Материалдар / Ашық сабақ Р.Гамзатов "Ана тілі өлеңіндегі тіл мен ұлттың тағдыры"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Ашық сабақ Р.Гамзатов "Ана тілі өлеңіндегі тіл мен ұлттың тағдыры"

Материал туралы қысқаша түсінік
Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анық Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.Мұғалімдерге әдістемелік көмек беріледі
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Мамыр 2022
471
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: «Сүйіспеншілік пен достық»

Мектеп: 5 мектеп

Күні: 22.04.22

Мұғалімнің есімі: Керимбаева Динара

Сынып: 6 «Ә» Қазақ әдебиеті

Қолы:

Баға:


Қатысқандар

саны:

Қатыспағандар

Саны:

Қолы:


.

Сабақ тақырыбы:

Р.Ғамзатов «Ана тілі» өлеңіндегі тіл мен ұлт тағдыры

Осы сабақта қол жеткізетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме):

6. Т/Ж1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау.

6. Т/Ж2. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар: Жаңа тақырыпты меңгереді, сұрақтарға жауап береді.

Көптеген оқушылар: Талдауға қатысады, өз пікірін білдіреді

Кейбір оқушылар:. Проблемалық ситуациядан шығу үшін шығармашылық тапсырмаларды орындайды.

Бағалау критерийлері:

Жаңа тақырыпты меңгереді, сұрақтарға қатысады, жауап бере алады.

Талдауға қатысады, өз пікірін білдіре алады.

Проблемалық ситуациядан шығу үшін шығармашылық тапсырмаларды орындай алады.

Пәнаралық байланыс:

Өзін-өзі тану, әдебиеттану

Бастапқы білім:

.

Жоспар

Сабақтың жоспарлан-

ған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланатын іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

8 мин.



























Сабақтың ортасы.

25 минут.

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Сәлеметсіңдер ме, қалдарың қалай? Сабақта оқушылар түгел ме? Бүгінгі сабақты мен –Диана Қайратқызы жүргіземін.

Психологиялық ахуал орнатамын. «Тіл - қазына» атты аңызды айтамын.

«Миға шабуыл»

  • Балалар сендер осы тілдің ең қымбат қазына екенімен келісесіңдер ма? Мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар?

  • Жоқ, мен олай ойламаймы. Әрине біздің ең қымбат байлығымыз – тіл. Тіл – қарым-қатынас құралы. Егер тіл болмаса, осы сұрақты қоя алар ма едің? Ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім? Иә, сонымен қоса, тіл – ойдың көрінісі. «Ана тілі» сөзіне кластер құрғызамын.

Жаңа тақырыпты меңгерту.

  • Расул Ғамзатовтың өмірбаянымен таныстырамын.

Расул Ғамзатов – 1923 жылы 8 қыркүйекте Дағыстанның Хунзах ауданында дүниеге келген. Белгілі авар ақыны, Дағыстанның халық ақыны. Расул Ғамзатов жырлары қазақ жұртшылығына да жақсы таныс. «Жарық жұлдыздар», «Менің Дағыстаным» кітаптары әр қазақтың төрінде тұр. «Тау қызы» театр сахнасында қойылды. «Менің атам» - бүлдіршіндердің сүйіктісі болды. Шығармалары 1937 жылдан жариялана бастаған. «Біздің таулар», «Атамекен», «Туған жылым», «Ағаға арнау», «Дағыстан көктемі», «Жарық жұлдыздар», «Соңғы баға» жыр жинақтарында, «Әкемен тілдесу», «Тау қызы», «Ананы аялаңдар» поэмаларында туған жердің сұлулығын, халық даналығын, ұлттық дәстүр ерекшелігін сүйіспеншілікпен жырлаған. «Жарық жұлдыздар», «Менің атам», «Тырналар» атты поэмалар мен өлеңдер жинағы, «Менің Дағыстаным» повесі қазақ тілінде жарық көрген. Қаламгер 2003 жылы дүниеден өтті.
«Ана тілі» өлеңін оқытамын, көтерілген мәселені талқылатамын.

Ана тілі

Адам деген не көрмейді түсінде

Жатыр екем бүгін қабір ішінде

Дағыстанның кең аңғары күн ыстық

Көкірегімде орнаған бір тыныштық

Асау өзен арқырайды жарды ұрып

Жұрт тараған жалғыз мені қалдырып

Мен жатырмын үнсіз туған жерімде

Жер болады балғын тәнім менің де

Мен жатырмын қара жерге табына

Жоламайды келмейді ешкім маңыма

Тек қырандар шаңқылдайды шың жақта

Бұғылар кеп ыңырсыйды бір жақта

кетті ғой деп қыршын ғана жасында

Жыламайды ешким молам басында

Жарым қайда досым қайда кешегі

Анам қалай жатқанымды білмеді

Бар адамнан жатырмын тек бөлек мен

Бір дауысты естіп қалдым кенеттен

Естідім мен осы арадан үнін де

Екі кісі сөйлесті авар тілінде

Мен жатырмын қара жерде көз жұмып

Мына екеуі күбірлейді сөз қылып

Ғасан деген бір кісінің қулығын

Али деген бір кісінің сұмдығын

Естідім де сөзін ана тілімнің

Бойым жылып лезде мен тірілдім

Балгер де емес дәрігер де емес емдейтін

Тек өзімнің тілім екен сөйлейтін

Өзге бір тіл емдер басқаларыңды

Мен онымен айта алмаймын әнімді

Егер тілім ертең болса құрымак

Мен дайынмын өтуге де бүгін ақ

Мен жаныммен сүйем осы тілімді

Кедей деп ақ айта берсін білімді

Ассамблеяда естілмесін үні де

Ана тілі ұлы менің өзіме.

Махмұт жырын оқу үшін жастауын

Күтем әлде аударуын басқаның

Мен болдым ба ең соңғы ақын бүгінде

Өлеңдерін жаза алар тілінде

Мен сүйемін планетаның барлығын

Өзен тауын, әр гүлі мен әр қырын

Мен сүйемін бұл елімнің гүлін де

Әлім шолы айттым алар тілінде

Қымбат маған елімнің бар даласы

Балтық пенен Сахалиннің арасы

Қайда болсын қия маған жанымды

Туған жерден қазсын бірақ қабірді

Алаша бір жазып қойған құлпы тас

Тұрсауылда хабарлар да ұмытпас

Еске ап жүрер кәрі жасы жақын кеп

Мұнда Расұл Ғамзаұлы жатыр деп!

Расул Ғамзатов

Оқиғаның басталуы – Ақынның түс көруі
Оқиғаның байланысуы – Дағыстанның табиғатының суреттелуі, ақынның жалғыздығы
Оқиғаның шиеленісуі – екі адамның әңгімесі
Оқиғаның шарықтау шегі- ақынға туған үнінің күш беруі
Оқиғаның шешімі – Ақынның туған тіліне махаббаты

«Ой шақыру» сұрақтары:

1.Өлең мазмұны не жайлы?

2. Расул Ғамзатовтың ана тілі қай тіл?

3. Ана тілі деп қандай тілді айтамыз?

4. Біздің ана тіліміз қандай тіл?

5. Ақын ана тілінің құдіретін өлеңнің қай жерінде көрсеткен?

7. «Ана тілі» өлеңінде ақынға не қымбат?

8. Сен де Расул Ғамзатов секілді өз туған жеріңді, ана тілліңді жақсы көресің бе?

«Екі жақты күнделік» әдісі

Өлеңдегі мәселе

Қазіргі қоғамда




«Жалғасын тап» ойыны

Өнер алды –қызыл тіл

Ақыл көркі – тіл, тілдің көркі – сөз.

Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

Тіл қылыштан өткір.

Басқа пәле тілден.

Шебердің қолы ортақ,

Шешеннің тілі ортақ.

Отыз тістен шыққан сөз,

Отыз рулы елге тарайды.

Таяқ еттен өтеді,

Сөз сүйектен өтеді.

«Жағдаяттарды шешейік!»

1.Сенің досың көбіне әңгіме барысында қазақ тілін шұбарлап, орыс сөздерін қосып сөйлейді. Бұған сенің көзқарасың немесе әрекетің?

2. Сен кітапханада отырғанда, екі қыз бала кітапханаға кірді. Екеуінің ұлты қазақ болғанымен, орысша сөйлеп отыр. Сен не істер едің?

3. Әлеуметтік желіде қазақ тілінде шамадан тыс қателіктермен коментарий қалдырған адамды көрдіңіз. Сіз не істер едіңіз?


























Сабақтың соңы

7 минут

Бекіту. Бекіту сұрақтары:

1. Расул Ғамзатов қашан, қай жерде дүниеге келген?

2. Расул Ғамзатовтың қандай шығармаларын білесің?

3. «Ана тілі» өлеңінен қандай әсер алдың?

4. Қоғамда ана тілін сақтау үшін қандай әрекет жасайсың?

Бағалау. Жұптық бағалау: Өте жақсы, жақсы, орташа.

Рефлексия.

«Білім қоржыны» әдісі.

Үйге тапсырма: Өлеңнен үзінді жаттау.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!