Сабақтың тақырыбы: Ши өнерінің қолданбалы қолөнеріндегі орны. Ши тоқу технологиясы.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ши өнерінің қолданбалы қолөнердегі орны туралы мәлімет беру.Ұлттық ши тоқу өнерін бүгінгі заман талабына сай, сәнді бұйым жасауға, сұранысқа ие боларлықтай дәрежеге жеткізу.
Дамытушылық: Ши тоқу өнерінің қыр-сырын зерттей отырып, адам бет-бейнесінің ерекшелігіне өң таңдау, түрлендіру жолын дамыту.
Тәрбиелік: Өнер құдіретін сезінетін алғыр да зерделі ұрпақ тәрбиелеу, шеберлікке баулу. Оқушыларды ұйымшылдыққа, бауырмалдыққа өз ісіне жауапкершілікпен қарауға үйрету.
Сабақтың түрі: Инновациялық.
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі бейнелеу, сарамандық оқыту, өз бетінше жұмыс.
Көрнекі құралдар: Бүктемелер, дайын ши түрлері, ши талшықтары, өңді жіптер, фотосуреттер, эскиз жобалар.
Пәнаралық байланыс: Сурет, математика, тарих, бейнелеу, әдебиет, ән.
Сөздік жұмыс: Орау, тоқу, кілемше, өреше, шытпа, қарақұс, қазықбау, «қобыз тіл».
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру. Сабаққа дайындығын тексеру, қатыспағандарды белгілеу.
ІІ. Оқушылардың білімділігін тексеру.
Қазақ халқының қолөнері –сонау ықылым заман тарихымен бірге өсіп, біте қайнап келе жатқан өте бай қазына. Ши тоқу өнері Орта Азия халықтарына көне заманнан белгілі. Ши тоқу халқымыздың өрнекті өнерінің бірі, шиді жүннен орап және оны өрнектеп тоқу ісі. Қолөнерінің барлық түрі сияқты ши тоқу, оны түрлі өрнектермен безендіру әдісі өте ерте заманнан бері келе жатқан өнер мұрасы.

Сан алуан әдемі өрнектер орап тоқыған шым шилер киіз үйдің керегесі мен туырлығының арасына, ыдыс аяқ тұрған жаққа тұтуға, ірімшік, құрт кептіретін, шытпа, өре ши шыны салатын шыны қап, ши қора, ши есік, ши қалпақ,терезе қап, етхана, киіз басатын ши, т.б. күнделікті тұрмысқа қажетті бұйымдарының барлығына шиді епті пайдаланата білген халықпыз.
Шиге жалпы сипаттама
Астық тұқымына жататын шөптесін өсімдік. Биіктігі 50-250 см, сабағы көк, тік өседі, түсі көгілдір, беті тегіс, мықты шым түзеді. Жапырақтары ұзын жіңішке ені 3-5 мм өте қатты, сыпыртқысы жіңішке, ұзындығы 15-20 см, ақ не күлгін түсті.Маусым, шілде айларында гүлдейді.
Ши бұйымның жалпы сырт көрінісіне қарай үш түрге бөлінеді:
Ши түрлері

Ақ ши
Ораулы ши
Шым ши

Өне бойы тұтас емес,
әр жерінен оралған ши.
Біркелкі өне бойы тұтас оралған ши.
Оралмай тоқылатын
ши.
Ши өнерімен айналысатын шеберлер. Әжелеріміз бен апаларымыз үй жиһазына керекті заттарды қолдан жасап, қолөнердің ең бір тамаша да, қарапайым түрі мен өнерінің даму жолдарына үлкен мән берген. Сонымен шиді қалай тоқуды ойлап тауып, ақырында үнемі ізденіп, сәндік үшін ши тоқуды дамытып, әрі қарай жалғастырған.
Ши тоқу өнерімен айналысатын шеберлерді таныстыратын болсақ:
1957 жылы Республикалық І
көрмеде Қызылорда облысының Қармақшы ауданынан келген шебер
Қамбарованың тоқыған шым шиінің өрнек мәнері өте жоғары
бағаланған.1960 жылғы Республикалық ІІ көрмеде Атырау облысының
Маңғыстау ауданында тұратын С.Тұралиева мен Жамбыл облысының Талас
ауданындағы Б.Стамқұлова деген шеберлердің тоқыған шым шилері
бүкілодақтың көрмеге қоюға лайықты деп бағалаған.Ерлі-зайыпты
Бапановтардың шығармалары. М.Нартов «Жайлау», «Табиғат» байлығын
пайдалана отырып, осы қолөнердің дамуына ықпал етіп көзі қарақты,
көкірегі ояу жандар ши тоқу өнеріне аса көңіл бөлуде.Жәми
Айтмағамбетова,Ермек Өмірбердиева, Дариға Жантақова, Бибі
С
әрсенбиева.
Бибі Сәрбенбиева – 1909 жылы Жамбыл облысы, Қаратау қаласында туған.Бибі шешесінен он екі жасынан бастап шым ши орап, басқұр, бауларды жасау әдістерін үйренеді. Бибі апай облыстық, республикалық талай көрмелердің жүлдегері. Шым ши, киіз үй жасау жиһаздарын жасаудан асқан шебері.
Айтмағамбетова
Шәми - 1914 жылы Маңғышлақ
облысының,Өзен ауданында туған.Өгей шешесі Ұмсыннан көптеген
қолөнерді үйренеді. «Шебер қыз» атанады. Оның Украинаның ұлы ақыны
Тарас Григорьевич Шевченконың 150 жылдығына арналып тоқылған
ұзындығы алты құлаштан асатын басқұры Республикалық Орталық музейде
алыстан көз тартарлық асыл бұйым болып
тұр.
Сонымен қатар, Жетібай
ауылының тұрғыны Атаева
Күлзипа – 1926 жылы Жамбыл облысы,
Свердлов ауданы, Абай колхозында туған. Күлзипа әже зеректігі мен
ұқыптылығының нәтижесінде өрмек өруден, ши тоқудан бастап ,
қолөнерінің көрікті үлгілерін түгелдей игерген «Шебер қыз»
атанған.

Ши тоқу және тоқу технологиясы үш кезеңнен тұрады.
1. Кесу. 2. Орау. 3. Тоқу.
Ши талшығын бір шетінен бастап орайды. Ши орауды бастамас бұрын ши талшығын суреттегі өңдердің шекара сызықтағы қаламмен белгілеп кескіндеп алу керек. Бір өңді жіппен екінші өңге ауысқан кезде өте сақтықпен, еппен жіптің ұшын шығармай жымдастыра орайды. Аяқтағанда
1 см жетпей желім жағып, қазықбаушалап бекітеді. Осылайша қайталана оралып отырады. Алғаш тоқи бастағанда төрт шиді бірден салып қабаттап, ширатылған жіппен айқастыра орап байластырады. Мұны шидің «алақаны» дейді. Ши шыбықтарын бұлай байластыруды ши тоқушылар «шыбын қанат» деп атайды. Бұны шидің екі шеті қалың болып, тез тозып қалмауы үшін жасайды. Шидің бұл бөлігін «қарақұс» деп атайды. Шиді байлау үшін қарақұсқа бекітілген бауды «ши бау» деп атайды. Шидің бір шеті жұқа, екінші жағы қалың болып кетпеу үшін, орайтын шидің түп жағы мен шашақ жағын үнемі кезектестіріп,алмастырып отырады.
Нұсқау карта. Ши тоқу технологиясы.
|
№ |
Жұмыстың мазмұны. |
Сызбасы |
Керекті құрал-жабдықтар. |
|
1. |
Төрт шиді бірден алып дайындаймыз. |
|
Шилер. |
|
2. |
Төрт шиді қабаттап, ширатылған жіппен айқастыра орап крест сияқты байластырамыз. |
|
Ши, қондырғы,арқау жіп, салмақ тастар. |
|
3. |
Шыбын қанат бөлігін ақ шимен 20 см - дей тоқып шығамыз. Әр шиді бір-бірлеп бел ағаштың үстіне қояды да, тас байланған жіптерді ауыстырып тоқимыз. |
|
Ши, қондырғы, арқау жіп, салмақ тас. |
|
4. |
Ши талшығын суреттегі өңдердің шекара сызықтарын қаламмен белгілеп аламыз. |
|
Қалам, ши. |
|
5. |
Бір өңді жіптен екінші өңге ауысқан кезде өте сақтықпен, еппен жіптің ұшын шығармай 1см-дей желім жағып ораймыз. |
|
Желім, жіп және ши. |
|
6. |
Келесі орайтын шидің түп жағы мен шашақ жағын үнемі кезектестіріп отырады. |
|
Шилер. |
|
7. |
Осылайша қайтала оралып, тоқылып отырады. |
|
Жіп, желім, ши, қайшы т.б |
Зертханалық жұмыс.
1.Ши тоқуда тепе-теңдік, симметриялық заңдылықтар сақталу керек.
2.Ши орауды бастамас бұрын ши талшығын суреттегі өңдердің шекара сызықтарын қаламмен белгілеп алу тиімді.
3.Бір өңді жіптен екінші өңге ауысқан кезде өте сақтықпен, еппен жіптің ұшын шығармай жымдастыра орайды. Аяқтағанда қазықбау шалып бекітеді.
Осылайша қайталана оралып отырады.
4.Оралған шиді станокқа салып тоқиды.
Тоқу, орау барысында қауіпсіздік ережесін еске түсіріп отыру шарт.Шидің бір талын орап аяқтаған сайын дәлме-дәл келгенін тексеріп отырамын.

Осы біз ши туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?
«Шиді дұрыс өңдесең,келін болар келісті», «Дала шөбі ши - басыңа бақыт әкелер», «Ши қалпақты жігітің, сөзіңе де беріксің»
Ши бұйымдары қолдануға тиімді, әрі таза,сұлулыққа, талғамдыққа сай.
Ал қандай өлеңдерін білеміз?
«Ораулы ши, шым ши,
Қажетіңе жарасын.
Игілікке ұсталсын,
Жаманшылық болмасын»- деп дана халқымыз өлеңдетіп отырған.
« Ісім өнсін десең, ретін тап», Шилі өзен жерім - ай, сағындырған елім-ай»- деген екен. Үйдің сәнін келтіріп тұрған халық өнері - шидің кереметіне тіл жетпейді.
Ши тоқудың өзі бір мереке, ауыл азаматтары жиналып, орталарына соятын қойын, қымызын дайындап, домбыра, қобыз алып, ұйымдасқан күйде жұмысқа кіріседі екен. Қазақта «Ши тарту биі», «Ши шымылдық» дейтін ұлт ойындары содан қалған, осындай науқан кезінде жастар бір серпіліп, әндер шырқалған.
Кәне, барлығымыз ән айтайық.
«Шилі өзен қамыс-ай,
Бізді ойлай жүр таныс-ай»
Жұмыс дәптермен жұмыс.
Сөздіктер:
Орау-ши талшығына жіпті қолмен ширата отырып орау.
Тоқу-оралған шиді жіптердің айқасуымен нығыздап ретпен тізу.
Кілемше-шиге салынатын ұсақ шаршы өрнек.
Қарақұс-шидің түбір жағы.
Қазықбау-жіпті орап байлаудың бір түрі.
Ірге ши- үйдің іргесін айналдыра ұсталады. Биіктігі 50-60см ақ ши.
Шабу-шиді тоқып болған соң, екі шетін тегістеп, қырқып тастау.
Тоқу жібі-шилерді қосып біріктіре тоқуға арналған мықты,берік жібектен ширатылып дайындалады.
Сабақты қорытындылау:
1. Ши қандай өсімдік? (Ши бунақталып, әр бунағына қабықша жапырақ жабыса өседі, өңі жылтыр жасыл,басында үкілі шашағы бар, бір жылдық өсімдік)
2. Қазық бау дегеніміз не?
3. Шидің алақаны деп нені айтады?
4. Ши бау не үшін қажет?
6. Шидің қажеттілігі неде?
7. Ши түрлерін атаңдар?
Үйге тапсырма: ши тоқуды жалғастыру.
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Ашық сабақ. Ши тоқу

шағым қалдыра аласыз