Материалдар / Ашық сабақ Шахимардан Құсайынов «Томирис» драмасындағы ұлттық мәселе 10-сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ Шахимардан Құсайынов «Томирис» драмасындағы ұлттық мәселе 10-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Пән мұғалімдеріне, жас мамандарға ҚМЖ-ды жасау
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Сәуір 2020
12897
7 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шахимардан Құсайынов «Томирис» драмасындағы ұлттық мәселе


Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы

Шоғы Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін орта мектеп” КММ

Рашитова Дияна Елеуовна

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі


Қазақ әдебиеті

Мектебі: «Ш.Мұңалұлы атындағы №5 жалпы білім беретін

орта мектебі» КММ

Күні: .2020ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Рашитова Дияна Елеуовна

10-сынып

Сабаққа қатысқан оқушылардың саны:______

Сабаққа қатыспаған оқушылардың саны:____

Тақырыбы

Шахимардан Құсайынов «Томирис» драмасындағы ұлттық мәселе

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

Т.Ж.10.3.3.1 Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашу.

Т.Ж.9.1.4.1. Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдану.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар орындай алады:

Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан аша алады, шығармадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады.

Оқушылардың көпшілігі орындай алады:

Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан талдап, әдеби эссе жаза отырып, шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолдануда өзіндік көзқарасын білдіре алады.

Кейбір оқушылар орындай алады:

Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан анықтап, шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолдануда өмірден мысалдар келтіре отырып, өз ойларын дәлелдей алады.

Ойлау дағдыларының деңгейі

Білу, түсіну, қолдану

Бағалау критерийлері

  • Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

  • Шығарма үзінділерін шығармашылық жұмыстарда қолданады.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

Әдеби шығармадағы көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан талдап, шығармадан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады.

Пәнге қатысты сөздік қор мен терминдер:

Сақтар, массагет, патшайым, көшпенділер, бақталастық, бақастық, тойымсыздық, топастық, қанжар, торсық, жасауыл, жебе

Диалог құруға, шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

Төрт құбыла, тұтас билеушісі, Ұлы Тұран, ағайынмен одақ, жәдігөй кемпір, бір ананың сүтін ішкен емшектес, теліме туыс, жерін сауғаға беру, құтыдағы шарап, бәске тігу, ажалдың сыбағасы, қан толтырған мес, құрбандыққа шалу

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Құндылық дегеніміз не?

- Құндылық адам бойында қашаннан қалыптасады?

- Тән қажеттілігі мен рухани қажеттілік дегенді қалай түсінесің?

- Ашкөздік, тойымсыздық – құндылыққа жата ма?

- Не себепті құндылығы жоқ адам рухани тоқырауға ұшырайды?

Құндылықтар:

Зайырлы қоғам және жоғары руханият

Пәнаралық байланыс:

Тарих, орыс әдебиеті, қазақ тілі

Алдыңғы оқу

Шахимардан Құсайынов «Томирис» драмасы

Сабақтың барысы

Сабақ кезеңдері

Жоспарланған жұмыс

Ресурстар

Сабақтың басы

  1. минут

Ширату жаттығуы

«Домино» әдісі бойынша өткен сабақты, драманың мазмұнын пысықтау.

(сұрақ көрсетіледі,сәйкес ақпараттарды орналастырады)

  • «Томирис» пьесасындағы кейіпкерлер? (Томирис-Шұғыла, Балхаш, Спаргапис, Кир, Елес, Амаға, Мард, Ардашир, Массақтар көсемі, Жасауылдар, жендеттер, сарбаздар, Авансцена, би тобы)

  • Шығармадағы көктің құлы кім? (Елес кемпір)

  • Томиристың ұлының аты кім? (Спаргапис)

  • Көшпенділер даласына жол салған? (Кир)

  • Кир көпір салғызған өзен? (Аракс (Амудария))

  • Парсы патшасының алдына Томирис кім болып келеді.? (Шұғыла)

  • Үшінші құты - ........ сыбағасы? (ажалдың)

  • Кирдің басын Томириске кім әкеледі? (Балхаш)

  • Балхаш кім? (Томиристің күйеуі, тиргахауд деген тайпаның бас сардары)

  • Томиристің ұлы неше жаста? (16 жас)

  • Аттан түспесең - ...............

Шешінбей ұйықтасаң - .............

Шешінбей ас ішсең - ................(сақтығың, жауыңның көптігі, дауыңның көптігі)

Қызығушылықты ояту сұрақтары:

  • Шығарманың басты қаһарманы – Тұмар (Томирис) туралы естігендерің бар ма?

  • Неліктен Томирис Кирге тұрмысқа шығуға келісім бермеді?

  • Томирис не себепті Кирдің басын қанға батырды?

  • Осыған ұқсас оқиға, Абайдың «Ескендір» поэмасында «бас сүйек» арқылы тәубесіне келтірсе, мұнда қандай идея жатыр?


Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

28-бет


Қазақ әдебиеті хрестоматиясы

10-сынып


Сабақтың ортасы

30 минут



Мағынаны ұғынуға арналған оқылым (танысу үшін оқу)

Топтарға үзінділер (мәтін бөліктері) таратылады.

1-тапсырма:

Ұсынылған үзінділер арқылы кейіпкер бейнесін ашатын тапсырмалар беріледі.


«Ой күмбезі» әдісі арқылы шығармадағы жалпыадамзаттық құбылысты анықтайды.

Бағыттары

Түсініктеме

Ой қазығы


Негізгі сөзді тауып, түсінік беру

Ой желісі

Негізгі сөзден өрбитін ойды талдап, жан-жақты зерделеу


Ой өрімі

Түйінді сөзді жинақтау, дәлелдеу, өзге ұқсайтын құбылыстармен салыстыру (сөйлем жазу):


Ой күмбезі

Ойдың маңызы мен мәнін ашып, қажеттілігі мен орнын айқындап, баға беру (түйін)


Дескриптор:

  • көтерілген мәселелерді ұлттық мүдде тұрғысынан ашады.

  • сөздердің мәнін ашып, ой түйінін табады.


Қалыптастырушы бағалау: жазбаша (бұл – жақсы жауап, жақсы жұмыс, сенің сипаттауың нақты және логикалық түрде, дәлелің нақты болды, басқа құбылыспен жақсы салыстыра алдың, түйінді сөзді таба білдің, сен мұны бұдан жақсы жасай аласың, үзіндідегі негізгі ойға назар аудару керек еді, ойдың мәнін аша алмадың, қайта қарасаң, т.б.)


2-тапсырма:

«Крест-нөл» ойыны элементтерін пайдалану арқылы

1-топ:

Шығарма үзіндісін пайдалана отырып, маңызды бөлігіне көңіл аудартатын ашық хат жазыңыз.

2-топ:

Шығарма үзіндісін пайдалана отырып,сипаттамалы жазба мәтін жазыңыз. (Үш бөліктегі оқиға бойынша)


3-топ:

Шығарма үзіндісін пайдалана отырып, пьсадағы оқиға орын алған жерді Қазақстан картасынан көрсет. Салыстыру жасау үшін карта пайдаланыңыз.


Дескриптор:

Көркем шығармалардан алған үзінділерді шығармашылық жұмыстарда қолдана алады;


Қалыптастырушы бағалау: ауызша (үзіндідегі негізгі ақпараттарды таба алдың, маңызды бөлігін ажырата алдың, сауатты жаза алдың, табиғат пен адам көңіл күйінің үндестігін таба білдің, кейіпкер бейнесін сипаттай алдың, деректерді жақсы пайдалана алмадың, негізі сен дұрыс жауап беріп отырсың, алайда ол жеткіліксіз, салыстыра алмадың, зерттеу деректері толық емес, нақтылық жетпейді, барлық мәліметтерді қолданғаныңа көз жеткізуге тырыс )

Үлестірме

материалдар

8-күн,

4-үлестірме материал Оқу дағдыларын дамытуға арналған идеялар







Қазақстанның ашық кітапханасы http://ikitap.kz/book/

knut_gamsun_awtyk

_roman/index.html


Географиялық карта

















Үлестірме

материал

9-күн, 2-сабақ,

2-үлестірме материал «Крест нөл» ойыны


Үлестірме материал

9-күн, 3-сабақ,

11-үлестірме материал. Жазу стильдері


Үлестірме

материал

11-күн, 2-сабақ,

4-үлестірме материал. Зерттеудің алты қадамы


Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер

20-бет


Үлестірме

материал

11-күн, 2-сабақ

4-үлестірме материал. Зерттеудің алты қадамы

Сабақтың соңы

5 минут

Рефлексия

«5-5-1» әдісі

Оқушылар сабақ кезінде нені меңгергендері жайлы 5 сөйлем жазады. 5 сөйлемді 5 сөзге қысқартады. 5 сөзді 1 сөзге қысқартады. Түйінді сөзін сыныппен бөліседі.

Үй тапсырмасы:

Пьсадағы Томиристің соңғы сөзі (Елес кемпір: Өзіңе не қалды?....)

4-күн, 5-үлестірмелі материал, 3-сабақ.




Әдебиет порталы. Онлайн оқу.


Қосымша ақпарат

Саралау – оқушыға мейлінше қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілетті оқушыға тапсырманы қалай түрлендіресіз?

Бағалау – оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік,

АКТ-мен байланыс
Құндылықтармен байланыс (тәрбиелік элемент)

Оқу мақсатына сәйкес сабақ мақсатын саралап аламын. Тапсырманы саралауда оқушы қабілеті, жас ерекшелігі ескеріледі.

«Крест-нөл» элементтерін пайдалану арқылы шығарма үзіндісін пайдалана отырып, оқиға орын алған жерді зерттейді.

Тапсырманы орындау барысында үзінділерді қолданады. Деректермен жұмыс істей алады, болжайды. Тақырып бойынша қорытынды шығара отырып, өз білімін, дүниетанымын кеңейте алады. Тапсырма орындау барысында топ әр оқушыға қолдау көрсетеді. Оқушы өз мүмкіндігін пайдаланып, өз көзқарасын білдіре алады. Тапсырмаларды орындау кезінде қолдауды қажет ететін оқушылар берілген тапсырманы анықтап, ақпараттың орналасқан орнын табады. Тиісті ресурстармен жұмыс жасап, ақпаратты ұйымдастырады. Қолдау мақсатында жетекші сұрақтар қоямын, қосымша уақыт беремін.

Орта деңгейдегі оқушылар тапсырманы анықтап, ақпараттың орналасқан орнын табады. Тиісті ресурстармен жұмыс жасап, ақпаратты ұйымдастырады, идеяларды ұсынады. Қолдау мақсатында дереккөздер ұсынамын.

Жоғары деңгейдегі оқушылар берілген тапсырманы анықтап, ақпараттың орналасқан орнын табады. Тиісті ресурстармен жұмыс жасап, ақпаратты ұйымдастырады, идеяларды ұсынады. Соңғы өнімді бағамдайды, баға береді. Қолдау негізінде зерттеу жұмысына бағыттаймын.

Оқушылардың алған білімдерін игеру деңгейін біліп отыру үшін әр тапсырмадан соң қалыптастырушы бағалауды жоспарладым.

Қалыптастырушы бағалау ауызша, жазбаша түрінде кері байланыс берілді.

Жазбаша (Бұл – жақсы жауап, жақсы жұмыс, сенің сипаттауың нақты және логикалық түрде, дәлелің нақты болды, басқа құбылыспен жақсы салыстыра алдың, түйінді сөзді таба білдің, сен мұны бұдан жақсы жасай аласың, үзіндідегі негізгі ойға назар аудару керек еді, ойдың мәнін аша алмадың, қайта қарасаң)



Ауызша (үзіндідегі негізгі ақпараттарды таба алдың, маңызды бөлігін ажырата алдың, сауатты жаза алдың, табиғат пен адам көңіл күйінің үндестігін таба білдің, кейіпкер бейнесін сипаттай алдың, деректерді жақсы пайдалана алмадың, негізі сен дұрыс жауап беріп отырсың, алайда ол жеткіліксіз, салыстыра алмадың, зерттеу деректері толық емес, нақтылық жетпейді, барлық мәліметтерді қолданғаныңа көз жеткізуге тырыс)




Бұл сабақ тарих, шетел әдебиеті, қазақ тілі пәндерімен байланысты. Сабақта қолданылатын ресурстар үлестірмелі материалдан, «Жаңа әдіс-тәсілдер» қоржынынан, ғаламтор материалдарынан алынды.

Тақырыпқа байланысты суреттер мен сызбалар интерактивті тақтадан көрсетілді. Тапсырмаларда зайырлы қоғам және жоғары руханият құндылықтарына тәрбиелеу көзделеді.

Рефлексия.

Сабақтың мақсаты мен оқу міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай өтті, қандай деңгейде өтті? Жоспарланған саралау жақсы іске асты ма?

(тапсырмалар сәйкес болды ма?) Уақытты қалай пайдаландым? Жоспарыма қандай өзгеріс енгіздім және неге?

Жалпы бағалау

Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?










Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!