ашық сабақ "Тамақтану гигиенасы.Ішек-қарын ауруларының алдын алу"

Тақырып бойынша 11 материал табылды

ашық сабақ "Тамақтану гигиенасы.Ішек-қарын ауруларының алдын алу"

Материал туралы қысқаша түсінік
биология пәні мұғалімдеріне әдістемелік көмек ретінде қажет деп ойлаймын
Материалдың қысқаша нұсқасы


Сабақтың тақырыбы: Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу.


Сабақтың мақсаты: 1.Тамақтану режимі және жеке бас гигиенасы ережелері, ас қорыту жолы қызметінің бұзылу себебі туралы білім беру, ас қорыту жүйесі мүшелерінің және ішекқұрт ауруларының алдын алу шараларын түсіндіру.

2.Тамақ ішу ережесін сақтауда өзін-өзі бақылау дағдысын қалыптастыру, тамақтың сапасын, сақталу мерзімін және ыдыстың таза болуын бақылау. Санитарлық-гигиеналық дағдысын қалыптастыру. Салауатты өмір сүруге тәрбиелеу.

3.Оқушылардың талдау, синтез, салыстыру, қорытындылау, ойлау қабілеттерін дамыту.


Сабақтың типі: аралас сабақ


Сабақтың әдістері: сұхбат, әңгіме-сұхбат, өзіндік жұмыс, кестелерді,суреттерді қолдану.


Сабақтың көрнекілігі: «Ас қорыту жүйесі» кестесі, электронды оқулықтан үзінділер, «Ішек паразиттері» электронды көрнекілігі.


Сабақтың барысы


I.Ұйымдастыру. Оқушылар түгенделеді, оқу құралдары тексеріледі.


II.Өтілген тақырып бойынша білімді өзектеу.

Үй тапсырмасының тақырыбы: «Астың ішектегі өзгерісі»

1.Ішек бүрлерінің құрылысы

2. Ас ішекте қорытылған астың сіңуі

3. Нәруыз, көмірсу, майлардың сіңуі

Оқушылардан ауызша сабақ сұралады және тапсырма беріледі.

Тапсырма «Биологиялық диктант»

1.Сілемейлі қабықпен жабылған,тамырлары мен жүйкелері көп бұлшықетті мүше?

2.Тіс сүйекке ұқсас тығыз зат ............ құралған.

3.Асқазан сөлінің негізгі ферменттері- .........., ............... .

4.Сілекей құрамында болатын нәруыздар- ..........,........... .

5.Аш ішектің жоғарғы бөлімі.

6.Массасы 1500 г шамасында ,қызыл қоңыр түсті, ең ірі без.

7.Аш ішектің сілемейлі қабығы ........ мен ............. тұрады.

8.Төменгі бөлімі қарынмен жалғасатын мүше.




3. Жана тақырыпты түсіндіру.

Тақырыбы: Тамақтану гигиенасы. Асқазан-ішек ауруларының алдын алу

Электронды оқулықтан үзінді көрсетіледі және ауызша сабақ түсіндіріледі.


Ас қорыту жүйесінің қалыпты қызметі үшін тамақты белгілі бір уақыт аралығынан кейін белгілі сағатта ішу керек. Тағамды бірден көп мөлшерде ішкен кезде асқазан толып кетеді де, ас қорыту процесін қиындатады, бұзады. Себебі, бөлінетін ас қорыту сөлі тағамдағы барлық қоректік затты ыдырата алмайды. Белгілі бір тағамды қажетсіну сезімін тәбет деп атайды. Сүйсініп тамақ ішкенде сөл көп бөлініп, тамақ жақсы сіңіріледі. Әр түрлі тамақ, дәмдеуіштер, салаттар тәбетті жақсы ашады. Салаттар организмді витаминдермен қамтамасыз етеді. Тәбетті жоғалту- көптеген аурулардың басты белгісі.

Ішек-құрт аурулары


DrawObject1 Тағамнан улану Дизентерия, іш сүзегі,

тырысқақ

DrawObject2 DrawObject3

DrawObject4


Панкреатит Аппендицит

DrawObject5 DrawObject6

DrawObject8 DrawObject7

DrawObject9




Холецистит Бауыр циррозы Гастрит




Белгілері: Іш ауыру, лоқсу, құсу, іш өту, дене қызуы

Тағамнан улану көтерілу, жалпы әлсіздік


Сақтану шаралары: Тағамдық заттарды тоңазытқыш-

та ұстау,мерзімі өткен тағамды

пайдаланбау


Дизентерия, іш сүзегі, тырысқақ-инфекциялық аурулар.Жуылмаған жеміс-

Жидек, көкөніс арқылы микробтардың түсуінен пайда болады.

Сақтану шаралары: гигиеналық ережені сақтау, инфекцияға қарсы екпе

Қолдану.

Аппендицит- соқырішекке қорытылмаған ас қалдығы немесе ауру тудыратын микробтар түскенде қабыну процесі.


Гастрит-асқазанның шырышты қабығының қабынуы..Тамақты дұрыс шайнамай жұту, ас қабылдау тәртібін сақтамау, арақты салына ішу,шылым шегу, дәрі-дәрмектің әсерінен асқазан қызметі бұзылады.


Холецистит-өт қалтасының қабынуы. Өттің өт қалтасында іркіліп қалуынан өт жолдарында тас пайда болады.


Панкреатит- ұйқы безінің қабынуы.Дұрыс тамақтанбау, алкоголизмнің, қан тамырлары қызметінің бұзылуынан туындайды.


Дұрыс тамақтана білу- денсаулықтың басты шарты.Тағамның құрамында өсімдіктекті де, жануартекті де азық-түлік өнімдері болуы керек.Тамақты дұрыс пайдалану туралы ғылым- диетология деп аталады.



4. Сабақты бекіту



Тапсырма «Сәйкестігін анықта»

1.Гастрит


2.Дизентерия, іш сүзегі


3.Улану


4.Ішекқұрт аурулары


5.Бауыр циррозы


а.Тамақ ішер алдында, дәретханаға барғаннан кейін қолды сабындап жуу

б.алкоголь мен темекіден аулақ болу

в.ас қабылдау тәртібін сақтап, тамақты жақсы шайнап жұ ту

г.инфекцияға қарсы екпе қолдану

д.сапасыз немесе тұрып қалған тағамды пайдаланбау




Тапсырма «Ойлан тап!»


  1. Ішің ауырса, ......................... тый.

Көзің ауырса, ...................... тый.

  1. Ауру - .............. .

  2. ...................... жасырған өледі.

  3. Тазалық - ........................ кепілі.

  4. Ауырып ем іздегенше, ................ ............ ........... .

  5. Денсаулықтың қадірін, ............. ................... .


5. Үйге тапсырма беру.

49-параграфты оқу, сұрақтарға жауап беру.

Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
doc
17.12.2017
888
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курстар тізімі