Материалдар / Ашық сабақ: Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» 8 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ: Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады» 8 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
8 сыныпқа сабақ беретін мұғалімдерге әдістемелік көмек
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
02 Қазан 2018
1151
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:Қ.Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

Сабақтың мақсаты:

білімділік-жазушының өмірі мен шығармашылығынан мағлұмат бере отырып, жаңа сабақты оқушыларды іздендіру жұмысы арқылы игерту, мазмұны мен тақырыбын,идеясын ашу;

дамытушылық-шығармамен жұмыс барысында әдеби талдау дағдысын дамыту,ауызша және жазбаша тіл мәдениетін қалыптастыру,пәнге қызығушылығын арттыру;

тәрбиелік-туған еліне,жеріне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу

тегі:жаңа сабақты меңгерту

түрі: шығармашылық-талдау сабағы

көрнекілігі:жазушының суреті,үлестірмелі парақшалар,интерактивті тақта

пәнаралық байланыс: тарих

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылардың сабаққа қатысуын тексеру,ынта-зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын тест арқылы тексеру

1-слайд

«Аққулар ұйықтағанда»поэмасы бойынша тест

1.М.Мақатаев қай жылы дүниеге келді?

а)1931 ә)1936 б)1932 в)1935

2.М.Мақатаевтың Жеңістің 30 жылдығында әжесіне жазған өлеңі.

а) «Аққулар» ә) «Шеше,сен бақыттысың»

б) «Анашым» б) «Сөнбейді,әже,шырағың»

3.Мұқағалидың он күн ішінде жазылған поэмасы.

а) «Мавр» ә) «Аққулар ұйықтағанда»

б) «Өмір-дастан» б) «Жырлайды жүрек»

4. Таста тұрған жаңбырдың тамшысындай,

Қалай біткен мына көл тау басына.

Үзіндіде көркемдегіш құралдың қай түрі кездеседі?

а) теңеу ә) метафора б) эпитет в) метонимия

5. Аққуға кезенерде, ырым жасап,

Тым құрса саусағыңды қанаттың ба?

Кімнің сөзі?

а) ананың ә) әкенің б) тәуіп шалдың в) жылқышының

6. Ұйқас түрін табыңыз.

Орнында екен Жетімкөл жоғалмапты,

Ортаймапты немесе тола алмапты.

Жағалауын жауыпты жасыл жалбыз,

Қасиетті аққулар оралмапты.

а) егіз ұйқас ә)шалыс ұйқас б)қара өлең ұйқасы в)аралас ұйқас

7. Керекті сөзді қой.

Қаруы бар кәззапқа ...

Ұмтылса, қалай қайрат қыла аламын.

а)құрықпенен ә)мылтықпенен б)қамшыменен в)құр қолмен

8.Үзіндіде троптың қай түрі бар?

Ақ төсек – аппақ айдын, аққу бала,

Жаралы аққу секілді жаттың ба ,ана.

а)кейіптеу ә)синекдоха б)метафора в)теңеу

ІІІ.Жаңа сабақ. Қабдеш Жұмаділов «Қаздар қайтып барады»

Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.

2-слайд

Қ.Жұмаділов өмірі мен шығармашылығы.


Жылдар

Оқиғалар

1

1936 ж. 24 сәуір

Тарбағатай тауының күнгей бетіндегі Малдыбай бұлағының бойында дүниеге келген.

2

1965 ж.

Алматыдағы ҚазМУ- ды бітірді.

3

1965-67 ж

«Қазақ әдебиеті» газетінде жұмыс атқарды.

4

1967-1976 ж.

«Жазушы» баспасының проза бөлімінде

5

1976-1981 ж.

Мемлекеттік Баспасөз комитетінде қызмет атқарды.

6

1981 ж.

Бірыңғай шығармашылық жұмысқа көшті.

7

1983 ж.

«Соңғы көш» романы үшін М.Әуезов атындағы әдеби сыйлық иегері.

8

1990 ж.

«Тағдыр» романы үшін Абай атындағы мемлекеттік сыйлық берілді.

9

1998 ж.

23 қазан

«Қазақстанның халық жазушысы» деген атақ берілді.

10

2003-2005 ж.

«Қазығұрт» баспасынан Қ.Жұмаділовтің он екі томдық шығармалар жинағы басылып шықты.


3-слайд. Кітаппен жұмыс

Алдын ала берілген тапсырма бойынша мәтінді тест – интервью арқылы еске түсіру.

Тест – интервью

1

Әңгіменің негізгі кейіпкері кім?


2

Тарбағатай сілемдерінің бір-бірімен ұшарласа келіп, күрт көтерілген тұсы қалай аталады?


3

Жолаушы Етікші асуына неше күнде жетті?


4

Қарттың таңдайын жібітіп, талшық қып келе жатқан азығы.


5

Қарттың соңғы тәулікте ұйқысы шала болуының себебі неде?


6

Көкжалдан қалай құтылды?


7

Өзеннің ортасына келгенде, қарт тәлтректеп сенделіп кетті.Бұл қай өзек?


8

Қарттың Төлеутай деп отырғаны кім?


9

Жасқа жетпей қалған сәбиді қалай бақты?


10

Немересінен қалай, не себепті айрылып қалды?


11

«Әлгі мықтының өзіне жақындадым»,- деп нені айтты?


12

Туған жер топырағына табаны тигендегі қарттың көңіл -күйі–қалай суреттеледі?


13

Атамекен - қыстауы қай жер?


14

Қарттың бойтұмарының ішінде не бар?



4-слайд. Түсіндірме сөздік

Малта – сүзбеден сығып, домалақтап дайындалған уақ құрт.

Қозы көш жер – онша қашық емес, жақын жер.

Көнек (ауру) – ісіп-кеуіп кететін ауру

Тұмар – тіл көз тиюден сақтайды деген ұғыммен Құран сөзі жазылған үшбұрышты мата не былғарымен тысталған дұғалық қағаз.


5-слайд. Шығарманың композициялық құрылымын талдау.

Shape1





6-слайд.Шығармашылық жұмыс (туған жер тақырыбына)

а)кейіпкерге хат

ә)өлең шумақтарын шығару

б)ойтолғау жазу

7-слайд. «Топтастыру»



Shape2


8-слайд.Сабақты қорытындылау

Әңгімеге сатылай кешенді талдау

Авторы:

Тақырыбы:

Жанр түрі:

Қарттың портреті:

Жер – су аттары:

Еліміз тәуелсіздік алғаннан бері тағдыр талқысымен тарыдай шашыраған қандастарымыз туған жерге ат басын бұрды.Мемлекетіміз жылма – жыл олардың қоныс аударуына жағдай жасауда.


9-слайд. Үйге тапсырма.

Шығарманы мазмұндау. «Туған жер-алтын бесік» тақырыбына ойтолғау жазу.


Оқушы білімін бағалау.















Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!