Материалдар / Ашық сабақ "Сын есім" 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Сын есім" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқыту мақсатым - сын есімді ажырата білуге үйрету, олардың түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру; адамгершілікке, достыққа, ұқыптылыққа, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу;тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру; Жаңа әдіс тәсілдерді сабақ барысында қолдану мұғалімдер үшін өте тиімді екен. Себебі мұғалім мен оқушы және де оқушы мен оқушы арасында өзара диалог орнатылып, оқушылардың ойын толық жеткізуіне жағдай жасалады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2018
2596
1 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ашык сабак

Сабақтың тақырыбы : Сын есім

Сабақтың мақсаты: Сын есім туралы түсінік беру.
Білімділік: сын есімді ажырата білуге үйрету, олардың түрлерін, ерекшеліктерін ұғындыру;
Тәрбиелік: адамгершілікке, достыққа, ұқыптылыққа, өз тілін құрметтеуге тәрбиелеу;
Дамытушылық: тіл байлығын, ой - өрісін, есте сақтау қабілеттерін, оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыру;
Сабақтың типі: жаңа материалды игерту
Әдістері: сұрақ - жауап, әңгімелесу, түсіндіру
Көрнекілігі: тірек - сызбалар, суреттер,семантикалық карта , дидактикалық ойындар
Пәнаралық байланыс: дүниетану
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі 2. Психологиялық дайындық
Бізге болсын сәтті күн,
Сізге болсын сәтті күн
Көңілдерді көтерсін,
Біздің жарқын тәтті үн «Бір әріптің ізімен»
Берілген әріптермен сәттілік тілеу мүмкіндігінше сын есім болғаны жөн.
Мысалы, Әә - Әйгерім әдемі
Жұмбақ шешу
Қар мұз еріп су көбейіп, Сай салаға толады. Бүршік жарып, жарық ашып, Гүл бәйшешек басады Көктем ,Весна Спринг

Ал, осы көктемнің белгісі ретінде мына жасырылған гүлдер арқылы топқа бөлу

«Розалар» «Бәйшешектер» «Қызғалдақтар» Топ басшы сайлау. Топ басшы өз тобының оқушыларын бағалау шкаласы бойынша бағалап отырады

Үй тапсырмасын тексеру 61-жаттығудың орындалуын тексеру Қайталау «Құпия зат» әдісі бойынша өткен сабақты пысықтау
ІІ. Жаңа сабақ
Сын есім заттың сынын, сапасын, дәмін, түр- түсін білдіреді Оған қандай?қай? деген сұрақтар қойылады. Сын есім негізгі және туынды болып бөлінеді. Түбір сөзден болған сын есімді негізгі сын есім дейміз. таза, үлкен, қызыл.
Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейміз. Таудай, өнерлі, сезгіш

Алма – қызыл, тәтті, домалақ
Оқулықпен жұмыс 1 - жаттығу
Өлеңді мәнерлеп оқу.
Өлеңнен сын есімдерді табу.
Олардың қайсысы туынды, қайсысы негізгі екенін айту.
Негізгі сын есімдер: көк, кең, егемен
Туынды сын есімдер: атақты, жемісті, шың - құзды, жеңісті, жайдарлы, өрісті
« Ой қозғау» 2 – жаттығу Жұмбақты шеш, жатқа жазу
Сын есімдерді тауып, олар заттың қандай белгісін білдіріп тұрғанын айт. Жұмбақты табуға қай сөздер көмектесті ? Жұмбақталған зат туралы тағы қандай жұмбақ білесіңдер «Топпен жұмыс» бір топ келесі топқа жасырады ол топ шешуін табу керек және орысша ағылшынша айту керек
Сергіту сәті Қырғауыл боп ұшамыз, ұшамыз (Екi қолымен қанат жасап ұшады) Түлкi болып қашамыз, қашамыз  (Бiр орындарында тұрып жүгiредi) Қырғауылдай тапқыр боп, Орнымызға қонамыз (Бәрi орындарына отырады).

4 - жаттығу Берілген сын есімдерге сай келетін затты тап Шаш – қалың, ұзын, бұйра, қысқа
Бөлме – кең, биік, жарық Топпен жұмыс «Сипатта сырын  аш» Әр топқа бір-бір заттың аты жазылған сөз беріледі топ суретін салып,сол затты жан- жақты сипаттап жазады

5 - жаттығу
Түсіп қалған сөздерді төменнен тауып, өз орнына қойыңдар.
Тәртіпті бала - сүйініш,
Төбең бір көкке жетеді.
Тәртіпсіз бала - күйініш,
Төмендеп басың кетеді.
Ұрыншақ бала жанында
Ұрыс пен керіс, айқай - шу.
Ұстамды бала маңынан
Ұнамды қылық байқайсың. басқаша қалай айтуға болады

Жұмбақ зат» ойыны
Бұл ойынның шарты бойынша көрсетілген затты сынып тағы оқушылар түрлі сөз таптарымен сипаттайды. Тақтаға шыққан бала жасырылған затты табуы тиіс. Алғашқы үш сөйлемге дейін тапқан бала жеңімпаз атанады.
Мысалы, шахмат тақтасы туралы оқушылардың берген сипаттамасы мынадай болды.
- Онда ақ, қара фигуралар бар. Ол төртбұрышты. Онда 64 тор көз бар.
керік,жол белгісі, қарлығаш,түлкі, балта, бағдаршам ,тб заттар жасырылды.


IV. Бекіту
Семантикалық картаны толтыру.

Сөздер

Зат  есім

Етістік

Сын  есім

Келді

 

 

 

Жақсы

 

 

 

Парта

 

 

 

домалақ

 

 

 

Жаңа

 

 

 


- Сын есім дегеніміз не?
- Сын есім құрамына қарай нешеге бөлінеді?
- Негізгі сын есім дегеніміз не?
- Туынды сын есім деген не?
« Артығын тап»
1. Жылқы, тай, құлын, ат, асау. Себебі, ол - сын есім, қалғандары - зат есімдер.
2. Дәмді, көже, тәтті, көңілді, әдемі.
3. Майлы, майлады, шегеледі, тойлады, жайнады.
4. Кітап, дәптер,қалам, қисық, сызғыш 5.Жылқы, тауық, қой, аласа, тай V. Қорытындылау - Ал, балалар, бүгінгі сабақты қорытындылай келе сендерге жарқыраған күндей мейірімді жан шуақты, көңілі ақ, адамға тек жақсылық жасай білетін азамат болыңдар деп тілек тілегім келеді
Оқушылар қолдарындағы гүлдер суреттеріне сын есімді қатыстырып ұстаздарға тілектер жазады . Келген қонақтарға тарту етеміз
Топ басшылар бағасымен таныстырады
Үйге: Сын есім 3-6 - жаттығу.

«Білім ағашына» кері байланыс жазады















































































Қызыл, жасыл, шөп, ұзын, жуан, дәмді, биік, байырғы.
- Балалар, осы сөздердің арасында қай сөз сендерге таныс емес?
- «Байырғы» - бұрынғы, ежелгі деген мағынаны білдіреді.
- Осы сөздер қатарында қай сөз артық деп ойлайсыңдар? Неліктен?
- «Шөп» деген сөз артық, себебі ол - зат есім, қалғандары - сын есім.




Сөздер

Зат  есім

Етістік

Сын  есім

Келді

 

 

 

Жақсы

 

 

 

Парта

 

 

 

домалақ

 

 

 

Жаңа

 

 

 

Семантикалық картаны толтыру.





Аты

жөні

 

 

 

 

Балл

Баға

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 





413-жаттығу. Топтастыру (кластер) Бір  зат есімге қатысты бірнеше сын есім тауып топтастыру.

көше,  көл,  жылқы  ,  кесе

(Кері байланыс орнату.)

Топтастырып жазады.

Постер топтастыру  арқылы зат есіммен сын есімнің байланысын  түсіреді.



Ыстық орындық» тәсілі аясында оқушылар бір - біріне сұрақ қою арқылы тақырыпты жан - жақты қарастырып, сыни тұрғыдан ойланып жауап береді


Сыныпты төрт  топқа бөлу. Гүлдердің  суреттері  арқылы топқа бөлу.  Топ басшыны тағайындау. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

Ойынның шарты:Әр топтан 1 оқушы шығып,бетшеде жазылған тапсырманы іштей оқып, оны қимылмен көрсетеді. Басқа топтың оқушылары сол қимылды айттып,сын есімі бар сөйлем ойлайды. Әдемі қыз өлең айтты. Менің әжем қызыл ала сиырды сауды.

Оқушы қызықты кітап оқыды.



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!