Материалдар / Ашық сабақ "Секіру және оның түрлері"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Секіру және оның түрлері"

Материал туралы қысқаша түсінік
• секіру барысында, секіру дағдысын дамытып жатқандығын орындап көрсетеді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Наурыз 2021
723
33 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Дене шынықтыру пәнінен қысқа мерзімді

CАБАҚ ЖОСПАРЫ

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 1- бөлім

Жеңіл атлетика түсінігі және қозғалыстың озық дағдысы

I-тоқсан

Күні:

Мектеп:

Сыныбы:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сабақтың тақырыбы:

Секіру және оның түрлері

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

10.3.3.3. Ағзаға тиімді қысқа және ұзақ мерзімді қарқындылығы бар жаттығуларды талқылау

10.3.2.2. Кейбір жаттығу түрлері үшін дене қыздыру және қалыпқа келу процесін оңтайландыруды талқылау

Бағалау критерийлері

  • секіру барысында, секіру дағдысын дамытып жатқандығын орындап көрсетеді.

  • физикалық жаттығулардың денсаулыққа тигізетін әсерін бағалай білетіндігін көрсетеді

Тілдік мақсат

Оқудың тілдік мақсаты

Оқушылар:

  • Жеңіл атлетикадағы қозғалыс әрекеттерін, ағазадағы функционалды өзгерістерді көрсете және талқылай алады қауіпсіздік техникасы, қадамдар, аттау.

Пәндік лексика және терминология

Мыналарды қамтиды:

  • қадамдар, аттау

  • секіру кезеңдері

Диалогқа арналған пайдалы сөз тіркестері

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Секірулер біздің жүрек соғысымызға қалай әсер етеді?

  • Секіруден кейін аяқ бұлшық еттерің өзін қалай сезінеді?

Құндылықтарды дарыту

оқушының төзімділік, жылдамдық, күш, ептілік және икемділік сияқты қозғалыс дағдыларын дамытады;

ұлтжандық, құрмет, командада жұмыс, жауапкершілік пен өзара түсінушілік қалыптастырады;

оқушыларды өмір бойы салауатты өмір салтын ұстануға бағыттай отырып, алынған дағдыларды қолдануға ынталандырады;

білімді байыту және оқушылар арасында дене тәрбиесінің адам мәдениеті бөлігі идеясын дамытуға мүмкіндік береді.

Пән аралық байланыс

Биология (секіру жаттығуларын орындау барысында дене бұлшық еттерінің әсерін анықтайды)

Физика (оқушылар өз секіру қашықтықтарын есептеп бағалайды)

АКТ қолдану дағдылары


Тақырып бойынша секіру жаттығуларын орындау кезіндегі секіру әдісін көрсету. Басқа елдің үздік спортшыларын таныстыру немесе атап айту

Бастапқы білім

Оқушылар алдыңғы сыныптарда, сондай-ақ мектептен тыс қызметте меңгерген жеңіл атлетика туралы біледі, секіру дағдыларын игерген.







САБАҚ БАРЫСЫ

Сабақ кезендері

Сабақтағы іс-әрекеттер

Құрал-жабдықтар (ресурстар)

Сабақтың басы:

15 минут

Оқушылармен сәлемдесу. Түгелдеу. Спорттық киімдеріне назар аудару. Қауіпсіздік ережесін таныстыру, қайталау.

Бүгінгі сабақтың мақсатымен таныстыру. Алдағы жұмыстармен таныстыру.

- Жүру жаттығуларын орындау;

- Жүгіру жаттығуларын орындау;

- Жылдамдыққа жүгіру;

- Тынысты қалыпқа келтіру жаттығуларын орындау;

Одан кейін шеңбер бойына тұрып ЖДЖ орындайды.

Қимыл-қозалыс ойындарын ойнату.


Бос кеңістік,

түрлі түсті

конустартар



Үлкен, бос кеңістік әр қызмет үшін. Ысқырық, секундомер.





Сабақтың ортасы

55 минут

Сыныпты шағын топтарға бөлу

Оқушылар 2 топқа бөлінеді. Топқа  жеңіл атлетика бөліміне байланысты суреттері бар карточкаларды топтастыру арқылы бөлінеді.

1-топ бір орнында ұзындыққа секіру тәсілдерін орындайды;

2-топ Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру әдістерін орындайды;

1-тапсырма. Бір орнынан ұзындыққа секіру.
Эстафета. «Кім алысқа секіреді?»

Шарты: 2 топ оқушылары кезекпе-кезек бір орында тұрып,  ұзындыққа секіреді. Әр оқушының секірген ұзындықтарын бормен белгілеп, соңғы оқушы секіргеннен кейін әр топтағы барлық оқушының ұзындыққа секірген өлшемдері қосылады. Қай топтың ұзындыққа секірген өлшемі көп, сол топ жеңіске жетеді.

2-тапсырма. Жүгіріп келіп ұзындыққа секіру.

Екпін. Екпін керекті жылдамдықты жинап алу үшін қажет. Екпін алғаннан кейін секіруші жүгіріп жылдамдық алады. Секіруші өзінің әр жүгіру адымын, қозғалысын қадағалау керек және жүіріп келе жатып оң, солға қозғалмай түзу жүгіру керек, адымы өте кең болу қажет.
Итерілу. Серпілуге жақындағанда секіруші соңғы 3-4 адымдық жылдамдығын көбейту керек. Белгіленген сызыққа келгенде секіруші сызықтан аспай бар екпінмен жерге түсу үшін ұшады.
Ұшу. Секіруші белгіленген сызықтан екпін алып секіргеннен кейін ұшу кезеңі басталады. Ұшу кезінде секіруші өзін бір қалыпта ұстап, мүмкіндігінше алысқа жерге түсудің тәсілдерін орындайды.

Жерге түсу. Бұл секірудегі соңғы тәсіл, секірушінің қанша ұзындыққа секіргенін көрсетеді. Жерге түсу кезінде екі аяқтың тізесін  жазады, иықты, кеудені алдыға қарай бүгіп, екі қолды төмен немесе алға жібереді.










Кең ойын алаңы, ысқырық, фишкалар, бор, конустар.

Қозғалыс сапасын дамытуға арналған кешендер: бір орнынан секіру техникасы

https://www.youtube.com/watch?v=IVFzJTdsQsY











Интернет ресурсқа сілтеме: жеңіл атлетика түрлері бойынша қозғалыс ойындары.

https://www.youtube.com/watch?v=qT435OWqXy4


Сабақтың соңы:

10 минут


Құрал-жабдықтарды жинау. Бүгінгі сабақты қорытындылау.

Соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

-нені білдім, нені үйрендім.

нені толық түсінбедім.

Ашық сұрап-жауаптар

Үйге тапсырма

Жеңіл атлетика бөліміндегі ҚЕ білу. Секіру техникасын игеруді жетілдіру.

Дене қабілеттерін дамыту жаттығуларын орындау.

Саралау-оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз: бір оқушыдан күтілетін нәтиже, дербес қолдау көрсету, уақытты ұтымды пайдалануды есепке ала отырып, сабақтың кез-келген кезеңінде қолданыла алады.

Жұптық және топтық жаттығуларды, сонымен қатар қозғалыстың құрамдас элементтеріне сараптау жүргізу, көрсету, талқылау және мәлімдеу

Бағалау-оқушылардың сабақ барысында үйренгенің бағалау үшін қолданылатын әдіс-тәсілдер арқылы бағалай алады. Мадақтама, марапаттау

Осы бөлімде оқушылар жеңіл атлетика бойынша түрлі жаттығулар орындайды, секіру қабілеттерін танып біледі, сонымен қатар өз денсаулықтарын жаттығулар арқылы бекітеді.

Денсаулық және қауіпсіздік ережелерінің сақталуы. Денсаулық сақтау әдістері, сергіту сәттері мен белсенді

іс-әрекет түрлері.

Оқушылар басқа оқушылардың жаттығуларының реттілігін оқиды және кері байланыстың құрамдылығын көрсетеді. Оқушылар секіру қабілеттерін құрамдас жаттығулардың дамуына себепкер болатын топтық жұмыстарды орындау кезінде біріктіріп жібереді.

Сабақ бойынша рефлекия:

1.Сабақ мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылар нені үйренді?


2.Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?


3. Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?


4. Сабақта уақыт кезеңдері сақталды ма ?


Жалпы оқушыларды бағалау:

Сұраңыз: Секіруді орындау кезінде неліктен реттілікті сақтау қажет?

Екпін алып ұзындыққа секірудің қандай сатыларын білесіңдер?

Оқушы қашан секіре алады? (ақ жалаушаны көтергеннен немесе «рұқсат» жауыс белгісінен кейін)

Біздің ағзаға икемділік не үшін керектігін айта аласыңдар ма?

Сабақтың жақсы екі аспектісі (оқытуға, үйренуге қатысты.)

1 Жеңіл атлетика тарауындағы қауіпсіздік ережесін сақтайды және әдістерді орындай алады.

2 Өзін-өзі шыдамдылыққа, шымырлыққа, ептілікке баулиды.


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту және үйрену)

Сабақты жақсартуға оқушылардың сол сабаққа берген кері байланысы. Сол арқылы оқушылардың қажеттілігіне қарай келесі сабақты жүйелі жоспарлау.





Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістігі (қиындықтары туралы нені

білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?)








Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!