Материалдар / Ашық сабақ "Құрақ құрау әдісі" 8-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Құрақ құрау әдісі" 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Жалпы құрақ құрау Қазақстанның барлық облыстарына тән қолөнер. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған, қазақ қолөнерінің қарапайым да, қайталанбас түрі қиыстырып құрақ құрау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
635
6 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Құрақ құрау әдісі
Пәні: Технология
Сабақтың тақырыбы: «Құрақ құрау әдісі»
Білімділік мақсаты:
Оқушыларға құрақ құрау әдіс туралы түсіндіріп, құрақтың түрлерін дайындау жолдарын үйрету.
Дамытушылық мақсаты:
Оқушылардың іздемпаздық шығармашылық қабілетін дамытып,, сабаққа қызығушылығын және өздігінен ойлау қабілетін арттыру.
Тәрбиелік мақсаты:
Оқушыларды ұқыптылыққа, үнемділікке, іскерлікке, көркемдік талғамын қалыптастыра отырып, ата - бабаларымыздың салт - дәстүрін, қолөнерін білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Білім мен іскерлікті игеру
Сабақтың әдісі: Сұрақ - жауап, баяндау
Ресурс Бүктеме, нұсқау картасы, үлгілер, құрақ көрпешелер
Пәнаралық байланыс: Тарих, математика, геометрия, сурет, бейнелеу, биология, әдебиет.
Қажетті құрал жабдықтар: Оқулық, қайшы, түрлі - түсті картондар, клей, карандаш, сызғыш
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі:
Оқушыларды түгендеу, қажетті құралдарды тексеру.

Жаңа сабақты түсіндіру. Құрақ құрау әдісі.
Құрақ құрау өнері ХІҮ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басына қарай кең дамыған қолөнер бұйымдары.
Жалпы құрақ құрау Қазақстанның барлық облыстарына тән қолөнер. Таңғажайып талантымен талайларды тамсандырған, қазақ қолөнерінің қарапайым да, қайталанбас түрі қиыстырып құрақ құрау. Құрақтың қымбат құндылығының бір айғағы, құрақтан жасалған бұйымдар ұзатылған қыз жасауына еніп, үй ішіне ұлттық рең беріп, адамның рухын асқақтатады. Ертеде аналарымыз «Тіл көзден аман болсын» деген ырыммен қырық құрақ көрпе құрап баланы құрақ көрпеге ораған. Қазақ халқының қолөнері өзінің қайталанбас көркемдігімен, дәстүрлі әдісімен дараланып тұрады. Көнеден қалған бұйымдар өрнегінің ерекшелігімен адамды баурап алып, тарих қойнауына жетелейді. Шеберлердің қолдарынан шыққан бұйымдар күнделікті тіршілікпен қатар сол заманның қолөнер мәдениетінің баға жетпес үлгісі. Шеберлердің, ұсталардың, зергерлердің, кілемші мен тігіншілердің суретшілік қасиетімен бірге жетілдіру дарыны да қатар дамыған. Солардың арқасында түрлі үй мүліктері, жиһаздар жаңа түрге еніп, жетілдіріп, асыл дүниелерге айналып отырған. «Шеберді шілтерінен танисың», «Шебердің қолы ортақ», деген ел ішіндегі сөздер бекер айтылмаса керек. Қас шеберлікке жету үшін дарын, білім, іскерлік пен шыдамдылық керек.
Қолөнерінің алатын орыны ерекше, ол әрбір ұлттың өзіне тән меншікті өнері болып саналады. Халықтың мәдени дәрежесі өскен сайын қолөнері де дамып отырған. Қазақтың өрнекті әшекейімен істелетін қолөнерінің түрлері өте көп. Шығармашылық ізденіс үстіндегі халық шеберлері тұрмысқа қажетті қолөнерінің алуан түрін өмірге алып келуде. Соның бірі құрақ құрау. Бұл аса шеберлікті, шыдамдылықты қажет ететін қолөнер.
Құрақ дегеніміз не? Біздің қазақ тілінде құрақ сөзінің екі мағынасы бар. Біріншісі, көлдің жағасында өсетін өсімдікті құрақ десек, екіншіден, мата қиындысынан жасалатын бұйымды құрақ дейді. Яғни, құрақ дегеніміз шығынсыз өнім жасаудың бір түрі. Негізінен құрақтың 200 - ден аса түрі бар. Соның ішіндегі төртбұрыш, сегізсай, мүйіз құрақ, қиықша құрақ, үшбұрыш, аққу, шахмат, торкөз, гүл құрағы, майда құрағы, жұлдызша құрағы ел ішінде кеңінен тараған. Құрақ құрау техникасы екі бағытта дамып келеді.

Құрақ көрпенің түрлері:
Аққу
Сегізжапырақ
Шахмат
Қызғалдақ
Баспалдақ
Ботакөз
Оюлы
Күнбағыс
Гүл
Жүрекше

Сарамандық жұмыс
1. Жұмыс орнын дайындау, қажетті құралдарды орналастыру.
2. Қауіпсіздік ережесін қайталау.
3. Оқушыларға жұмысты топ - топқа бөліп беру.
4. Оларға бағыт - бағдар беру.
5. Жұмыстарын тексеріп, кемшіліктерін айтып өту.
6. Жұмыс орынын жинастыру.
7. Сабақты аяқтап, қорытындылау.
8. Баға қою, үйге тапсырма беру.

Бекіту сұрақтары:
1. Құрақ дегеніміз не?
2. Қандай құрақ түрлерімен таныстыңыздар?
3. Құрақ қандай фигуралардан тұрады?
4. Құрақ қандай өнерге жатады?

Үйге тапсырма: Әр топ өзінің алған үлгілеріне қарап үйден матаға салып қиып келу.
Оқушыларды бағалау

Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!