Материалдар / Ашық сабақ .Тақырыбы: " Менің ойыншықтарым.Не қайда орналасқан?"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ .Тақырыбы: " Менің ойыншықтарым.Не қайда орналасқан?"

Материал туралы қысқаша түсінік
0.1.1.1 .Қағаз бетінде бағдарлау, карточкалардағы геометриялық фигуралардың орналасуын сипаттау. .Кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қырқүйек 2021
642
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

3 ҰОҚ. Тақырыбы: Менің ойыншықтарым. Не қайда орналасқан?

Мектеп/МҰ: №133 ЖОББМ

Күні:10.09.2021ж

Педагогтің аты-жөні: Айдарбек А

Мектепалды сынып/топ

Қатысушылардың саны:

Қатыспағандардың саны:

Оқыту мақсаттары

        1. .Қағаз бетінде бағдарлау, карточкалардағы геометриялық фигуралардың орналасуын сипаттау.

        2. .Кеңістікте бағдарлану: сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында.

Күтілетін нəтижелер

















Тілдік мақсаттар

Барлық тəрбиеленушілер:

-сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында деген сөздерді пайдалана отырып, кеңістікте фигуралар мен заттардың орналасуын

сипаттайды.

Көптеген тəрбиеленушілер:

- орналасуы бойынша көрсетілген заттар мен фигураларды табады.

Кейбір тəрбиеленушілер:

-өз бетінше ойыншықтардың (мысалы мəшинелердің) қозғалыс

бағдарларын түсіндіреді жəне педагогтің тапсырмасы бойынша оларды өзгертеді жəне сипаттайды. Дағдыларын дамыту:

-өзі сұрақ қойғанда жəне педагог пен тəрбиеленушілердің сұрақтарына жауап берген кезде лексика мен терминологияны пайдалана алады.

Пəндік лексика жəне терминология:

-сол жақ, оң жақ, үстінде, астында, алдында (алды), артында, (арты), жақын, арасында, қасында.

Пікір алмасуға арналған сұрақтар:

Үлгі бойынша фигураларды жапсырған кезде қалай қателеспеу керектігін түсіндір.

Ойыншықтар қайда тұруы мүмкін деп ойлайсың?

Қандай шылаулар мен көмекші сөздер заттың орналасқан жерін сипаттауға мүмкіндік береді?

Жазу:

Алдыңғы білім

Заттардың кеңістікте орналасуы туралы алғашқы білім,

геометриялық фигуралар мен денелердің атауы

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Тәрбиешінің іс -әрекеті

Тәрбиеленушінің іс- әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Басталуы

Ынталандыру.




0–5 минут

Педагог математика санауға, есеп шығаруға, өлшеуге үйрететінін айтады. Математикалық таңбаларды, белгілерді, фигураларды түсіндіреді.

Өзектендіру. Педагог:

Өздеріңнің сүйікті ойыншықтарыңды атаңдар?– дейді.

Мақсат қою (проблемалық жағдай).

(Ұ) Педагог балаларға əліппе-дəптердегі 1-тапсырмадағы суретке қарауды жəне ойыншықтардың қайда тұрғанын айтуды ұсынады.

Жаңалық ашу.

(Ұ) Проблемалық жағдайды шешу үшін балалар заттың кеңістікте орналасуын сипаттайтын ұғымдарды білуі керек. Педагог балалардан:

Қандай шылаулар мен көмекші сөздер заттың орналасқан жерін сипаттауға мүмкіндік береді?– деп сұрайды. (Үстінде, астында, алдында, жанында, астында, бұрышта, ортасында жəне т.б.).

Беттің төменгі жағында ойыншықтар қойылған сөре бейнеленген. Педагог балаларға бейнеленген ойыншықтарды бөлмеден тауып, олардың қайда орналасқанын айтуды ұсынады. Тапсырманы күрделендіруге болады: педагог ойыншықтардың орналасуын сипаттайды, ал балалар педагог қандай ойыншық туралы айтқанын табады.

Өздерінің сүйікті ойыншықтарын айтады



Ортасы

6–15

Сергіту сəті.

Педагогтің қалауы бойынша. (Əдістемелік нұсқаудың соңғы бетінде сергіту сəтінің нұсқалары берілген.)



Əліппе-дəптер, Жиынтық полотно.

16–25

Жаңаны қолдану.

(Т) Педагог үлестірмелі материалдағы №15-16 кестелерді қолданады. Балалар заттарды бөлмеде орналастырып, суреттегі заттардың, оның ішінде бір-біріне қатысты орналасуын (арасында, сол жақта, оң жақта, жоғарыда, төменде) түсіндіреді.

Торкөз қағаздың бетінде бағдарлай білуін бекіту үшін балалар əліппе-дəптердегі 2-тапсырманы орындайды.

Бұл үшін қай торкөзде қандай зат орналасқанын қарайды жəне үлгіге ұқсатып тиісті суреттері бар жапсырманы тор- көздерге жапсырады. Балалар торкөздердің санын санайды жəне суреттегі заттардың орналасуына сəйкес олардың санау бағытын сақтайды.

(Ө) Төменде – өзіндік жұмыс үшін шаршыларды бояу ұсынылады.

Келесі 3-тапсырмада балалар саусақтың ұсақ моторикасын дамытуға арналған тапсырманы орындайды, үлгі бойынша торкөздерді бастырып сызады

Тапсырмаларды орындайды


Əліппе-дəптер. Үлестірмелі материалдар,

15-16

кестелер.

Рефлексия

26–30

Рефлексия.

Педагог қорытынды жасап, балаларды мадақтайды. Сабақтағы өз жұмысын «Сəттілік сатысы» арқылы бағалауды ұсынады.

Педагог түсіндіреді: егер қателіктер көп болса, төменгі сатыда көңілсіз смайликті салуға болады. Қателіктер аз болса, ортаңғы сатыда аузы түзу смайликті салуға болады. Қателіктер болмаса жəне бала барлығын жақсы түсінсе, жоғарғы сатыда күлімдеген смайликті салуға болады.

Мадақтау


Əліппе-дəптер

























































Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!