Материалдар / Ашық сабақ "Сурет салғым келмейді" 4 сынып
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ "Сурет салғым келмейді" 4 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Бұл ашық сабақты мұғалімдер өз тәжірибелерінде қолдануларына болады
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
647
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ тақырыбы:

Сурет салғым келмейді. Аралас сабақ (бейнелеу пәнімен кіріктірілген сабақ)

Жалпы мақсат:

Осы мәтін бойынша автордың не нәрсені көздегені жайында талдау жасап, өмірмен байланыстыра отырып білімдерін кеңейту. Мәтінді түсіне отырып оқу және әр сөзге мән бере отырып, маңызы туралы түсінік беру. АКТ-ны тиімді пайдалану.

Сілтеме:

Мұғалімдерге арналған нұсқаулық 80-81б

Оқыту әдістемесі 101-102б

Оқулық

Портал материалдары

Оқу нәтижесі:

Суретшілер жайында білу және ана қадірі жайында білу, маңызын түсіну. АКТ пайдалана алу.

Негізгі идеялар:

Мәтінді оқи отырып, сөйлемді талдау кезіндегі маңызы.

Сабақта қолданылатын материалдар:

Деңгейлік тапсырмалары, топтық жұмыстар,

интерактивті тақта.

Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

Сұрақ- жауап, диалог, АКТ, СТО.

Дерек көздері:

Сөз таптары тақырыбына арналған материалдар:

1.Постер жасау

2.Оқушы анықтамалығы

3.Кестелер

Тапсырмалар:

WORD мәтініндегі сұрақтар мен терминдерге жауап іздеу.




Сабақ бойынша мұғалім мен оқушының іс-әрекеті:

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу (3 мин)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Сабақтың мақсаты.

«Шаттық шеңбері» тұру арқылы сыныпта психологиялық ахуалды қалыптастыру. Шеңбер тұру арқылы кәмпит тарату арқылы бес топқа бөліну.

Сабақтың мақсатымен таныстыру.

Ортаға шығып «Шаттық шеңберін» жасау.

Бес топқа бөліну, «Дарындылар», «Білгіштер», «Таланттылар», «Ойшылдар»,

«Ақылдылар» .

ІІ. Жаңа сабақ (кіріспе)

( 5 мин )


Мұғалімнің іс-әрекеті

АКТ- нің көмегі арқылы «Сурет салғыс.м келмейді» деген тақырпты ашу үшін, суретшілер жайында деректермен таныстыру. Суретшілердің еңбегін қалай бағалар едіңдер? Қандай суретшілерді білесіңдер?

Деректермен танысу арқылы мәлімет жинау, оны дер кезінде жұмыс барысында пайдалана алу.

Суретшілердің еңбегін қара сөздер арқылы дәлелдеу. «Жарайсың, керемет,» сөздерімен топты бағалап отыру, смайликтер таратып беріп отыру.

ІІІ Мәтінмен жұмыс

( 5минут)

Ана тақырыбына әуен ойнап тұрады

Осындай тамаша суретшілердің жұмысына қарама- қарсы келіп тұрған мәтін «Сурет салғым келмейді» деп аталады, не себептен осы тақырып осылай аталды екен? Оның себебін мәтінді тыңдау арқылы білеміз.

2. Ержанға қандай кеңес ақыл берер едіңдер? Не айтып басу айтар едіңдер?

Әр топ мәтінді тыңдай отырып, қарындашпен түртіп отыру арқылы өзіне керекті мәліметті жинап отырады және не себептен мәтін осылай аталды деген сауалға жауап іздейді.

2. Мәтінді талдай отырып, Ержанға болашақта анасын қайғыра бермеу үшін қандай басу айтады топпен ақылдаса отырып, басу айту.


ІV «Анаға деген құрмет» постер жасау ( топтық жұмыс) (4 мин)

Н. Өнербеаевтың «Анашым» әні ойнап тұрады


Мұғалімнің іс-әрекеті

Баланың да тірегі,

Дананың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.

«Анаға деген құрмет» тақырыбына постер жасау керектігін түсіндіремін, суреттер арқылы да, мақал – мәтелдерді пайдалануға да болатынын ескертемін

Оқушының іс-әрекеті

Әр топ өздеріне жүктелен тапсырмаларды 4 минут ішінде орындап шығу керек, топ бір- бірімен ақылдаса отырып, жұмыс жасайды, музыка аяқталған кезде олардың да жұмысы аяқталады.

V. Постерді қорғау

(топтық жұмыс)

10 минут

Өмірде анаңнан артық адам жоқ сияқты. Өйткені, ол сені мәпелеп өсіреді. Түн ұйқысын төрт бөліп, ақ сүтін береді.Сондықтан да еш бала өз анасын ренжітпеуге тиіс.Анасы бар адам бақытты.

Әр топ өздеріне 2,5 минуттан уақыт алып постерді қорғайды, әр топ басқа топтардың постерларын бағалайды.

VІ. Өлең шумағын мақал арқылы немесе басқа дәлелдермен дәлелдеп беру (10минут)

Мұғалімнің іс-әрекеті

Қателессем мен егер,

Апам жүдеп қалады.

Қисық кеткен қадамым

Анама ой салады.

Осы өлең шумағын оқи отырып, өз ойларыңды мақалмен немесе басқаша дәлелдермен дәлелде, өмірмен байланыстыр.


Оқушының іс-әрекеті

Өлең шумағын талдай отырып, топпен ақылдаса отырып, өмірден мысалдар алып, осы шумақты дәлелдеп береді, мақал айтады немесе шағын көріністер айтуға болады.

VІІ. Ол кім?

Ой қозғау.

(топтық жұмыс)

(10минут)




VІІІ. «Бөз орамал»

10 минут


. «Өмірде ана деген қымбат адам,

Сол ғой мені жөргекте құндақтаған.

Ананы сыйламайтын жан болса егер,

Ол адам ақылы кем, болар надан»

Өмірде өз анасын сыйламайтын, құрметтемейтін адам болуы мүмкін бе?


Қазіргі уақытта осындай ұл- қыздардың болуына не себеп болды? Неге ол балалар жаман жолға түсті, не себеп?

Өмірде өз анасына басқаша қарайтын, басқаша құрметтейтін адамдардың болатынын, өмірмен байланыстыра отырып, суреттеу, дәлелдеу, мысалдар келтіру.



Жақсы мен жаманды салыстыра отырып, «Бөз орамал» көрінісіндегідей болып жатқан іс- әрекеттердің не себептен болып жатқанын дәлелдеткізу, мысалдар келтірту.

ІХ. «Тірілген туындылар» қойылым

10 минут


Мұғалімнің іс-әрекеті

Келесі жұмысымыз атақты суретшілеріміздің салып кеткен туындыларын тірілту, ой салу, не себептен бізге ол кісілер осындай туындыларды тарту етті.

Оқушының іс-әрекеті

Оқушылар, «Бурлаки на Волге», «Девочка с персиками», «Жас Абай», «Қырғыз қызы», «Моно Лиза»,

«У школьной дверей», «Биші қыз» туындыларын көрсетеді.


Х. Қортынды «Үш минуттық үзіліс»

3 минут






Рефлексия «Екі жұлдыз бір тілек»

«Үш минуттық үзіліс» арқылы сабақтың идеясын ондағы түсініктер, оларды өткен сабақпен байланысы туралы ойлануға 3 минут уақыт беріледі.Бұл жұмысты тірек сөздер арқылы қолдануға болады.

Оқушылар бүгінгі сабаққа өз ойларын айта отырып ұсыныс жасайды.

-Мен ....... деген өз пікірімді өзгерттім.

-Мен ...... туралы көбірек мағлұмат алдым.

- Мен ...... таң қалдым.

Мен ....... сезімде болдым.











Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!