындағылардың барлығын ойша бөлу арқылы алынған геометриялық фигура
в) затты қима жазықтығымен және қима жазықтығының артындағы барлық нәрсені ойша бөлу арқылы алынған геометриялық фигура

Болған жұмыстарын тақтадағы дұрыс жауаппен салыстырады, өзін -өзі бағалайды.

Бейнесабақ көреді.Тақырыпты түсініп алады.






Тақырыпқа қатысты ақпараттармен танысады, оны тапсырма орындау барысында қолданады.


























Топпен бірігіп жұмыс жасайды, ой бөліседі, пікір бөліседі.






Қима мен тіліктердің түрлерін сипаттайды.

















Тест тапсырмаларын орындайды.

Дескриптор

Қиманы анықтайды

Тіліктің түрлерін ажыратады

Қиман мен тіліктің айырмашылығын табады































Дескриптор

Сызба арқылы қиманың белгіленуін оқиды

Сызба арқылы тіліктің көріністерін сипаттайды











«Үш шапалақ» бағалауы

















ҚБ: «От шашу» бағалауы

«Қима мен тіліктер сызбасы»

сілтемесі

hhttps://youtu.be/fmiblBGb9BU ttps://youtu.be/fmU



Жұмыс дәптері






Оқулық
























Үлестірмелі қима-қағаздар, маркер, жұмыс дәптері


Сабақтың соңы

8 минут

Қорытындылау

«Сұрақтар бұрқасыны» әдісі арқылы сабақты қорытындылаймын.

-Проекцияның неше түрі бар?

-Қима мен тілік сызбада қандай жағдайда қолданылады?

-Жазықтықтар қалай аталады?

-Аксонометриялық проекция жазықтықта қалай суреттеледі?

Кері байланыс

«Аяқталмаған сөйлем»

1. Мен сабақта … жұмыс істедім.

2. Мен сабақта өз жұмысымда …

3. Сабақ мен үшін … көрінді.

4. Сабақ үшін мен…

5. Менің көңіл-күйім…

6. Сабақтың материалы маған...


Тақырып бойынша ақ қағаздарға өздерінің сұрағын жазады да, қағазды умаждап лақтырады. Әр оқушы өзінің алдына түскен сұраққа жауап береді.




Бүгінгі алған білімдері туралы ойларын айтады

ҚБ

Жарайсыңдар!

Керемет!

Тамаша!

Кері байланыс

Тексерілді:

 













































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!