Күн:
Сынып: 11
Сабақтың тақырыбы: «Сұлушаш»- өлеңмен жазылған роман
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылар «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысып,
кейіпкерлерінің іс- әрекетіне сүйеніп, мінездеме беру және
поэманы құрылысына талдау жасау дағдыларын
жаттықтырады.
2. Оқушылардың поэма мазмұнын өз сөздерімен жеткізу
дағдылары мен шығармашылық икемділіктері артады. Өз
ойларын жүйелі әрі әдеби тіл нормаларын сақтап жеткізу
қабілеттері дамиды.
3. Жастар арасындағы шынай махаббат пен сенім сезімдерін
бағалау, адал дос болу қабілеттері қалыптасады.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Жаңа сабақ
«Қазақ әдебиетінің аға жазушысы Сәбиттің аты –
қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты,
анық қымбат аттың бірі»
М. Әуезов
3. «Сұлушаш» поэмасын оқу, мазмұнын ашу.
Тілеуберді – бай
Алтынай – Тілеубердінің қалыңдығы
Тезек – күң
Шұнақ – құл
Алтай – Тезек пен Шұнақтың ұлы
Сұлушаш – Тілеубердінің қызы
Ермек – Алтайдың інісі
Қайсар – Алтайдың досы
Тотөбел – Алтайдың тұлпары
4. Құрылысына талдау
Экспозициясы: Тілеуберді бай мен Алтынай сұлудың қосылуы
Басталуы: Шұнақ құл мен Тезек кұңнің бас қосуы
Дамуы: Алтай мен Сұлушаштың дүниеге келуі
Шиеленісуі: Екеуінің махаббаты
Шарықтау шегі: Сұлушаштың атастырылған жігітінен бас тартып,
Алтаймен қашуы
Шешімі: Ермек, Қайсар, Сұлушаштың қаза болып, Алтайдың өзіне қол
Жұмсауы
5. Кестені толтырыңыз
|
Кейіпкер |
Іс-әрекеті |
Мінезі |
Егер мен... |
|
Тілеуберді |
Құлдарды адам демеді, Алтайды кемсітті Қызын еркелетіп өсірді |
Қатал, өзімшіл, балажан |
|
|
Шұнақ пен Тезек |
Ұлдарын өсіріп, тәрбиеледі Мал бақты, Ермекті уайымдады |
Балажан, еңбекқор, уайымшыл |
|
|
Қайсар |
Алтайға көмектесті. Шыңға өрмелеп, бүркіт ұстағысы келді |
Сенімді, адал, ақкөңіл, мықты |
|
|
Алтай |
Інісі мен Сұлушашты құтқарады, ғашығын алып қашады, өзі-өзіне қол жұмсайды |
Сенімді, адал, тура, әділ, уайымшыл, батыл |
|
|
Сұлушаш |
Болашақ күйеуінен бас тартады, Алтайды сүйеді, жар басынан құлап мерт болады |
Сенімді, сөзіне берік, адал, тура, ашық, батыл |
|
6. Сұлушаштың портреті (жаттау)
Он алтыға келгенде қыздың жасы
Төгіліп тізесіне түсті шашы,
Қаламмен жалғыз сызық тартқандай боп,
Қиылды қап-қара боп қиғаш қасы,
Қарақат көз, қыр мұрын, ұзын кірпік
Тістері меруерттің тізген тасы.
Бетінен нұры бөртіп , қаны тамған,
Толқыған сұлу айдай кесер басы.
Мойыны иірілген аққу-сынды,
Тамағы торғындай боп тартты күнді.
Қып-қызыл жұқа ерін, оймақ ауыз,
Қиылып құмырсқадай белі үзілді
|
Ажарлау түрі
|
«Қ» Қаламмен –Қиылды- Қарақат- Қып-қызыл –Қиылып
Қиғаш қас, қыр мұрын, ұзын кірпік, қып-қызыл жұқа ерін Сызық тартқандай, сұлу айдай, аққу сынды, құмырсқадай |
|
Құбылту (троп)
|
Тістері – меруерттің тізген тасы
Қарақат көз, оймақ ауыз |
7. Ұнаған кейіпкерге хат жазыңыз
«5» - хат поэма мазмұнымен үйлесіп жазылған жағдайда.
Көркем әдебиет стилі сақталып, әдеби тіл нормалары сақталған жағдайда;
Тақырыпқа сай мақал-мәтел, нақыл сөздер молынан пайдаланғанда;
Ой жүйелі түрде жеткізілгенде;
«4» - тақырып ауқымды ашылған, стилінде, яғни әдеби тіл
нормаларынан ауытқу болған жағдайда;
«3» - тақырып жартылай ашылған және стилінде
ауытқулар болған жағдайда
Үй тапсырмасы: Жаттау. Тетсілеуге дайындық
Қорытындылау. Бағалау.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ Сәбит Мұқанов "Сұлушаш"
Ашық сабақ Сәбит Мұқанов "Сұлушаш"
Күн:
Сынып: 11
Сабақтың тақырыбы: «Сұлушаш»- өлеңмен жазылған роман
Сабақтың мақсаты: 1. Оқушылар «Сұлушаш» поэмасының мазмұнымен танысып,
кейіпкерлерінің іс- әрекетіне сүйеніп, мінездеме беру және
поэманы құрылысына талдау жасау дағдыларын
жаттықтырады.
2. Оқушылардың поэма мазмұнын өз сөздерімен жеткізу
дағдылары мен шығармашылық икемділіктері артады. Өз
ойларын жүйелі әрі әдеби тіл нормаларын сақтап жеткізу
қабілеттері дамиды.
3. Жастар арасындағы шынай махаббат пен сенім сезімдерін
бағалау, адал дос болу қабілеттері қалыптасады.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі
-
Жаңа сабақ
«Қазақ әдебиетінің аға жазушысы Сәбиттің аты –
қазақ оқушысының мол қауымына өте даңқты,
анық қымбат аттың бірі»
М. Әуезов
3. «Сұлушаш» поэмасын оқу, мазмұнын ашу.
Тілеуберді – бай
Алтынай – Тілеубердінің қалыңдығы
Тезек – күң
Шұнақ – құл
Алтай – Тезек пен Шұнақтың ұлы
Сұлушаш – Тілеубердінің қызы
Ермек – Алтайдың інісі
Қайсар – Алтайдың досы
Тотөбел – Алтайдың тұлпары
4. Құрылысына талдау
Экспозициясы: Тілеуберді бай мен Алтынай сұлудың қосылуы
Басталуы: Шұнақ құл мен Тезек кұңнің бас қосуы
Дамуы: Алтай мен Сұлушаштың дүниеге келуі
Шиеленісуі: Екеуінің махаббаты
Шарықтау шегі: Сұлушаштың атастырылған жігітінен бас тартып,
Алтаймен қашуы
Шешімі: Ермек, Қайсар, Сұлушаштың қаза болып, Алтайдың өзіне қол
Жұмсауы
5. Кестені толтырыңыз
|
Кейіпкер |
Іс-әрекеті |
Мінезі |
Егер мен... |
|
Тілеуберді |
Құлдарды адам демеді, Алтайды кемсітті Қызын еркелетіп өсірді |
Қатал, өзімшіл, балажан |
|
|
Шұнақ пен Тезек |
Ұлдарын өсіріп, тәрбиеледі Мал бақты, Ермекті уайымдады |
Балажан, еңбекқор, уайымшыл |
|
|
Қайсар |
Алтайға көмектесті. Шыңға өрмелеп, бүркіт ұстағысы келді |
Сенімді, адал, ақкөңіл, мықты |
|
|
Алтай |
Інісі мен Сұлушашты құтқарады, ғашығын алып қашады, өзі-өзіне қол жұмсайды |
Сенімді, адал, тура, әділ, уайымшыл, батыл |
|
|
Сұлушаш |
Болашақ күйеуінен бас тартады, Алтайды сүйеді, жар басынан құлап мерт болады |
Сенімді, сөзіне берік, адал, тура, ашық, батыл |
|
6. Сұлушаштың портреті (жаттау)
Он алтыға келгенде қыздың жасы
Төгіліп тізесіне түсті шашы,
Қаламмен жалғыз сызық тартқандай боп,
Қиылды қап-қара боп қиғаш қасы,
Қарақат көз, қыр мұрын, ұзын кірпік
Тістері меруерттің тізген тасы.
Бетінен нұры бөртіп , қаны тамған,
Толқыған сұлу айдай кесер басы.
Мойыны иірілген аққу-сынды,
Тамағы торғындай боп тартты күнді.
Қып-қызыл жұқа ерін, оймақ ауыз,
Қиылып құмырсқадай белі үзілді
|
Ажарлау түрі
|
«Қ» Қаламмен –Қиылды- Қарақат- Қып-қызыл –Қиылып
Қиғаш қас, қыр мұрын, ұзын кірпік, қып-қызыл жұқа ерін Сызық тартқандай, сұлу айдай, аққу сынды, құмырсқадай |
|
Құбылту (троп)
|
Тістері – меруерттің тізген тасы
Қарақат көз, оймақ ауыз |
7. Ұнаған кейіпкерге хат жазыңыз
«5» - хат поэма мазмұнымен үйлесіп жазылған жағдайда.
Көркем әдебиет стилі сақталып, әдеби тіл нормалары сақталған жағдайда;
Тақырыпқа сай мақал-мәтел, нақыл сөздер молынан пайдаланғанда;
Ой жүйелі түрде жеткізілгенде;
«4» - тақырып ауқымды ашылған, стилінде, яғни әдеби тіл
нормаларынан ауытқу болған жағдайда;
«3» - тақырып жартылай ашылған және стилінде
ауытқулар болған жағдайда
Үй тапсырмасы: Жаттау. Тетсілеуге дайындық
Қорытындылау. Бағалау.
шағым қалдыра аласыз













