Материалдар / Ашық сабақ .Тақырыбы: "Менің музыкалық әлемім"
МИНИСТРЛІКПЕН КЕЛІСІЛГЕН КУРСҚА ҚАТЫСЫП, АТТЕСТАЦИЯҒА ЖАРАМДЫ СЕРТИФИКАТ АЛЫҢЫЗ!
Сертификат Аттестацияға 100% жарамды
ТОЛЫҚ АҚПАРАТ АЛУ

Ашық сабақ .Тақырыбы: "Менің музыкалық әлемім"

Материал туралы қысқаша түсінік
Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық- жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы). Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
07 Қырқүйек 2021
1182
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді:_______________ З.Д.Максотова

Білім саласы: Шығармашылық Ұйымдастырылған оқу қызметі: Музыка

ҰОҚ. Тақырыбы: «Менің музыкалық әлемім»

Мектеп / МҰ: №133 ЖОББМ

Күні: 02.09.2021

Педагогтің аты-жөні:

Мектепалды даярлық: «Г» сыныбы

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

ҰОҚ-нің оқу мақсаттары

Музыкалық шығарманың сипатын ажырату (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық- жарқын,

көңілсіз, мұңды, қайғылы). Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен аспапта, есту қабілетіне сүйеніп ән салу

Күтілетін нәтижелер

Барлық балалар:Музыкалық шығарманың сипатын ажыратады (көңілді, салтанатты, қуанышты, ашық- жарқын, көңілсіз, мұңды, қайғылы). Музыкаға қосылып, оның сипатына сәйкес ырғақты, мәнерлі қозғалыстар жасайды.

Көпшілік балалар:Қарапайым әуендерді, таныс әндерді сүйемелдеумен және сүйемелдеусіз таза интонациялап, есту қабілетіне сүйеніп ән салады.

Кейбір балалар:Балаларға арналған ұрмалы музыка аспаптарында (дыбыс жоғарылығы айқындалмаған)жеке және ансамбльде күрделі емес ырғақтық суреттерді ойнайды.

Тілдік мақсаттар

Балалар:Өздері туралы,музыкаға деген құштарлығы туралы әңгімелей алады.Көптілділік: ән–песня– song.

Негізгі терминдер мен сөз тіркестері:Ән, әуен, музыка, әннің сипаты.Пікір алмасу сұрақтары:Музыка деген не?Қандай әнді ұнатасың?

Қандай әуен түрлерін білесің?

Өткен ҰОҚ-нен алған білім, білік

Балалар өздері білетін әндерді орындайды, би қимылдарын көрсетіп, өз армандары туралыәңгімелейді.



Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

I. Жұмыс істеуге жағымды көңіл күй қалыптастыру0 – 2 минут

II. Өмірлік тәжірибені белсендіру.

Мақсатты тұжырымдау.

3 – 5 минут











ҰОҚ-нің ортасы

III. ҰОҚ-нің тақырыбы

бойынша жұмыс

6 – 27 минут















ҰОҚ-нің соңы

Рефлексия

28 – 30 минут

Музыкалық сәлемдесу. Жеңіл әуенді бубен аспабында ойнап, балаларға кезекпен ырғақты сезіне орындауды ұсыну. Музыка әлемі туралы мағлұмат беру. Балалардың ой - қиялдары, армандары туралы әңгімелеу. (Т) Музыка тыңдау: «Балалығым балғын шағым» (муз. Е. Ташев, сөзі Т. Қажыбаев). Тыңдаған әннен алған әсерлерін, мазмұны, көңіл күйі туралы сұрау, әңгімелеу (көңілді, ашық-жарқын т.б.) Әннің сипаттары туралы түсінік беру (мұңды, көңілді, салтанатты, ойнақы, қайғылы т.б). (Т, Ж) Дауыс жаттығулары: «Жоғарыға шығамыз,төмен қарай түсеміз». Әуенді дауыс ырғағымен қол қимылдары арқылы жоғары, төмен көрсете білу. «Ән» сөзінің аудармасын үш тілде белгілі бір әуенмен әндете қайталату: ән–песня– song. (Т, Ж) Ән айту: «Мен елімнің ертеңі» (муз.мен сөзі Л.Мұқашева). Педагог әнді аспаптың сүйемелдеумен орындап, балаларға сұрақтар қояды: – Қарқыны қандай? – Көңіл күйі қандай? – Ән мәтінінде не туралы айтылады? Бірнеше топтарға бөлініп, ән ырғағын шапалақтап, әрі қарай бубен ырғағымен көрсетуді ұсыну. Ырғақты дәл көрсете білуге үйрету. (Т) Аспаппен танысу: Бубен аспабымен таныстыру. Ұрмалы аспап екенін ұғындыру. (Т) Музыкалық-ырғақты қозғалыс: Қазақ биі«Айгөлек» (өңдеген Е. Лапин). Қазақтың кейбір ұлттық би элементтерімен таныстыру, суреттен көрсету. Балалар орындарынан тұрып, би қимылдарын қайталайды. Әуенге қосылып, мәнерлі қозғалыстар жасайды. Өздері ойдан шығарған би қимылдарымен көрсету. Екі топқа бөліну, бір топ би қимылдарын жасайды, екінші топ бубен аспаптарында ырғақпен ойнайды. (Т, Ж) Әліппе-дәптермен жұмыс: 1-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Музыка әлемін қалай елестете аласың? Қандай ғажайыптармен байланыстырар едің? Ән қандай көңіл күйде орындалды? Қай гүл әннің сипатына сәйкес келеді? Айгөлектің киімін әннің сипатына сай боя. 2-сабақ. Айсұлудың сұрағы мен тапсырмасы: Қандай мамандық иелерін білесің? Ержеткенде кім болғың келеді? Әр мамандықтың қажетті заттарын сызықпен қосып көрсет. Өзің ұнататын мамандық иесін белгіле. Өзіңе ұнайтын мамандықтың суретін сал. (Р) Бүгінгі сабақ туралы балалардың пікірлерін тыңдау.Сабақты балалардың көмегімен қорытындылау, бағалау. – Егер сабақ қызықты өтті деп ойласаң, әліппе-дәптердің төменгі бұрышындағы ортасында соль кілті бар шеңберді жасыл түспен, ал қызықты болмаса, қызыл түспен бояп белгіле.

Бубен аспабы





«Балалығым балғын шағым» әні Интерактивті тақта

«Балалық шақ» атты слайд көрсету.



Музыкалық сүйемелдеу

«Мен елімнің ертеңі» әні







Бубен аспаптары

Би элементтері көрсетілген суретті материалдар



Қазақ биі «Айгөлек» Аудио, бейнематериалдар













Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар

Әліппе-дәптер, түрлі түсті қарындаштар









Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!