Ашық сабақ Сайын Мұратбеков "Жусан иісі" 6 сынып

Тақырып бойынша 11 материал табылды

Ашық сабақ Сайын Мұратбеков "Жусан иісі" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6 сынып білім алушыларына сабақ беретін ұстаздарға көмекші құрал болып табылады.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Күні

Мұғалім аты -жөні

Алымкулова А.А.

Сыныбы

6 «Ә »

Пәні

Қазақ әдебиеті

Сабақ тақырыбы

С. Мұратбеков. «Жусан иісі» әңгімесі

Сабаққа негізделген оқу мақсаттары

6.1.1.1. Әдеби шығарманың жанрын, фабуласын, сюжетін анықтау. 6.1.2.1. Әдеби шығармада көтерілген әлеуметтік-қоғамдық мәселені идеясы арқылы түсіндіру.

Сабақ мақсаты

Барлығы: Шығармадан түсінгендерін мазмұндайды.

Әлеуметтік –қоғамдық мәселені табады, өлеңнің идеясын түсінеді.

Көпшілігі: Шығарманың мазмұнын түсініп, сюжеттік дамуын сипаттайды

Көтерілген әлеуметтік –қоғамдық мәселені шығармадан анықтайды.

Кейбірі: Шығармадан мазмұны мен сюжеттік дамуын баяндайды

Шығармада көтерілген мәселені анықтап, идеясын ашады.

Шығармадан мысал келтіре отырып, дәлелдей алады.

Бағалау критерийі

& Шығарманың мазмұны мен сюжеттік дамуын анықтайды & Шығармада көтерілген әлеуметтік –қоғамдық мәселені табады. &. Шығарманың идеясын ашады

Тілдік мақсат

Тірек сөздер: жетім бала, ауыл балалары, қаралы қағаз, тобығын тайдыру, қызықты ертегі, мектеп-интернат, т.б

Диолог құруға/ шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер:

  • Кестесін толтырып, шығарма идеясын ашу;

  • Әңгіменің “Жусан иісі” аталу себебіне 3 дәлелмен тұжырым жасау;

  • Әңгіме кейіпкері – Аянға мінездеме беру арқылы диалогке түседі

Құндылықтар

Зайырлы қоғам және жоғары рухани байлық.

Адами құндылықтарды бойға дарытып, үздіксіз білім алуға тәрбиелеу

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы пәнімен байланыстыра отырып, ҰОС зардабы, халықтың ауыр халі , ананың жарынан айрылып, жесір қалуы, баланың ата – анадан айырылып, жетімдік көрген тауқыметі жайлы түсінік беру.

Өзін – өзі тану пәнімен байланыстырудағы мақсат: қиындық көрсе де жасымаған, рухы түспеген, ауыл балаларының достығының шынайылығын жіті түсіндіру

Биология пәнімен байланыстырудағы мақсат: жусанның дәрілік қасиетін түсіндіру.

Алдыңғы оқу

С.Мұратбеков шығармалары туралы түсінік қалыптасқан

Сабақтың жоспары


Жоспарланған уақыт

Сабақтың барысы

Ресурстар

Сабақтың

басы

3 мин



3 мин









2 мин

Қызығушылықты ояту Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал. Көтеріңкі көңіл-күй орнату үшін «Сиқырлы сандық» ойынын ойнатамын. Сандықшаның ішіне сабаққа қатысты бірнеше сөздер жазып қоямын, оқушылар сол сөздерді үш тілде айтуы керек. Мысалы: Жусан, ауыл, соғыс, Отан, жетім, бала, хат, өзен, ертегі, балар үйі т.б.


1.Отан-Родина-Homeland

2. Бала-ребёнок-child

3. Хат- письмо-letter

4.Өзен-река-river

5.Ертегі-сказка-tale

6.Балалар үйі-детский дом-orphanage

7. Жусан-полынь-wormwood

8. Ауыл-Село-village

9. Cоғыс-война-war

10. Жетім- сирота-orphans


Үй тапсырмасын сұрау

«Біліміңді шыңдап көр!» әдісімен білімдерін шыңдау мақсатында

  • Шығамын тірі болсам, адам болып” өлеңінде қандай мәселе көтерілді?

  • Адам болу- дегенді қалай түсінесіңдер?

  • Ақын қысқа ғұмырында нені мақсат етті?

  • Ақын арманы орындалды ма, қалай ойлайсыңдар? -

деген сұрақтарға жауап алу.

Әбубәкір Қайранның «Ақ жусан» өлеңін оқу арқылы сабақтың тақырыбын ашып, мақсатымен таныс ету

«Ақ жусан»

Жусан.Жусан.

Ақ жусан. Иісің қандай?

Сылқым емес,

Сыршылдау сиқың бардай.

Жұпарыңды жұта алмай

Жүрмін қазір,

Содан болар тұрамын ұйқым қанбай.

Сағынумен келіп ем

Салып ұрып,

Қалыпсың ғой қатыгез қар астында

Асап едім сол қарды,

Ғашық иіс

Кернеп кетті кеудемді...

Ғажап мұнда!


Оқушыларды жусанның түрлері бейнеленген суреттер арқылы топтарға бөлу.

І топ- Қара жусан

ІІ топ – Тықыр жусан

ІІІ топ- Дермене жусан









Слайдтар















Picture 1





























Picture 4


Сабақтың

ортасы


2 мин







8 мин








5 мин


















6 мин



















3 мин

Мағынаны тану.

Біле жүрейік!

Қазақстанда жусанның 81 түрі өседі.

Ол Қазақстанның көптеген шөлді аймақтарында кездеседі.

Жусанның биіктігі 10 -60 см, кейде 1,5 – 2 метрдей болады.

Жусан –құнарлы мал азығы, дәрілік, бояуыштық,витаминді,

эфир майлы өсімдік.



«Жусан иісі» әңгімесін көрсету.



Оқулықпен жұмыс

С. Мұратбековтің «Жусан иісі» әңгімесін түсініп,

оқу және түсінгендерін мазмұндау

Дескриптор:

  • Әңгімеден түсінгендерін мазмұндайды

ЖЖ:

1 –тапсырма

Әңгіме оқиғасын ретімен орналастырыңдар


1. Балалық шақты еске түсіру.
2. Аянның қоныс аударуы.
3. Ауыл балаларымен достасуы.
4. Хат тануы.
5. Тобығын тайдыруы.
6. Ертегі айтуы.
7. Әжесінің қайтыс болуы.
8. Бапайдың үйіне көшіп келуі.
9. Интернатқа кетуі.

Дескриптор:


  • Шығарманың сюжеттік желісін ретімен орналастырады

ҚБ: жұлдызша беру арқылы



ТЖ: 2 – тапсырма


1-топтың тапсырмасы. «Тұжырым кестесі»

Топта отырған оқушылар өздерін кейіпкер бейнесімен

салыстырады және мысалмен дәлелдейді.

Оқушылар тапсырманы орындау барысында таныстырылым

жасайды



Аян..., өйткені

Біз..., өйткені

әңгімешіл, кітапқа қызығушылығы жоғары

жағдайы жақсы, кітап оқуға қызығушылығы төмен, ғаламторға қызығушылығы жоғары

Дескриптор: өзін кейіпкермен салыстырады;

іс-әрекеттерді дәлелдейді.

2-топтың тапсырмасы. «Венн диаграммасы»

«Жетімдіктің салдары» әдісі.

Аянның заманындағы жетімдіктің салдары мен қазіргі замандағы жетімдік салдарын салыстырыңдар және себебін айтыңдар.

К

1.Тастанды балалар;

2. Жол апаты;

3. ата-ана құқығынан айырылуы;



Жоқшылықтан

Соғыс салдарынан







еше Бүгін

Бала

Оқушы

Мемлекет қамқорлығында Балалар үйінде









Оқушылар тапсырманы орындау барысында таныстырылым

жасайды.

Дескриптор:

Екі түрлі ортаны салыстырады.

Пікірлерін дәлелдейді.

Өмірмен байланыстырады.


3-топтың тапсырмасы.

«Сипаттау кестесі» әдісі. Шығармадағы кейіпкерді сипаттай

отырып, өзіндік баға береді.

Оқушылар тапсырманы орындау барысында таныстырылым

жасайды.

портреті

Мінезі

әрекеттері

Оқушы бағасы





Дескриптор:

Шығармадағы кейіпкерді сипаттайды.

Шығармадағы кейіпкерді сипаттай отырып, баға береді.


Осы топтық жұмысты орындай отырып, оқушылар

қорытынды ойға келіп, «Бақытсыздық жетімдікпен

шектелмейді» деген ортақ түйін шығарады.

ҚБ: Бас бармақ арқылы

Біле жүрейік!

Хикаят не себепті «Жусан иісі» деп аталады?

(Оқушы пікірін білу)

Қазақ халқы үшін жусанның орны ерекше болған. Бұл сөзді

естігенде əрбір адамның жаны жадырап, көңілі көкке көтеріліп,

даламыздың дарқандығы мен қадір-қасиеті санаға келеді.

Ғажайып болмыс көз алдыңда көрініс табады. Мəселен, ұлы

əмірші Бейбарыс Сұлтан қыпшақ даласының бір түп жусанының

иісіне еміреніп, сағынышын басқан деген аңыз бар. Демек,

жусан – сағыныштың, ұлы аңсардың, ынтық арманның символы.

Әңгімелеуші кейіпкер хикаятты Аянға деген сағынышымен

аяқтайды. Аянның прототипі Науқан Керімов қазіргі кезде

Ескелді ауданында Ақын Сара ауылында тұрады. 1937 жылы

дүниеге келген. Еңбек ардагері, құрметті зейнеткер. Отбасында

он бес бала бар. Өмірлік қосағы Тыматай апа. Кезінде ауыл

балаларын ертегілерімен тамсандырған Науқан бүгінде

өз немерелеріне ертегі айтып, сүйікті ата атанып отыр.

Рисунок 4

Аянның протатипі –Науқан Керімов. Ол қазіргі кезде

Алматы облысы, Ескелді ауданында тұрады. 11 ұл,

3 қыз тәрбиелеген аяулы әке.

Балалар өздерің оқығандай жетімдікті, жоқшылықты,

қиындықты көп көрген Аянды ең соңында жетім балалар

тәрбиелейтін үйге жібереді .Аянның келешегінің өзінің

ақылдылығы мен қайсар, жігерінің арқасында жақсы,

өзі тұлдыр жетім болса да өзінің үбірлі-шүбірлі болғанына

көз жеткізуге болады.



Рисунок 5




Қазақ әдебиеті оқулығы








жұлдызша
















































Бағалау








Сабақтың соңы

4 мин











3 мин

















1 мин

«Ой түйін» стратегиясы

  • Мәтіннің тақырыбы:

  • Авторы:

  • Оқиға қай кезде болған?

  • Негізгі кейіпкерлер.

  • Негізгі ой.

  • Мәтін не себепті «Жусан иісі» деп аталады?

  • Оқиға қалай аяқталды?

«Жусан иісі» әңгімесінің негізгі түйіні- тағдыр талқысына түскен,жастайынан жетімдіктің зарын татқан жетім бала - Аянның тағдыры

Жетімді жетім демеңіз,

Жетімнің ақысын жемеңіз.

ҚБҚ: бағалау парақшасына стикер жазбасын ілу арқылы оқушыларға өз -өздерін бағалату

Кері байланыс «Білім қоржыны» әдісімен

Оқушылар стикерге бүгінгі сабақтың қалай өткенін, қаншалықты жемісті болғанын стикерге жазып, қоржын түстерін таңдау арқылы жапсырады

Қызыл қоржын- өте жақсы түсіндім, мен үшін қызықты болды.

-Көк қоржын- мен сабақты жақсы түсіндім.

-Сары қоржын-тақырып бойынша әлі де ізденуім керек.

Үйге тапсырма: «Жетім көрсең, жебей жүр» тақырыбына эссе жазу






Слайдтар
















Рисунок 6






Қосымша ақпарат

Аянның протатипі –Науқан Керімов. Ол қазіргі кезде Алматы облысы, Ескелді ауданында тұрады. 11 ұл, 3 қыз тәрбиелеген аяулы әке.

Балалар өздерің оқығандай жетімдікті, жоқшылықты, қиындықты көп көрген Аянды ең соңында жетім балалар тәрбиелейтін үйге жібереді .Аянның келешегінің өзінің ақылдылығы мен қайсар, жігерінің арқасында жақсы, өзі тұлдыр жетім болса да өзінің үбірлі-шүбірлі болғанына көз жеткізуге болады.

Саралау

-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау

-Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Пәнаралық байланыс

-Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

-Құндылықтағы байланыс

- Сабақтың мақсатына жету негізінде қабілетті оқушыларға шығармада көтерілген әлеуметтік мәселені анықтатып, идеясын аштырып, өз ойларын дәлелмен жеткізуге бағыттаймын.


- Үлгерімі төмен оқушыларға әңгімеден түсінгендерін мазмұндатып, сұрақтарға жауап аламын

Оқушылардың материалды игеру деңгейін тексеру мақсатында жұлдызшалар беру, бас бармақ арқылы жүргізіледі.

Оқушыларға сабақта орындықта отыру ережесін, қауіпсіздік ережесін сақтау ескертіледі.


Қазақстан тарихы пәнімен байланыстыра отырып, ҰОС зардабы, халықтың ауыр халі , ананың жарынан айрылып, жесір қалуы, баланың ата – анадан айырылып, жетімдік көрген тауқыметі жайлы түсінік беру.

Өзін – өзі тану пәнімен байланыстырудағы мақсат: қиындық көрсе де жасымаған, рухы түспеген, ауыл балаларының достығының шынайылығын жіті түсіндіру

Биология пәнімен байланыстырудағы мақсат: жусанның дәрілік қасиетін түсіндіру.

*Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

*Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)

*Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не нәрсе екенін білдім























Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
07.02.2019
5182
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі