Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ "Қобыланды батыр"

Материал туралы қысқаша түсінік
материал бастауыш сынып мұғалімдеріне керек. Ашық сабақтарында қолданады
Материалдың қысқаша нұсқасы

Ашық сабақ: Әдебиеттік оқу Сынып: 3 «Б»

Сабақтың тақырыбы: « Қобыланды батыр»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:ертедегі батырлардың ерлік істері,халық үшін күрескені жайында түсінік беру;батырлар жырының халық арасында қалай тарағаны туралы алғашқы түсініктерін қалыптастыру.

Дамытушылық:ауызша және жазбаша сөйлеу тілін,ой-қиялын дамыту,өздік және топпен жұмыс жасай білу дағдыларының дамуына ықпал ету.

Тәрбиелік:батырлыққа,ерлікке,елін,жерін сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілдері: баяндау,талдау,сұрақ-жауап.

Сабақтың көрнекілігі: батырлардың портреті,қару-жарақтар суреті,тірек-сызба.

Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру кезеңі:

Психологиялық дайындық:

Оқушылармен сәлемдесу,жағдайларын сұрау.

-Балалар,көңіл-күйлерің қалай?(Бас бармақ арқылы білдіру )

-Сәлем саған ,күннің көзі!

-Сәлем саған,ашық аспан!

-Сәлем саған,табиғат!

-Сәлем саған достарым!

Оқушыларды түгендеу.Кезекшіден сұрау.

ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:

1.Өткен тарауда біз не өттік?

2. «Туған жер» туралы жазған шығармаларын оқыту.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1.Қызығушылығын ояту:

Сөзжұмбақты шешу: «Кім жылдам?»

1) М.Жұмабаев,С.Сейфуллин жырлаған қазақ жеріндегі табиғаты өте сұлу жер?(Бурабай)

2) Тарихта болған белгілі адамдардың іс-әрекетіне,сөзіне байланысты ел аузында сақталып қалған әңгімелер не деп аталады?(Аңыз)

3) Қызық,ғажайып оқиғаларды ойдан шығарып,өсіре әңгімелейтін көркем шығарма?(Ертегі)

4)М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңінде ең бірінші бақытым деп кімді айтады?(Халық)

5) Көмір өндіретін қала? (Қарағанды)

(Батыр деген сөз шығады)

-Өзіміз болжап көрейікші бүгінгі сабағымыздың тақрыбы не туралы болады деп ойлайсыңдар?(өз болжамдарын айтады)

Жаңа сабағымыздың тақырыбы «Қобыланды батыр»

2.Кіріспе әңгіме.

-Ауыз әдебиеті дегеніміз не?

-Батырлар жыры туралы естігенің бар ма?

«Қобыланды батыр»жыры –қазақ батырлар жырының ішіндегі халыққа кеңінен тарағаны,әрі көлемдісі.

« Қобыланды батыр» жырының негізгі тақырыбы-ел тәуелсіздігін қорғау.Нағыз батыр-тек өз әкесінің баласы емес,бүкіл елдің баласы.Сондықтан Қобыланды –бүкіл қыпшақ елінің перзенті болып суреттеледі.Қобыланды бала күнінен ерекше болып өседі.

Алты жасында атқа мініп,беліне садақ байлайды,күнде киік аулайды.

Жырда Қобыландының ерлік істері асқан сүйіспеншілікпен жырланады.Жырдағы көркем тәсіл-әсірелеу.

Мысалы:Тайбурылдың шабысын былай суреттейді.Жырдан үзінді оқу.

Сонда Бурыл гуледі,

Табаны жерге тимеді,

Көлденең жатқан көк тасты

Тіктеп тиген тұяғы

Саз балшықтай иледі.

Арандай аузын ашады,

Аяғын топ-топ басады,

Бір төбенің тозаңын

Бір төбеге қосады.

Жырмен қысқаша таныстыру.Талдау.

ІV. Оқулықпен жұмыс.Жырды мәнерлеп,тізбектей оқыту.

-Шайқаста кім жеңді деп ойлайсың?

-Жыр шумақтарын оқығанда қандай әсер алдың?

Қобыланды батыр

қандай?











-Ерлік,батырлық туралы мақал-мәтел сұрау.

-.Қарудың аттарын атап айтқызу. (қылыш,найза,садақ,шоқпар,қалқан,мылтық)

-Қазіргі қару-жарақпен салыстыру.

Сергіту сәті:

Оңға түзу тұр

Солға түзу тұр.

Алға бір адым

Артқа бір адым.

Оңға бұрылып,

Солға үңіліп

Жоғары,төмен қарайық,

Орнымызды табайық.

V. Дәптермен жұмыс.

«Салыстырма карта» кестесін толтыр.



Қобыланды

Алпамыс

Бейнесі

Дәлелдейтін сөз

Бейнесі

Дәлелдейтін сөз



VI. Сабақты бекіту:

1.Ертедегі батырларды ата?

2. Қобыланды батырдан сендер не үйрендіңдер?

VII.Үйге тапсырма: «Қобыланды батыр» жырын жаттау,қосымша мәлімет жинастыру

Бағалау:(смайликтер арқылы бағалау,мадақтау)











Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
09.12.2019
911
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі