Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: "Бөлме гүлдері"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ. Сабақтың тақырыбы: "Бөлме гүлдері"

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: Балаларға бөлме гүлдері жайлы мәлімет беру.Гүлдің атауларын,сырт келбетін,жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын,оларды баптап күту ережелерімен таныстыру.Тамырланған гүлді ыдысқа отырғызып үйрету.Әсемдікке,сұлулыққа баулу.Табиғатты аялауға,сүюге тәрбиелеу.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тақырыбы: Бөлме гүлдері

Мақсаты: Балаларға бөлме гүлдері жайлы мәлімет беру.Гүлдің атауларын,сырт келбетін,жеке бөлшек атауларын дұрыс айтуын,оларды баптап күту ережелерімен таныстыру.Тамырланған гүлді ыдысқа отырғызып үйрету.Әсемдікке,сұлулыққа баулу.Табиғатты аялауға,сүюге тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Бөлме гүлдері,тамырланған гүл,ыдыс,тағы басқа қажетті заттар.

Әдіс-тәсілі: Көрсету,әңгімелесу,сұрақ-жауап.

Билингвалды компонент: гүлдер-цветы-flower

Ұйымдастыру бөлімі:

Әнұран орындалады.

Шаттық шеңбері:

Біздер қазақ баласы,

Сәлем-сөздің анасы,

Алдымыздан кезіккен

Көп танысты көреміз

Бәріне де ізетпен

Иіліп сәлем береміз.

Балалар назарымызды тақтаға аударайық

«Ғажайып гүл»

Ғажайып гүлдің күлте жапырағы бойынша балаларға сұрақтар қою.

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Бүгінгі ауа-райы қалай?

-Балалар бүгін аптаның қай күні?

-Бүгінгі көңіл күйлерін қалай?

Балалар мен сендерге жұмбақ жасырғым келіп тұр.

-Адамның бәрі қызығады,

Су құймасаң бұзылады

Бұл не?

-Ия дұрыс айтасыңдар жұмбақтың шешуі-гүл.

Ғажайып сәт.

Әуенмен ортаға ара кіреді.

-Сәлеметсіңдер ме,балалар!Мені таныдыңдар ма? Мен арамын.Гүл жинап ұшып жүріп,сендерді көріп асыға осында келдім.Сендерге гүл әкелуге асықтым.

(Келе жатып құлап,себеттегі гүлдері ұшып кетеді )

Балалар араның себеттігі гүлдерін жинап,ондағы тапсырмаларды орындауға көмектесеміз бе?

1-тапсырмасы

Мені бөлме гүлдерімен таныстырасыңдар ба?

2-тапсырмасы

Маған гүлдер жайлы тақпақтар айтып берсеңдер ме?

3-тапсырмасы

Гүл отырғызуды маған үйретесіңдер ме?

4-тапсырма

Маған арнап құмнан гүл бейнелеп жасап берсең ме?

-Жарайды ара.Сенің барлық тапсырмаларынды орындауға көмектесеміз.

Балалар гүлдер өзі үш топқа бөлінеді: бөлме гүлдері,дала гүлдері және дәрі-дәрмек гүлдері.Бүгін біз бөлме гүлдерімен танысамыз.

Бөлмеміз үнемі сәнді,жинақы және ең бастысы ауасы таза болуы керек.Күніміздің көп бөлігі бөлмеде өтеді.Бөлмеде отырып ойнаймыз,кітап оқимыз,демаламыз.Сол кезде бөлмеміздің ауасы таза жайлы болуы үшін гүл өсіреміз.

Ал енді балалар бөлме гүлдерінің бірнеше түрімен танысайық.

Бегония- жылу сүйгіш өсімдік.Бегонияны қысы жазы үздіксіз суару қажет.Су құйғанда жапырағына су тимеуін қадағалаңыз.Себебі жапырағына су тисе қара дақ болып қалады. Аса күтімді қажет етпейтін гүл.Оның ерекшелігі-жыл он екі ай гүлдеп,сұлулығымен сізді қуантып тұрады.

Қазтамақ- көпжылдық шөптесін өсімдік.Жапырақтарының емдік қасиетімен бірге ауа тазарту қасиеті өте жоғары,өсірілетін гүлдің майын емдік мақсатта қолданады.Күннің көзің,суды жақсы көреді.Оған жарық жетіспесе жапырағы мен гүлдері майдаланып кетеді.

Алоэ- жапырақтары тікенді болып келген,бірақ тікендері қолымызға кірмейді.Алоэның емдік қасиеті бар егерде жүгіріп келе жатып,жарақат алғанда алоэ кескінін кесіп алып,жарақат алған жерге тигізіп ұстап тұрсақ жазылады екен.

Кактус-көпжылдық өсімдік гүлі. Оның 3500 дей түрі бар.Қазақстанда сәндік өсімдік ретінде үйде өсіреді.Кактус сабағы шар,жұмыртқа,жапырақ сияқты жалпақ пішінде болады.Түсі-жасыл.Сабағының биіктігі 2-5 см ден 10-15 мге дейін барады.Кактус гүлі компьютер бөлмеде тұрғаны өте пайдалы.Ол көздің бұзылмауына үлкен үлесін тигізеді.Одан көптеген дәрі-дәрмектер жасайды.

-Балалар гүлдер туралы тақпақтарымызды араға айтып берейікші

Қарақат: Үйде тұрып өсетін,

Әкеп гүлдің көшетін

Топырақты салдым да

Отырғыздым қалбырға.

Маржан: Арасында гүлдің

Ойнап бүгін жүрдім.

Қызыл,көкшіл сары

Әп-әдемі бәрі.

Санжар: Одуванчик золотой,

Был красивый,молодой.

Не боялся никого

Даже ветра самого!

Нұрмухаммед: Бәйшешектен білеміз,

Көктем келіп қалғаның.

Мәз боламыз күлеміз.

Көрсек бүршік жарғанын.

Раяна: Гүлсіз бұлбұл сайрамас,

Гүлсіз дала жайнамас

Бізге нұрын шашады.

Көздің жауын алады.

Айкөркем: Гүлім,гүлім өсе бер

Әдемі боп,асыл боп.

Күндей жайнап кете бер.

Қызыл,жасыл,сары боп.

Практикалық жұмыс.

«Гүл отырғызу»

Гүлді отырғызу үшін ең әуелі ыдыс қажет.Ыдысқа жай топырақ емес,құнарлы топырақ саламыз.Топырақ ортасына құдықша жасап,гүл өсіндісін отырғызамыз.

-Балалалар гүл отырғызып,тек осылай қоямыз ба?

-Гүлге су құю қажет.

Гүліміз сәл өскесін су шашатын ыдыспен бүркеп шашамыз.

Бөлме гүлдерінің күтімі

-Бөлме гүлдерін бойына қарай ретімен орналастырылады.

-Гүл әдемі өсуі үшін,оған құятын суды 1 күн бұрын ыдысқа құйып,бөлме ішіне беті ашық күйде қояды.

-Бөлме гүлдерінің түбіндегі топырақты қопсытып барып су құйса гүл әдемі өседі.

Есіңе сақта:

Бөлме гүлдерінің көп түрі жасыл болады.Адамдар,балалар шаршағанда гүлге жасыл

түске қарап тұрса шаршағаның басылып,миын тынығады.

Сергіту сәті

«Көңілді күн» әніне арамен бірге билейді.

Арамен бірге билейді.

Ұжымдық жұмыс

«Құмнан гүл бейнесін жасау»

Балалар екі топқа бөлініп құмнан гүлдің бейнесін жасайды.

Оқу қызметін сұрақ-жауап әдісі арқылы қорытындылау.

Балалар бүгін біз қандай тақырыппен таныстық?

Гүлдердің қандай түрлері болады?

-Бөлме гүлдерінің қандай түрлерін білесіндер?

-Оларға қандай күтім қажет?

Бағалау

Оқу қызметіне белсене қатысқан балаларды есімдерін атап мақтап, гүл стикерін беру арқылы марапаттау.

Шеңберге тұрып: Кел балалар тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Көріскенше күн жақсы

Сау-саламат болайық.



















Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
26.05.2020
3828
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі