Материалдар / Ашық сабақ "Сын есімнен өткенді қайталау" 6 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Сын есімнен өткенді қайталау" 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушылар теориядан алған білімдерін практикамен дәлелдеп тапсырмалар орындайды. Тапсырма түрлері топтық жұмысқа арналып құрастырылған. Ашық сабақ материалдары әр пән мұғаліміне оқушылардың сын есім, зат есімнен алған білімдерін тексеру үшін өте пайдалы. Топта жұмыс істегенде оқушылар бір-біріне көмектесіп, түсіндіріп талдаулар жасай алады. Осы әдіс-тәсілдер арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылықтары артып, жылдамдыққа, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа талпынады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
562
2 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шынаргуль Сагиндыковна Мальшубаева

Павлодар қаласы, Қалижан Бекқожин атындағы

12 жалпы орта білім беру мектебінің

қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі

Күні: Пән: Қазақ тілі Сынып: 6 «Б»

Сабақтың тақырыбы:

Сын есімнен өткенді қайталау

Мақсаты :


  • Оқушылардың сын есімнен алған білімдерін нығайту, ұлттық ойындар арқылы тиянақтау, бір жүйеге келтіріп қорыту, теориялық білімін практикамен ұштастыру.

  • Оқушылардың тапқырлық ізденімпаздық, танымдық қабілеттерін дамыту, шығармашылыққа баулу, өз ойын тиянақты жеткізуге дағдыландыру.

  • Ана тілінің заңдылықтарын сүйе білуге үйрету, пәнге деген қызығушылығын ояту, оқушыларды адамгершілікке, ізеттілікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Күтілетін нәтиже:


  • Өткен тақырыпты өз белсенділіктерімен меңгереді;

  • Өз ойын толық жеткізуге дағдыланады;

  • Өз бетімен жұмыс істеуге талпынады;

  • Қосымша деректер тауып, ізденеді.

7 модульдің қолданылуы

АКТ, «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер», «Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау», «Сыни тұрғыдан оқуға үйрету», «Оқуды басқару және көшбасшылық»

Табыс өлшемі:

  • Ұжымдасып еңбек ету қалыптасты.

  • Оқушылар топтық жұмыста, сабақты меңгеруде, шығармашылық жұмыстарда белсенділік танытты.

  • Бағалау өлшемдерін анықтай білді.

Негізгі идеялары

Сабаққа деген қызығушылығы мен ынтасы артады, бір-бірімен әңгімелесу, пікірлесу арқылы топтық жұмыс жасауға дағдыланады, сын есім туралы білімдері кеңейеді.

Көрнекілік

Пакет, түрлі түсті қағаздар, проектор, бағалау парақшалары, карточкалар, т.б.

Оқыту әдісі

Топпен жұмыс, жұптық жұмыс, диалог, сұрақ-жауап, деңгейлік тапсырмалар, карточкамен жұмыс, талдау, практикалық, проблемалық жағдаят, қайталау, іздендіру, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барысы:

Кезеңдері

Мазмұны

Мұғалімнің

іс-әрекеті

Оқушының

іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Кіріспе

2 мин

Ұйымдасты

ру кезеңі;

Түстер арқылы топқа бөлу; Психология

лық ахуал.

1-2-3-4 сандар жазылған түстер арқылы топқа бөлінеді.

Сандар жазылған түсті қағаздың артында өлең жолдары жазылған.

Бір шумақ өлең шығады.

Ақпыз, қара, сарымыз,

Ағайынбыз бәріміз.

Бірлігіміз жарасқан,

Алда боламыз әрқашан.

Топқа бөлінеді.


І топ: «Қызылдар»

ІІ топ: «Көктер»

ІІІ топ: «Жасылдар»

ІV топ: «Сарылар»

Топ ережесін еске түсіру.






Түсті қағаздар, пакет

Негізгі бөлім

Өткенді пысық тау

Қызығу

шылы

ғын ояту Түсіну

3 мин

Үй тапсырмасын қайталау.

«Арқан тарту» ойыны бойынша топтар сағат тілімен бір-біріне сұрақтар қояды.

Қай топ көп сұраққа жауап берсе, сол топ жеңіске жетеді.



Топтар бір-біріне сұрақтар қойып, жауап береді.













Қолдану

12 мин


«Бәйге» ойыны. Қай топ бірінші орындап болса, мәреге сол топ озып келеді.

І топ: «Қызылдар». Негізгі, туынды сын есімдерді екі топқа бөліп жазу. Терең, тайғақ, сыйлас, таулы, зерек, кең, өткір, алғыр, ұрысқақ, өтімді, ұзын, аяншақ, көшпелі, қызба, намысқой.

Негізгі сын есім

Туынды сын есім



ІІ топ: «Көктер». Бір зат есімге бес сын есім жазу. Табиғат, ана, мектеп.


ІІІ топ: «Жасылдар» Берілген мақалдардағы көп нүктенің орнына лайықты сын есімдерді қойып, орысша-ағылшынша аудар.


1. ... адамның танысы көп, ... адамның жақыны жоқ. (Жақсы-хороший-good; Жаман-плохой-bad)

2. ... қыз – ауыл көркі. (Ақылды-умный-smart)

3.Ел іші – ... бесік. (Алтын-золотой- golden)

4. ... үйдiң тамағы ... . (Тату-дружный- friendly; Тәтті-вкусный-tasty)

5.Көз – ... , қол – ... . (Қорқақ-трусливый-cowardly, Батыр-храбрый- brave)


ІV топ: «Сарылар». Сын есім мен зат есімдерді сәйкестендіру.

Жазғы Оқушы

Сары Ырым

Ауыр Бала

Биік Дауыс

Жаман Балапан

Әдепті Адам

Көтеріңкі Жүк

Білімді Сөз

Қабілетті Актер

Түйінді Үй

Дарынды Демалыс

Топпен бірігіп тапсырмаларды орындайды.
















Топпен бірігіп тапсырмаларды орындайды.













Сергіту сәті

1 мин


Сенде төзімділік, шыдамдылық, еңбекқорлық дамыған. Өз айналаңа адамдарды жинап ұйымдастыру, реттеу және жүйелеу қабілетін баршылық. Сенен үздік ұйымдастырушы (администратор) шығады.

Сенде адамгершілік жоғары дамыған. Сен өз әріптесіңді тыңдай аласың және оның қайғысы мен қуанышын бірге бөлісесің, басқаның ауыртпалығына жәрдемдесу қабілетін жоғары қалыптасқан.

Саған басқарушылық қасиет тән. Өз көздеген мақсатына қол жеткізуге барлық мүмкіншілігіңді жасайсың. Өзіңе сенімдісің және жеңіске, жетістіктерге, ұтыстарға оңай қол жеткізесің. Айтқаныңнан шықпайсың, абыройлысың.

Сергіту сәтіне қатысады.





Проектор.








Талдау

8 мин


«Қыз қуу» ойыны. Тақтаға әр топтан оқушылар шығып, талдауды орындайды. Қыз балалар бірінші орындап болса, ұл балаларды қамшымен сабайды. Ұл балалар жеңсе, қыздардың бетінен сүйеді.

І топ: «Қызылдар». Фонетикалық талдау. Ұлытау


ІІ топ: «Көктер». Сөз құрамына талдау. Әншілерімізді


ІІІ топ: «Жасылдар». Сатылай кешенді зат есімге талдау. Ойыншықтар


ІV топ: «Сарылар». Сатылай кешенді сын есімге талдау. Өнерлі

Тақтаға шығып орындайды.

Тақта, бор.

Жинақтау

9 мин


Ойланады, қорытады

«Көкпар» ойыны. Бірінші орындап болған топ, жеңімпаз болып есептеледі.


І топ: «Қызылдар». Сөзжұмбақ шешу. Мына төркөздерді сын есімдермен толтыр.



ІІ топ: «Көктер». Семантикалық картаны толтыру.

ІІІ топ: «Жасылдар» Көп нүктенің орнына төмендегі жұрнақтардың тиістісін қойып, туынды сын есім жасаңдар: 
Жұқ, қап, көтер, тербел, бас, жылт, кіші, ұрыс,от, көйлек, қара, тұса, жала, тас, тұз, жаз, күз, шоқпар. 
Жұрнақтар: -палы, -іңкі, -мелі, -палы, -ыңқы, -рек, -ғыш, -дай, -гі, -ғы, -қақ, -шең, -тай, -мыс, -қор, -ды, -ді. 

ІV топ: «Сарылар» Сөз құраңдар.

идәбе-әдеби, слыжа-жасыл, мұдыты-ұтымды, лпажқа-жалпақ, разпөне-өнерпаз, ңроық-қоңыр, кнелү-үлкен,

Топпен жұмыс жасайды.

Сөзжұмбақты шешеді.










Семантикалық картаны толтырады.









Карточкамен жұмыс жасайды.








Карточкамен жұмыс жасайды.


А4 қағаз.

Кері байла ныс

2 мин


Проектордағы сөйлемдерді аяқта...

Оқушылар проекторда көрсетілген сөйлемдердің біреуін таңдап, оны әрі қарай жалғастырып, аяқтайды:

  • Мен мынаны білдім ...

  • Маған қызық болғаны ...

  • Маған қиын болғаны ...

  • Мен енді ...

  • Менің ойым мынадай ...

  • Мен мынаны сезіндім ...

  • Мен мынаны жасадым ...

  • Мынаған таң қалдым ...

  • Қолымнан мынау келді ...

  • Мен мынаны жасағым келеді ...

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

Проектор

Бағалау

2 мин

Өзін-өзі бағалау

Мұғалім бағалау парақтарын таратады.

Балалар өзін-өзі бағалайды.

Бағалау парақшалары

Үйге тапсырма

1 мин


Эссе: 1) «Егер де, мен президент болсам ...»

2) Сын есімді қатыстырып, еркін тақырыпта өлең шығару.

Күнделіктеріне үй тапсырмасын жазып алады.


Күнделік





Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!