Материалдар / ашық сабақ "Сүйектің макро - және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы. Зертханалық жұмыс «Сүйектің макро және микро

ашық сабақ "Сүйектің макро - және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы. Зертханалық жұмыс «Сүйектің макро және микро

Материал туралы қысқаша түсінік
Биология пәні мұғалімдеріне
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады



Сабақ жоспары.



Ұзақмерзімді жоспар бөлімі:

8.3В Қозғалыс

Мектеп: Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Шиен ауылы. «Шиен орта мектебі» КММ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Арыкбаева Жаннур Омекеевна

Сынып: 8

Қатысқандар саны:


Қатыспағандар саны:

Пән: Биология

14

-

Сабақтың тақырыбы

Сүйектің макро - және микроскопиялық құрылысы. Сүйектің химиялық құрамы. Зертханалық жұмыс «Сүйектің макро және микроскопиялық құрылысы». Демонстрация «Сүйектің химиялық құрамы».

Оқу мақсаты

8.1.6.2 Сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттеу.

Сабақтың мақсаты

Барлығы:

  • Сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрлымын мұғалімнің көмегімен микроскоп арқылы дайын препараттары арқылы көріп, анықтама береді.

Көпшілігі: Сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын микроскоп арқылы дайын препараттары арқылы көріп, салыстырып анықтама береді.

  • Кейбірі: Сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын микроскоп арқылы дайын препараттары арқылы көріп, салыстырып қорытынды шығарады .


Бағалау критерийі

  • Сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын зерттейді.

Тілдік мақсаттар

Пәнге қатысты лексика және терминология:

Сүйек ұлпасы, кемікті зат, сүйек қабығы, шеміршек ұлпасы, остеобласттар, остеон, оссейн.

Диалогқа/жазылымға қажетті тіркестер:

Остеоциттер дегеніміз ...............................................

Остеобласттар дегеніміз .........................................

Остеокластар дегеніміз .........................................................

Остеон дегеніміз .......................................

Құндылықтарды дарыту

«Өмір бойы білім алу, денсаулық сақтау, ынтымақтастық»


Пәнаралық байланыс

Жаратылыстану.

Алдыңғы білім

7-сынып «Омыртқасыз және омыртқалы жануарлардың қозғалыс мүшелерін салыстыру» тақырыптары


Сабақ барысы

Сабақтың жоспар-ланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-өрекет

Ресурстар

Сабақтың басы



12 минут

















Picture 1

І. Ұйымдастыру кезеңі

1.Амандасу

2.Жағымды психологиялық ахуал туғызу. Тренинг «Достық жылуы»

Іс-әрекет: Балалар қанекей алақанымызды бір-біріне ысқылайықшы. Ал енді қасыңда отырған досыңның алақанымен өз алақаныңды түйістіріңдер. Жылу барды ма? Ия. Жарайсыңдар. Бір-бірімізден әрқашан достық жылуымызды аямайық.

3.Топқа бөлу. Түрлі түсті бессаусақтарды ұнаған түстері бойынша алады. Артында жазылған топ атауына байланысты отырады.

4. Үй тапсырмасы. «Бес саусақ» әдісі

Іс-әрекет: Өткен тақырып бойынша бес сөйлем жазу. Әр саусаққа өткен тақырып бойынша білгенін жазады. Оқиды.

ҚБ: «Смайликтер»

5. «Миға шабуыл» әдісі

Іс-әрекет: Сүйек құрылысының суреті бейнеленген слайд шеруін көрсетіп, оқушыларға:


  • Бұл суреттен не көріп тұсыңдар?

  • Сүйек ауруларының түрлері не себептен пайда болады?

  • Сүйек құрылысы туралы білгілерің келе ме? деген сұрақтар арқылы сыныптық талқылау ұйымдастыру.

Мақсаты:

  • сыныпта ынтымақтастық атмосферасын құру;

  • оқушылардың қызығушылығын оятып, зейінін сабаққа аудару;

  • жаңа сабақтың тақырыбын ашу.

Мұғалім: сабақтың тақырыбы, оқу мақсаты, бағалау критерийлерімен таныстыру.












А.Әлімов

«ЖОО орындарына арналған оқытудың жаңа әдіс- тәсілдері»

2015ж













Сабақтың ортасы


20 мин



















































































(Ж) Тапсырма №1 « Қызықты зертхана» әдісі

9 Зертханалық жұмыс

Сүйектің макро­­­ және микроскопиялық құрылысы.

«Сүйектің химиялық құрамы» деген көрнекі көрсетілетін тәжірбие (демонстрация)

Жұмыс мақсаты: табиғи және өзгертілген сүйектің микроскопиялық және микроскопиялық құрылысын зерттеу негізінде сүйектің химиялық құрамы мен құрылымының әртүрлі құрам бөліктерінің рөлдерін анықтау.

Құрал-жабдықтар: сүйек ұлпасының микропрепараттары,сүтқоректі жануарлардың араланған жалпақ және түтік тәрізді сүйектері, жануарлардың күйдірілген және кальцийсіздірілген сүйектері (мысалы,тауықтың); препараттық ванна немесе табақ.


Жұмыс барысы

1.Араланған сүйектің макроскопиялық құрылысын қараңдар. Мынадай элементтерді анықтаңдар:

  • Тығыз шағын сүйек заты

  • Кемікті зат (оның пластиналары қай бағытта орналасқанына назар аударыңдар)

  • Сүйек қабығын табыңдар. Оның қабатын тығыз заттан бөлуге бола ма?

  • Сүйек басынан гиалинді (тегіс шеміршекті) табыңдар;

  • Қуысты сары сүйек кемігін табыңдар;

  • Зерттелетін сүйек типтерін анықтаңдар;

2. Сүйектің макроскопиялық құрылысын қараңдар. Мынандай элементтерді анықтаңдар:

  • Сүйек цилиндрлерінің пластиналары;

  • Остеоциттер жіне олардың өсінділері;

  • Остеондардың орталық қуысы;

3. Сүйектің үш: күйдірілген, кальцийсіздендірілген және өзгертілмеген (табиғи) типтерінің қасиеттерінің көрнекі түрде зерттеңдер.

  • Барлық үш сүйекті созып көріңдер. Кальцийсіздендірілген сүйектің қандай қасиеті бар?

  • Барлық үш сүйекті иіп көріңдер. Күйдірілген иіп көрген кезде не болады? Ол қандай қасиетке ие?

Зерттеу жүргізу барысында алынған мәліметтерді кестеге толтырыңдар. Сүйектің қасиеттері неге өзгергені туралы қорытынды жасаңдар.

Сүйек типтері

Созу

Ию

Құрамының өзгеруі

Алынған нәтиже себептері

Қалыпты





Кальцийсіз-дендірілген





Күйдірілген





Сүйек элементтері мен сүйек ұлпасының, оның химиялық құрам бөліктері мен қасиеттерінің өзара байланысы туралы қорытынды жасаңдар.

Дескриптор:

  1. Сүйектің макроэлементтерін анықтайды.

  2. Сүйектің микроэлементтерін анықтайды.

  3. Сүйек типтерінің құрамын анықтайды.

  4. Алынған нәтижелердің себеп – салдарына қорытынды жасайды.

ҚБ: «Отшашу»



(ЖЖ) Тапсырма №3 FILA кестесі

Жағдаят.

Айжанның жасы 10 да.Ол балет өнеріне қызыға бастады. Ата –анасымен ақылдасып, балет би үйірмесіне барды. Бірақ, Айжанды балет би үірмесіне қабылдамады. Айжанды үйірмеге не себепті қабылдамағанын анықтап көріңдер.


F – дерек

I- ой -пікір

L-оқыту сұрақтары

A-іс -әрекет










«FILA» әдісі бойынша.  Орындалу мағынасын  түсіндіру. Әр әріпте  мағына бар.

F – дерек

I- ой -пікір

L- оқыту сұрақтары

A- іс -әрекет


Оқушылыр «ФИЛА»әдісі  бойынша мәтінмен жұмыс орындайды.

Дескриптор

  1. Деректерді анықтайды.

  2. Ой – пікірлерін айта алады.

  3. Оқыту сұрақтарын құрастыра алады.

  4. Іс – әрекетті болжай алады.

ҚБ: «Басбармақ»












Сабақтың соңы

8 мин

«Рефлексия»

Бас бармақ ______________________________________

Балалы үйрек_____________________________________

Ортан терек______________________________________

Шылдыр шүмек ___________________________________

Кішкене бөбек ____________________________________


Үйге тапсырма: Сүйектің макро - және микроскопиялық құрылысы.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

1 тапсырма

9 Зертханалық жұмыс

ҚБ: «Отшашу» әдісімен өзін-өзі бағалау.

2 Тапсырма FILA кестесі

ҚБ: «Басбармақ»

Барынша қолдау: - Сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрлымын мұғалімнің көмегімен микроскоп арқылы дайын препараттары арқылы көріп, анықтама беруде.

Орташа қолдау: Сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын микроскоп арқылы дайын препараттары арқылы көріп, салыстыруда.

Аз қолдау: Сүйектің химиялық құрамын, макро және микроскопиялық құрылысын микроскоп арқылы дайын препараттары арқылы көріп, салыстырып дұрыс қорытынды шығаруда .

Қалыптастырушы бағалау

1. Алдыңғы білімді еске түсіру. Мұғалімнің әр түрлі мақсаттарға арналған ауызша кері байланысы.

2.(Т) Тапсырма№1«Отшашу» әдісі топтық жұмыс кезінде

3.(Ж) Тапсырма №2«Басбармақ» әдісімен өзін-өзі бағалау.

Қорытынды:«Бессаусақ» техникасы арқылы кері байланыс алу.

Психологиялық ахуал орнату:

  1. Тренинг «Достық жылуы»


Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/ оқу мқсаттары дұрыс қойылған ба?

Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытққулар болды, неліктен?


Жалпы бағалау


Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:

2:


Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


13 Желтоқсан 2018
6696
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі