Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 31 материал табылды

Ашық сабақ: Қыз бақыты - ана болу.

Материал туралы қысқаша түсінік
Ашық сабақ: 9-11 сыныптарға арналған қыз қылығымен тәттілігін түсіндіру. Ана болудың бақыт екендігін айту. Бір жынысты ғашықтық болмайтыңдығын айқын көрсету.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Бақыт деген...

«Қараңғы қазақ көгіне өрмелеп шығып күн болам,

Қараңғылықтың көгінде күн болмағанда кім болам?!»

...Қазағым жалпы батыр халық. Бұрынғы қазақтың еркектері соғысқа қатысып батыр атанса, әйелдері елді бағып, бала туып, қазақты көбейтіп, қиындық заманында ел басқарып, керек жерде соғысқа да қатысқан. Біздің тарихты қазсақ қан төккен еркектер, қанды сақтап, көбейткен әйелдеріміз. Зереге еріп зерделі болдық, Ұлжанға еріп ұлы жан болдық. Қазақтың отбасылырын басқару арқылы бүтін бір елді басқарған әйел адамдарға айтар сөз таппайсын бұндай да. Елдің қалуына осы заманға дейін тарыдай шашылып, бір қапшыққа қайта жиналуымызға да септіктерін тигізген аналарымыз. Батыл аналарымыз болмаса батыр,ұлыларымыз болмаста еді. Батырдан батыр туады біздің аналарымыз қан тазалығын сақтағандықтан жазушылардың да, ақындардың да осы күнге дейін әлі жалғасып, іздерін суытпастан еріп келе жатырғандарымызда сондықтан. Қазағымда ана туралы дана сөздер көп солардың бірі «Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада». Аналар балаларын ойлап шаш ағартса, балалар далаға қарап қоғамның болмайтындарын ойлап шаш ағартады. Дүние алма кезек Зере болған жасқа Ұлжанда жетті. Абайдай дананы дана қылған Зередей зерделі әжесі, Ұлжандай ұлағатты келін,анасы. Мені де сізді де барлығымыздың да туған аналарымыз бар. Барлығымыз анадай ұлы адамның тар ішінен шықтық, алпыс екі тамырын идіріп емдік....

Мен де елді көбейтуге атсалыса алатын ана жолын жалғайтын қызбын. Кешегі сәби, бүгінгі бойжеткен қыз, ертеңгі болашақ ана! Менде Алланың қалауымен ана болармын. Біздің балаларымыз емес елдің балалары қылып тәрбиелеу міндетіміз.

«Балам білім жолын қусын» десеңіз,

Бесігіне - ақ ілім шоғын көсеңіз.

Білім үйрет сәбиіңе сарыла,

Уыздай ұйыт,сүттей сіңір қасын да!» - деп Жүсіп Баласағұн айтып кеткен көлемі кіші астынғы мағынасы зор. Өлең жолдарын да айтылған. Мамандық көп болғанымен ана болудың маманы болғанға не жетсін. Бір баланы тәрбиелеу арқылы бір отбасыны, бір отбасыны тәрбиелеу арқылы бүтін мемлекетті тәрбелейміз. Бізге Алла осындай қасиетті бере салған.

Кішкентай кезімде ұл бала болып келгенім де ғой үйтетін едім, бүйтетін едім деп көп армандайтынмын. Сол кезде білмеппін мен бір бала тәрбиелеу арқылы бүтін әлемді тәрбиелей алатынымды. Тәрбиелеу – деген сөздің мағынасы зор, ол қанша тәбиелеуші ана болса сонша бастық бар екенін білдіреді. Қыз бала дүниеге келсе қазағым «кесте тігер, ұрпақ көбейтуші келді», ұл бала дүниеге келсе «атқа мінер, ұрпақ жалғастырушы келді» - деп қуаныштарын білдіретін болған. Ал қараңыз ұлдың отбасындағы маңызы көп болса, қыздың маңыздылығының көптігі мемлекетке дейін жеткен.

Ұрпақ көбейтуші болмаса ұрпақ жалғастырушыдан не пайда?! Қазіргі заман ауысты тәрбиені дұрыстап ұғынбағандықтан ба? Әлде саналары толыспаған ба? Қызын ұл болсам, ұлын қыз болсам деді. Қызынның ұл болсам дегені – өзін-өзі қорғай алғысы келгені, өмірден таяқ жегенімен адамдардан таяқ жегісі келмегені. Ұлынның қыз болсам дегені – заман ағымы, қызға көп көңіл бөлгенің, ауыр жұмыс жасамайды деп жұмыстан жалтарғаны. «Адамның айтқаны емес, Алланың жазғаны болады» - деген осы шығар. Тоқырап кеткен адамдардың қатарында болмағаныма сансыз шүкірлік. Осы заманның келесі ұрпағын тәрбиелеуші мен және мен шамалас қыздар... Болашақта ана бақыттың сезінуім әбден мүмкін, оның бір қадамында бармында. Ұлым болса ұлағатты азамат қыламын Қазақстан мемлекетінің бір ұшыннан ұстаттырамын. Қызым болса аяулы жар, ардақты ана болу жолына саламын анаған бір, мынаған бір жалтақтауға болмайтының ұғындырармын. Мен өз елімнің гүлденуі үшін дәл осылай ат салысқым келеді. Басқа қыздардың да осылай ат салысқандарын қалаймын. Қателікке бас ұрмай тұрып Алланың оларға ана бақыттың сезінулеріне жол ашқаның түсінсе деймін. Біз қыз балалар болып бұл дүниені сусыз гүлдендіру үшін жаралғанбыз.



Қаламқас ЖАСАНҒАЛИЕВА

































Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
22.07.2021
419
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12